"Әкелер мен балалар" романы

19.11.2013 5751
«Әкелер мен балалар» (1862) романы - Тургеневтің ең даңқты туындысы. Мұнда ол бүкіл ескілік атаулыны, крепостнойлық құрылыс тудырған заңдар мен кертартпа дәстүрлерді батыл сынайды; қоғам өмірінде өзгеріс, күрделі қопарылыс керек екендігін аңғартады. Бүкіл қараңғылық, надандық көріністерін батыл айыптап, жаңа ұғымдардың ұраншысы ретінде көрінген қаһарман Базаровтың тұлғасы да аса тартымды. Дұшпандары оны ешбір бедел мен әдетті мойындамайтын нигилист деп ат қойып, айдар тақса да, оның алған мақсатының жарқындығын, білімінің кеңдігін, сезімінің тазалығын мойындауға мәжбүр болады. Базаров - алға қойған мақсатын тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де асыруға батылдығы мен байқауы жететін адам. Ол адам өзін-өзі тәрбиелеуге, қоғам алдындағы борышын абыроймен атқаруға міндетті деп есептейді. Сонымен қатар Базаров басқаларды да тәрбиелеу, жақсы жолға үндеу дәуір азаматтарының борышы деп түйеді. Ескіден қалған жолдың бәрін бірдей құптау шарт емес. Халықты бақытқа жеткізетін жолды ғана ардақтау керек деп біледі ол. Бұған қарама-қарсы ақсүйек, алпауыт Павел Петрорич Кирсановтың бейнесі алынған. Оның да бойында ұнамды сипаттар жоқ емес. Ол да өзінше өмірді тамаша өткіздім, абыройлы атқардым деп сенеді. Бірақ Базаров оның жақсы дегендерінің жаман екенін оп-оңай дәлелдеп, әшкерелеп шыға береді. Романның басты идеялық сарыны - Россия өмірін түп-тамырымен өзгерту қажеттігін аңғартады. Бұл романда суреткер тағы да бір тартымды әйел тұлғасын жасаған. Ол - өз бақытын ғана ойлайтын сұлу әйел Одинцованың тұлғасы. Одинцова Базаровты жақсы көре тұрса да, оның революция ісіне аса беріліп кеткендігінен сескеніп, бой тартады; тынышырақ,     жайлырақ    жар    іздейді.     Базаров    сынды революционер - демократ тұлғасын жасауы - Тургеневтің орыс әдебиеті алдындағы өркешті еңбектерінің бірі. Ұлы суреткер өзінің романдарында ұдайы жаңалық іздейтін, халыққа жақсылық көздейтін адамдар тұлғасын алғы кезекке шығарып, ерекше ілтипат көрсетіп отырады. «Соны сүрлеу» (1876) романында да солай болған. Россия өмірінің ауыр да ақиқат көріністері бұл романда қалыңырақ алынған деуге болады. Халықты қараңғылық, теңсіздік тұтқынынан құтқару мәселесін шығарма кейіпкерлері қатты ойлайды, өздерінше батыл әрекеттерге барады. Мұнда халықшыл революционер Лавровтың тұлғасы шебер мүсінделген. Сондай-ақ бірін-бірі сұлу, батыл, адал сүйе білетін Марианна мен Нежданов бейнелері де есте қалады. «Көктемгі тасқын» деген повесінде де Тургенев адам өмірінің жаңа беттерін жарқыратып ашады. Ол қайталанбас характер, ерекше тағдыр адамдарын тапқан. Мұнда Джемма сынды асыл әйелге әдемі сүйіспеншілігін, ізгі іңкәрлігін Полозова секілді бай әйелге айырбастаған Саниннің рухани құлдыққа қалай түскені нанымды ашылады. Сонымен Тургенев шығармаларында қилы-қилы тағдыр, қызғылықты тарих, сан түрлі мінез, проблема кездесетінін көреміз. Ол шын мәнінде дәуір суреткері бола білген. Заманы күн тәртібіне қойған көптеген қиын сұрауларға жазушы ең біріншілер қатарында жауап айтқан. Тургеневтің суреткер ретінде өшпес даңққа ие болуы творчествосының осы қасиетіне байланысты. Жазушының бірсыпыра шығармалары қазақ тіліне аударылған. Соның қатарында «Рудин», «Соны сүрлеу», «Түтін», «Қарсаңда», «Дворян ұясы», «Әкелер мен балалар», «Аңшының әңгімесі», «Алғашқы махаббат» секілді айтулы шығармалар бар. Бұл туындыларды тәржімалауға М.Әуезов, Ғ.Ахметов, Қ.Есенжанов, ЖАлтайбаев, Қ.Жармағамбетов тәрізді қаламгерлер қатысқан. Аудармалардың сапасы туралы әңгіме өз алдына бөлек. Бұлардың ішінде түпнұсқаның әсем кестесін неғұрлым толығырақ түсірген, оригиналдың сыры мен сымбатына тереңірек бойлаған аудармалар Ғалым Ахметов қолынан туғанын атап айтқымыз келеді. Жекелеген көркем кесектер, әдемі оралымдар, бедерлі беттер өзге аудармаларда да жоқ емес. Сонда да болса, тұтастай алғанда, Тургенев туындылары өз нақышымен, ғажайып келбетімен, сұлу өрнегімен қазақ оқушысына барабар әсерлі күшпен, бейнелі тілмен аударылып бітті деу қиын. Жалпы, бізде бұл күнге дейін аударма атаулы нағыз творчестволык процесс, табиғи қажеттілік деп ескеріле бермейді. Тәржімәнің көбі белгілі юбилейлер қарсаңында ғана жасалу немесе жай ғана қаражат табу қажетіне айналу дағдыға сіңген. Асылы, ұлы суреткерлер шығармаларын аудару мәселесіне ерекше маңыз беріп, оларды кімдер аудару керектігіне де мұқият зер салу шарт. Европа әдебиеттерінің ішінен өзімізге ең таныс орыс әдебиеті болса, сол әдебиеттің белес-белес туындыларын қазақ тіліне көркем етіп аудару мәселесін де ескеруіміз керек... Адамзаттың рухани дамуына, көркемдік жетілуіне үлес қосқан, артына өшпес мұра қалдырған кемеңгер қаламгерлер қай халыққа да қымбат. Солардың бірі - орыстың асқар таудай алып суреткері Иван Сергеевич Тургенев. Оның шығармалары жер жүзі халықтарының тілдеріне аударылып, сол елдерге етене туыс болып кеткен. Қазақтың қалың оқушысы да Тургеневтің татымды туындыларын аса жоғары бағалайды, оның азаткерлікке, адамгершілікке, қоғамды жақсылық жолына өзгертуге деген шақыруларын әрдайым ерекше ілтипатпен қабылдайды. Сондықтан да данышпан жазушының туғанына 150 жыл толу нышанын қазақ халқы өз мәдениетінің мейрамындай қастерлеп, суреткер есімі мен еңбегін алғыс сезімімен атап өтеді. 1968

