Қосымша№ 2 - «ҚАЗАҚ» газеті (№ 21-22 (482-483), 21-28 мамыр, жұма, 2010 жыл, 8 бет)

21.11.2013 2257
Сонау көне замандарда елі мен жері үшін сарбаздар жасағының сапында болған, жаудан қайтпайтын жаужүректер аз болмаған. Олардың сол кезеңнен бері халық арасында атақ-даңқтары аспандап, тұғырлы тұлғаға айналып кеткендері қаншама десеңізші. Сол сияқты «алтын кездік қыл түбінде жатпайды» демекші аттары кейіндеп барып əйгілі болып жатқандары да аз емес. Олардың қатары іздестіру мен сұрастыру арқылы толығып жатқанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осының бəрі «ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болсын» деген ұлағатты ту етіп ұстаған олардың ұрпақтарына тікелей байланысты. Бұл жағынан ата-бабалары алдындағы борыштарын ақтап жүрген азаматтар арамызда аз емес. «Өлгенім тіріліп, өшкенім жансын» деген олардың беталыстары қуана құптауға тұрарлық. Солардың бірі – Ғалымжан Жұсыпұлы Найманов. Оның енді-енді ғана елдің санасына сіңісті бола бастаған, халықтың қастер тұтар қаймағына татитын Бəйімбет батыр бабасы жөніндегі ойтолғамы адамды бей-жай қалдырмайды. Өйткені, бұл тұлғаның өмір өткелдері тарихпен біте қайнасып жатыр. Оған осы жазбамен танысқан кезіңізде анық көз жеткізе түсесіз. Бəйімбет ауылының бұрынғы ақсақалдарының айтуынша Күрсары Керейден Есеналы мен Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттен төрт ұл туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Бəйімбет батырдың 7 баласы болған: Қарақожа, Биқожа, Байқожа, Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір. Аталарымыздың айтуынша 17-19 ғасырларда Керейдің Күрсары руы (Сақал, Бурас, Дуадақ, Төбет, Сары аталары) арғындармен (Атығай руы), уақ жəне қыпшақтармен араласып бірге Есіл өзенінің бойында, Көкшетау маңайы жəне Ертіс өзенінің бойында Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін көшіп жүрген екен. Ал Бəйімбет атамыздың кейінгі ұрпақтары бұрынғы Қызылту ауданында (қазіргі Ақжар) Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеген екен. Тарихи деректерге сүйенсек, 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Голощекин қазақ даласында үш миллион қазақты жойып құртып жіберді. Бəйімбет атамыздың тұқымы Ресейге қоныс аударуымен ғана аман қалды. Оған қоса байлар, қажы-молдалар тізімге алынып қудалана бастайды. Бəйімбет елінің діншіл ақсақалдары ақылдасып Омбы облысының Назыбай ауданына көшуге шешім қабылдайды. 1929-33 жылдары Назыбай ауданына Бəйімбеттің «Алтыншы ауылы» жəне Бостандық ауылы қоныстанады, аралары небəрі 8 шақырым. Екі Бəйімбет ауылын екі қажының ауылы деп те атайды, өйткені Бəйімбет елінде Алжапар қажы, Жапар қажы, Хұсайын, Сатыбалды, Темірғали  молдалардың абыройы өте жоғары болған. Себебі оларды елдің адамдары ғана емес, Тюмень жəне Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының азаматтарыда қатты құрметтеген. Бəйімбет елін батырлар, қажылар көп шыққан ел деп мақтайды, ынтымақты, үлгүлі ел дейді. Ел аузында аңыз болып жүрген Əльжапар қажы, Құсайын, Əбілмəжын, Темірғали, Сатыбалды моллалар....баршасы Бəйімбет атамыздың, балаларының (Қарақожа, Биқожа, Байқожа) ерлігін айтып, дəріптейтін. Бəйімбет атамыз өсиеті бойынша Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген екен. Осының өзі Бəйімбет атамыздың Абылай ханның қолбасшыларының бірі болғанының дəлелі. Қыстың қырау кезінде қайтыс болған бабамызды сақтап, көктемде күн жылынғасын мəйітті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жеткізіп жерлеген екен. Батыр бабаларымыз Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен батырлар жəне батыр балалары заманында талай шабуылға қатысқаны сөзсіз. Атамыз 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен жəне серіктерімен ел еркіндігі жолындағы шайқасқа шығады. Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылады. Бəйімбет батыр да, ағасы Өтебай да 1751-1753 жылдары Абылай ханның жоңғарларға қарсы бірнеше шешуші шайқастарына қатысады. Ерлігімен қолбасшының сенімді серіктерінің біріне айналады. Тарихшылардың айтуынша осы жылдары жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі ақсақалдардан естіген мына бір əңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді: «Қыс басталған кезде жоңғарлар қазақ жеріне кіріп, Бəйімбет батырдың қонысына жақындап қалыпты. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды: «Өзіміз бірінші соғыс ашайық» - деп. Жоңғарлардың тоқтаған жері бір көлдің маңайы екен. Көл жаңадан қатып, мұзы жарқырап жатқан көрінеді. Бəйімбет атамыз жауынгерлеріне аттарының тұяқтарына киіз байлатады. Əскерін бөліп, біреуі тасада көлдің ішінде, екіншісі жоңғарларға шабуыл жасайды. Жоңғарлар аттарына мініп, соңдарынан көлдің үстімен шаба қуады. Бірақ та аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Бəйімбет батырдың жауынгерлері аз шығынмен жауын жеңеді». Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде киелі саналғандықтан хандар, сұлтандар, билер, батырлар ғана жерленгені бəрімізге мəлім. Міне, осы Түркістанда халқының бостандығы жəне тəуелсіздігі жолында құрбан болған адамдармен қатар Бəйімбет атамыздың да сүйегі жатыр. Алдағы уақытта бабамыздың атын тірілтіп, кесенеге қайта жазылса құба құп болар еді.Бұдан біздің де мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. Күрсары Керейдің Бəйімбет батыры туған елінің еркіндігі жолында қатерге бас тіккен, өмірін құрбан еткен жан ретінде қастерлеуге лайық. Қазақстан егемендік алғанда Бəйімбет атамыздың ескерткіші немесе қола мүсіні Көкшетау өңіріндегі Үлкен Қаройда немесе Ресейдің Бəйімбет ауылында тұрса артықтық етпес. Жұсып-қажы Сатыбалды ұлы Алматыдан елге келгенде: «1979 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатсада ішіне кіруге рұқсат алып, Бəйімбет бабамыздың жатқан жерін көріп, дұға жасадым» - деп айтып еді. Абзал Сатыбалды ұлы жəне Ғалымжан Жұсып ұлы 2008 жылдың тамыз айында əдейілеп кесенеге барғанда Бəйімбет атамыздың зиратын таба алмапты. Тақтада 140 адамдардың (хандардың, сұлтандардың, билердің, батырлардың) тізімі жазылыпты, бірақта сол тізімде Бəйімбет бабамыз жоқ екен. Қазба жұмыстарын жүргізгенде көп зираттар алынып тасталғандықтан 1000 адамнан артық адамдардың сүйектері  табылып кесененің бір бөлмесіне жерленген екен. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ғылыми бөлімінің бастығы Бəйімбет бабамыздың жерленгені туралы деректер, тарихи дəлелдер болса алып келіңдер, зерттегеннен кейін шешім қабылданады депті. Шындығында ерлер туралы туған жер де, сағымды бел де, соққан жел де, қуарған шөл де сөйлеп жатқанда, қазыргі заманда кейінгі ұрпақтарының борышы Бəйімбет батырдың өмірі мен ерліктері жөніндегі деректерді құнттап жинап құнды еңбек жазу. Нартəуекел, Бəйімбет бабамыздың ұрпақтары баршылық жəне аталарымыздан келе жатқан əдет-ғұрып, салт-дəстүр, мұсылманшылықты жалғастыруда. Бала кезімізден есімізде қалғаны, біздің Бəйімбет елі Наурыз, айт мерекелерін қатты құрметтеп, дəріптейтін. Бір ай бұрын дайындалып, балаларға жақсы киім-кешек əперіп, үйдің жасауларын жаңартып, дəмді тамақтар дайындайтын. Жаз айларында ел екіге бөлініп, бірін бірі күтіп үлкен тойға – мейрамға айналдыратын. Ат шаптыру, қыз қуу, күрес ойындары қызықты өтетін. Күрес болғанда балуандар өздерінің арғы батыр аталарының аруақтарын атайды: «Бəйімбет, Қарақожа, Биқожа, Байқожа атамның аруақтары қолдай көр» - деп. Қазақтың көнеден келе жатқан діни түсініктері бойынша əр адамның айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда қолдап, жебейтін аруақтары болған. Аруақ - адамның ата-бабаларының қасиеті, киелі рухтары, ал кие -аруақтың өсиеті, басқаларға тигізген кесапаты, зияны немесе жақсылығы. Келесі өсіп келе жатқан ұрпақтардың міндеті барды жоғалтпай, сапа жағынан толықтыру, атамыздың мұраларын зерттеу жəне бір-біріне туысқандық көмек беру деп ойлаймын. Осы дерек-дəйектемелердің соңына шам алып түсер бір зерделі зерттеуші табылып, кесененің тізімінде атамыздың есімі орын алады деген үміттеміз. Бұл – біздің Бəйімбет бабамыздың аруағы алдындағы азаматтық борышымыз. Ал зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне мақалалар, кітəптар жазу үшін біраз қаражат керек. Қазақта мақал бар: «Құс ұясында не көрсе, ұшқанда соны істейді» деген. Бəйімбет бабамыздан қаншама ұрпақ тарады, жан-жақта тарыдай шашылып өздерінше өмір сүріп жатыр жəне көбі өз тегін, тілін білмейді де. Сондықтан да Бəйімбет атамыздың ұрпақтарын біріктіріп дұрыс тəрбиелеу үшін жəне қаржылық мəселені шешу үшін Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін құру керек. Бұл БƏЙІМБЕТ батырдың ұрпақтарының ерікті одағы, қоры болады. Мұндағы мақсат: 1. Бəйімбет атамыздың мұрасын зерттеу, кітаптар шығару. 2. Бəйімбет атамызды Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгендігін дəлелдеу. 3. Бəйімбет шежіресін жазып ұрпақтарына тарату. 4. Бəйімбет атамызға жəне батыр балаларына арнайы ас беріп дұға жасау. Жоғарыдағы айтылған жұмыстарды орындау үшін біраз қаражат керек. Сондықтан 2009 жылы июльдің 18-де Назыбай ауданындағы орталық мешітте, Найман-Бірман ұрпақтарына арналған дұғада, осы Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін жасау мəселесі ақсақалдармен ауылдастар алдына қойылып, өзінің қолдауын тапты. Тез арада Бірлестіктің құжаттарын дайындап, əділет басқармасынан тіркеуден өткізіп, банк мекемесінде шот ашу керек. Бірлестіктің қаражаты мүшелік жəне қайырымдылық жарналардан құралады. Жоғарыда жазылғанды қайталасақ: Күрсары Керейден Есеналы мен Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттен төрт ұл туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Осы төрт балаларынан тараған ұрпақтар ата қонысынан көшіп Ресейдің Назыбай, Солтүстік Қазақстанның Мағжан Жұмабаев аудандарына қоныстанып аталарының атындағы ауылдар болып қалды. Осы жұмысты қолға алып, Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін тіркеу жұмыстарын жəне атамыз туралы деректерді жинауды ұйымдастырып жатқан Алматыдағы Ғалымжан Жүсыпұлы Сатыбалды молланың немересі. Бірлестіктің есеп-шоты ашылғаннан кейін, əр Бəйімбеттің ұрпағы осы жұмысқа ат салысып, ақшалай көмек беру керек, елден естіген, табылған деректер болса жеткізу керек. Омбының, Ақмола, Көкшетау архивтерінен деректер іздеп, көмектесу керек. Осы мақаланы оқыған оқырмандардан жəне Төбеттен туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен ұрпақтарынан сұрайтыным егерки Бəйімбет батыр туралы білетін деректеріңіз болса хабарласуыңызды сұраймын мына адреске: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы, Сейтенов көшесі, 5 үй. Найманов Ғалымжан Жұсыпұлына, тел. 8-72771-55244, сот. 8-701 765 89 72. Қанат Текебаев, ҚРЖурналистар Одағы Сыйлығының иегері. Бұл кітəпта Күрсары Керей руының Бəйімбет батыры жəне Бəйімбет əулетінің бастан кешкендері баян етіледі. Іздестірудің жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарының арқасында құнды деректер табылып нəтижесінде ПРЕЗИДЕНТ жəне ХАЛЫҚ», «ҚАЗАҚ» газеттеріне мақалалар шықты. Бəйімбет бабамыздың ұрпақтарына, оқырмандарға Бəйімбет батырдың Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін дəлелдеу үшін істелініп жатқан жұмыстар жəне алдымыздағы істейтін жұмыстар сипатталады Кітəптың авторы Найманов Ғалымжан Жұсыпұлы Ғ. Ж. Найманов 25. 08. 1951 жылы Ресейдің Омбы облысының Называевск ауданының Бəйімбет ауылында дүниеге келген. Алдына қойған арманына (ғарышқа ұшу) жету үшін 1969-1975 жылы Омбының политехникалық институтының «Автоматические установки (Аэрокосмический)» факультетін бітірген. Еңбекті Алматы Киров С.М. зауытында инженер-конструктор болып бастады, «Эталон», АЗНА, Горно-шахтный зауыттарында мастерден бас инженерге дейін көтеріліп қызмет жасады. 2005 жылдан бастап ТОО «Автоматизация и Технологий» мекемесінде бас директордың орынбасары болып жұмыс істеп жатыр. Ғарышқа ұшпасада Байқоңыр кешенінде болып біраз жұмыстар атқарды. Бала шағалалары бар: қызы Асель, ұлдары Бекназар, Асылжан, немерелері - Ақерке, Мадияр, Медина. Алдағы мақсаты қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін құрып бабасы Бəйімбет батырдың Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін дəлелдеп, дəріптеп атын шығару.

