Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға Жорығы

04.12.2012 10842
  Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға Жорығы — Шыңғыс хан империясы біріккен әскерлерінің 1236 — 1242 жылдары аралығында жасаған жаугершілік жорығы.[1] Бұл жорықты ұйымдастыру жоспары 1235 жылы Құрылтай жиналысында арнайы талқыланып, оған бір жылдан астам уақыт дайындық жұмыстары жүргізілді. Жорыққа Батудан басқа Шыңғыс хан әулетінен Үгедейдің ұлы Күйік, Төлейдің ұлы Мөңке, Шағатайдың ұлы Байдар (Бандар) және Батудың өз бауырлары Орда Ежен, Тоқа Темір, т.б. қатысты. Олардың қатарында Шыңғыс ханның әйгілі қолбасшыларының бірі ретінде танылған Сүбедей де болды.  150 мыңға жуық адамнан тұратын әскер жорыққа Батыс Алтай өңірінен 1236 жылы көктемде аттанып, маусым айында Еділ бұлғарларының жеріне келіп жетті. Бату Еділ бұлғарларын бағындыруды Сүбедейге тапсырды. Сүбедей Еділ бұлғарларымен соғысып жатқанда Бату әскердің басым күшімен қыпшақтардың, буртастардың, мордвалардың жерін жаулап алды. Сүбедей бұлғарлардың Керпек, Сувар, Биляр, т.б. қалаларын бірінің артынан бірін жаулап алып, 1237 жылы көктемде басты қаласы — Бұлғарды бағындырды. Мөңке бастаған әскер Кавказға ішкерілей еніп, ондағы көптеген қалалар мен Аланияны бағындырып қайтты. 1237 жылы күзде Бату әскерлері Рязань князьдігіне шабуыл жасап, Происк, Белгород, Ижеславец, Ожск, Ольгов, Переславль-Рязанский, Боршов-Глебов қалаларын басып алды. Рязань қаласын қорғаушылар алты күндік қоршаудан кейін 21 желтоқсанда тізе бүкті. Мұның артынша Коломна қаласы түбінде орыс князьдіктерінің біріккен әскерін талқандады. 1238 жылы қаңтарда Мәскеуді жаулап, оның князі Владимир Юрьевичті тұтқындады. 3 қаңтарда Владимир қаласын қоршауға алып, оны 7 ақпанда бағындырды. Осы жылы наурызда орыс князьдіктерінің дені жеңілді де, Бату әскерлері үшін Новгородқа жол ашылды. Бірақ көктемгі лайсаңға байланысты оған 65 км жетпей тоқтады. Бату оңтүстікке оралуға шешім қабылдады.  Оңтүстікке бет алған әскерлер жол-жөнекей Торжок, Подеснья, Курск қалаларын талқандады. Дон өзені бойында қыпшақ ханы Қотанның әскерімен кезікті. Жеңіліс тапқан Қотан өзінің әскерімен Мажарстан (қазіргі Венгрия) жеріне өтіп кетті. Бату 1239 жылы көктемде Переяславль, күзде Чернигов князьдігін жаулап алып, Днепр өзені бойына жетті. 1240 жылы 6 желтоқсанда Киевті алды. Бату Киев жерінен Мажарстанға, Польша мен Далмацияға (Балқан түбегіне) жорық ұйымдастырды. Мажарстанды барып паналаған қыпшақтарды бағындыру үшін Бату мажар королі Беладан оларды тұтқындап ұстап беруді талап етті. Бірақ Бела бұл талапты орындаудан бас тартты. Бұл Мажарстанға шапқыншылық жасауды тездетуге түрткі болды. Бату әскерінің жасақтары 1241 жылы наурызда Польшаның Люблин, Сандомир, Краков қалаларына жорық жасады. Шағатайдың ұлы Байдар басқарған әскер 9 сәуірде Лигниц қаласы түбінде 30 мыңнан астам адамнан тұратын поляк-неміс әскери жасағымен шайқасып, үлкен жеңіске жетті. Бұл шайқас азиялық соғыс өнері еуропалықтардан анағұрлым жоғары екендігін көрсетіп берді. Бұл мезгілде Бату әскердің басым бөлігімен Мажарстан жеріне кіріп, Сити өзені бойында біріккен мажар-хорват әскери күшін талқандады. Шайқаста 65 мың адамнан тұратын мажар-хорват әскерінің 56 мыңы өлді.  Мажар королі Далмацияға қашып кетті. Хорват герцогы Коломан шайқаста алған жарақатынан қайтыс болды. Будапешт қаласы Бату әскерлерінің тонауына түсті. Дунай өзенінен өтуді Бату өзі басқарып, әскерін Жерорта теңізінің жағалауына дейін жеткізді. Острогон, Стольни Биоград (Белград), Весперим, Джур қалаларын бағындырды. Бату әскерінің екінші қанаты Нейштад қаласын алып, Венаға тақап келді. 1241 жылы желтоқсанда ұлы хан Үгедейдің өлгені туралы хабар жеткеннен кейін Бату Балқанды тастап, Жошы ұлысына, Еділ өзенінің төменгі ағысындағы ордасына аттанды. Бату жаулап алынған жерлерді Алтын Орда құрамына қосты Бату жаулап алынған жерлерді Алтын Орда құрамына қосты.  

 

Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға Жорығы — Шыңғыс хан империясы біріккен әскерлерінің 1236 — 1242 жылдары аралығында жасаған жаугершілік жорығы.[1] Бұл жорықты ұйымдастыру жоспары 1235 жылы Құрылтай жиналысында арнайы талқыланып, оған бір жылдан астам уақыт дайындық жұмыстары жүргізілді. Жорыққа Батудан басқа Шыңғыс хан әулетінен Үгедейдің ұлы Күйік, Төлейдің ұлы Мөңке, Шағатайдың ұлы Байдар (Бандар) және Батудың өз бауырлары Орда Ежен, Тоқа Темір, т.б. қатысты. Олардың қатарында Шыңғыс ханның әйгілі қолбасшыларының бірі ретінде танылған Сүбедей де болды. 
150 мыңға жуық адамнан тұратын әскер жорыққа Батыс Алтай өңірінен 1236 жылы көктемде аттанып, маусым айында Еділ бұлғарларының жеріне келіп жетті. Бату Еділ бұлғарларын бағындыруды Сүбедейге тапсырды. Сүбедей Еділ бұлғарларымен соғысып жатқанда Бату әскердің басым күшімен қыпшақтардың, буртастардың, мордвалардың жерін жаулап алды. Сүбедей бұлғарлардың Керпек, Сувар, Биляр, т.б. қалаларын бірінің артынан бірін жаулап алып, 1237 жылы көктемде басты қаласы — Бұлғарды бағындырды. Мөңке бастаған әскер Кавказға ішкерілей еніп, ондағы көптеген қалалар мен Аланияны бағындырып қайтты. 1237 жылы күзде Бату әскерлері Рязань князьдігіне шабуыл жасап, Происк, Белгород, Ижеславец, Ожск, Ольгов, Переславль-Рязанский, Боршов-Глебов қалаларын басып алды. Рязань қаласын қорғаушылар алты күндік қоршаудан кейін 21 желтоқсанда тізе бүкті. Мұның артынша Коломна қаласы түбінде орыс князьдіктерінің біріккен әскерін талқандады. 1238 жылы қаңтарда Мәскеуді жаулап, оның князі Владимир Юрьевичті тұтқындады. 3 қаңтарда Владимир қаласын қоршауға алып, оны 7 ақпанда бағындырды. Осы жылы наурызда орыс князьдіктерінің дені жеңілді де, Бату әскерлері үшін Новгородқа жол ашылды. Бірақ көктемгі лайсаңға байланысты оған 65 км жетпей тоқтады. Бату оңтүстікке оралуға шешім қабылдады. 
Оңтүстікке бет алған әскерлер жол-жөнекей Торжок, Подеснья, Курск қалаларын талқандады. Дон өзені бойында қыпшақ ханы Қотанның әскерімен кезікті. Жеңіліс тапқан Қотан өзінің әскерімен Мажарстан (қазіргі Венгрия) жеріне өтіп кетті. Бату 1239 жылы көктемде Переяславль, күзде Чернигов князьдігін жаулап алып, Днепр өзені бойына жетті. 1240 жылы 6 желтоқсанда Киевті алды. Бату Киев жерінен Мажарстанға, Польша мен Далмацияға (Балқан түбегіне) жорық ұйымдастырды. Мажарстанды барып паналаған қыпшақтарды бағындыру үшін Бату мажар королі Беладан оларды тұтқындап ұстап беруді талап етті. Бірақ Бела бұл талапты орындаудан бас тартты. Бұл Мажарстанға шапқыншылық жасауды тездетуге түрткі болды. Бату әскерінің жасақтары 1241 жылы наурызда Польшаның Люблин, Сандомир, Краков қалаларына жорық жасады. Шағатайдың ұлы Байдар басқарған әскер 9 сәуірде Лигниц қаласы түбінде 30 мыңнан астам адамнан тұратын поляк-неміс әскери жасағымен шайқасып, үлкен жеңіске жетті. Бұл шайқас азиялық соғыс өнері еуропалықтардан анағұрлым жоғары екендігін көрсетіп берді. Бұл мезгілде Бату әскердің басым бөлігімен Мажарстан жеріне кіріп, Сити өзені бойында біріккен мажар-хорват әскери күшін талқандады. Шайқаста 65 мың адамнан тұратын мажар-хорват әскерінің 56 мыңы өлді. 
Мажар королі Далмацияға қашып кетті. Хорват герцогы Коломан шайқаста алған жарақатынан қайтыс болды. Будапешт қаласы Бату әскерлерінің тонауына түсті. Дунай өзенінен өтуді Бату өзі басқарып, әскерін Жерорта теңізінің жағалауына дейін жеткізді. Острогон, Стольни Биоград (Белград), Весперим, Джур қалаларын бағындырды. Бату әскерінің екінші қанаты Нейштад қаласын алып, Венаға тақап келді. 1241 жылы желтоқсанда ұлы хан Үгедейдің өлгені туралы хабар жеткеннен кейін Бату Балқанды тастап, Жошы ұлысына, Еділ өзенінің төменгі ағысындағы ордасына аттанды. Бату жаулап алынған жерлерді Алтын Орда құрамына қосты
Бату жаулап алынған жерлерді Алтын Орда құрамына қосты.
 

Ұқсас материалдар