Баскиім

04.12.2012 12064
  Баскиім Дәстүрлі мәдениеттегі әлеуметтік,экономикалық, аймақтық, жастық, жыныстық және т.б. жағынан айқындауыш, анықтауыш белгі ретінде жүретін әрі тұтастык зат ретінде елеулі этномәдени мәнге ие заттық мәдениет элементі. Баскиімде ұлттық эстетикалық талғам мен табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері, адамдардың жас және жергілікті, рулық ерекшеліктері көрініс табады. XIX ғ.-дың II жартысынан бастап қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік өзгерістерге байланысты мәдени өмірде де үлкен өзгерістер болды. Ерлер баскиімінің түрі онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, құлақшын, жалбағай, делбегей, далбай, шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлерімен кестеленген), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б.), бөкебай,күләпара, қырпу (іштік бөрік) және т.б. Ауқаттылар төбесі сүйірлеу келген құндыз немесе сусар бөріктің үстіне барқытпен (көбінесе күрең түсті) қапталған, алтын зерлермен кестеленген биік қалпақ киген. Жас жігіттер ат жарыста, көкпар тартуда бастарына шеті кестеленген байламша (шыт) тартады. Мұндағы шыт ерлердің жаздық баскиім ретінде қолданылады, ол тердің көзге, бетке ағуынан қорғайды. Шытты кездемеден басқа байлауға жетерліктей етіп шетін тігіп дайындайды. Қазақ әйелдерінің баскиімдері Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленеді. Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, шылауыш және т.б. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия кисе, қыс маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген. Баскиімдерді негізінен үш өңірге (ареал) картографиялауға болады: а) батыс, Бөкей ордасынан Торғайға дейінгі Орынбор даласы мен Солтүстік Арал төңірегіне дейінгі аралық ә) солтүстік-шығыс Ақмола мен Семей облыстары (Сібір қырғыздары өңірі) б) оңтүстік өңір және Жетісудан Сырдарияға дейінгі аралық. Олардың әрқайсысының ішінде де ішінара территориялық өзгешеліктерді аңғаруға болады: Мысалы, батыс ареалы құрамындағы Маңғыстау өңірі; Солтүстік шығыс құрамына кіретін Шығыс Қазақстан; ал Сырдарияның төменгі ағысы өңірінің орны алабөтен: бұл өңірде жоғарыда аталған үш өңірге тән ерекшеліктердің дені кездеседі. Батыс комплексі мынадай айырмашылықтарымен ерекшеленеді: ер және әйел баскиімдері ішіне шетіне тері көмкерілген конус пішінді малақай (төбетай) киіледі. Сондай-ақ бұл өңірде күләпара және тігіні ерекше бұрама жаулық кеңінен таралған. Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстандағы баскиім комплекстерін батысқа жақындастыратын түрлері - төбетей мен күләпара, бірақ батыста жақтауы тұтас күләпара басым түсіп жатады. Шығыс Қазақстандағы әйелдер баскиімі әсіресе, кимешек пішінділігімен және шағын жаулықпен ерекшеленеді. Қазақстанның оңтүстік өңірінде төрт қырлы киіз қалпақ тараған. Жетісудың шығысындағы баскиімдер комплексі қатты каркасты ерекше жаулықпен ерекшеленеді. Деректерге қарағанда Қазалы мен Перовск оязында (қазіргі Қызылорда облысы) баскиімдердің неше түрлі үлгісі болды. Жамылғыш пен кимешектің бірнеше нұсқасы солтүстік шығыс пен оңтүстік ареалдарға да тән, ал жаулықтың бір нұсқасы тек осы өңірде кездеседі - жаулықтар жұмсақ болып келеді. Ер адамдар пошымы солтүстік шығыс ареалға тән күләпара киеді. Үлкендердің баскиімне қарағанда жасөспірімдердің баскиімдегі ерекшелік шошақ төбелі тақияда байқалады: оның етегі үш елі болып, төбесі аласа шошақ келеді. Тобесі мен етегіне әртүрлі ою-өрнек салып, кейбіреуіне төрт бүйір өрнегі мен етегіндегі өрнегі қарайлас түсіріледі, кейбіреуінің төбесіне де, етегіне де ұласпалы өрнектер айналдырылады, кестені шым кесте етіп баттастырылмай жіңішкелеп (контурмен) эдемі тігіледі. Түрлі торғын немесе кездемемен астарланады, тақия сәнді болу үшін тыс пен астардың ортасына қатырма сапынып сырылады, бұл тақияны ел арасында абай тақиясы деп те атайды. Баскиімге тағылатын әшекей бұйымдар Байырғы ортада баскиімді әшекейлеу барысында алтын, күміс, гауһар сияқты асыл тастарды құрамдас бөліктер ретінде пайдаланған. Әшекейлер көбінесе сәукеле, тақия, бөрік, кимешек тәрізді баскиім түрлеріне тағылған. Айшық -жарты ай, жұлдыз бейнесі бар, күмістен соғылатын жарты ай бейнелі күміс әшекейді жаулықтың шекесіне, кимешекке қадайды. Басжақсы - сәукеленің әшекей бұйымдарының жалпы атауы. Сәукеленің әшекей заттары көп, әрі олар қымбатқа түсетіндіктен, күйеу жағы қалыңмалдан тыс сәукеленің құнын төлеген. Ол төлем сәукеле әшекейлерінің атауымен бас жақсы деп айтылған. 'Бетмоншақ - сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Оны сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Бетмоншақ екі түрлі болады, бірі бірыңғай ірілі-ұсақты моншақтардан түзілсе, екіншісі матадан тігіліп, моншақтар мата бетіне қадалады, екеуінің де арасында күміс қозалар қадалады. Бетмоншақ белге дейін, тіпті одан да төмен түсіп тұрған. Бетмоншақ жас келіннің ұялшақ жүзін жартылай жасырып, бетін бүркемелеп тұрады. Сондықтан «ұялып тұр»деудің орнына «бет моншағы үзіліп тұр» деген. Ертеде сәукелеге жақмоншақ, жақтама, жақтау, жырға, сәукеленің сырғасы деген әшекейлер таққан. Сонымен қатар шытақ - сәукеленің қозасы (қоза - шар сияқты металл әшекейі) [2]. Жақмоншақ - сәукеле, бөрік, бергек, кимешек сияқты әйелдер баскиімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қасқа түсіре, тізбелі шоқ жасап шілтерлеп тағылатын әшекей. Жақмоншақты зергерлер алтын, күміс қозаларын жібек жіптерге тізіп, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды. Көзотаға - көбінесе ер адамның баскиіміне қадайтын меруерт, асыл тас. Оны қарапайым кісілер емес, қызмет дәрежесі жоғары, лауазымды, текті адамдар таққан. Қозалы үкі -бөрікке қадайтын, үкі қауырсынын ораған әшекей әрі әшекей, әрі тұмар ретінде пайдаланылады. Сәукеленің сырғасы -салпыншағы мол, өзі ұзын да ауыр болғандықтан, тек саптанатты кездерде сәукелеге байлайтын сырға түрі (шекелікке ұқсас). Оны Батыс Қазакстанда сабақты сырға деп атаған. Оның мәнісі: ауыр сырғаларға жіп байлап, шашқа, сәукелеге бекітеді (қазақ қолөнерінде сабақ «жіп» деген мағынаны білдіреді). Талмоншақ - тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі. Жас балалардың, қыздардың тақиясына тағылады. Үкіаяқ -жоғары жағына асыл тас орнатып, төменгі жағын күміспен күптеп, баскиімге, бесікке тағатын әшекей. Ертеде үкі киелі құс санапып, оның аяғын, қауырсынын тұмар орнына тұтынған. Үкіаяқ сырғада, сәукеледе, шаштеңгеде құрамдас бөлшек ретінде қолданылады. Шортас - баскиімге қадайтын асыл тас. 'Шоқ – баскиімге тағатын алтын әшекей, асыл тас; алтын шоқ. Эпостық жырларда мұның шоқты деген варианты да ұшырасады. Ал бұрама шоқ үкілі шоқ асыл тасты баскиім әшекейлерінің күрделі түрлері. Қазақ тұрмысында шоқ белбеу, шоққондырған баскиім ертеде тектілікті, лауазымды, дәрежені көрсеткен. Лауазымына қарай асыл тас түрлері, түстері де әртүрлі болған. Шырмауық -ілгекті оқа, металл ілгекті әйелдердің баскиім әшекейі. Шытыра -баскиімге, омырауға, аяқкиімге қадайтын, ағашқа, ер-тұрманға орнататын асыл тасты, не тассыз күміс әшекей. Шытырапар түріне қарай ақ шытыра, алтын шытыра, күміс шытыра, күмбез шытыра, құмырсқа бел шытыра, меруерт шытыра т.б. деп аталады Баскиімге қатысты жосын-жоралғылар Баскиімге қатысты жосын-жоралғылардың түрлері мол әрі олардың дені ертеден келе жатқан мифологиялық түсінікпен, ырымдармен астасып жатады. Айталық, баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан бапаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады. Ертеде шала туған сәбиді «тымаққа салып қырқынан шығаратын» ғұрып болған. Шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн бойы керегенің әр басына ілініп қойылады дейді, есеп кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған бапаның рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі. Баскиімнің төбесін басып киюге болмайды. Киіп жүрген баскиімді басқа адамға кие тұруға, сыйлауға, сатуға болмайды, жаман ырым деп есептеледі. Баскиімін біреуге сыйға берсе, қыздың, жігіттің тұрмыс құрулары кешігеді, тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқапады, адам басы кемиді деген нанымдар қапыптасқан. Сыйлыққа жаңа баскиім беру керек. Сондай-ақ баскиім сатып алып тұрған адам, ол киімді сатушының қолымен басына кидіріп өлшесе, басындағы бағын сол кісіге береді-мыс. Сондықтан баскиімді сатып алушының өз қолымен өлшеуіне назар аударған. Мәйіттің басын жуған кісіге баскиім беріледі. Өшіккенде тымаққа кіші дәрет сындырады. Баскиімді алдына қойып айтысқан ақындар, шешен, даукестер болған. Ойнап жүрген бала екі тымақты үсті үстіне кисе, кейін өсе келе, екі мәрте үйленеді деп жориды. Қыз басына ақ және қара орамал тартпайды. Өйткені ақ орамал әйел адам киетін жаулықтың, ал қара қайғының белгісі болып саналады. Баскиімнің аңдаусызда немесе қасақана жерге түсірілуі жамандықтың нышаны. Ұл баласы тұрмағандар ырымдап баскиімге әртүрлі ала-құла құрақ салып қиюлайды. Балалардың қалпақтарының төбесіне шоқтап үкі немесе маржан, қызыл- жасыл шашақтар тағатын әдет болған Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» — бітімге шақырудың ең үлкен жолы. Айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдары құныкер ауылындағылардың алдына барып«Құдай кешсе кеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық (қасақана емес) іс болды, кешірім!» деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалы баскиімін тастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде, қыз жағынын аяғына жығыла барған құдалар да баскиімін жерге, қыздың әке-шешесінің алдына тастау ишарасын жасайды (бірақ тастамайды). Бөркін аспанға ату деген этнографизмнің шығу тегін анықтаудың сәті түспей келеді. Өйткені баскиімді «құт кетеді» деп төңкеріп қоймайтын қазақ баскиімін лақтырады (қуанғанда) дегенді қоштаған мәлімет беруші жоқ. Баскиімге қауырсын байлау дәстүрі Баскиімге қауырсын тағу барлық халықтардың мифтік нанымы бойынша, жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін білдіреді. Бұл дәстүр кейін де жалғасқан. Бейнелеу өнері материалдары оның XIII-XIV ғ.-да моңғолдар арасында да сақталғанын көрсетеді. Баскиімге қауырсын тағу дәстүрінің арғы негізінде діни-ырымдық наным жатқаны өзгермеген күйінде көшпелі түрік халықтарының (тува, алтай, хакас) дін өкілдері, шамандарының (бақсылардың) қауырсын тізген баскиімінде сақталған. Қазақ арасында бұл дәстүр сақталмағанымен, оның сарқыншағын жас бала, келін, сал мен серілердің баскиіміне, дулығасына жыға қадауынан және қарқаралы баскиімінен байқауға болады. Әйткенмен түркі-моңғолдың ежелгі лауазым иелері бөрікке көзтоға (кейде көзотаға, қозатога, моңғолша «отго / отого») деп аталатын асыл тас та тағынған. Түркі-моңғол тарихына қатысты шығыс (парсы, моңғол, Орта Азия өнері) миниатюраларында хандар мен сарай қызметкерлері көп қауырсынды баскиіммен бейнеленген. Яғни көшпелі халықтарда қауырсынды баскиім киетін адамдарды бейнелеуде қалыптасқан көркемдік канон болғанын білдіреді. Көшпелі халықтарда ерте заманнан бастап өте жоғары лауазым иелерінің баскиімінің маңдай тұсына, бөріктің, қалпақтың жиегіне айналдыра құтан, тырна, тауыс, бүркіт қауырсындарын тағатын. Көшпелілердің тек өзіне тән бұл дәстүр шамамен XIII-XIV ғ.-ға дейін сақталып, кейін бұл салттың ирандық (парсылық) варианты баскиімнің төбесіне не маңдайыналауазым иелері (бір-екі қауырсынды) тағатын жығамен ауысқан. Абайдың сатқын, екіжүзді адамдарды сынағанда айтқан: Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмыс бастан жыға қисайғанда, - сөздеріндегі жығанықмансап-лауазымның белгісі екендігін аңғартады. Ерте замандарда шығыста патшалар бастарына матадан (кейде теріден) жасалған таспа (лента) байлаған. Кейін оны металдан жасап,алтын тәті (диадема) патша әміршілердің белгісіне санаған. Ондай тәтілер жұмсақ теріге не матаға бекітіліп, екі ұшына бау тағынып, шашқа, не баскиім сыртына байланған. Құлақты жаппайтын, желкелігі ғана бар мұндай күләпара тәрізді (башлық) қалпақтарды арғысы сақ-скифтер, бергі түркі, моңғолдар киген[4] . Баскиім пішу Баскиімдердің тақия, киіз қалпақ, теріден тігілген бөрік пен тымақтар, сәукеле, жаулық тәрізді негізгі түрлері бүкіл қазаққа негізінен ортақ үлгіде болып келеді. Тақиялар тегіс төбелі, шошақ төбелі, тік етек формалы болып, бәрі кестеленген қара, жасыл, күрең т.