Ортағасырлық Жент (Жанқала) теңгелері

28.11.2013 5134
Сайлау Асхат Қожакелдіұлы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің  бөлім меңгерушісі   Ортағасырлық  Жент (Жанқала) теңгелері   Қазіргі таңда Қызылорда облысының территориясында 500-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет тізіміне ендірілген. Оның ішінде ежелгі қалалар мен қоныстар ерекше орын алады. Солардың бірі әйгілі ортағасырлық Жент (Жанқала) қала жұрты.   Жент (Жанқала) қала жұрты Қызылорда қаласынан оңтүстік - батысқа қарай   115 шақырым жерде орналасқан. Қаланың орны қазіргі уақытта 40 га астам аумақты алып жатыр. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы ортағасырлық қала орны. Қалада мұсылман дініні ұстанған түркі тайпалары қоныстанған. Жент              Х-ХІІ ғғ. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы негізгі үлкен қала болған. Осы маңда орналасқан Жанкент, Баршынкент, Ашнас, (Асанас), Хувар (Жувар) қалалары бірігіп, Жент өлкесінің қалалар тобын құрады. (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы .-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» 3 т. 2001.- 646 б) Тарихи деректерге сүйенсек Жент (Жанқала) оғыз – қыпшақ дәуірінен өмір сүргені айтылады. Жент (Жанқала) туралы ортағасырлық тарихшы Якут:  Жент Түркістандағы ең ірі қалалардың бірі, Хорезмнен 10 күндік жерде орналасқан дейді.  Жентті алғаш рет зерттеген орыс зерттеушілер В.В.Бартольд, П.Н.Лерх, В.А.Каллаур. Ал археологиялық қазба жұмыстарын С.П.Толстовтың жетекшілігімен Хорезм археологиялық экспедициясы жүргізді. (Маргулан А. Басенов Т. Мендикулов М.  Архитектура Казахстана,- Алма-Ата: 1959, - 92 б) 2009 жылы Қызылорд облысының өңірлік «Мәдени мұра» бағдарламасы   бойынша ортағасырлық Жент қаласына Ә.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары археологиялық қазба жұмыстары жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде қала қойнауынан оның мәдени экономикалық дамуының жарқын дәлелі болатын көптеген олжалар табылды. Олардың ішінде                              музей қорына өткізілген ХІІІ-ХІҮ ғғ. сауда айналымына енген күміс және мыс теңгелерді ерекше атауға болады.   Әртүрлі ақша сарайларында құйылғандықтан теңгелер алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, теңгелердің 10 данасы күмістен құйылған. Теңгелердің 9 данасы Алтын Орда мемлекетінде Тоқтай хан (1292-1312 ж.ж.), Өзбек хан (1312-1342 ж.ж.), Жәнібек хан (1342-1358 ж.ж.), Бердібек хан билік еткен кезеңде Хорезмнің ақша сарайларында  құйылып, айналымға енгені анықталып отыр. Қалған 1 данасында Жошы ұрпақтарының құпия тамғасы бейнеленген. Теңгелердегі жазулар араб әрпінде, жыл санауы Һижра (733 ж., 760 ж., 719 ж., 732 -733 ж., 733 ж., 706-709 ж.ж., 686 – 688, 690 ж.ж., 744 ж., 742 ж., 743 ж. ) бойынша көрсетілген. (Научный отчет АR-12/36 том 2 Научно-исследовательские работы по подготовке базового пакета документации для последующего археологического исследование  городища Жент (Дженд) в Жалагашском районе Кызылординской области, - Алматы: 2009.- 133-191 б) Екінші мыс теңгелер қазынасы (110 дана) өзінің бір тектілігімен ерекшеленеді. Теңгелердің көпшілігі Алтын Орда мемлекетінің ақша сарайларында құйылып, Жәнібек хан, Бердібек ханның билік еткен тұсында ақша айналымына енген. Теңгелердің бетінде «Сарай әл-Жәдид» деген жазуы бар. Дерек көздері Сарай әл-Жәдидтің (Берке Сарай) ХІҮ ғасырда дәлірек айтсақ, 1332 жылы Өзбек ханның бұйрығымен салынып, 1395 жылы қаланы Әмір-Темір әскері қиратқанға дейін өмір сүргенін анықтады. Өзбек ханның өзі де осы қалада жерленген. Сарай әл-Жәдид Жәңібектің тұсында ХІҮ ғ. 40 жылдары Алтын Орданың астанасы болып тұрған. Археологиялық зерттеулер мұнда құмыра, әйнек жасау, зергерлік өнер мен мыстан, темірден бұйымдар жасау өнеркәсібі, ақша жасау, құрылыс пен сәулет өнері дамығандығын көрсетті. Археологтардың айтуынша мұндай теңгелер мемлекеттің ақша сарайлары бар кез келген қалаларында құйылған. Келесі бір топ  теңгелерде (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ) геометриялық өрнекпен Әмір Темірдің аты жазылғаны  анықталып отыр. Теңгелерге аңдар (арыстан) мен құстардың (екі басты сұңқар) және шығып келе жатқан күн бейнесі салынған. Кейбірінде үзінді жазулар бар. Өкінішке орай, теңгелердің көбісі ескіргендіктен жазулары өшкен. (Научный отчет АR-12/36 том 2 Научно-исследовательские работы по подготовке базового пакета документации для последующего археологического исследование городища Жент (Дженд) в Жалагашском районе Кызылординской области, - Алматы: 2009.- 133-191 б)  Жалпы алғанда бұл жәдігерлерге қарап, ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде моңғол басқыншылығынан кейін ақша саудасы тез қысқарып мүлде тоқтап қалуына байланысты, Орта Азия мен Қазақстанды күйзелістен шығарып, шаруашылықты қалпына келтіріп, сауданы жандандыру үшін, бәрінен бұрын ақша реформасын жасауда моңғол хандары үлкен еңбек сіңіргенін көруге болады. Осының өзі ХІІІ – ХІҮ ғ.ғ. халықаралық саудаға игі әсер етті, Алтын Орданың өсіп-өркендеуіне септігін тигізді. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігіндегі Ақ Орда қалаларындағы мәдени-экономикалық ахуалдың жақсаруына көмектесті.

