Астанада балалардың үздік жұмыстары ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайына сыйға тартылды

30.11.2012 2026
2012 жылдың 30 қарашасында ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында «Президентке тілек» қалалық балалар шығармашылығы байқауы жеңімпаздарының үздік жұмыстарын ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайына сыйға беру салтанаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Іс-шараға «Президентке тілек» қалалық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен олардың жетекшілері, ұйымдастыру комитетінің өкілдері, шақырылған қонақтар қатысты. Жеңімпаздар Тұңғыш Президент Мұражайына үздік жұмыстарды тапсырды. Байқауға Астана қаласы білім беру ұйымдары: балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінен 400-ден астам жұмыс қабылданды. Байқау ережесіне сәйкес жұмыстар әртүрлі техникада орындалды, яғни, тоқыма материалдарынан, ағаш және металлдан өңделген көркемдік жұмыстар, мүсіндік, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварель бояуымен картиналар, коллаж жұмыстары болды. № 32 балабақша тәрбиешісі Ратмир Клычев, («Пәкжүректен» жұмысы), №49 орта мектеп оқушысы Тілектес Ерасыл, («Тәуелсіздік монументі» жұмысы), № 41 орта мектеп оқушысы Ирина Иванюкова № 41(«Киізүй» коллажы) , Менеджмент және бизнес колледжнің студенті Ақтоты Қойлыбаева («Шаңырақ» жұмысы) гран-приді жеңіп алды. Салтанаттан кейін қатысушылар ескерткіш суреттерге түсіп, ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайына экскурсия жасады. Шараны Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласының ЮНЕСКО балалар көркем мектеп-клубы және № 1 өнер мектебі ұйымдастырды.

2012 жылдың 30 қарашасында ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында «Президентке тілек» қалалық балалар шығармашылығы байқауы жеңімпаздарының үздік жұмыстарын ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайына сыйға беру салтанаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Іс-шараға «Президентке тілек» қалалық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен олардың жетекшілері, ұйымдастыру комитетінің өкілдері, шақырылған қонақтар қатысты. Жеңімпаздар Тұңғыш Президент Мұражайына үздік жұмыстарды тапсырды.

Байқауға Астана қаласы білім беру ұйымдары: балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінен 400-ден астам жұмыс қабылданды. Байқау ережесіне сәйкес жұмыстар әртүрлі техникада орындалды, яғни, тоқыма материалдарынан, ағаш және металлдан өңделген көркемдік жұмыстар, мүсіндік, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварель бояуымен картиналар, коллаж жұмыстары болды.

№ 32 балабақша тәрбиешісі Ратмир Клычев, («Пәкжүректен» жұмысы), №49 орта мектеп оқушысы Тілектес Ерасыл, («Тәуелсіздік монументі» жұмысы), № 41 орта мектеп оқушысы Ирина Иванюкова № 41(«Киізүй» коллажы) , Менеджмент және бизнес колледжнің студенті Ақтоты Қойлыбаева («Шаңырақ» жұмысы) гран-приді жеңіп алды.

Салтанаттан кейін қатысушылар ескерткіш суреттерге түсіп, ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайына экскурсия жасады.

Шараны Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласының ЮНЕСКО балалар көркем мектеп-клубы және № 1 өнер мектебі ұйымдастырды.

Ұқсас материалдар