Сонау көне замандарда елі мен жері үшін сарбаздар жасағының сапында болған,

жаудан қайтпайтын жаужүректер аз болмаған. Олардың сол кезеңнен бері халық арасында атақ-даңқтары аспандап, тұғырлы тұлғаға айналып кеткендері қаншама десеңізші. Сол сияқты «алтын кездік қыл түбінде жатпайды» демекші аттары кейіндеп барып əйгілі болып жатқандары да аз емес. Олардың қатары іздестіру мен сұрастыру арқылы толығып жатқанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осының бəрі «ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болсын» деген ұлағатты ту етіп ұстаған олардың ұрпақтарына тікелей байланысты. Бұл жағынан ата-бабалары алдындағы борыштарын ақтап жүрген азаматтар арамызда аз емес. «Өлгенім тіріліп, өшкенім жансын» деген олардың беталыстары қуана құптауға тұрарлық. Солардың бірі Ғалымжан Жұсыпұлы Найманов. Оның енді-енді ғана елдің санасына сіңісті бола бастаған, халықтың қастер тұтар қаймағына татитын Бəйімбет батыр бабасы жөніндегі ойтолғамы адамды бей-жай қалдырмайды. Өйткені, бұл тұлғаның өмір өткелдері тарихпен біте қайнасып жатыр. Оған осы жазбамен танысқан кезіңізде анық көз жеткізе түсесіз.

Бəйімбет ауылының бұрынғы ақсақалдарының айтуынша Күрсары Керейден Есеналы мен Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттен төрт ұл туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Бəйімбет батырдың 7 баласы болған: Қарақожа, Биқожа, Байқожа, Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір. Аталарымыздың айтуынша 17-19 ғасырларда Керейдің

Күрсары руы (Сақал, Бурас, Дуадақ, Төбет, Сары аталары) арғындармен (Атығай руы),

уақ жəне қыпшақтармен араласып бірге Есіл өзенінің бойында, Көкшетау маңайы жəне Ертіс өзенінің бойында Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін көшіп

жүрген екен.

