«Жекпе-жек» повесі

21.11.2013 28051
Жазушы шығармаларының негізгі кейіпкерлері мектеп жасындағы оқушылар, жасөспірімдер болып келеді. Сол жас адамдардың мінез қалыптастыру процесін, азаматтық жетілу нсолын көрсетуге арналған повестің бірі - «Жекпе-жек». Мұнда жігерлі талабының, еңбексүйгіштігінің арқасында он алты жасында бокстан әлем чемпионы болған Мұрат Батырбаевтың ұнамды бейнесі жасалған. Суреткер Мұрат және оның ұстазы Николай Трофимовичтің, мектеп директоры Тоқмолданың тұлғасын көркемдік шындық деңгейіне көтере алған. Жасында нәзік болып өскенімен, ұдайы шынығу, жаттығу арқасында спорт биігіне шыққан Мұрат Батырбаевтың іс-әрекеті ғибратты. Автор «мінсіз» қаһарман жасауды көздемеген. Мұрат алға қойған мақсатына бірден жетпейді. Спорт дәстүрі сіңбеген алыстағы қазақ ауылында секция ашып, жаттығу жүргізу оңай іс болмағаны, бұған Мұраттың ата-анасынан бастап,  мектеп директоры  Тоқмолдаға дейін қарсы шыққаны, бірақ жас адамның өршіл қайраты күллі қиындық, кедергіні жеңе білгені сенімді ашылған. Мұраттың мақсаттылығын, алған бағытына дәйектілігін сипаттайтын бірталай сЫн кезең бар. Демек, повесть кейіпкерлері «дайын күйінде» алынбай, түрлі байланыстар, қайшылықтар, күрестер үстінде толысып сомдалған. «Жекпе-жек» повесінде физкультура пәнінің мұғалімі, спортшы Николай Трофимовичтің қазақ ауылында алуан түрлі спорт ойындарын үйретуді- бастауы, көпшілік мүддесі үшін жан сала қызмет істейтіндігі оқушыны нандырады. Повестегі өте қызықты, тың бейненің бірі - «Қызыл шекарашы» мектебінің директоры Тоқмолда. Мұны жазушының сәтті табысы қатарында айтуға болады. Не бірыңғай әсіреленбеген, не төтелей жамандалмаған, барлық болмысы іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен көрініп тұратын табиғи, толыққанды бейне осы Тоқмолда басында типтік жинақтаушылық сипат жоқ емес. Қырқыншы, елуінші жылдарда көптеген мектептердің мұғалім кадрлары ойдағыдай емес еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында педагогикалық білімі мен тәжірибесі мол мұғалімдердің бәрі дерлік майданға аттанып, олардың орнын жеткілікті әзірлігі жоқ адамдар басқан. Сондай кездерде мектеп басшылығына мүлде кездейсоқ жандар да келіп қалатын. Мектеп дегенің білім мен тәрбие берудегі сан қырлы міндетінің ұштығына жете алмайтын жалған ағартушылар осындай   қиын   кездерде   оқу   ісіне   зор   кедергі   келтірген болатын. Кейбір істің саласында да шын мамандар мен жадағай «қызмет атқарушылар» қатарласа жүретіні бар. «Күріш арқасында күрмек су ішетіні» секілді ондайлардың ақиқат келбетін танып, ажырату қиын. Барлық кәсіпте де жұмысты өгіздей өрге сүйрейтін нағыз қайраткерлер мен сырт көзге ғана іскер көріне білетін, бірақ нәрсіз, мәнсіз жандайшаптар кездесе береді. Міне, нағыз күрес осылардың арасында өтеді, Дарынды, білгір мамандар талас-тартысқа қүштар емес, олар барлық күшті еңбекке салады, ал белгілі бір дипломды жүрек қалауымен, табиғи бейімімен емес, әйтеуір тіршілік етуге құрал деп алғандардың ісі үлгілі болмаса да, әдісі мықты келеді. Ондайлар нағыз еңбек адамын