Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері

04.12.2012 4577
Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері. 1958 жылы 8 наурыз Алматы телестудиясы эфирде өз жұмысын бастады. Дикторлар көрермендерді екі тілде Қазақ теледидарының алғашқы беташар қадамымен құттықтады. Соңынан "Үкімет мүшесі" атты көркем фильм көрсетілді. Сол кезеңде Алматыда 4000, ал облыстарда 1007 телевизор болды . 1958 жыл қараша Алматы телестудиясының жанынан кино түсіру тобы құрылып, осының көмегімен тұңғыш рет ірі "Бір ауданда" киноочеркі түсірілді. Киноочерк Мәскеуде өткен Қазақ КСР-інің әдебиеті мен мәдениеті күндері Орталық теледидар арқылы көрсетілді. Декада күндері көрермендерге Ж.Жұмақановтың "Қоныстанушылар" телеқойылымы мен Е.Брусиловскийдің "Дударай" операсының телевизиялық нұсқасы ұсынылды. 1959 жылы наурыз айында алғашқы, ұзақтығы 1 сағат 45 минут толықметражды "Өнер шеберлерінің үлкен концерті" түсірілді. 6 маусым Алматы телестудиясының негізінде Қазақстанның обл. телестудияларын және Қырғыз КСР-інің Фрунзе телестудиясын республикалық деңгейде телеөнімдерімен қамтамасыз ететін база құрылды. 1959 жылы Алматы телестудиясында тұңғыш "жылжымалы телестанса" (ЖТС) іске қосылды. ЖТС-тан алғашқы эфирге берілген трансляция хабары Абай атындағы опера және балет театрынан "Абай" операсы болса, өндіріс орындарынан алғаш рет Алматы ауыр машина жасау зауытынан хабар берілді. 1960 жылы 24 сәуірде Қазақстан КОК-і "Республикада радиохабарлары мен телевидениені одан әрі дамыту туралы" қаулы қабылданды. Ленин алаңынан Бірінші мамыр шеруінен алғашқы трансляция берілді. 1962 жылы 5 маусымда "Республикада радио мен теледидар жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы" қаулы қабылданды. 1964 жылы 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Алматыда орыс әдебиеті мен мәдениетінің радиотелевизиялық фестивалі болып өтті. Отан РСФСР-дан радиохабарлары мен телевидениенің 20 к-ті және арнаулы бағдарламаларымен Грузия, Әзірбайжан, Түрікмен және Тәжіктің телерадиокомитеттері қатысты. Осы кезең аралығында телеаудиторияға 140 хроникалық деректі және көркем фильмдер көрсетілді. 1965 жылы осы жылдың қараша айында Алматы телеорталығы Орталық телевидениенің бағдарламаларын қабылдауды бастады. 1967 жылы шілде айында Қазақ теледидары Монреальде өткен Бүкіл тдүниежүзілік "Экспо-67" көрмесіне өз телеөнімдерін алып барды. 1967 жылы қыркүйек Қазақ студиясы көпсериялы көркем-деректі "МЕН Қазақстан" телевизиялық фильмін түсіруді бастады. 1967 жылы 4 қазан Орталық теледидардан "Қазақстан күні" атты мерекелік бағдарлама "Октябрьмен нұрланған" деген ұранмен алғашқы "Орбита" кабылдау стансасы іске қосылды. Республика Орталық теледидардың алғашқы түрлі түсті телехабарларын қабылдауды бастады. 1967 жылы желтоқсан Қазақ теледидарының бағдарламаларын Жамбыл, Ақтөбе, Орал облыстарының көрермендері көру мүмкіндігіне ие болды. 1970 жылы ақпан - Қазақ теледидарының бағдарламаларын кабельдік линия арқылы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары көре бастады. Осы кезеңде респ. бағдарламаны көру мүмкіндігіне 9 облыс ие болды. 1974 жылы қазан Ленин атынд. Сарайдан Тыңды игерудің 20 жылдығына байланысты тікелей ретрансляция берілді. Алматыға осы жылы Польша, Болгария, Монголияның партия-үкімет делегациясы келді. Осыған байланысты Қазақ теледидары Варшава, София және Ұлан-Батормен тікелей байланысқа шықты.  

Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері. 1958 жылы 8 наурыз Алматы телестудиясы эфирде өз жұмысын бастады. Дикторлар көрермендерді екі тілде Қазақ теледидарының алғашқы беташар қадамымен құттықтады. Соңынан "Үкімет мүшесі" атты көркем фильм көрсетілді. Сол кезеңде Алматыда 4000, ал облыстарда 1007 телевизор болды .

1958 жыл қараша Алматы телестудиясының жанынан кино түсіру тобы құрылып, осының көмегімен тұңғыш рет ірі "Бір ауданда" киноочеркі түсірілді. Киноочерк Мәскеуде өткен Қазақ КСР-інің әдебиеті мен мәдениеті күндері Орталық теледидар арқылы көрсетілді. Декада күндері көрермендерге Ж.Жұмақановтың "Қоныстанушылар" телеқойылымы мен Е.Брусиловскийдің "Дударай" операсының телевизиялық нұсқасы ұсынылды.

1959 жылы наурыз айында алғашқы, ұзақтығы 1 сағат 45 минут толықметражды "Өнер шеберлерінің үлкен концерті" түсірілді. 6 маусым Алматы телестудиясының негізінде Қазақстанның обл. телестудияларын және Қырғыз КСР-інің Фрунзе телестудиясын республикалық деңгейде телеөнімдерімен қамтамасыз ететін база құрылды.

1959 жылы Алматы телестудиясында тұңғыш "жылжымалы телестанса" (ЖТС) іске қосылды. ЖТС-тан алғашқы эфирге берілген трансляция хабары Абай атындағы опера және балет театрынан "Абай" операсы болса, өндіріс орындарынан алғаш рет Алматы ауыр машина жасау зауытынан хабар берілді.
1960 жылы 24 сәуірде Қазақстан КОК-і "Республикада радиохабарлары мен телевидениені одан әрі дамыту туралы" қаулы қабылданды. Ленин алаңынан Бірінші мамыр шеруінен алғашқы трансляция берілді.
1962 жылы 5 маусымда "Республикада радио мен теледидар жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы" қаулы қабылданды. 1964 жылы 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Алматыда орыс әдебиеті мен мәдениетінің радиотелевизиялық фестивалі болып өтті. Отан РСФСР-дан радиохабарлары мен телевидениенің 20 к-ті және арнаулы бағдарламаларымен Грузия, Әзірбайжан, Түрікмен және Тәжіктің телерадиокомитеттері қатысты. Осы кезең аралығында телеаудиторияға 140 хроникалық деректі және көркем фильмдер көрсетілді.

1965 жылы осы жылдың қараша айында Алматы телеорталығы Орталық телевидениенің бағдарламаларын қабылдауды бастады. 1967 жылы шілде айында Қазақ теледидары Монреальде өткен Бүкіл тдүниежүзілік "Экспо-67" көрмесіне өз телеөнімдерін алып барды.

1967 жылы қыркүйек Қазақ студиясы көпсериялы көркем-деректі "МЕН Қазақстан" телевизиялық фильмін түсіруді бастады.

1967 жылы 4 қазан Орталық теледидардан "Қазақстан күні" атты мерекелік бағдарлама "Октябрьмен нұрланған" деген ұранмен алғашқы "Орбита" кабылдау стансасы іске қосылды. Республика Орталық теледидардың алғашқы түрлі түсті телехабарларын қабылдауды бастады.

1967 жылы желтоқсан Қазақ теледидарының бағдарламаларын Жамбыл, Ақтөбе, Орал облыстарының көрермендері көру мүмкіндігіне ие болды. 1970 жылы ақпан - Қазақ теледидарының бағдарламаларын кабельдік линия арқылы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары көре бастады. Осы кезеңде респ. бағдарламаны көру мүмкіндігіне 9 облыс ие болды. 1974 жылы қазан Ленин атынд. Сарайдан Тыңды игерудің 20 жылдығына байланысты тікелей ретрансляция берілді.

Алматыға осы жылы Польша, Болгария, Монголияның партия-үкімет делегациясы келді. Осыған байланысты Қазақ теледидары Варшава, София және Ұлан-Батормен тікелей байланысқа шықты.
 

Ұқсас материалдар