Комедияның "көкесі"

21.11.2013 4052
         Леонид Гайдай (1923-1993) .  «ХХ ғасырдың ұлы комедиографы» атанған тамаша кинорежиссердің дүниеге келгеніне 2008 жылы                       30 қаңтарда 85 жыл толыпты. Күлкі күніне орай, оны бекерден бекер еске түсіріп отырғанымыз жоқ. Өйткені Л. Гайдай біздің балалық және жастық шағымыздың тілсіз куәгері іспеттес. Гайдайдың шығармашылығын сонау 60 жылдардан бастап,  алып Кеңес Одағының бүкіл халқы мейлінше жақсы көріп, мәңгілікке жандары қалады десек, артық айтқандық  болмас.  Оның өзіндік себебі де бар. Л. Гайдайдың әлі күнге дейін адамдар сүйіп тамашалайтын фильмдері келгенге дейін Кеңес Одағының экранында ертелі-кеш қолынан орағы мен балғасы түспейтін, азаннан ақшамға дейін «қоғам жұмысы» деп жүріп, өз отбасының қамын мүлдем ұмытқан, қайраткер, «Раушан-коммунист» сынды кейіпкерлер үстемдік етті. Ал Леонид Гайдай кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған, жанымызда жүрген қарапайым жандардың сүйкімді де... аянышты бейнесін шынайы түрде жасап, көрермен төрелігіне ұсынды. Яғни кейіпкерлердің жағымсыз қылықтарын сынай отырып, оларға мейірбан көзбен қарады. Миллиондаған елдестеріміз Никулин, Вицин, Моргунов, Смирновтарды жақсы көрсе,  жастар Н. Варлейге  жаппай ғашық болды. Әрине, ең басты сүйікті кейіпкер -Александр Демьяненко,  Шурик болды. Аталған актер өмірде де мәңгі-бақи Шурик болып қалды. Оның кейін әртістің кәсіптік өсуіне қандай кедергі келтіргенін бүгін ғана біліп жатырмыз. Орыстың белгілі өнер шебері Иван Пырьев қолынан баулып, қияға ұшырған Л.Гайдай ұстазының сенімін толығымен ақтап шықты.Гайдай шығарған «Төбет Барбос пен айрықша жүгіру», «Самогон жасаушылар», «Ы» отасы немесе Шуриктің өзге де басынан кешіргендері», «Қап тауының тұтқыны», «Гәуһар қол», «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» және басқа кинокомедиялар мәңгілік жасай береді.Оның қашанда өз көрермені бар және бола да бермек! Жалпы комедия, тіпті күлкі атты құбылыстың өзі - әр ұлттың діліне, дініне, мінез-құлқына қарай ерекшеленіп тұрады ғой. Демек, біз, әсіресе үлкендер қызық та тосын жағдайға тап болған адамға аяныш білдіруден гөрі, оны келекелеп, мазақ ететін американ комедияларын ұнатпаймыз. Рас, француз Пьер Ришар кейіпкерлерінің жаңғалақтығы мен ебедейсіздігі кейде күлдіреді, кейде сүйкімді көрінеді.Ал қазаққа қанша десек те, ғасырлар бойы іргелес көрші болып, мидай  араласқасын шығар, орыс күлкісінің табиғаты жанымызға өте-мөте жақын. Оның үстіне бәріміз көп жыл бойы ортақ елде, бірдей қоғамда өмір сүрдік емес пе?!.Олай болса, әлі де санамыздан кете қоймаған кеңес адамының (өзіміз де сол «шекпеннен» шықтық қой!) артықшылығын да, кемшілігін де комедиялық сипатта шебер сомдаған Гайдай фильмдерін өзгеден артық қоятынымыз да сондықтан. Тіпті қазақи «Тақиялы періште» сияқты жападан жалғыз, тамаша кинокомедия мыз  бола тұрса да... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

         Леонид Гайдай (1923-1993) .  «ХХ ғасырдың ұлы комедиографы» атанған тамаша кинорежиссердің дүниеге келгеніне 2008 жылы                       30 қаңтарда 85 жыл толыпты. Күлкі күніне орай, оны бекерден бекер еске түсіріп отырғанымыз жоқ. Өйткені Л. Гайдай біздің балалық және жастық шағымыздың тілсіз куәгері іспеттес. Гайдайдың шығармашылығын сонау 60 жылдардан бастап,  алып Кеңес Одағының бүкіл халқы мейлінше жақсы көріп, мәңгілікке жандары қалады десек, артық айтқандық  болмас.

 Оның өзіндік себебі де бар. Л. Гайдайдың әлі күнге дейін адамдар сүйіп тамашалайтын фильмдері келгенге дейін Кеңес Одағының экранында ертелі-кеш қолынан орағы мен балғасы түспейтін, азаннан ақшамға дейін «қоғам жұмысы» деп жүріп, өз отбасының қамын мүлдем ұмытқан, қайраткер, «Раушан-коммунист» сынды кейіпкерлер үстемдік етті. Ал Леонид Гайдай кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған, жанымызда жүрген қарапайым жандардың сүйкімді де... аянышты бейнесін шынайы түрде жасап, көрермен төрелігіне ұсынды. Яғни кейіпкерлердің жағымсыз қылықтарын сынай отырып, оларға мейірбан көзбен қарады. Миллиондаған елдестеріміз Никулин, Вицин, Моргунов, Смирновтарды жақсы көрсе,  жастар Н. Варлейге  жаппай ғашық болды. Әрине, ең басты сүйікті кейіпкер -Александр Демьяненко,  Шурик болды. Аталған актер өмірде де мәңгі-бақи Шурик болып қалды. Оның кейін әртістің кәсіптік өсуіне қандай кедергі келтіргенін бүгін ғана біліп жатырмыз.

Орыстың белгілі өнер шебері Иван Пырьев қолынан баулып, қияға ұшырған Л.Гайдай ұстазының сенімін толығымен ақтап шықты.Гайдай шығарған «Төбет Барбос пен айрықша жүгіру», «Самогон жасаушылар», «Ы» отасы немесе Шуриктің өзге де басынан кешіргендері», «Қап тауының тұтқыны», «Гәуһар қол», «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» және басқа кинокомедиялар мәңгілік жасай береді.Оның қашанда өз көрермені бар және бола да бермек!

Жалпы комедия, тіпті күлкі атты құбылыстың өзі - әр ұлттың діліне, дініне, мінез-құлқына қарай ерекшеленіп тұрады ғой. Демек, біз, әсіресе үлкендер қызық та тосын жағдайға тап болған адамға аяныш білдіруден гөрі, оны келекелеп, мазақ ететін американ комедияларын ұнатпаймыз. Рас, француз Пьер Ришар кейіпкерлерінің жаңғалақтығы мен ебедейсіздігі кейде күлдіреді, кейде сүйкімді көрінеді.Ал қазаққа қанша десек те, ғасырлар бойы іргелес көрші болып, мидай  араласқасын шығар, орыс күлкісінің табиғаты жанымызға өте-мөте жақын. Оның үстіне бәріміз көп жыл бойы ортақ елде, бірдей қоғамда өмір сүрдік емес пе?!.Олай болса, әлі де санамыздан кете қоймаған кеңес адамының (өзіміз де сол «шекпеннен» шықтық қой!) артықшылығын да, кемшілігін де комедиялық сипатта шебер сомдаған Гайдай фильмдерін өзгеден артық қоятынымыз да сондықтан. Тіпті қазақи «Тақиялы періште» сияқты жападан жалғыз, тамаша кинокомедия мыз  бола тұрса да...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы