Сарысу ауданы

04.12.2012 11149
САРЫСУ АУДАНЫ – обл-тың бат-да орналасқан әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Жерінің аум. 31,3 мың км2, тұрғыны 48,6 мың адам (1999). Аудандағы 29 елді мекен, 7 ауылдық әкімш. округке және 1 қалалық әкімш.-ке біріктірілген. Ауд. орт. – Жаңатас қ. Аудан жері, негізінен, жазық, тек оңт. бөлігі ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының орт. бөлігіндегі Үлкен Ақтау тауы орналасқан. Ауд-ның ең биік жері де осы тұста (Айуантөбе тауы, 1024 м). Солт-н Мойынқұм және Бетпақдаланың оңт. бөлігі қамтыған. Бетпақдала өңіріне аласа таулы құрғақ ландшафт тән. Мұнда аласа келген Қазанғап (298 м), Аңдағұл (330 м), Көкшетау (325 м), Сарытөбе (290 м) таулары және Ескібұтақ, Сортаң, Соркілем, Қаттытақыр, т.б. қоныстар кездеседі. Жер қойнауынан фосфорит, химиялық шикізаттар, ас тұзы, т.б. кен орындары барланған. Оның кейбіреулері өндіріледі. Ауданның климаты континенттік, қысы солт-нде суық, аязды, оңт-гі жұмсақ, жазы барлық бөлігінде ыстық, қуаң, аңызақты. Ауданның орташа темп-расы қаңтар айында –6 –12С, шілдеде 22 –27С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 – 250 мм. Ауд. жерінен Шу, Талас, Бүркітті, Шабақты, Көктал өзендері ағып өтеді. Ақжар, Тұзкөл, Үлкен Қамқалы, Соркөл көлдері бар. Шабақты, Бүркітті өзендеріне Ынталы, Бүркітті бөгендері салынған. Жері бозғылт қоңыр (оңт-нде), сұр, сортаңды сұр (солт-нде) және Шу, Талас өзендері аңғарында, Мойынқұмда, шалғынды-сұр, құмайтты топырақ қалыптасқан. Жусан, бетеге, бұйырғын, баялыш, көкпек, сарсазан, күйреуік, т.б. шөлдің сораң шөптері, Шу аңғарында қамыс, ши, Мойынқұмда сексеуіл, жыңғыл өседі. Аңдардан: қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, арқар, таутеке, жабайы шошқа, құстардан үйрек, қаз, дала бүркіті, т.б. құстар кездеседі. Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар (86,8%). Одан басқа орыс, беларусь, украин, курд, татар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 1,5 адамнан келеді. Ауд-ғы халықтың 53,3%-і қалалықтар саналады. Халық аудан аумағына біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың негізгі бөлігі оңт-нде және Шу аңғары бойында. Мұнда 1 км2-ге 10 – 12 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Жаңатас қ. (25.9 мың адам), Жайылма (2,8), Өндіріс (1,4), Игілік (1,2), Түркістан (1,1), Ұйым (1,1), Жаңаарық (1,0) және Тоғызкент (1,0) а.-дары. Аудан бұрын, негізінен, қаракөл қойы, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, түйе өсіруге, астық, көкөніс өндіруге маманданған 10 кеңшардан тұратын. Қазір олар әр түрлі шаруашылық субъектілерін құрайды. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің жалпы аум. (2001) 2,37 млн. га, оның ішінде жыртылатын жері 23,9 мың га. Жыртылған жердің 4,5 мың га-сы суарылады, 19,4 мың га-сы тәлімі жер. Жайылмасы 2,28 млн. га, шабындығы 62,2 мың га, көп жылдық өсімдіктер 275 га жерді қамтыған. Жыртылатын жердің 13,9 мың га (58,1%-і) жері пайдаланылды. А. ш-на жарамды жердің 172 мың га-сы шаруа қожалықтарына берілді. Ауданның 1 тұрғынына 50,1 га а. ш. жері тиеді. Еңбек ресурсы жалпы халықтың 50%-ін құрайды (2002). Экономика саласында еңбекке тартылған жұмысшылардың саны 12,5 мың адам. 2002 ж. орташа айлық еңбек табысы 4,8 мың теңгені құрады. Еңбекке жарамды халықтың 9,0%-і жұмыссыздар. Аудан бойынша экономика саласындағы шаруашылық субъектілердің жалпы саны 117, оның ішінде орташа кәсіпорындар – 16, шағын кәсіпорындар – 16, шағын жекеменшік кәсіпорындар – 101 болды. Шаруашылық салалары бойынша: өнеркәсіпте – 13, а. ш-нда – 43, құрылыста – 6, сауда және қоғамдық тамақтандыруда – 23, көлік және байланыста – 5, қонақүй – 1, басқалары – 26. Одан басқа, ауданда 523 шаруа қожалықтары бар. Ауданның өнеркәсіп саласында 2 ірі және орташа, 6 шағын және 5 қосалқы шаруашылықтар бар. 2002 жылдың 1-шілдесіне дейін өнеркәсіпте 874,9 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Маңызды деген өнеркәсіп өнімдеріне фосфор шикізатының ұсатылған түрі (388,4 мың тонна) жатады. Ауданда 46,6 мың Гкал жылу энергиясы және 1,2 млн м3 су өндірілді. Аудандағы жол желісінің ұз. 472 км, оның 322 км жері қатты төсенішпен (асфальтпен) жабылған. Байланыс саласында 5 АТС (3690 нөмірлі) және 18 байланыс бөлімшесі бар. Барлық шаруашылық категорияларын қоса есептегенде (2002) ауданда 10,2 мың бас ірі қара мал, 147, 3 мың бас қой мен ешкі, 2,9 мың бас жылқы, 857 бас түйе, 600 бас шошқа және 75,0 мыңға жуық құс тіркелген. 2002 ж. аудан 1,6 мың тонна ет, 894 тонна сүт, 96,0 тонна жүн, 1,8 млн. дана жұмыртқа, 5,9 мың қаракөл елтірісін өндірген. Құрылыс саласында 1,7 млн. теңге қаржы салымы өткерілген, 469 м2 үй тұрғызылған. Ауданда жалпы білім беретін 28 мектеп, 1 мұражай, 2 мәдениет үйі, 9 кітапхана, 1 спорт мектебі, 11 клуб, 2 кәсіптік мектеп бар. Денсаулық сақтау мекемелерінен 2 аурухана, 1 аудандық санэпидемстанса, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 6 фельдш.-акушерлік пункт, 7 фельдш. пункт тіркелген. Аудандық тұтынушылар кооперативі, телекоммуникация, мемлекеттік пошта торабы, Саудакент су ш-ғы жүйесінің басқармасы, «Қаратау», «Фосфорит», «Жөндеу-механикалық зауыты», «Ақ жол», «Жаңатас нан», «Жаңатас сүт», жылумен жабдықтайтын «Тайбурыл» кәсіпорны акцион. қоғамдары бар. Одан басқа әр елді мекендерде өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер жұмыс істейді. Ауданда ежелгі тарихи-архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі. Шабақты өз-нің оң жағалауындағы Саудакент а-нда ортағасырлық (10 ғ.) Саудакент қ-ның орны сақталған. Осы ауылда Шоқай Датқа мазары (17 ғ.) мен оған 2001 ж. тұрғызылған ескерткіш бар. Үшбас, Ақтөбе, Арыстанды, Досбол елді мекендерінде бекіністік қамал, Ақтоғай, Түркістан, Қызылдиқан ауылдары маңында тас келіншек, тастағы жазулар сақталған. Саудакент а-нда 1993 ж, Ықылас Дүкенұлына монумент тұрғызылған. Аудан жерімен Тараз – Қаратау – Жаңатас – Саудакент – Құмкент және Тараз – Ақкөл – Саудакент – Құмкент елді мекендері арқылы Ұлы Жібек жолы жүрген. Аудан орт. – Жаңатас қ-нан Таразға дейінгі қашықтық 180 км.  

САРЫСУ АУДАНЫ – обл-тың бат-да орналасқан әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Жерінің аум. 31,3 мың км2, тұрғыны 48,6 мың адам (1999). Аудандағы 29 елді мекен, 7 ауылдық әкімш. округке және 1 қалалық әкімш.-ке біріктірілген. Ауд. орт. – Жаңатас қ.

Аудан жері, негізінен, жазық, тек оңт. бөлігі ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының орт. бөлігіндегі Үлкен Ақтау тауы орналасқан. Ауд-ның ең биік жері де осы тұста (Айуантөбе тауы, 1024 м). Солт-н Мойынқұм және Бетпақдаланың оңт. бөлігі қамтыған. Бетпақдала өңіріне аласа таулы құрғақ ландшафт тән. Мұнда аласа келген Қазанғап (298 м), Аңдағұл (330 м), Көкшетау (325 м), Сарытөбе (290 м) таулары және Ескібұтақ, Сортаң, Соркілем, Қаттытақыр, т.б. қоныстар кездеседі. Жер қойнауынан фосфорит, химиялық шикізаттар, ас тұзы, т.б. кен орындары барланған. Оның кейбіреулері өндіріледі.

Ауданның климаты континенттік, қысы солт-нде суық, аязды, оңт-гі жұмсақ, жазы барлық бөлігінде ыстық, қуаң, аңызақты. Ауданның орташа темп-расы қаңтар айында –6 –12С, шілдеде 22 –27С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 – 250 мм. Ауд. жерінен Шу, Талас, Бүркітті, Шабақты, Көктал өзендері ағып өтеді. Ақжар, Тұзкөл, Үлкен Қамқалы, Соркөл көлдері бар. Шабақты, Бүркітті өзендеріне Ынталы, Бүркітті бөгендері салынған. Жері бозғылт қоңыр (оңт-нде), сұр, сортаңды сұр (солт-нде) және Шу, Талас өзендері аңғарында, Мойынқұмда, шалғынды-сұр, құмайтты топырақ қалыптасқан. Жусан, бетеге, бұйырғын, баялыш, көкпек, сарсазан, күйреуік, т.б. шөлдің сораң шөптері, Шу аңғарында қамыс, ши, Мойынқұмда сексеуіл, жыңғыл өседі. Аңдардан: қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, арқар, таутеке, жабайы шошқа, құстардан үйрек, қаз, дала бүркіті, т.б. құстар кездеседі.

Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар (86,8%). Одан басқа орыс, беларусь, украин, курд, татар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 1,5 адамнан келеді. Ауд-ғы халықтың 53,3%-і қалалықтар саналады. Халық аудан аумағына біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың негізгі бөлігі оңт-нде және Шу аңғары бойында. Мұнда 1 км2-ге 10 – 12 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Жаңатас қ. (25.9 мың адам), Жайылма (2,8), Өндіріс (1,4), Игілік (1,2), Түркістан (1,1), Ұйым (1,1), Жаңаарық (1,0) және Тоғызкент (1,0) а.-дары. Аудан бұрын, негізінен, қаракөл қойы, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, түйе өсіруге, астық, көкөніс өндіруге маманданған 10 кеңшардан тұратын. Қазір олар әр түрлі шаруашылық субъектілерін құрайды.

Ауданның а. ш-на жарамды жерінің жалпы аум. (2001) 2,37 млн. га, оның ішінде жыртылатын жері 23,9 мың га. Жыртылған жердің 4,5 мың га-сы суарылады, 19,4 мың га-сы тәлімі жер. Жайылмасы 2,28 млн. га, шабындығы 62,2 мың га, көп жылдық өсімдіктер 275 га жерді қамтыған. Жыртылатын жердің 13,9 мың га (58,1%-і) жері пайдаланылды.
А. ш-на жарамды жердің 172 мың га-сы шаруа қожалықтарына берілді. Ауданның 1 тұрғынына 50,1 га а. ш. жері тиеді. Еңбек ресурсы жалпы халықтың 50%-ін құрайды (2002). Экономика саласында еңбекке тартылған жұмысшылардың саны 12,5 мың адам. 2002 ж. орташа айлық еңбек табысы 4,8 мың теңгені құрады. Еңбекке жарамды халықтың 9,0%-і жұмыссыздар.

