Қазақстан-Орал (телеарна)

04.12.2012 10915
Орал телестудиясында отыз жылға жұмыс істеп келе жатқан журналист Свелана Ханның танымал авторлық бағдарламалары баршылық. Соның бірі өмірдің ащысы мен тұщысын айна қатесіз бейнелейтін «Из жизни» бағдарламасы. Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай корпарация басшылығы ұйымдастырған деректі фильмдер байқауына қатысқан «Қазақстан-Орал» телеарнасының шығармашылық ұжымы дайындаған «Жалпақталдық жастардың жасырын ұйымы» туындысы (авторы Г.Көнеева, режиссері Н.Тухватуллина, опраторы Р.Ғазезов, монтаждаушы оператор Н.Ғимранов, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов ) бірінші жүлдеге ие болды. Сонымен қатар орыс тілінде дайындалған деректі фильмдер «Апа» (авторы Р.Сатқанова, режиссері А.Қонашева, дыбыс режиссері М.Қансұлтаонов, оператор Р.Садыров, монтаждаушы операторлар С.Болтанов, Н.Ғимранов) «Преодоление»(авторы Д.Рамазанов, оператор Р.Садыров, режиссері А.Қонашева, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов, монтаждаушы оператор А.Аймұратова), «Неразрывная связь» (авторы А.Джампеисова, операторлары Р.Садыров, Р.Ғазезов, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов) ерекше аталды. 2008 жылы ХІ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде А:Байменшина репортаждық жанрдағы «Нысана» хабары үшін «Журналистика» аталымы бойынша лауреат атанды. Орал өңірінің көрермендері аптаның бес күнінде тәулігіне бес рет облыс арнаулы жаңалықтарымен, соның ішінде төрт рет тың жаңалықтармен таныса алады. Бұл «Ақжайық» ақпараттық бағдарламасының редакциясы құрылуы арқасында мүмкін болды. Арнайы редакция болып құрылған кезде оған бірінші болып А.Салықов жетекшілік жасады, одан кейін К.Қамбетова басқарды. Жаңалықтар қызметі журналистік төселудің тай қазаны. Сондықтан кейінгі буын өкілдер кәсіби шеберлігін шыңдаған журналистерге айналды. Олар – Л.Елеу, Е.Әбіш, Ә.Русалиева, Б.Базарбаева, Т.Рудаметова, Т.Жұбанышов, Д. Темірғалиева. Жаңа келген жастар Р.Диалиевтың, Т.Кенжеғалиевтің, Г.Өтепованың, С.Бораншиеваның олардан үйренері аз емес. 1980 жылы түрлі-түсті пленкаға көшкен Орал телестудиясы, 1989 жвлдан бастап түрлі-түсті бейнетаспамен жұмыс жасауды қолға алды. Ал 2003 жылдан облыстық телевизия толықтай сандық форматқа көшірілді. «Қазақстан – Орал» телеарнасы осы заманғы сандық санаттағы бейне-дыбыс жазу, монтаждау құралдарымен толық жабдықталды. Оларды қазір бейнетүсіру операторлары С.Дияров, Р.Ищанов, Р.Ғазезов, Н.Идиров, Т.Тоқмамбетов, Е.Меңдіғалиев, Т.Қажымов, монтаждаушы операторлар Е.Қонашев, Р.Базаров, С.Болтанов, Н.Халитов, Н.Ғимранов, А.Қағазбеков, А.Аймұратова, дизайнер Н.Хайруллина, дыбыс режиссердері М.Қансұлтанов, Ж.Құмаров, бейнеинженерлер А.Еламанова, В.Караваев, Б.Шаңғалиев, В.Коваленко өз қызметінде пайдалануда. Арна қызметкерлері тегістей компьютермен жұмыс істеп, интернетті кеңінен пайдалануда. 2003 жылдан бастап «Қазақстан Орал» телеарнасының бағдарламалары «Кателко» ғарыштық жүйесі арқылы облысқа тарай бастады. 2007 жылдың 1-ші сәуірінен облыстық радио хабарлары да ғарыш арқылы таралу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда облыстың 98 пайызы «Қазақстан» Ұлттық арнасының жиілігінде тарайтын облыстық телехабарларды көріп келеді. 28-ші дециметрлік «Қазақстан-Орал» телеарнасының хабар тарату кезіндегі елді мекендерді қамту аймағы 50-60 км радиус шамасында. 2010 жылдың 9 қыркүйегінен бастап барлық аудан орталықтары мен ірі елді-мекендер «Қазақстан-Орал» телеарнасын 14 сағаттық бағдарламасын көре бастады. Филиалдың кәзіргі жоспары – материалдық базасын кеңейтіп, жаңа үлгідегі телестудия салу.  