ретін тауып сүріндірерлік айла таба біледі. «Жекпе-жектегі» Тоқмолда -солардың бірі. Не педагогика, не дидактика, не спорт дегеннің мұрнына иісі бармайтын Тоқмолда есебін тауып Николой Трофимович тәрізді адал еңбекшіні, қолынан өнері төгілген қымбат адамды орнынан тайдыра біледі. Суреткердің алғыр ойы, көреген көзі бұл кейіпкерлердің мінез диалектикасын жіті талдағанын көреміз. Сонымен «Жекпе-жек» үлкенге де, кішіге де тартымды, қызғылықты шығарма болып табылады. Өмірдің кейбір түбірлі шындықтары, шыншыл, толыққанды адам бейнелері көрсетілуі повестің құндылығын арттырады. Бұдан біздің қоғамымызда алдына үлкен мақсат қойған адамдардың дегеніне жете алатындығын, сонымен қатар өмір жолының тақтайдай тегіс болмайтындығын, ол қайшылыққа толы екендігін, кедергі, кесапаттар әр кезде өзінің түсін өзгертіп, ағымға икемделіп, сан бояуға малынып шыға беретінін көреміз. Жалпы Б.Соқпақбаевтың туындыларынан оның қаламына тән стильдік өрнек айқын сезіледі. Бөспе, жасанды, жаттанды тіркестерге орын қалдырмай, құбылысқа ең қажетті сөзді ғана екшеп айтушылық, әрбір лебізінің табиғи растығы, қарапайымдылық, өмір мен мінездің айырғысыз жымдасып шығуы, баяндаудың суреттеуге ұласып отыруы - оның жазу кестесінің маңызды белгілері. Б.Соқпақбаевтың кейбір шығармалары төменгі класс оқушыларының жасы мен түсінігіне лайықталып жазылған, мұндай туындылардың қажеттігіне күмән болмаса керек. Адам өмірінің әрбір кезеңі де өзінше қайталанбас қызыққа толы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қаладан колхозға атасының үйіне қыдырып келіп, дала өмірінің алуан ерекшелігімен танысқан кішкене қыздың («Аяжан») көрген- білгендерін әңгімелеу де тартымды. Қазіргі қала жастары ауылдың, әсіресе, малшылар ортасының тұрмыс күйінен, еңбек ырғағынан, салт-санасынан көп жағдайда бейхабар. Негізгі көпшілігі далалы жерлерде тұратын қазақ елінің сан түрлі ұлттық тұрмыс, мәдени, дәстүр ерекшеліктерін ауылға бармай толық түсіну қиын. «Аяжан» повесінде каладан келген қаршадай қыз баланың ауылға алғаш келген күннің өзінде мол әсерленгені, түсінігін байытқаны әдейі тізіліп берілгенге ұқсайды. Жас жеткіншек ана тілінің байлығын ұғып білуіне де ауылға жиі барып тұру аса қажетті шара екенін өмір тәжірибесі көрсетіп келеді. Өз тарапынан қала баласы да ауылга кейбір ұнамды әдеттерді (тазалық, ұқыптылық, т.б.) ала баратынын көреміз. Міне, «Аяжан» атты повесте көтерілген ойлар мен аңсардың кейбіреулері осындай... Жазушы повестерінің ішіндегі көлемдісі де, мазмұн жағынан ерекше тұрғаны да - «Балалық шаққа саяхат». Бұл шығармада автордың өзіндік қолтаңбасы неғұрлым кеңірек танылған деуге болады. Б.Соқпақбаев туындыларына тән шыншылдық, өмірдің өз өрнегін бұзбай әсерлі, жатық әрі нақтылы айта білетіндік мұнда толығырақ көрінген. «Балалық шаққа саяхатта» қаламгер өзінің ес біле бастаған кезінен жетінші класты бітіргенге дейінгі кезеңде бастан кешкендерін, сезгендерін, ойға түйгендерін еркін әңгімелеп шыққан. Бұдан біз алғашқы бесжылдықтар кезіндегі қазақ ауылының алуан өмір қырларын көзге елестетеміз. Бір атап көрсетерлік нәрсе - жазушының отызыншы жылдардың бас кезіндегі ауылдағы түрлі қайшылықтарды, тарыншылықтарды «тігісін жатқызбай» өз атымен сипаттай білгендігі. Бұл кезеңнің көп қалтарыстары, халықтың ақиқат ахуалы осы кезге дейін әдебиетімізде жүйелі сөз бола қоймайтын. Б.Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» деген повесінде, белгілі дәрежеде, осы олқылықтың орнын толтырған. Ол шығарманың орталық кейіпкерлерінің көзімен аталған дәуірдің мол белгілерін жан-жақты бейнелей алған. Халқымыздың тарихында өзіндік орын алатын ауырлығы көп жылдардың көркемдік шындығын сомдай алғаны жазушының үлкен еңбегі, суреткерлік ерлігі деп айтуға болады. Жас қаһарманның түсінігі арқылы берілген өмір суреттері әдебиетімізді байытарлық, өз жанрында үздік үлгілер санатына қосыларлық қымбат ескерткіш деп танимыз. Қандай жүдеу тұрмыс жағдайында да шығарма кейіпкері өмірдің саңлау шуағын таба, оған қуана біледі. Оны алға жетелейтін өршіл үміті, заманның жақсылығына сенетіндігі, екінің бірінде-ақ мейірімді, қайырымды, адал жандарды кездестіріп отыратындығы. Повесть қаһарманын өмірдің түрлі талқысына түсіріп, бірте-бірте оның рухани жетілу жолын көрсете білуі суреткерлік ұсталықты танытады. Әсері мен білгенінің, жігері мен әрекетінің, сүйіну мен түңілудің қат-қабат молдығы жағынан «Балалык шаққа саяхат» повесінің қаһарманы көп күрделі күйлер кешеді, соның нәтижесінде өзі де елеулі көркем бейне болып қалыптасады. Повесть кейіпкерін - авторды түрлі жексұрын зорлықтар мен әділетсіздіктер зардабынан аман сақтап отыратын бір күш бар. Ол - оның ұнамсыз, ерсі құбылыстарды мазақ ете білетін әзілі.   Адамшылыққа,   мәдениетке   жат   қылықтарды   автор сынай,   әжуалай   отырады.   Бұл   шығарма   бойына   ерекше ұнамды   қуат   дарытады.    Жазушы   жағымсыз   суреттерді жасанды түрде ойлап таппайды, ондай оқиғалар өмірдің өзінен келіп   туады.   Мәселен   автор   Жұмабай   деген   мұғалімнің кескінін және барлық болмысын төмендегі жолдарда айқын даралай алған. «...Кейде Жұмабайдың насыбайы шын бітіп қалады. Насыбай атып, көңілі жай таппай, ол енді сабақты жүргізбейді. Бір баланы біреуден насыбай тостаған әкелуге, бір баланы аршаның күлін тауып келуге жұмсайды. Содан соң класқа тапсырма береді де, өзі әлгі арада отырып, насыбай жасауға кіріседі.  Көк темекінің ағашын бәкімен бипаздап тұрып   турайды.    Үстіне    күл   қосады.    Сонсын   таяқпен мыжғылап езе бастағанда, үйдің іші темекінің иісіне толып кетеді. Балалар шетінен түшкіріп, қақала бастайды». Осылайша автор өмір жолында ұшырасқан жандардың портрет, мінез тізбегін келтіреді. Өзінің есейіп, ел қатарына қосылуына себепкер болған, тұрмыстың қиын кездерінде сыр бермеген, бауырмалдық көрсеткен адамдарды ол ерекше ілтипатпен мадақ етеді, солардың жан сұлулығын өзгелерге жариялағысы келеді. Сонымен «Балалық шаққа саяхат» повесі - отызыншы жылдардың алғашқы жартысындағы алыстағы ауыл өмірін күллі қайшылығымен таныстыруға жарайтын, документтік, өмірбаяндық деректерге құрылған құнды көркем туынды.