«Әкелер мен балалар» (1862) романы - Тургеневтің ең даңқты туындысы. Мұнда ол бүкіл ескілік атаулыны, крепостнойлық құрылыс тудырған заңдар мен кертартпа дәстүрлерді батыл сынайды; қоғам өмірінде өзгеріс, күрделі қопарылыс керек екендігін аңғартады. Бүкіл қараңғылық, надандық көріністерін батыл айыптап, жаңа ұғымдардың ұраншысы ретінде көрінген қаһарман Базаровтың тұлғасы да аса тартымды. Дұшпандары оны ешбір бедел мен әдетті мойындамайтын нигилист деп ат қойып, айдар тақса да, оның алған мақсатының жарқындығын, білімінің кеңдігін, сезімінің тазалығын мойындауға мәжбүр болады. Базаров - алға қойған мақсатын тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де асыруға батылдығы мен байқауы жететін адам. Ол адам өзін-өзі тәрбиелеуге, қоғам алдындағы борышын абыроймен атқаруға міндетті деп есептейді. Сонымен қатар Базаров басқаларды да тәрбиелеу, жақсы жолға үндеу дәуір азаматтарының борышы деп түйеді. Ескіден қалған жолдың бәрін бірдей құптау шарт емес. Халықты бақытқа жеткізетін жолды ғана ардақтау керек деп біледі ол.

Бұған қарама-қарсы ақсүйек, алпауыт Павел Петрорич Кирсановтың бейнесі алынған. Оның да бойында ұнамды сипаттар жоқ емес. Ол да өзінше өмірді тамаша өткіздім, абыройлы атқардым деп сенеді. Бірақ Базаров оның жақсы дегендерінің жаман екенін оп-оңай дәлелдеп, әшкерелеп шыға береді. Романның басты идеялық сарыны - Россия өмірін түп-тамырымен өзгерту қажеттігін аңғартады. Бұл романда суреткер тағы да бір тартымды әйел тұлғасын жасаған. Ол - өз бақытын ғана ойлайтын сұлу әйел Одинцованың тұлғасы. Одинцова Базаровты жақсы көре тұрса да, оның революция ісіне аса беріліп кеткендігінен сескеніп, бой тартады; тынышырақ,     жайлырақ    жар    іздейді.     Базаров    сынды революционер - демократ тұлғасын жасауы - Тургеневтің орыс әдебиеті алдындағы өркешті еңбектерінің бірі.