Ал Бəйімбет атамыздың кейінгі ұрпақтары бұрынғы Қызылту ауданында (қазіргі Ақжар) Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеген екен. Тарихи деректерге сүйенсек, 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Голощекин қазақ даласында үш миллион

қазақты жойып құртып жіберді. Бəйімбет атамыздың тұқымы Ресейге қоныс

аударуымен ғана аман қалды. Оған қоса байлар, қажы-молдалар тізімге алынып

қудалана бастайды. Бəйімбет елінің діншіл ақсақалдары ақылдасып Омбы облысының

Назыбай ауданына көшуге шешім қабылдайды. 1929-33 жылдары Назыбай ауданына Бəйімбеттің «Алтыншы ауылы» жəне Бостандық ауылы қоныстанады, аралары небəрі 8 шақырым. Екі Бəйімбет ауылын екі қажының ауылы деп те атайды, өйткені Бəйімбет елінде Алжапар қажы, Жапар қажы, Хұсайын, Сатыбалды, Темірғали  молдалардың абыройы өте жоғары болған. Себебі оларды елдің адамдары ғана емес, Тюмень жəне Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының азаматтарыда қатты құрметтеген.

Бəйімбет елін батырлар, қажылар көп шыққан ел деп мақтайды, ынтымақты, үлгүлі

ел дейді. Ел аузында аңыз болып жүрген Əльжапар қажы, Құсайын, Əбілмəжын,

Темірғали, Сатыбалды моллалар....баршасы Бəйімбет атамыздың, балаларының (Қарақожа, Биқожа, Байқожа) ерлігін айтып, дəріптейтін.

Бəйімбет атамыз өсиеті бойынша Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген екен. Осының өзі Бəйімбет атамыздың Абылай ханның қолбасшыларының бірі болғанының дəлелі. Қыстың қырау кезінде қайтыс болған бабамызды сақтап, көктемде күн жылынғасын мəйітті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жеткізіп жерлеген екен. Батыр бабаларымыз Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен батырлар жəне батыр балалары заманында талай шабуылға қатысқаны сөзсіз. Атамыз 16-18 жасында атқа

қонып, ағасы Өтебаймен жəне серіктерімен ел еркіндігі жолындағы шайқасқа шығады.

Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылады. Бəйімбет батыр да, ағасы Өтебай да 1751-1753 жылдары Абылай ханның жоңғарларға қарсы бірнеше шешуші

шайқастарына қатысады. Ерлігімен қолбасшының сенімді серіктерінің біріне айналады. Тарихшылардың айтуынша осы жылдары жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі ақсақалдардан естіген мына бір əңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді:

«Қыс басталған кезде жоңғарлар қазақ жеріне кіріп, Бəйімбет батырдың қонысына жақындап қалыпты. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды: «Өзіміз бірінші соғыс ашайық» - деп. Жоңғарлардың тоқтаған жері бір көлдің маңайы екен. Көл

жаңадан қатып, мұзы жарқырап жатқан көрінеді. Бəйімбет атамыз жауынгерлеріне

аттарының тұяқтарына киіз байлатады. Əскерін бөліп, біреуі тасада көлдің ішінде,

екіншісі жоңғарларға шабуыл жасайды. Жоңғарлар аттарына мініп, соңдарынан

көлдің үстімен шаба қуады. Бірақ та аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Бəйімбет

батырдың жауынгерлері аз шығынмен жауын жеңеді».

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде киелі саналғандықтан хандар,

сұлтандар, билер, батырлар ғана жерленгені бəрімізге мəлім. Міне, осы Түркістанда

халқының бостандығы жəне тəуелсіздігі жолында құрбан болған адамдармен қатар

Бəйімбет атамыздың да сүйегі жатыр. Алдағы уақытта бабамыздың атын тірілтіп,

кесенеге қайта жазылса құба құп болар еді.Бұдан біздің де мерейіміз өсіп, рухымыз

асқақтай түспей ме. Күрсары Керейдің Бəйімбет батыры туған елінің еркіндігі

жолында қатерге бас тіккен, өмірін құрбан еткен жан ретінде қастерлеуге лайық.

Қазақстан егемендік алғанда Бəйімбет атамыздың ескерткіші немесе қола мүсіні

Көкшетау өңіріндегі Үлкен Қаройда немесе Ресейдің Бəйімбет ауылында тұрса артықтық етпес.