Жазушы шығармаларының негізгі кейіпкерлері мектеп жасындағы оқушылар, жасөспірімдер болып келеді. Сол жас адамдардың мінез қалыптастыру процесін, азаматтық жетілу нсолын көрсетуге арналған повестің бірі - «Жекпе-жек». Мұнда жігерлі талабының, еңбексүйгіштігінің арқасында он алты жасында бокстан әлем чемпионы болған Мұрат Батырбаевтың ұнамды бейнесі жасалған. Суреткер Мұрат және оның ұстазы Николай Трофимовичтің, мектеп директоры Тоқмолданың тұлғасын көркемдік шындық деңгейіне көтере алған.

Жасында нәзік болып өскенімен, ұдайы шынығу, жаттығу арқасында спорт биігіне шыққан Мұрат Батырбаевтың іс-әрекеті ғибратты. Автор «мінсіз» қаһарман жасауды көздемеген. Мұрат алға қойған мақсатына бірден жетпейді. Спорт дәстүрі сіңбеген алыстағы қазақ ауылында секция ашып, жаттығу жүргізу оңай іс болмағаны, бұған Мұраттың ата-анасынан бастап,  мектеп директоры  Тоқмолдаға дейін қарсы шыққаны, бірақ жас адамның өршіл қайраты күллі қиындық, кедергіні жеңе білгені сенімді ашылған. Мұраттың мақсаттылығын, алған бағытына дәйектілігін сипаттайтын бірталай сЫн кезең бар. Демек, повесть кейіпкерлері «дайын күйінде» алынбай, түрлі байланыстар, қайшылықтар, күрестер үстінде толысып сомдалған.

«Жекпе-жек» повесінде физкультура пәнінің мұғалімі, спортшы Николай Трофимовичтің қазақ ауылында алуан түрлі спорт ойындарын үйретуді- бастауы, көпшілік мүддесі үшін жан сала қызмет істейтіндігі оқушыны нандырады.

Повестегі өте қызықты, тың бейненің бірі - «Қызыл шекарашы» мектебінің директоры Тоқмолда. Мұны жазушының сәтті табысы қатарында айтуға болады. Не бірыңғай әсіреленбеген, не төтелей жамандалмаған, барлық болмысы іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен көрініп тұратын табиғи, толыққанды бейне осы Тоқмолда басында типтік жинақтаушылық сипат жоқ емес.

Қырқыншы, елуінші жылдарда көптеген мектептердің мұғалім кадрлары ойдағыдай емес еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында педагогикалық білімі мен тәжірибесі мол мұғалімдердің бәрі дерлік майданға аттанып, олардың орнын жеткілікті әзірлігі жоқ адамдар басқан. Сондай кездерде мектеп басшылығына мүлде кездейсоқ жандар да келіп қалатын. Мектеп дегенің білім мен тәрбие берудегі сан қырлы міндетінің ұштығына жете алмайтын жалған ағартушылар осындай   қиын   кездерде   оқу   ісіне   зор   кедергі   келтірген болатын.

Кейбір істің саласында да шын мамандар мен жадағай «қызмет атқарушылар» қатарласа жүретіні бар. «Күріш арқасында күрмек су ішетіні» секілді ондайлардың ақиқат келбетін танып, ажырату қиын. Барлық кәсіпте де жұмысты өгіздей өрге сүйрейтін нағыз қайраткерлер мен сырт көзге ғана іскер көріне білетін, бірақ нәрсіз, мәнсіз жандайшаптар кездесе береді. Міне, нағыз күрес осылардың арасында өтеді, Дарынды, білгір мамандар талас-тартысқа қүштар емес, олар барлық күшті еңбекке салады, ал белгілі бір дипломды жүрек қалауымен, табиғи бейімімен емес, әйтеуір тіршілік етуге құрал деп алғандардың ісі үлгілі болмаса да, әдісі мықты келеді. Ондайлар нағыз еңбек адамын ретін тауып сүріндірерлік айла таба біледі. «Жекпе-жектегі» Тоқмолда -солардың бірі. Не педагогика, не дидактика, не спорт дегеннің мұрнына иісі бармайтын Тоқмолда есебін тауып Николой Трофимович тәрізді адал еңбекшіні, қолынан өнері төгілген қымбат адамды орнынан тайдыра біледі. Суреткердің алғыр ойы, көреген көзі бұл кейіпкерлердің мінез диалектикасын жіті талдағанын көреміз.

