Ольга мен "Волга"

19.11.2013 1926
Ақын Темiрхан Медетбекке! Тұрағы тұрмақ сұрауы да жоқ, жердiң шұңғылы мен үңгiрiн қоймай шарлаған сабалақ жүн, қаңғыбас қара мысық күндердiң күнiнде... үй қоянымен ойда-жоқта кездесiп  қалыпты да, момын қоянмен өп-өтiрiк мұңдас болып алып, қасынан шықпай, содан кейiн олардың арасы тым жақындай түсiптi. Сөйте-сөйте бiр-бiрiне бой үйретiп алыпты да, ақыр соңында қаңғыбас мысық қоянмен мауығып тыныпты... Мiне, сөйтiп осынау сiз бен бiз келген, сiз бен бiз де өтетiн фәни жалғанға қаңғыбас мысық пен үй қоянынан туған жаңа будан келiптi. Бiрақ оның аты қалай аталатынын... ешкiм де бiлмептi. Беймәлiм жаратылысты қай мақұлыққа жатқызарын бiлмей, талайлар бас қатырыпты. Түсiне алмай, тек бас шайқасыпты. Ал, беймәлiм мақұлық бәрiбiр жарық жалғанды жалпағынан кешiп, күн санап өсiп келе жатыпты...                                                        *** - Қарындас, менi "Волгама" отырыңыз... Сүп-сүйкiмдi, көзi көкшiл, шашы қызғылт, қыпша бел сары қыз дым деместен жол жиегiнде қалшиып тұр. Таксистiң даусын елең де қылған жоқ. - Бұл "Волганы" ескi деп менсiнбеуiңiз әбден орынды, әйтсе де ескертiп қояйын, бұның сыртқы түрiне қарамаңыз. Мәселе, оның дүрсiлдей соққан жүрегiнде... Сары қыз сонда да сүресоқ. Үнсiз. -Қысқасы, менiң машинам ауыздығымен алысқан анау-мынау иномаркаларыңды артқа тастап кетедi. Оған шүбәңiз болмасын. Келiңiз, отырыңыз... Қыз осы кезде ғана кiшкене қозғалды да, осылай қарай қадам басты. - Кәнi, отыра қалыңыз. Барам деген жерiңiзге кәзiр-ақ лып еткiземiн... Шопыр жiгiт алақанын ысып-ысып қойды. - Ал... сөйлеңiз... Қыз аң-таң. - Не дейсiз?.. - Баратын жерiңiздi сұрап тұрмын. - Ә-ә... - Сонымен... - Тұп-тура тарта берiңiз. - Түсiнiктi. Сырты жұпыны көрiнсе де, машинаның моторы ышқынып-ақ тұр екен. Ә дегеннен-ақ гүр-р ете қалды. "Волга" зулап келе жатыр. Шопыр оқтын-оқтын айна арқылы артта отырған қызға қарап қояды. Қыздың жүзi сынық. Әлдеқандай ой үстiнде. "Адамның бәрi алла-тағаланың жаратылысы. Қара ма, көк пе, сары ма - бәрiбiр... Басы, көзi, қолы, аяғы... бiрдей. Жұмыр басты пенде. Сөйте тұра... бөлiнiп..."   Шопыр ендi оның көңiл-күйiн көтерейiн деп анау-мынауды айта бастады. - Қарындасым, мен өзi туа бiттi таксист емеспiн. Бұл жәй ермек... Кезiнде жұрт қатарлы техникумды да оқып тауысқанмын. Бiрақ... уақыт болса мынау. Техникум тұрмақ, бiлдей университет бiтiргендер де қазiр жұмыс iздеп қаңғып жүр. Сосын... Айнадан қыз жүзiне тағы да қараған. Ешқандай құбылыс жоқ. Бұның әңгiмесiн тыңдағаны, не тыңдамағаны белгiсiз. Бұрынғы қалпы. "...Адамдар неге бөлiнедi? Неге өйтедi? О баста Адам-Ата мен Хауа-Ана ғана болған, сосын барып... пенделер-р..." - Содан... не iстеймiн ендi. Үй, бала-шаға... Жеңгең отыр күнде қақсап. "Ақша, ақша" деп... Сосын, дипломды шамаданға бiр-ақ ұрдым да, жұмыс iздеуге шықтым. Әуелi осы қаладағы мекемелердi араладым. Кез-келген жұмысты iстей беремiн дедiм. Бiр мекеменiң басшысы маған: "бiзде қарауылдық орын бос тұр, бiрақ оған сен жарар ма екенсiң" деп күлдi. Мен намыстанып қалдым. "О, не дегенiңiз, қол-аяғым балғадай, сонда сiздiң ойыңызша мен күзетшi де бола алмаймын ба?.." "Вот, именно". "Неге?!". "Себебi, бауырым, бiзде талап өте жоғары. Бұл күзетшiлiк орын, сен ойлағандай, кеш бата келiп, таң атқанша тоныңды жастанып алып, тоңқалаң асып, қорылға басатын жұмыс емес, керiсiнше... Бiздiң мекеменiң сфецификасына орай мұнда келген кiсi физический жан-жақты болғаны абзал." "Сонда бұл жұмыс..." "Иә, бауырым, бұл сондай жұмыс. Бiз сенi мұнда қабылдау үшiн мынадай сынақтардан өтесiң: алдымен 20 рет турникке тартыла бiлу керек, сосын 10 рет кiр тасын көтеруiң қажет, сонымен бiрге шапшаңдық, дәлдеп ату... қойшы әйтеуiр осындай-осындай талаптар қоямыз. Ал, ондай сынақтан әлi бiр кiсi  сүрiнбей өтiп көрген емес, қазiргi сенiң жасыңдағы азаматтардың көпшiлiгi, көңiлiңе келмесiн, физический әлсiз..." Осыны айтқанда мен де ойланып қалдым... Турникке жиырма рет тартылу деген... Оның үстiне кiр тасы... Шапшаңдық... Мергендiк... "Ойбай-ау, мына жұмысыңызға тұру кiшiгiрiм министр болғаннан да қиын екен, қойдым ендеше" дедiм әлгi мекеме басшысына. Басшы қыңқ демедi. "Онда сау болыңыз" дедi маған салқын үнмен. "Сынағыңнан сүрiнбей өтер кiсi таба қоюың  екiталай екен, өмiр бойы қарауылсыз қалмасаң жарар едiң деген қыңырлау жауабыма тiптi көңiл аудармады да. Қызық өзi. Күзетшiлiк жұмысқа сондайлық талап қойып... Шопыр өзiнен-өзi күлiп алды. Қыз бәрiбiр үнсiз. Жүзi сынық. "...Тiптi сол өзi... керек десеңiз, оның ағылшын, түрiк, немiс, қазақ... екенiне де байланысты емес қой. Кiм болсаң о бол. Бiрақ неге бөлiнемiз? Арғы түбiмiз - адам емес пе! Ендеше-е..." - Қарындасым-ау, өзiң тiптi... көңiлсiзсiң ғой... Не болды? - Жәй... - Қайда барамыз? Бағытыңыз... - Тура... Үлкен көшемен әлi жүрiп келе жатыр. Тек тура, алға дейдi. Қайда баратынын әлi айтқан жоқ. Қыздың жүдеу жүзi шопырға өз қызын еске түсiрттi. Әнебiр жылдары қызының көңiлiне тиiп... Шопыр ендi оған өз отбасы туралы айта бастады. - Менiң де бiр ұл, бiр қызым бар, - дедi шопыр. - өлым әлi мектепте, ал қызым... Сол қызы құрғыр кiшкене көңiлге қаяу түсiрiп тұрғаны. Осыдан бiрер жыл бұрын үлкен қалаға оқу iздеп кетiп едi, арада бiр жыл өтпей жатып-ақ үйге бiр бөпе көтерiп келгенi. Мен бiр жақтан, шешесi екiншi жағынан айқайға бастық. "Ойбай-ау, бұл не сұмдық! Ендi ел бетiне қалай қараймыз!.." Оны елең қылып жатқан қызым жоқ. "ұнатпасаңдар" - дейдi бiзге, - "Мен бұл қызылшақаны ауылға, әжеме апарып тастаймын". Соны айтты да, үйден кетiп қалды. Әжесiнiң ауылына... Мiне, қазiр екiншi жыл, баланы, әлгi әкесiз їәм некесiз баланы ауылдағы әжесi бағып жатыр. Мiне, бүгiнгi жастардың тiрлiгi осы. Ар-ұят дегенiңiз... Жо-жоқ, қарағым, бұл сөзiмнiң саған қатысы жоқ. Өз қызыма күйiнгеннен... Көңiлiңе ала көрме. Әй, әйтеуiр бiр тәубе дейтiнiм - осы ауылдағы әжелер аман болсыншы. Солар аман тұрғанда әлi де береке бар, ар-ұят бар. Қазақылық қасиет бар.  Ал, ендi сол арды ойлаған, бәрiнен де адамдық арды жоғары қоя бiлген әжелер мен апалар бұ дүниеден өткен күнi не болар екенбiз? Некесiз туған балаларды жөргекке орай салып, дереу сағырханаға ытқытып... Ой, сұмдық-ай! Сұмдық қой-й... Айнадан қызға тағы қарады. Сол баяғы қалпы. Жүзi сынық. "... Адамгершiлiк қасиет ол тек бiр ұлтқа ғана тән емес. Ол жалпы адами қасиет. Адам жаратылғалы берi солай болған. Солай бола да бередi. Тек... оны өз ұлтыма ғана тән деп бұра тартатындар тағы да... азшылық топ. Адамдар неге бөлiнедi?.. өлт деп, ұлыс деп..." Шопыр оған бұл әңгiменiң де ұнамағанын сездi. "Иә, оған менiң отбасымның проблемасы неменеге керек! Әй, өзiм де қызықпын-ау. Қызымның мәселесiн осыған айтып..." Сосын дереу ол сөздi доғарды да, ендi басқа бiрнеңелер айтуға оқталды. Ендi не айтса екен?.. Ә, иә... Айтпақшы, бағана бұл қыз осы "Волгаға" отырғысы келмей... Шамасы, сырты жаман, жұпыны көрiнген соң... - Сен, қарағым, мына менiң "Волгамды" жұпыны көрiнген соң менсiнбейтiн де шығарсың, - дедi ендi. - Көп кiсiлер солай ойлайды, сөйтiп мұрын шүйiредi. Ал, бiрақ бұл мәшина анау-мынау тулап тұрған иномаркаларыңмен тайталаса алады. Өйткенi бар ғой, бұның аты "Волга" демесең, iшкi құрылысы түп-түгел өзгертiлген. Моторы басқа, жеке-жеке бөлшектерi де өзге машинанiкi... Қысқасы, бұның аты "Ино-Волга"... Көп-п бөлшектерi шетелдiң машинасынiкi... Өзiм құрадым. Өзiм жасадым. Өзiм өзгерттiм. Соңғы жылдардағы жасағаным осы. Сонау 85 жылы су жаңа күйiнде сатып алған едiм, одан берi қанша уақыт өттi. Айтпақшы, сол 85 жылы Горький автозаводында осы "Волганың" миллионыншы саны шығарылды деп жазды кәзиттерде. Бұл "Волга" сол миллионыншы болуы да мүмкiн. Ендi мынау. Темiр тұрмақ адам да тозады. Сосын... Ескi "Волгадан" жүрдек жаңа техника ойлап таптым... Ино-Волга... Артына тағы да бiр қарап қойды. Қыз осы жолы ғана ептеп қозғала түскендей. Реңi де сәл-пәл өзгергендей ме... "Әрине, жер бетiне жұмыр басты пенде болып келген соң ағылшын қазақты, қазақ немiстi, немiс түрiктi, түрiк қытайды... ұнатып, сонымен араласса... қайтедi екен? Тiптi бiрiгiп, бас қосып, бiрге өмiр кешпекке..." "Шамасы, машина туралы әңгiме ұнады бiлем..." деп ойлады шопыр. - Сөйтiп, сiз мiнiп келе жатқан автомашина - кешегi "Волга" емес, тiптi бөлек машина. Бұны қалай деп атасақ та болады. Машинаның бәрiнiң тегi бiр. Тек уақыт өте келе оны жетiлдiрген, дамытқан, жақсы болса екен деген ұмтылыс бәрi де. Менiкi де сондай ниеттiң жемiсi. Бiреулер "құрама машина" деп кемсiте сөйлейдi. Ол дұрыс емес. Не нәрсенi де жақсарту үшiн оған қосымша қосу ежелден бар үрдiс. Одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Ең бастысы - бұл өте жүрдек. Өте шыдамды. Өте төзiмдi... Тағы да айнаға қараған. Қыз қабағы түсiңкi. "...Адамдардың түп тегi бiр бола тұра бiр ұлт екiншi ұлтпен қан араластырса, ол неге дүбара болады? Осының өзi... тым тұрпайы түсiнiк қой, сiрә..." - Машина да тiрi организм. Адам секiлдi. Жамай берсең, жақсара бередi. Кез-келген бөлшектi иiп әкелiп... - Тоқтатыңыз-з... Қыздың даусы дiрiлдеп шықты. Шопыр дереу тежегiштi басты. Қыз қалтасынан ақша суырды да, жүргiзушiге бердi. Сосын ләм деместен есiктен шығып жүре бердi. Шопыр аң-таң. Бүкiл жол бойы өз еркiмен айтқаны бiр-ақ ауыз сөз. Онысы да "Тоқтаңыз" болды... Қызық қыз екен. Қиялилау ма өзi... Қандай әңгiме айтса да, оның көңiлiнен шыға алмағанына қынжылғандай да. Жазығы - сөйлеп отырғаны. Бар сырын, бар ойын ашық айтқаны. Көңiлiн көтерсiн деп едi... Ол машинасына қайта от бердi де, әрi қарай жүрiп кеттi... Қыз жол жиегiмен жаяулап, баяу жүрiп келедi. Ойынан жаңағы әңгiмешiл шопырдың сөздерi кетер емес. "Қазiр жұмыс табу қиын, тiптi дипломың болса да..." Рас. Бұның да басында бар. Әйтеуiр жөнi дұрыс жұмыс болмай-ақ қойды. Қиналып жүргенi де содан. "Ауылдағы арды ойлаған, мейiрiмi мол әжелер мен апалар аман болсын, әйтпесе бiз де ендi сәбилердi сағырханаға..." Қыз көзiне ерiксiз екi тамшы жас үйiрiлдi. Кiшкентай құлыншағы есiне түстi. Осыдан екi жыл бұрын, туа сала жетiмдер үйiне өткiзiп жiберген кiшкентайы... Ауылда әжесi болса өстер ме едi... Әже қайдан болсын. Әже тұрмақ... "Бұл "Волга" емес, басқа машина, тiптi атын қалай атасаң да болады... Құрама..." Сары қыздың басы айналғандай болды. "Волга" ңВолга" емес, басқа-а..." Көзiнiң алды қарауытып тұр. «Волгаң» Волга" емес... Ал, Ольга..." Достары ылғи-ақ "осы сенiң атың неге Ольга, неге қазақша емес" дейдi. Кәйтiп қазақша болады! Ольганың әкесi қазақ, ал шешесi марқұм... орыс қызы. Сонда Ольга кiм?.. Әрине, әкесiнiң атында. Қазақпын дейдi өзi... Бiрақ... Шешесiнiң шешесi немка екен. Ал, оның шешесi - полька... Құлағында ызыңдап әлгiндегi шопыр үнi кетер емес. "Волга" ңВолга" емес... Сонда... Ольга Ольга емес болғаны ма?.. Солай ма?.." Араласатын құрбы-құрдастарыны" ңсен жартылай қазақсың, дүбарасың" дегенiне құлағы үйренгелi қаш-шан. Оны көңiлiне алмас та едi. Көңiлге алар не бар? Жер бетiндегi барша адам о баста Адам-Ата мен Хауа-Анадан жаратылған. Тек ана жолғы әкесiнiң бiр қылығы... "Мен екiншi рет үйленемiн, бiрақ бұл жолы тек қазақ қызын алуым керек, ұрпағым таза болсын ең болмаса..." дегенi. Ольга үндемеген. Әйтсе де әкесiнi" ңтаза ұрпақ" дегенiн түсiне алмады. Осыдан екi жыл бұрын бiр қазақ жiгiтiмен көңiл жарастырып... қыз тауып едi, әкеден жылы қабақ байқай алмады. Немерем екен-ау деп емiренбедi. Содан... әкенiң салқын қабағын байқаған күйеу бала да бiр күнде жым-жылас жоғалды. Ольга... қала бердi сәбиiмен. Сосын... Сағырханаға... Жаңағы таксистiң әңгiмесi мен құрама "Волгасы" бұның есiне сол әке сөзiн ерiксiз түсiргенi... Үндемесе де iшiнде жалын пайда болды. Өз жанын өзi күйдiрердей қуатты жалын. "Мен кiммiн сонда-а?.." Қыз қыстыға жылап жiбердi. Жанарынан жас парлап ағып жүре бердi... "Мен кiммiн?.. Кiммiн деймiн өзiмдi? Неге дүбарамын? Менiң жазығым не?.." Бұл - iшкi дауыс. Iштегi айқай...   * * * Сол тұрағы да, сұрауы да жоқ көше кезген сабалақ жүн, қаңғыбас қара мысық пен момын үй қоянынан туған беймәлiм мақұлық өсе келе өзгеше мiнез көрсеттi. Қорғансыз, әлжуаз үй қояндарын қып-қызыл қанға бөктiрдi. Көрмеген құқайын үй қояндары содан көрдi... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ақын Темiрхан Медетбекке!

