Діни әдебиеттер

04.12.2012 3108
  Діни әдебиеттер - белгілі бір діннің мәні мен мағынасын түсіндіруге, уағыздауға арналған кітаптар, шығармалар, аңыздардың жиынтық атауы. Ислам дініндегі ең басты Діни әдебиеттер - Аллаһ Тағаланың Жәбрейіл періште арқылы сүйікті Пайғамбары Мұхаммедке (с.а.у.) бөлік-бөлігімен көктен түсірген 114 сүреден құралатын қасиетті Құран Кәрім. Кейін оған Құран Кәрім мәнін қосымша түсіндіріп, мұсылмандарға бағыт-бағдар беретін ережелер мен шешімдер қосылды. Олар: хадис; ижма; қияс. Хадистер - Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар айтқан нақыл сөздер мен уағыздар, оның және басқа да Пайғамбарлардың жеке және қоғамдық тұрмыс-тіршілігіндегі іс-әрекеттерінің өнегелері, шығарған үлгілі шешімдер туралы жинақтар. Хадистердің ішіндегі ең көрнектілері: Әбу Абдолла Мүхаммед әл-Бұхаридің (810 - 70) «әл-Жәми ас-сахихи» жинағы. Оған 7250 хадис енген. Бұл кітап мұсылмандар әлемінде өте үлкен беделге ие болған; Мүслім ән-Нишапуридің (817 - 75) «ас-Сахих» жинағы. Мұнда 12 мың хадис бар; ибн Маджа Кәзуринидің (887 ж.ө.) «Сунан» жинағы; Әбу Дәуіт ас-Сижистанидің (888 ж.ө.) «Сунан» жинағы; Мұхаммед ат-Тирмизидің (892 ж.ө.) «әл-Жами әл-Кәбир» («Үлкен жинақ») жинағы; ән-Насаидың (915 ж.ө.) «Сунан» жинағы. Ижма - алғашқы төрт халифтың Құран Кәрімді түсіндіріп, соған сүйене отырып, азаматтық және діни мәселелерге қатысты шығарған ережелер жинағы. Қияс - Құран Кәрім, хадис және ижмаға сүйене отырып шығарылған шешімдер мен ережелер жинағы. Бұлармен бірге Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар мен оның сахабаларын, бұрын соңды өмір сүрген әулие әнбиелерді уағыздайтын шығармаларда Ислам Діни әдебиеттернің қатарына қосылады. Бүкіл мұсылман халықтарына түгелдей дерлік таралған «Қиссас ул-әнбия», «Сал-сал», «Зарқұм», «Кербаланың шөлі», «Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны», т.б. аңыздастандар көптеген халықтардың діни танымы мен көркем әдебиетінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанда Діни әдебиеттердің насихатшылдық қуаты Ислам дінін таратуда зор қызмет атқарады. Бұл орайда түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін салушы Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани Хикметі» қазақ даласындағы алғашқы Діни әдебиеттердің үлгісі болып табылады. Қазақ даласында Діни әдебиеттердің аса мол таралған кезеңі XIX ғ-дың II жартысы. Бұл кезде араб, татар тіліндегі Діни әдебиеттер тасқыны ерекше күшейді. Таза қазақ тіліндегі Діни әдебиеттер үлгілеріне Ы.Алтынсариннің «Шариат ул-Исламы» мен кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған «Мұсылмандық шартын» жатқызуға болады. XX ғ-дың соңында Қазақстан оқырмандары тарапынан Діни әдебиеттерге қызығушылык артты. Халифа Алтай қазақ тіліне тәржімалаған Құран Кәрім аудармасы Сауд Арабиясында жарық көріп, Қазақстан мұсылмандарына сыйға тартылды. Құран Кәрімнін бір топ мамандар тәржімалаған аудармасы қазақ тілінде бірнеше мәрте жарық көрді. Соңғы жылдары «Көкжиек», «Алтын қалам», «Х.Алтай қоры», «Шапағат-Нұр», «Кәусар-саяхат», «Әлбаракат», «Хикмет», «Мұсылман» баспа үйлерінен Ислам діні бағытындағы жүзге жуық ғылыми-танымдық кітаптар жарық көрді. «Шапағат-нұр», «Ислам әлемі» журналдары мен «Иман» газеті қазақ, орыс, ұйғыр, шешен тілдерінде шығады.