Сонымен «Жекпе-жек» үлкенге де, кішіге де тартымды, қызғылықты шығарма болып табылады. Өмірдің кейбір түбірлі шындықтары, шыншыл, толыққанды адам бейнелері көрсетілуі повестің құндылығын арттырады. Бұдан біздің қоғамымызда алдына үлкен мақсат қойған адамдардың дегеніне жете алатындығын, сонымен қатар өмір жолының тақтайдай тегіс болмайтындығын, ол қайшылыққа толы екендігін, кедергі, кесапаттар әр кезде өзінің түсін өзгертіп, ағымға икемделіп, сан бояуға малынып шыға беретінін көреміз.

Жалпы Б.Соқпақбаевтың туындыларынан оның қаламына тән стильдік өрнек айқын сезіледі. Бөспе, жасанды, жаттанды тіркестерге орын қалдырмай, құбылысқа ең қажетті сөзді ғана екшеп айтушылық, әрбір лебізінің табиғи растығы, қарапайымдылық, өмір мен мінездің айырғысыз жымдасып шығуы, баяндаудың суреттеуге ұласып отыруы - оның жазу кестесінің маңызды белгілері.

Б.Соқпақбаевтың кейбір шығармалары төменгі класс оқушыларының жасы мен түсінігіне лайықталып жазылған, мұндай туындылардың қажеттігіне күмән болмаса керек. Адам өмірінің әрбір кезеңі де өзінше қайталанбас қызыққа толы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қаладан колхозға атасының үйіне қыдырып келіп, дала өмірінің алуан ерекшелігімен танысқан кішкене қыздың («Аяжан») көрген- білгендерін әңгімелеу де тартымды. Қазіргі қала жастары ауылдың, әсіресе, малшылар ортасының тұрмыс күйінен, еңбек ырғағынан, салт-санасынан көп жағдайда бейхабар. Негізгі көпшілігі далалы жерлерде тұратын қазақ елінің сан түрлі ұлттық тұрмыс, мәдени, дәстүр ерекшеліктерін ауылға бармай толық түсіну қиын. «Аяжан» повесінде каладан келген қаршадай қыз баланың ауылға алғаш келген күннің өзінде мол әсерленгені, түсінігін байытқаны әдейі тізіліп берілгенге ұқсайды. Жас жеткіншек ана тілінің байлығын ұғып білуіне де ауылға жиі барып тұру аса қажетті шара екенін өмір тәжірибесі көрсетіп келеді. Өз тарапынан қала баласы да ауылга кейбір ұнамды әдеттерді (тазалық, ұқыптылық, т.б.) ала баратынын көреміз. Міне, «Аяжан» атты повесте көтерілген ойлар мен аңсардың кейбіреулері осындай...

Жазушы повестерінің ішіндегі көлемдісі де, мазмұн жағынан ерекше тұрғаны да - «Балалық шаққа саяхат». Бұл шығармада автордың өзіндік қолтаңбасы неғұрлым кеңірек танылған деуге болады. Б.Соқпақбаев туындыларына тән шыншылдық, өмірдің өз өрнегін бұзбай әсерлі, жатық әрі нақтылы айта білетіндік мұнда толығырақ көрінген.

«Балалық шаққа саяхатта» қаламгер өзінің ес біле бастаған кезінен жетінші класты бітіргенге дейінгі кезеңде бастан кешкендерін, сезгендерін, ойға түйгендерін еркін әңгімелеп шыққан. Бұдан біз алғашқы бесжылдықтар кезіндегі қазақ ауылының алуан өмір қырларын көзге елестетеміз.