Сайлау Асхат Қожакелдіұлы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің

 бөлім меңгерушісі

 

Ортағасырлық  Жент (Жанқала) теңгелері

 

Қазіргі таңда Қызылорда облысының территориясында 500-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет тізіміне ендірілген. Оның ішінде ежелгі қалалар мен қоныстар ерекше орын алады. Солардың бірі әйгілі ортағасырлық Жент (Жанқала) қала жұрты.  

Жент (Жанқала) қала жұрты Қызылорда қаласынан оңтүстік - батысқа қарай   115 шақырым жерде орналасқан. Қаланың орны қазіргі уақытта 40 га астам аумақты алып жатыр. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы ортағасырлық қала орны. Қалада мұсылман дініні ұстанған түркі тайпалары қоныстанған. Жент              Х-ХІІ ғғ. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы негізгі үлкен қала болған. Осы маңда орналасқан Жанкент, Баршынкент, Ашнас, (Асанас), Хувар (Жувар) қалалары бірігіп, Жент өлкесінің қалалар тобын құрады. (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы .-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» 3 т. 2001.- 646 б) Тарихи деректерге сүйенсек Жент (Жанқала) оғыз – қыпшақ дәуірінен өмір сүргені айтылады. Жент (Жанқала) туралы ортағасырлық тарихшы Якут:  Жент Түркістандағы ең ірі қалалардың бірі, Хорезмнен 10 күндік жерде орналасқан дейді.  Жентті алғаш рет зерттеген орыс зерттеушілер В.В.Бартольд, П.Н.Лерх, В.А.Каллаур. Ал археологиялық қазба жұмыстарын С.П.Толстовтың жетекшілігімен Хорезм археологиялық экспедициясы жүргізді. (Маргулан А. Басенов Т. Мендикулов М.  Архитектура Казахстана,- Алма-Ата: 1959, - 92 б)

2009 жылы Қызылорд облысының өңірлік «Мәдени мұра» бағдарламасы   бойынша ортағасырлық Жент қаласына Ә.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары археологиялық қазба жұмыстары жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде қала қойнауынан оның мәдени экономикалық дамуының жарқын дәлелі болатын көптеген олжалар табылды. Олардың ішінде                              музей қорына өткізілген ХІІІ-ХІҮ ғғ. сауда айналымына енген күміс және мыс теңгелерді ерекше атауға болады.  

Әртүрлі ақша сарайларында құйылғандықтан теңгелер алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, теңгелердің 10 данасы күмістен құйылған. Теңгелердің 9 данасы Алтын Орда мемлекетінде Тоқтай хан (1292-1312 ж.ж.), Өзбек хан (1312-1342 ж.ж.), Жәнібек хан (1342-1358 ж.ж.), Бердібек хан билік еткен кезеңде Хорезмнің ақша сарайларында  құйылып, айналымға енгені анықталып отыр. Қалған 1 данасында Жошы ұрпақтарының құпия тамғасы бейнеленген. Теңгелердегі жазулар араб әрпінде, жыл санауы Һижра (733 ж., 760 ж., 719 ж., 732 -733 ж., 733 ж., 706-709 ж.ж., 686 – 688, 690 ж.ж., 744 ж., 742 ж., 743 ж. ) бойынша көрсетілген. (Научный отчет АR-12/36 том 2 Научно-исследовательские работы по подготовке базового пакета документации для последующего археологического исследование  городища Жент (Дженд) в Жалагашском районе Кызылординской области, - Алматы: 2009.- 133-191 б)

Екінші мыс теңгелер қазынасы (110 дана) өзінің бір тектілігімен ерекшеленеді. Теңгелердің көпшілігі Алтын Орда мемлекетінің ақша сарайларында құйылып, Жәнібек хан, Бердібек ханның билік еткен тұсында ақша айналымына енген. Теңгелердің бетінде «Сарай әл-Жәдид» деген жазуы бар. Дерек көздері Сарай әл-Жәдидтің (Берке Сарай) ХІҮ ғасырда дәлірек айтсақ, 1332 жылы Өзбек ханның бұйрығымен салынып, 1395 жылы қаланы Әмір-Темір әскері қиратқанға дейін өмір сүргенін анықтады. Өзбек ханның өзі де осы қалада жерленген. Сарай әл-Жәдид Жәңібектің тұсында ХІҮ ғ. 40 жылдары Алтын Орданың астанасы болып тұрған. Археологиялық зерттеулер мұнда құмыра, әйнек жасау, зергерлік өнер мен мыстан, темірден бұйымдар жасау өнеркәсібі, ақша жасау, құрылыс пен сәулет өнері дамығандығын көрсетті. Археологтардың айтуынша мұндай теңгелер мемлекеттің ақша сарайлары бар кез келген қалаларында құйылған. Келесі бір топ  теңгелерде (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ) геометриялық өрнекпен Әмір Темірдің аты жазылғаны  анықталып отыр. Теңгелерге аңдар (арыстан) мен құстардың (екі басты сұңқар) және шығып келе жатқан күн бейнесі салынған. Кейбірінде үзінді жазулар бар. Өкінішке орай, теңгелердің көбісі ескіргендіктен жазулары өшкен. (Научный отчет АR-12/36 том 2 Научно-исследовательские работы по подготовке базового пакета документации для последующего археологического исследование городища Жент (Дженд) в Жалагашском районе Кызылординской области, - Алматы: 2009.- 133-191 б)

 Жалпы алғанда бұл жәдігерлерге қарап, ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде моңғол басқыншылығынан кейін ақша саудасы тез қысқарып мүлде тоқтап қалуына байланысты, Орта Азия мен Қазақстанды күйзелістен шығарып, шаруашылықты қалпына келтіріп, сауданы жандандыру үшін, бәрінен бұрын ақша реформасын жасауда моңғол хандары үлкен еңбек сіңіргенін көруге болады. Осының өзі ХІІІ – ХІҮ ғ.ғ. халықаралық саудаға игі әсер етті, Алтын Орданың өсіп-өркендеуіне септігін тигізді. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігіндегі Ақ Орда қалаларындағы мәдени-экономикалық ахуалдың жақсаруына көмектесті.