Аудан бойынша экономика саласындағы шаруашылық субъектілердің жалпы саны 117, оның ішінде орташа кәсіпорындар – 16, шағын кәсіпорындар – 16, шағын жекеменшік кәсіпорындар – 101 болды.

Шаруашылық салалары бойынша: өнеркәсіпте – 13, а. ш-нда – 43, құрылыста – 6, сауда және қоғамдық тамақтандыруда – 23, көлік және байланыста – 5, қонақүй – 1, басқалары – 26. Одан басқа, ауданда 523 шаруа қожалықтары бар. Ауданның өнеркәсіп саласында 2 ірі және орташа, 6 шағын және 5 қосалқы шаруашылықтар бар. 2002 жылдың 1-шілдесіне дейін өнеркәсіпте 874,9 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Маңызды деген өнеркәсіп өнімдеріне фосфор шикізатының ұсатылған түрі (388,4 мың тонна) жатады. Ауданда 46,6 мың Гкал жылу энергиясы және 1,2 млн м3 су өндірілді.

Аудандағы жол желісінің ұз. 472 км, оның 322 км жері қатты төсенішпен (асфальтпен) жабылған. Байланыс саласында 5 АТС (3690 нөмірлі) және 18 байланыс бөлімшесі бар.
Барлық шаруашылық категорияларын қоса есептегенде (2002) ауданда 10,2 мың бас ірі қара мал, 147, 3 мың бас қой мен ешкі, 2,9 мың бас жылқы, 857 бас түйе, 600 бас шошқа және 75,0 мыңға жуық құс тіркелген. 2002 ж. аудан 1,6 мың тонна ет, 894 тонна сүт, 96,0 тонна жүн, 1,8 млн. дана жұмыртқа, 5,9 мың қаракөл елтірісін өндірген. Құрылыс саласында 1,7 млн. теңге қаржы салымы өткерілген, 469 м2 үй тұрғызылған.

Ауданда жалпы білім беретін 28 мектеп, 1 мұражай, 2 мәдениет үйі, 9 кітапхана, 1 спорт мектебі, 11 клуб, 2 кәсіптік мектеп бар. Денсаулық сақтау мекемелерінен 2 аурухана, 1 аудандық санэпидемстанса, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 6 фельдш.-акушерлік пункт, 7 фельдш. пункт тіркелген. Аудандық тұтынушылар кооперативі, телекоммуникация, мемлекеттік пошта торабы, Саудакент су ш-ғы жүйесінің басқармасы, «Қаратау», «Фосфорит», «Жөндеу-механикалық зауыты», «Ақ жол», «Жаңатас нан», «Жаңатас сүт», жылумен жабдықтайтын «Тайбурыл» кәсіпорны акцион. қоғамдары бар. Одан басқа әр елді мекендерде өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер жұмыс істейді.

Ауданда ежелгі тарихи-архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі. Шабақты өз-нің оң жағалауындағы Саудакент а-нда ортағасырлық (10 ғ.) Саудакент қ-ның орны сақталған. Осы ауылда Шоқай Датқа мазары (17 ғ.) мен оған 2001 ж. тұрғызылған ескерткіш бар. Үшбас, Ақтөбе, Арыстанды, Досбол елді мекендерінде бекіністік қамал, Ақтоғай, Түркістан, Қызылдиқан ауылдары маңында тас келіншек, тастағы жазулар сақталған. Саудакент а-нда 1993 ж, Ықылас Дүкенұлына монумент тұрғызылған. Аудан жерімен Тараз – Қаратау – Жаңатас – Саудакент – Құмкент және Тараз – Ақкөл – Саудакент – Құмкент елді мекендері арқылы Ұлы Жібек жолы жүрген. Аудан орт. – Жаңатас қ-нан Таразға дейінгі қашықтық 180 км.