Жұсып-қажы Сатыбалды ұлы Алматыдан елге келгенде: «1979 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатсада ішіне кіруге рұқсат алып, Бəйімбет бабамыздың жатқан жерін көріп, дұға жасадым» - деп айтып еді.

Абзал Сатыбалды ұлы жəне Ғалымжан Жұсып ұлы 2008 жылдың тамыз айында əдейілеп кесенеге барғанда Бəйімбет атамыздың зиратын таба алмапты. Тақтада 140

адамдардың (хандардың, сұлтандардың, билердің, батырлардың) тізімі жазылыпты,

бірақта сол тізімде Бəйімбет бабамыз жоқ екен. Қазба жұмыстарын жүргізгенде көп

зираттар алынып тасталғандықтан 1000 адамнан артық адамдардың сүйектері  табылып кесененің бір бөлмесіне жерленген екен. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ғылыми бөлімінің бастығы Бəйімбет бабамыздың жерленгені туралы деректер, тарихи дəлелдер болса алып келіңдер, зерттегеннен кейін шешім қабылданады депті.

Шындығында ерлер туралы туған жер де, сағымды бел де, соққан жел де, қуарған

шөл де сөйлеп жатқанда, қазыргі заманда кейінгі ұрпақтарының борышы Бəйімбет батырдың өмірі мен ерліктері жөніндегі деректерді құнттап жинап құнды еңбек жазу. Нартəуекел, Бəйімбет бабамыздың ұрпақтары баршылық жəне аталарымыздан келе жатқан əдет-ғұрып, салт-дəстүр, мұсылманшылықты жалғастыруда. Бала кезімізден есімізде қалғаны, біздің Бəйімбет елі Наурыз, айт мерекелерін қатты құрметтеп, дəріптейтін. Бір ай бұрын дайындалып, балаларға жақсы киім-кешек əперіп, үйдің жасауларын жаңартып, дəмді тамақтар дайындайтын. Жаз айларында ел екіге бөлініп, бірін бірі күтіп үлкен тойға – мейрамға айналдыратын. Ат шаптыру, қыз қуу, күрес ойындары қызықты өтетін. Күрес болғанда балуандар өздерінің арғы батыр аталарының аруақтарын атайды: «Бəйімбет, Қарақожа, Биқожа, Байқожа атамның аруақтары қолдай көр» - деп. Қазақтың көнеден келе жатқан діни түсініктері бойынша əр адамның айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда қолдап, жебейтін аруақтары болған. Аруақ - адамның ата-бабаларының қасиеті, киелі рухтары, ал кие -аруақтың өсиеті, басқаларға тигізген кесапаты, зияны немесе жақсылығы. Келесі өсіп келе жатқан ұрпақтардың міндеті барды жоғалтпай, сапа жағынан толықтыру, атамыздың мұраларын зерттеу жəне бір-біріне туысқандық көмек беру деп ойлаймын. Осы дерек-дəйектемелердің соңына шам алып түсер бір зерделі зерттеуші табылып, кесененің тізімінде атамыздың есімі орын алады деген үміттеміз. Бұл – біздің Бəйімбет бабамыздың аруағы алдындағы азаматтық борышымыз. Ал зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне мақалалар, кітəптар жазу үшін біраз қаражат керек. Қазақта мақал бар: «Құс ұясында не көрсе, ұшқанда соны істейді» деген. Бəйімбет бабамыздан қаншама ұрпақ тарады, жан-жақта тарыдай шашылып өздерінше өмір сүріп жатыр жəне көбі өз тегін, тілін білмейді де. Сондықтан да Бəйімбет атамыздың ұрпақтарын біріктіріп дұрыс тəрбиелеу үшін жəне қаржылық мəселені шешу үшін Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін құру керек. Бұл БƏЙІМБЕТ батырдың ұрпақтарының ерікті одағы, қоры болады.

Мұндағы мақсат:

1. Бəйімбет атамыздың мұрасын зерттеу, кітаптар шығару.

2. Бəйімбет атамызды Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгендігін дəлелдеу.

3. Бəйімбет шежіресін жазып ұрпақтарына тарату.