 

Діни әдебиеттер - белгілі бір діннің мәні мен мағынасын түсіндіруге, уағыздауға арналған кітаптар, шығармалар, аңыздардың жиынтық атауы. Ислам дініндегі ең басты Діни әдебиеттер - Аллаһ Тағаланың Жәбрейіл періште арқылы сүйікті Пайғамбары Мұхаммедке (с.а.у.) бөлік-бөлігімен көктен түсірген 114 сүреден құралатын қасиетті Құран Кәрім. Кейін оған Құран Кәрім мәнін қосымша түсіндіріп, мұсылмандарға бағыт-бағдар беретін ережелер мен шешімдер қосылды. Олар:

хадис;

ижма;

қияс.

Хадистер - Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар айтқан нақыл сөздер мен уағыздар, оның және басқа да Пайғамбарлардың жеке және қоғамдық тұрмыс-тіршілігіндегі іс-әрекеттерінің өнегелері, шығарған үлгілі шешімдер туралы жинақтар. Хадистердің ішіндегі ең көрнектілері:

Әбу Абдолла Мүхаммед әл-Бұхаридің (810 - 70) «әл-Жәми ас-сахихи» жинағы. Оған 7250 хадис енген. Бұл кітап мұсылмандар әлемінде өте үлкен беделге ие болған;

Мүслім ән-Нишапуридің (817 - 75) «ас-Сахих» жинағы. Мұнда 12 мың хадис бар;

ибн Маджа Кәзуринидің (887 ж.ө.) «Сунан» жинағы;

Әбу Дәуіт ас-Сижистанидің (888 ж.ө.) «Сунан» жинағы;

Мұхаммед ат-Тирмизидің (892 ж.ө.) «әл-Жами әл-Кәбир» («Үлкен жинақ») жинағы;

ән-Насаидың (915 ж.ө.) «Сунан» жинағы.

Ижма - алғашқы төрт халифтың Құран Кәрімді түсіндіріп, соған сүйене отырып, азаматтық және діни мәселелерге қатысты шығарған ережелер жинағы.

Қияс - Құран Кәрім, хадис және ижмаға сүйене отырып шығарылған шешімдер мен ережелер жинағы. Бұлармен бірге Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар мен оның сахабаларын, бұрын соңды өмір сүрген әулие әнбиелерді уағыздайтын шығармаларда Ислам Діни әдебиеттернің қатарына қосылады. Бүкіл мұсылман халықтарына түгелдей дерлік таралған «Қиссас ул-әнбия», «Сал-сал», «Зарқұм», «Кербаланың шөлі», «Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны», т.б. аңыздастандар көптеген халықтардың діни танымы мен көркем әдебиетінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанда Діни әдебиеттердің насихатшылдық қуаты Ислам дінін таратуда зор қызмет атқарады. Бұл орайда түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін салушы Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани Хикметі» қазақ даласындағы алғашқы Діни әдебиеттердің үлгісі болып табылады. Қазақ даласында Діни әдебиеттердің аса мол таралған кезеңі XIX ғ-дың II жартысы. Бұл кезде араб, татар тіліндегі Діни әдебиеттер тасқыны ерекше күшейді. Таза қазақ тіліндегі Діни әдебиеттер үлгілеріне Ы.Алтынсариннің «Шариат ул-Исламы» мен кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған «Мұсылмандық шартын» жатқызуға болады. XX ғ-дың соңында Қазақстан оқырмандары тарапынан Діни әдебиеттерге қызығушылык артты. Халифа Алтай қазақ тіліне тәржімалаған Құран Кәрім аудармасы Сауд Арабиясында жарық көріп, Қазақстан мұсылмандарына сыйға тартылды. Құран Кәрімнін бір топ мамандар тәржімалаған аудармасы қазақ тілінде бірнеше мәрте жарық көрді. Соңғы жылдары «Көкжиек», «Алтын қалам», «Х.Алтай қоры», «Шапағат-Нұр», «Кәусар-саяхат», «Әлбаракат», «Хикмет», «Мұсылман» баспа үйлерінен Ислам діні бағытындағы жүзге жуық ғылыми-танымдық кітаптар жарық көрді. «Шапағат-нұр», «Ислам әлемі» журналдары мен «Иман» газеті қазақ, орыс, ұйғыр, шешен тілдерінде шығады.

Ұқсас материалдар