Тұрағы тұрмақ сұрауы да жоқ, жердiң шұңғылы мен үңгiрiн қоймай шарлаған сабалақ жүн, қаңғыбас қара мысық күндердiң күнiнде... үй қоянымен ойда-жоқта кездесiп  қалыпты да, момын қоянмен өп-өтiрiк мұңдас болып алып, қасынан шықпай, содан кейiн олардың арасы тым жақындай түсiптi. Сөйте-сөйте бiр-бiрiне бой үйретiп алыпты да, ақыр соңында қаңғыбас мысық қоянмен мауығып тыныпты...

Мiне, сөйтiп осынау сiз бен бiз келген, сiз бен бiз де өтетiн фәни жалғанға қаңғыбас мысық пен үй қоянынан туған жаңа будан келiптi. Бiрақ оның аты қалай аталатынын... ешкiм де бiлмептi. Беймәлiм жаратылысты қай мақұлыққа жатқызарын бiлмей, талайлар бас қатырыпты. Түсiне алмай, тек бас шайқасыпты.

Ал, беймәлiм мақұлық бәрiбiр жарық жалғанды жалпағынан кешiп, күн санап өсiп келе жатыпты...

                                                       ***

- Қарындас, менi "Волгама" отырыңыз...

Сүп-сүйкiмдi, көзi көкшiл, шашы қызғылт, қыпша бел сары қыз дым деместен жол жиегiнде қалшиып тұр. Таксистiң даусын елең де қылған жоқ.

- Бұл "Волганы" ескi деп менсiнбеуiңiз әбден орынды, әйтсе де ескертiп қояйын, бұның сыртқы түрiне қарамаңыз. Мәселе, оның дүрсiлдей соққан жүрегiнде...

Сары қыз сонда да сүресоқ. Үнсiз.

-Қысқасы, менiң машинам ауыздығымен алысқан анау-мынау иномаркаларыңды артқа тастап кетедi. Оған шүбәңiз болмасын. Келiңiз, отырыңыз...