б. түстегі барқыт, доқабадан тігіледі. Бөріктер биік етіп, бағалы аң терілерінен тігіледі; оқалы бөріктер оқамен сәнделеді, оған да үкі қадалады. Қалпақтар айыр етек, төрт қиықты делбегей етек, екі қиықты, етегі екі жақ шекесінен қайырылатын етек сияқты түрлендіріліп тігіледі  Төбесі биік, етегі кең пішілген айыр етекті қалпақтың төбесіне, қайырмасына ою-өрнектер тігіледі. Төрт қиықты делегей қалпақтың қайырмасы кең, мол болады, қара, жасыл, күрең түсті доқаба, барқыт, топпен тысталып, төбесі, етек қиюлары ирек өрнекпен кестеленеді. Төрт сайлы қалпақтың төрт қиық құрауын қара, яки ақ жібек, мақта жіппен кестелеп тігеді. Етегін қара, қоңыр, күрең, жасыл түсті барқыт, доқабалармен қиюлайды. Мұндай қалпақтардың етегі кең, төбесі биіктеу келеді. Кейбіреуінің төбесі шошайыңқы, етегі тарлау болады. Етегінің екі жағынан аз жырық шығарып тігетіндері де, етек қайырмасының арты биік, алды аласа қиюланатын түрлері де кездеседі. Төрт сайлы ақ қалпақ ішінде сайлары мен етектеріне кесте тігілетіндері де, қиюламай сайларының арасына лайықты өрнек салып тігілетіндері де бар. Жас жігіттер киетін қалпақ екі сайлы, төрт сайлы, кең немесе тар етек, айыр, мүйіз етекті, төбесі биік тігіледі. Жас жігіттер көбінде етек қиюы қара, күрең, жасыл доқаба барқыттармен қиюланған, төбесіне маржандап шашақ таққан, төбесі биік, етегі кеңірек қалпақтарды, кейде төрт сайы мен етек қиюы кестеленген қалпақтарды да, етегі қиюсыз ақ қалпақты да киеді. Мұндай қалпақтарды той-мерекелерде киеді. Қалпақтың етегі мен қиюына ою-өрнектер салынады, етегі қиюлы қалпақтардың етегінің жиектері де шалып тігіледі, сайларына лайықты қошқар мүйіз өрнектері салынады. Пішін нұсқаларының әртүрлілігі баскиім пішудің жалпы өзгерістеріне жатады. Қыздар бөркінің ер адамдардікінен айырмашылығы шамалы. Бұрынғы биік және үшкір конус тәрізді баскиімдер бірте-бірте аласа, төбесі жалпайыңқы баскиімге ұласып өзгеріске ұшыраған. XIX ғ. аяғындағы материалдарға қарағанда, қыздардың баскиімі қайырылмаған, яғни тері сынадан пішумен бірге, XX ғ. басында жаңа бір пошым пайда болады: жеке пішілген цилиндрлі жиектерден және төбесі жалпақ немесе томпақ төрт үшбұрышты тіліктен тұратын баскиім түрі қолданысқа кірді. Бұрын баскиімді терімен мол көмкерсе, енді терімен баскиімнің жиегін ғана көмкеретін болды. Бөрік - киіз, жүн, мақтадан төбелік, етектік маталар салып, түрлі үлгіде төбесі шошақ, дөңгелек, екі сайлы, төрт сайлы етіп, барқыт сияқты қымбат кездемемен тыстап, етек қайырмаларын қозының бұйра елтірісі мен асыл аң терілерімен қаптап тігілетін құлақсыз киім. Ерлер бөркі кәсіпке қарай сарпыс бөрік, түсірме бөрік, тігілуіне қарай жұмыр бүйірлі, тік қайырма етекті үкілі бөрік деп бөлінеді. Жас жігіттер биік қайырмалы бөріктерді көп киеді, жаз жайлауда кейде жағдайға қарай күзде де, қыста да киеді. Ертеде сайлығы биік шошақ төбелі биік бөріктер (биіктігі бір жарым немесе екі қарыс биік) болған деген мәліметтер бар    

 

Баскиім
Дәстүрлі мәдениеттегі әлеуметтік,экономикалық, аймақтық, жастық, жыныстық және т.б. жағынан айқындауыш, анықтауыш белгі ретінде жүретін әрі тұтастык зат ретінде елеулі этномәдени мәнге ие заттық мәдениет элементі. Баскиімде ұлттық эстетикалық талғам мен табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері, адамдардың жас және жергілікті, рулық ерекшеліктері көрініс табады. XIX ғ.-дың II жартысынан бастап қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік өзгерістерге байланысты мәдени өмірде де үлкен өзгерістер болды.