Ұлы суреткер өзінің романдарында ұдайы жаңалық іздейтін, халыққа жақсылық көздейтін адамдар тұлғасын алғы кезекке шығарып, ерекше ілтипат көрсетіп отырады. «Соны сүрлеу» (1876) романында да солай болған. Россия өмірінің ауыр да ақиқат көріністері бұл романда қалыңырақ алынған деуге болады. Халықты қараңғылық, теңсіздік тұтқынынан құтқару мәселесін шығарма кейіпкерлері қатты ойлайды, өздерінше батыл әрекеттерге барады. Мұнда халықшыл революционер Лавровтың тұлғасы шебер мүсінделген. Сондай-ақ бірін-бірі сұлу, батыл, адал сүйе білетін Марианна мен Нежданов бейнелері де есте қалады.

«Көктемгі тасқын» деген повесінде де Тургенев адам өмірінің жаңа беттерін жарқыратып ашады. Ол қайталанбас характер, ерекше тағдыр адамдарын тапқан. Мұнда Джемма сынды асыл әйелге әдемі сүйіспеншілігін, ізгі іңкәрлігін Полозова секілді бай әйелге айырбастаған Саниннің рухани құлдыққа қалай түскені нанымды ашылады.

Сонымен Тургенев шығармаларында қилы-қилы тағдыр, қызғылықты тарих, сан түрлі мінез, проблема кездесетінін көреміз. Ол шын мәнінде дәуір суреткері бола білген. Заманы күн тәртібіне қойған көптеген қиын сұрауларға жазушы ең біріншілер қатарында жауап айтқан. Тургеневтің суреткер ретінде өшпес даңққа ие болуы творчествосының осы қасиетіне байланысты.

Жазушының бірсыпыра шығармалары қазақ тіліне аударылған. Соның қатарында «Рудин», «Соны сүрлеу», «Түтін», «Қарсаңда», «Дворян ұясы», «Әкелер мен балалар», «Аңшының әңгімесі», «Алғашқы махаббат» секілді айтулы шығармалар бар. Бұл туындыларды тәржімалауға М.Әуезов, Ғ.Ахметов, Қ.Есенжанов, ЖАлтайбаев, Қ.Жармағамбетов тәрізді қаламгерлер қатысқан. Аудармалардың сапасы туралы әңгіме өз алдына бөлек. Бұлардың ішінде түпнұсқаның әсем кестесін неғұрлым толығырақ түсірген, оригиналдың сыры мен сымбатына тереңірек бойлаған аудармалар Ғалым Ахметов қолынан туғанын атап айтқымыз келеді. Жекелеген көркем кесектер, әдемі оралымдар, бедерлі беттер өзге аудармаларда да жоқ емес. Сонда да болса, тұтастай алғанда, Тургенев туындылары өз нақышымен, ғажайып келбетімен, сұлу өрнегімен қазақ оқушысына барабар әсерлі күшпен, бейнелі тілмен аударылып бітті деу қиын. Жалпы, бізде бұл күнге дейін аударма атаулы нағыз творчестволык процесс, табиғи қажеттілік деп ескеріле бермейді. Тәржімәнің көбі белгілі юбилейлер қарсаңында ғана жасалу немесе жай ғана қаражат табу қажетіне айналу дағдыға сіңген. Асылы, ұлы суреткерлер шығармаларын аудару мәселесіне ерекше маңыз беріп, оларды кімдер аудару керектігіне де мұқият зер салу шарт. Европа әдебиеттерінің ішінен өзімізге ең таныс орыс әдебиеті болса, сол әдебиеттің белес-белес туындыларын қазақ тіліне көркем етіп аудару мәселесін де ескеруіміз керек...

Адамзаттың рухани дамуына, көркемдік жетілуіне үлес қосқан, артына өшпес мұра қалдырған кемеңгер қаламгерлер қай халыққа да қымбат. Солардың бірі - орыстың асқар таудай алып суреткері Иван Сергеевич Тургенев. Оның шығармалары жер жүзі халықтарының тілдеріне аударылып, сол елдерге етене туыс болып кеткен. Қазақтың қалың оқушысы да Тургеневтің татымды туындыларын аса жоғары бағалайды, оның азаткерлікке, адамгершілікке, қоғамды жақсылық жолына өзгертуге деген шақыруларын әрдайым ерекше ілтипатпен қабылдайды. Сондықтан да данышпан жазушының туғанына 150 жыл толу нышанын қазақ халқы өз мәдениетінің мейрамындай қастерлеп, суреткер есімі мен еңбегін алғыс сезімімен атап өтеді.

1968

Ұқсас материалдар