Орал телестудиясында отыз жылға жұмыс істеп келе жатқан журналист Свелана Ханның танымал авторлық бағдарламалары баршылық. Соның бірі өмірдің ащысы мен тұщысын айна қатесіз бейнелейтін «Из жизни» бағдарламасы.

Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай корпарация басшылығы ұйымдастырған деректі фильмдер байқауына қатысқан «Қазақстан-Орал» телеарнасының шығармашылық ұжымы дайындаған «Жалпақталдық жастардың жасырын ұйымы» туындысы (авторы Г.Көнеева, режиссері Н.Тухватуллина, опраторы Р.Ғазезов, монтаждаушы оператор Н.Ғимранов, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов ) бірінші жүлдеге ие болды. Сонымен қатар орыс тілінде дайындалған деректі фильмдер «Апа» (авторы Р.Сатқанова, режиссері А.Қонашева, дыбыс режиссері М.Қансұлтаонов, оператор Р.Садыров, монтаждаушы операторлар С.Болтанов, Н.Ғимранов) «Преодоление»(авторы Д.Рамазанов, оператор Р.Садыров, режиссері А.Қонашева, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов, монтаждаушы оператор А.Аймұратова), «Неразрывная связь» (авторы А.Джампеисова, операторлары Р.Садыров, Р.Ғазезов, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов) ерекше аталды. 2008 жылы ХІ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде А:Байменшина репортаждық жанрдағы «Нысана» хабары үшін «Журналистика» аталымы бойынша лауреат атанды.
Орал өңірінің көрермендері аптаның бес күнінде тәулігіне бес рет облыс арнаулы жаңалықтарымен, соның ішінде төрт рет тың жаңалықтармен таныса алады. Бұл «Ақжайық» ақпараттық бағдарламасының редакциясы құрылуы арқасында мүмкін болды. Арнайы редакция болып құрылған кезде оған бірінші болып А.Салықов жетекшілік жасады, одан кейін К.Қамбетова басқарды. Жаңалықтар қызметі журналистік төселудің тай қазаны. Сондықтан кейінгі буын өкілдер кәсіби шеберлігін шыңдаған журналистерге айналды. Олар – Л.Елеу, Е.Әбіш, Ә.Русалиева, Б.Базарбаева, Т.Рудаметова, Т.Жұбанышов, Д. Темірғалиева. Жаңа келген жастар Р.Диалиевтың, Т.Кенжеғалиевтің, Г.Өтепованың, С.Бораншиеваның олардан үйренері аз емес.
1980 жылы түрлі-түсті пленкаға көшкен Орал телестудиясы, 1989 жвлдан бастап түрлі-түсті бейнетаспамен жұмыс жасауды қолға алды. Ал 2003 жылдан облыстық телевизия толықтай сандық форматқа көшірілді.
«Қазақстан – Орал» телеарнасы осы заманғы сандық санаттағы бейне-дыбыс жазу, монтаждау құралдарымен толық жабдықталды. Оларды қазір бейнетүсіру операторлары С.Дияров, Р.Ищанов, Р.Ғазезов, Н.Идиров, Т.Тоқмамбетов, Е.Меңдіғалиев, Т.Қажымов, монтаждаушы операторлар Е.Қонашев, Р.Базаров, С.Болтанов, Н.Халитов, Н.Ғимранов, А.Қағазбеков, А.Аймұратова, дизайнер Н.Хайруллина, дыбыс режиссердері М.Қансұлтанов, Ж.Құмаров, бейнеинженерлер А.Еламанова, В.Караваев, Б.Шаңғалиев, В.Коваленко өз қызметінде пайдалануда.
Арна қызметкерлері тегістей компьютермен жұмыс істеп, интернетті кеңінен пайдалануда. 2003 жылдан бастап «Қазақстан Орал» телеарнасының бағдарламалары «Кателко» ғарыштық жүйесі арқылы облысқа тарай бастады. 2007 жылдың 1-ші сәуірінен облыстық радио хабарлары да ғарыш арқылы таралу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда облыстың 98 пайызы «Қазақстан» Ұлттық арнасының жиілігінде тарайтын облыстық телехабарларды көріп келеді. 28-ші дециметрлік «Қазақстан-Орал» телеарнасының хабар тарату кезіндегі елді мекендерді қамту аймағы 50-60 км радиус шамасында.
2010 жылдың 9 қыркүйегінен бастап барлық аудан орталықтары мен ірі елді-мекендер «Қазақстан-Орал» телеарнасын 14 сағаттық бағдарламасын көре бастады.
Филиалдың кәзіргі жоспары – материалдық базасын кеңейтіп, жаңа үлгідегі телестудия салу.
 

Ұқсас материалдар