Ерлер баскиімінің түрі онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, құлақшын, жалбағай, делбегей, далбай, шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлерімен кестеленген), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б.), бөкебай,күләпара, қырпу (іштік бөрік) және т.б. Ауқаттылар төбесі сүйірлеу келген құндыз немесе сусар бөріктің үстіне барқытпен (көбінесе күрең түсті) қапталған, алтын зерлермен кестеленген биік қалпақ киген. Жас жігіттер ат жарыста, көкпар тартуда бастарына шеті кестеленген байламша (шыт) тартады. Мұндағы шыт ерлердің жаздық баскиім ретінде қолданылады, ол тердің көзге, бетке ағуынан қорғайды. Шытты кездемеден басқа байлауға жетерліктей етіп шетін тігіп дайындайды.
Қазақ әйелдерінің баскиімдері
Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленеді. Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, шылауыш және т.б.
Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия кисе, қыс маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген.
Баскиімдерді негізінен үш өңірге (ареал) картографиялауға болады: а) батыс, Бөкей ордасынан Торғайға дейінгі Орынбор даласы мен Солтүстік Арал төңірегіне дейінгі аралық
ә) солтүстік-шығыс Ақмола мен Семей облыстары (Сібір қырғыздары өңірі)
б) оңтүстік өңір және Жетісудан Сырдарияға дейінгі аралық.
Олардың әрқайсысының ішінде де ішінара территориялық өзгешеліктерді аңғаруға болады: Мысалы, батыс ареалы құрамындағы Маңғыстау өңірі; Солтүстік шығыс құрамына кіретін Шығыс Қазақстан; ал Сырдарияның төменгі ағысы өңірінің орны алабөтен: бұл өңірде жоғарыда аталған үш өңірге тән ерекшеліктердің дені кездеседі.
Батыс комплексі мынадай айырмашылықтарымен ерекшеленеді: ер және әйел баскиімдері ішіне шетіне тері көмкерілген конус пішінді малақай (төбетай) киіледі. Сондай-ақ бұл өңірде күләпара және тігіні ерекше бұрама жаулық кеңінен таралған.
Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстандағы баскиім комплекстерін батысқа жақындастыратын түрлері - төбетей мен күләпара, бірақ батыста жақтауы тұтас күләпара басым түсіп жатады. Шығыс Қазақстандағы әйелдер баскиімі әсіресе, кимешек пішінділігімен және шағын жаулықпен ерекшеленеді. Қазақстанның оңтүстік өңірінде төрт қырлы киіз қалпақ тараған. Жетісудың шығысындағы баскиімдер комплексі қатты каркасты ерекше жаулықпен ерекшеленеді.
Деректерге қарағанда Қазалы мен Перовск оязында (қазіргі Қызылорда облысы) баскиімдердің неше түрлі үлгісі болды. Жамылғыш пен кимешектің бірнеше нұсқасы солтүстік шығыс пен оңтүстік ареалдарға да тән, ал жаулықтың бір нұсқасы тек осы өңірде кездеседі - жаулықтар жұмсақ болып келеді. Ер адамдар пошымы солтүстік шығыс ареалға тән күләпара киеді.
Үлкендердің баскиімне қарағанда жасөспірімдердің баскиімдегі ерекшелік шошақ төбелі тақияда байқалады: оның етегі үш елі болып, төбесі аласа шошақ келеді. Тобесі мен етегіне әртүрлі ою-өрнек салып, кейбіреуіне төрт бүйір өрнегі мен етегіндегі өрнегі қарайлас түсіріледі, кейбіреуінің төбесіне де, етегіне де ұласпалы өрнектер айналдырылады, кестені шым кесте етіп баттастырылмай жіңішкелеп (контурмен) эдемі тігіледі. Түрлі торғын немесе кездемемен астарланады, тақия сәнді болу үшін тыс пен астардың ортасына қатырма сапынып сырылады, бұл тақияны ел арасында абай тақиясы деп те атайды.
Баскиімге тағылатын әшекей бұйымдар
Байырғы ортада баскиімді әшекейлеу барысында алтын, күміс, гауһар сияқты асыл тастарды құрамдас бөліктер ретінде пайдаланған. Әшекейлер көбінесе сәукеле, тақия, бөрік, кимешек тәрізді баскиім түрлеріне тағылған.
Айшық -жарты ай, жұлдыз бейнесі бар, күмістен соғылатын жарты ай бейнелі күміс әшекейді жаулықтың шекесіне, кимешекке қадайды.
Басжақсы - сәукеленің әшекей бұйымдарының жалпы атауы. Сәукеленің әшекей заттары көп, әрі олар қымбатқа түсетіндіктен, күйеу жағы қалыңмалдан тыс сәукеленің құнын төлеген. Ол төлем сәукеле әшекейлерінің атауымен бас жақсы деп айтылған.
'Бетмоншақ - сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Оны сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Бетмоншақ екі түрлі болады, бірі бірыңғай ірілі-ұсақты моншақтардан түзілсе, екіншісі матадан тігіліп, моншақтар мата бетіне қадалады, екеуінің де арасында күміс қозалар қадалады. Бетмоншақ белге дейін, тіпті одан да төмен түсіп тұрған. Бетмоншақ жас келіннің ұялшақ жүзін жартылай жасырып, бетін бүркемелеп тұрады. Сондықтан «ұялып тұр»деудің орнына «бет моншағы үзіліп тұр» деген. Ертеде сәукелеге жақмоншақ, жақтама, жақтау, жырға, сәукеленің сырғасы деген әшекейлер таққан. Сонымен қатар шытақ - сәукеленің қозасы (қоза - шар сияқты металл әшекейі) [2].
Жақмоншақ - сәукеле, бөрік, бергек, кимешек сияқты әйелдер баскиімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қасқа түсіре, тізбелі шоқ жасап шілтерлеп тағылатын әшекей. Жақмоншақты зергерлер алтын, күміс қозаларын жібек жіптерге тізіп, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды.
Көзотаға - көбінесе ер адамның баскиіміне қадайтын меруерт, асыл тас. Оны қарапайым кісілер емес, қызмет дәрежесі жоғары, лауазымды, текті адамдар таққан.
Қозалы үкі -бөрікке қадайтын, үкі қауырсынын ораған әшекей әрі әшекей, әрі тұмар ретінде пайдаланылады. Сәукеленің сырғасы -салпыншағы мол, өзі ұзын да ауыр болғандықтан, тек саптанатты кездерде сәукелеге байлайтын сырға түрі (шекелікке ұқсас). Оны Батыс Қазакстанда сабақты сырға деп атаған. Оның мәнісі: ауыр сырғаларға жіп байлап, шашқа, сәукелеге бекітеді (қазақ қолөнерінде сабақ «жіп» деген мағынаны білдіреді).
Талмоншақ - тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі. Жас балалардың, қыздардың тақиясына тағылады.
Үкіаяқ -жоғары жағына асыл тас орнатып, төменгі жағын күміспен күптеп, баскиімге, бесікке тағатын әшекей. Ертеде үкі киелі құс санапып, оның аяғын, қауырсынын тұмар орнына тұтынған. Үкіаяқ сырғада, сәукеледе, шаштеңгеде құрамдас бөлшек ретінде қолданылады.
Шортас - баскиімге қадайтын асыл тас.
'Шоқ – баскиімге тағатын алтын әшекей, асыл тас; алтын шоқ. Эпостық жырларда мұның шоқты деген варианты да ұшырасады. Ал бұрама шоқ үкілі шоқ асыл тасты баскиім әшекейлерінің күрделі түрлері. Қазақ тұрмысында шоқ белбеу, шоққондырған баскиім ертеде тектілікті, лауазымды, дәрежені көрсеткен. Лауазымына қарай асыл тас түрлері, түстері де әртүрлі болған.
Шырмауық -ілгекті оқа, металл ілгекті әйелдердің баскиім әшекейі. Шытыра -баскиімге, омырауға, аяқкиімге қадайтын, ағашқа, ер-тұрманға орнататын асыл тасты, не тассыз күміс әшекей. Шытырапар түріне қарай ақ шытыра, алтын шытыра, күміс шытыра, күмбез шытыра, құмырсқа бел шытыра, меруерт шытыра т.б. деп аталады
Баскиімге қатысты жосын-жоралғылар
Баскиімге қатысты жосын-жоралғылардың түрлері мол әрі олардың дені ертеден келе жатқан мифологиялық түсінікпен, ырымдармен астасып жатады. Айталық, баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан бапаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады. Ертеде шала туған сәбиді «тымаққа салып қырқынан шығаратын» ғұрып болған. Шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн бойы керегенің әр басына ілініп қойылады дейді, есеп кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған бапаның рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі.
Баскиімнің төбесін басып киюге болмайды. Киіп жүрген баскиімді басқа адамға кие тұруға, сыйлауға, сатуға болмайды, жаман ырым деп есептеледі. Баскиімін біреуге сыйға берсе, қыздың, жігіттің тұрмыс құрулары кешігеді, тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқапады, адам басы кемиді деген нанымдар қапыптасқан. Сыйлыққа жаңа баскиім беру керек. Сондай-ақ баскиім сатып алып тұрған адам, ол киімді сатушының қолымен басына кидіріп өлшесе, басындағы бағын сол кісіге береді-мыс. Сондықтан баскиімді сатып алушының өз қолымен өлшеуіне назар аударған.
Мәйіттің басын жуған кісіге баскиім беріледі. Өшіккенде тымаққа кіші дәрет сындырады. Баскиімді алдына қойып айтысқан ақындар, шешен, даукестер болған. Ойнап жүрген бала екі тымақты үсті үстіне кисе, кейін өсе келе, екі мәрте үйленеді деп жориды. Қыз басына ақ және қара орамал тартпайды. Өйткені ақ орамал әйел адам киетін жаулықтың, ал қара қайғының белгісі болып саналады.
Баскиімнің аңдаусызда немесе қасақана жерге түсірілуі жамандықтың нышаны. Ұл баласы тұрмағандар ырымдап баскиімге әртүрлі ала-құла құрақ салып қиюлайды. Балалардың қалпақтарының төбесіне шоқтап үкі немесе маржан, қызыл- жасыл шашақтар тағатын әдет болған Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» — бітімге шақырудың ең үлкен жолы. Айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдары құныкер ауылындағылардың алдына барып«Құдай кешсе кеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық (қасақана емес) іс болды, кешірім!» деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалы баскиімін тастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде, қыз жағынын аяғына жығыла барған құдалар да баскиімін жерге, қыздың әке-шешесінің алдына тастау ишарасын жасайды (бірақ тастамайды). Бөркін аспанға ату деген этнографизмнің шығу тегін анықтаудың сәті түспей келеді. Өйткені баскиімді «құт кетеді» деп төңкеріп қоймайтын қазақ баскиімін лақтырады (қуанғанда) дегенді қоштаған мәлімет беруші жоқ.
Баскиімге қауырсын байлау дәстүрі
Баскиімге қауырсын тағу барлық халықтардың мифтік нанымы бойынша, жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін білдіреді. Бұл дәстүр кейін де жалғасқан. Бейнелеу өнері материалдары оның XIII-XIV ғ.-да моңғолдар арасында да сақталғанын көрсетеді.
Баскиімге қауырсын тағу дәстүрінің арғы негізінде діни-ырымдық наным жатқаны өзгермеген күйінде көшпелі түрік халықтарының (тува, алтай, хакас) дін өкілдері, шамандарының (бақсылардың) қауырсын тізген баскиімінде сақталған. Қазақ арасында бұл дәстүр сақталмағанымен, оның сарқыншағын жас бала, келін, сал мен серілердің баскиіміне, дулығасына жыға қадауынан және қарқаралы баскиімінен байқауға болады. Әйткенмен түркі-моңғолдың ежелгі лауазым иелері бөрікке көзтоға (кейде көзотаға, қозатога, моңғолша «отго / отого») деп аталатын асыл тас та тағынған.
Түркі-моңғол тарихына қатысты шығыс (парсы, моңғол, Орта Азия өнері) миниатюраларында хандар мен сарай қызметкерлері көп қауырсынды баскиіммен бейнеленген. Яғни көшпелі халықтарда қауырсынды баскиім киетін адамдарды бейнелеуде қалыптасқан көркемдік канон болғанын білдіреді. Көшпелі халықтарда ерте заманнан бастап өте жоғары лауазым иелерінің баскиімінің маңдай тұсына, бөріктің, қалпақтың жиегіне айналдыра құтан, тырна, тауыс, бүркіт қауырсындарын тағатын. Көшпелілердің тек өзіне тән бұл дәстүр шамамен XIII-XIV ғ.-ға дейін сақталып, кейін бұл салттың ирандық (парсылық) варианты баскиімнің төбесіне не маңдайыналауазым иелері (бір-екі қауырсынды) тағатын жығамен ауысқан. Абайдың сатқын, екіжүзді адамдарды сынағанда айтқан: Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмыс бастан жыға қисайғанда, - сөздеріндегі жығанықмансап-лауазымның белгісі екендігін аңғартады.
Ерте замандарда шығыста патшалар бастарына матадан (кейде теріден) жасалған таспа (лента) байлаған. Кейін оны металдан жасап,алтын тәті (диадема) патша әміршілердің белгісіне санаған. Ондай тәтілер жұмсақ теріге не матаға бекітіліп, екі ұшына бау тағынып, шашқа, не баскиім сыртына байланған. Құлақты жаппайтын, желкелігі ғана бар мұндай күләпара тәрізді (башлық) қалпақтарды арғысы сақ-скифтер, бергі түркі, моңғолдар киген[4] .