Бір атап көрсетерлік нәрсе - жазушының отызыншы жылдардың бас кезіндегі ауылдағы түрлі қайшылықтарды, тарыншылықтарды «тігісін жатқызбай» өз атымен сипаттай білгендігі. Бұл кезеңнің көп қалтарыстары, халықтың ақиқат ахуалы осы кезге дейін әдебиетімізде жүйелі сөз бола қоймайтын. Б.Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» деген повесінде, белгілі дәрежеде, осы олқылықтың орнын толтырған. Ол шығарманың орталық кейіпкерлерінің көзімен аталған дәуірдің мол белгілерін жан-жақты бейнелей алған. Халқымыздың тарихында өзіндік орын алатын ауырлығы көп жылдардың көркемдік шындығын сомдай алғаны жазушының үлкен еңбегі, суреткерлік ерлігі деп айтуға болады. Жас қаһарманның түсінігі арқылы берілген өмір суреттері әдебиетімізді байытарлық, өз жанрында үздік үлгілер санатына қосыларлық қымбат ескерткіш деп танимыз.

Қандай жүдеу тұрмыс жағдайында да шығарма кейіпкері өмірдің саңлау шуағын таба, оған қуана біледі. Оны алға жетелейтін өршіл үміті, заманның жақсылығына сенетіндігі, екінің бірінде-ақ мейірімді, қайырымды, адал жандарды кездестіріп отыратындығы. Повесть қаһарманын өмірдің түрлі талқысына түсіріп, бірте-бірте оның рухани жетілу жолын көрсете білуі суреткерлік ұсталықты танытады. Әсері мен білгенінің, жігері мен әрекетінің, сүйіну мен түңілудің қат-қабат молдығы жағынан «Балалык шаққа саяхат» повесінің қаһарманы көп күрделі күйлер кешеді, соның нәтижесінде өзі де елеулі көркем бейне болып қалыптасады.

Повесть кейіпкерін - авторды түрлі жексұрын зорлықтар мен әділетсіздіктер зардабынан аман сақтап отыратын бір күш бар. Ол - оның ұнамсыз, ерсі құбылыстарды мазақ ете білетін әзілі.   Адамшылыққа,   мәдениетке   жат   қылықтарды   автор сынай,   әжуалай   отырады.   Бұл   шығарма   бойына   ерекше ұнамды   қуат   дарытады.    Жазушы   жағымсыз   суреттерді жасанды түрде ойлап таппайды, ондай оқиғалар өмірдің өзінен келіп   туады.   Мәселен   автор   Жұмабай   деген   мұғалімнің кескінін және барлық болмысын төмендегі жолдарда айқын даралай алған. «...Кейде Жұмабайдың насыбайы шын бітіп қалады. Насыбай атып, көңілі жай таппай, ол енді сабақты жүргізбейді. Бір баланы біреуден насыбай тостаған әкелуге, бір баланы аршаның күлін тауып келуге жұмсайды. Содан соң класқа тапсырма береді де, өзі әлгі арада отырып, насыбай жасауға кіріседі.  Көк темекінің ағашын бәкімен бипаздап тұрып   турайды.    Үстіне    күл   қосады.    Сонсын   таяқпен мыжғылап езе бастағанда, үйдің іші темекінің иісіне толып кетеді. Балалар шетінен түшкіріп, қақала бастайды».

Осылайша автор өмір жолында ұшырасқан жандардың портрет, мінез тізбегін келтіреді. Өзінің есейіп, ел қатарына қосылуына себепкер болған, тұрмыстың қиын кездерінде сыр бермеген, бауырмалдық көрсеткен адамдарды ол ерекше ілтипатпен мадақ етеді, солардың жан сұлулығын өзгелерге жариялағысы келеді.

Сонымен «Балалық шаққа саяхат» повесі - отызыншы жылдардың алғашқы жартысындағы алыстағы ауыл өмірін күллі қайшылығымен таныстыруға жарайтын, документтік, өмірбаяндық деректерге құрылған құнды көркем туынды.

Ұқсас материалдар