4. Бəйімбет атамызға жəне батыр балаларына арнайы ас беріп дұға жасау.

Жоғарыдағы айтылған жұмыстарды орындау үшін біраз қаражат керек. Сондықтан

2009 жылы июльдің 18-де Назыбай ауданындағы орталық мешітте, Найман-Бірман ұрпақтарына арналған дұғада, осы Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ»

бірлестігін жасау мəселесі ақсақалдармен ауылдастар алдына қойылып, өзінің қолдауын тапты. Тез арада Бірлестіктің құжаттарын дайындап, əділет басқармасынан тіркеуден өткізіп, банк мекемесінде шот ашу керек. Бірлестіктің қаражаты мүшелік жəне қайырымдылық жарналардан құралады.

Жоғарыда жазылғанды қайталасақ:

Күрсары Керейден Есеналы мен Еспол, Есполдан Дуадақ пен Төбет. Төбеттен төрт

ұл туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен. Осы төрт балаларынан тараған ұрпақтар ата

қонысынан көшіп Ресейдің Назыбай, Солтүстік Қазақстанның Мағжан Жұмабаев

аудандарына қоныстанып аталарының атындағы ауылдар болып қалды. Осы жұмысты қолға алып, Республикалық қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін тіркеу жұмыстарын жəне атамыз туралы деректерді жинауды ұйымдастырып жатқан Алматыдағы Ғалымжан Жүсыпұлы Сатыбалды молланың немересі. Бірлестіктің

есеп-шоты ашылғаннан кейін, əр Бəйімбеттің ұрпағы осы жұмысқа ат салысып, ақшалай көмек беру керек, елден естіген, табылған деректер болса жеткізу керек. Омбының, Ақмола, Көкшетау архивтерінен деректер іздеп, көмектесу керек. Осы мақаланы оқыған оқырмандардан жəне Төбеттен туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен ұрпақтарынан сұрайтыным егерки Бəйімбет батыр туралы білетін деректеріңіз болса хабарласуыңызды сұраймын мына адреске:

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы, Сейтенов көшесі, 5 үй.

Найманов Ғалымжан Жұсыпұлына, тел. 8-72771-55244, сот. 8-701 765 89 72.

Қанат Текебаев,

ҚРЖурналистар Одағы

Сыйлығының иегері.

Бұл кітəпта Күрсары Керей руының Бəйімбет батыры жəне Бəйімбет əулетінің бастан

кешкендері баян етіледі. Іздестірудің жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарының арқасында құнды деректер табылып нəтижесінде ПРЕЗИДЕНТ жəне ХАЛЫҚ», «ҚАЗАҚ» газеттеріне мақалалар шықты. Бəйімбет бабамыздың ұрпақтарына, оқырмандарға Бəйімбет батырдың Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін дəлелдеу үшін істелініп жатқан жұмыстар жəне алдымыздағы істейтін жұмыстар сипатталады Кітəптың авторы Найманов Ғалымжан Жұсыпұлы

Ғ. Ж. Найманов 25. 08. 1951 жылы Ресейдің Омбы облысының Называевск ауданының

Бəйімбет ауылында дүниеге келген. Алдына қойған арманына (ғарышқа ұшу) жету үшін 1969-1975 жылы Омбының политехникалық институтының «Автоматические установки (Аэрокосмический)» факультетін бітірген. Еңбекті Алматы Киров С.М. зауытында инженер-конструктор болып бастады, «Эталон», АЗНА, Горно-шахтный зауыттарында мастерден бас инженерге дейін көтеріліп қызмет жасады. 2005 жылдан бастап ТОО «Автоматизация и Технологий» мекемесінде бас директордың орынбасары болып жұмыс істеп жатыр. Ғарышқа ұшпасада Байқоңыр кешенінде болып біраз жұмыстар атқарды. Бала шағалалары бар: қызы Асель, ұлдары Бекназар, Асылжан, немерелері - Ақерке, Мадияр, Медина. Алдағы мақсаты қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін құрып бабасы Бəйімбет батырдың Қожа Ахмет Яссауи

кесенесінде жерленгенін дəлелдеп, дəріптеп атын шығару.

Ұқсас материалдар