Баскиім пішу
Баскиімдердің тақия, киіз қалпақ, теріден тігілген бөрік пен тымақтар, сәукеле, жаулық тәрізді негізгі түрлері бүкіл қазаққа негізінен ортақ үлгіде болып келеді. Тақиялар тегіс төбелі, шошақ төбелі, тік етек формалы болып, бәрі кестеленген қара, жасыл, күрең т.б. түстегі барқыт, доқабадан тігіледі. Бөріктер биік етіп, бағалы аң терілерінен тігіледі; оқалы бөріктер оқамен сәнделеді, оған да үкі қадалады. Қалпақтар айыр етек, төрт қиықты делбегей етек, екі қиықты, етегі екі жақ шекесінен қайырылатын етек сияқты түрлендіріліп тігіледі 
Төбесі биік, етегі кең пішілген айыр етекті қалпақтың төбесіне, қайырмасына ою-өрнектер тігіледі. Төрт қиықты делегей қалпақтың қайырмасы кең, мол болады, қара, жасыл, күрең түсті доқаба, барқыт, топпен тысталып, төбесі, етек қиюлары ирек өрнекпен кестеленеді. Төрт сайлы қалпақтың төрт қиық құрауын қара, яки ақ жібек, мақта жіппен кестелеп тігеді. Етегін қара, қоңыр, күрең, жасыл түсті барқыт, доқабалармен қиюлайды. Мұндай қалпақтардың етегі кең, төбесі биіктеу келеді. Кейбіреуінің төбесі шошайыңқы, етегі тарлау болады. Етегінің екі жағынан аз жырық шығарып тігетіндері де, етек қайырмасының арты биік, алды аласа қиюланатын түрлері де кездеседі. Төрт сайлы ақ қалпақ ішінде сайлары мен етектеріне кесте тігілетіндері де, қиюламай сайларының арасына лайықты өрнек салып тігілетіндері де бар. Жас жігіттер киетін қалпақ екі сайлы, төрт сайлы, кең немесе тар етек, айыр, мүйіз етекті, төбесі биік тігіледі. Жас жігіттер көбінде етек қиюы қара, күрең, жасыл доқаба барқыттармен қиюланған, төбесіне маржандап шашақ таққан, төбесі биік, етегі кеңірек қалпақтарды, кейде төрт сайы мен етек қиюы кестеленген қалпақтарды да, етегі қиюсыз ақ қалпақты да киеді. Мұндай қалпақтарды той-мерекелерде киеді. Қалпақтың етегі мен қиюына ою-өрнектер салынады, етегі қиюлы қалпақтардың етегінің жиектері де шалып тігіледі, сайларына лайықты қошқар мүйіз өрнектері салынады. Пішін нұсқаларының әртүрлілігі баскиім пішудің жалпы өзгерістеріне жатады. Қыздар бөркінің ер адамдардікінен айырмашылығы шамалы. Бұрынғы биік және үшкір конус тәрізді баскиімдер бірте-бірте аласа, төбесі жалпайыңқы баскиімге ұласып өзгеріске ұшыраған. XIX ғ. аяғындағы материалдарға қарағанда, қыздардың баскиімі қайырылмаған, яғни тері сынадан пішумен бірге, XX ғ. басында жаңа бір пошым пайда болады: жеке пішілген цилиндрлі жиектерден және төбесі жалпақ немесе томпақ төрт үшбұрышты тіліктен тұратын баскиім түрі қолданысқа кірді. Бұрын баскиімді терімен мол көмкерсе, енді терімен баскиімнің жиегін ғана көмкеретін болды. Бөрік - киіз, жүн, мақтадан төбелік, етектік маталар салып, түрлі үлгіде төбесі шошақ, дөңгелек, екі сайлы, төрт сайлы етіп, барқыт сияқты қымбат кездемемен тыстап, етек қайырмаларын қозының бұйра елтірісі мен асыл аң терілерімен қаптап тігілетін құлақсыз киім. Ерлер бөркі кәсіпке қарай сарпыс бөрік, түсірме бөрік, тігілуіне қарай жұмыр бүйірлі, тік қайырма етекті үкілі бөрік деп бөлінеді. Жас жігіттер биік қайырмалы бөріктерді көп киеді, жаз жайлауда кейде жағдайға қарай күзде де, қыста да киеді. Ертеде сайлығы биік шошақ төбелі биік бөріктер (биіктігі бір жарым немесе екі қарыс биік) болған деген мәліметтер бар