Қыз осы кезде ғана кiшкене қозғалды да, осылай қарай қадам басты.

- Кәнi, отыра қалыңыз. Барам деген жерiңiзге кәзiр-ақ лып еткiземiн...

Шопыр жiгiт алақанын ысып-ысып қойды.

- Ал... сөйлеңiз...

Қыз аң-таң.

- Не дейсiз?..

- Баратын жерiңiздi сұрап тұрмын.

- Ә-ә...

- Сонымен...

- Тұп-тура тарта берiңiз.

- Түсiнiктi.

Сырты жұпыны көрiнсе де, машинаның моторы ышқынып-ақ тұр екен. Ә дегеннен-ақ гүр-р ете қалды.

"Волга" зулап келе жатыр. Шопыр оқтын-оқтын айна арқылы артта отырған қызға қарап қояды. Қыздың жүзi сынық. Әлдеқандай ой үстiнде. "Адамның бәрi алла-тағаланың жаратылысы. Қара ма, көк пе, сары ма - бәрiбiр... Басы, көзi, қолы, аяғы... бiрдей. Жұмыр басты пенде. Сөйте тұра... бөлiнiп..."

 

Шопыр ендi оның көңiл-күйiн көтерейiн деп анау-мынауды айта бастады.

- Қарындасым, мен өзi туа бiттi таксист емеспiн. Бұл жәй ермек... Кезiнде жұрт қатарлы техникумды да оқып тауысқанмын. Бiрақ... уақыт болса мынау. Техникум тұрмақ, бiлдей университет бiтiргендер де қазiр жұмыс iздеп қаңғып жүр. Сосын...

Айнадан қыз жүзiне тағы да қараған. Ешқандай құбылыс жоқ. Бұның әңгiмесiн тыңдағаны, не тыңдамағаны белгiсiз. Бұрынғы қалпы. "...Адамдар неге бөлiнедi? Неге өйтедi? О баста Адам-Ата мен Хауа-Ана ғана болған, сосын барып... пенделер-р..."

- Содан... не iстеймiн ендi. Үй, бала-шаға... Жеңгең отыр күнде қақсап. "Ақша, ақша" деп... Сосын, дипломды шамаданға бiр-ақ ұрдым да, жұмыс iздеуге шықтым. Әуелi осы қаладағы мекемелердi араладым. Кез-келген жұмысты iстей беремiн дедiм. Бiр мекеменiң басшысы маған: "бiзде қарауылдық орын бос тұр, бiрақ оған сен жарар ма екенсiң" деп күлдi. Мен намыстанып қалдым. "О, не дегенiңiз, қол-аяғым балғадай, сонда сiздiң ойыңызша мен күзетшi де бола алмаймын ба?.."

"Вот, именно".

"Неге?!".

"Себебi, бауырым, бiзде талап өте жоғары. Бұл күзетшiлiк орын, сен ойлағандай, кеш бата келiп, таң атқанша тоныңды жастанып алып, тоңқалаң асып, қорылға басатын жұмыс емес, керiсiнше... Бiздiң мекеменiң сфецификасына орай мұнда келген кiсi физический жан-жақты болғаны абзал."

"Сонда бұл жұмыс..."

"Иә, бауырым, бұл сондай жұмыс. Бiз сенi мұнда қабылдау үшiн мынадай сынақтардан өтесiң: алдымен 20 рет турникке тартыла бiлу керек, сосын 10 рет кiр тасын көтеруiң қажет, сонымен бiрге шапшаңдық, дәлдеп ату... қойшы әйтеуiр осындай-осындай талаптар қоямыз. Ал, ондай сынақтан әлi бiр кiсi  сүрiнбей өтiп көрген емес, қазiргi сенiң жасыңдағы азаматтардың көпшiлiгi, көңiлiңе келмесiн, физический әлсiз..."

Осыны айтқанда мен де ойланып қалдым... Турникке жиырма рет тартылу деген... Оның үстiне кiр тасы... Шапшаңдық... Мергендiк... "Ойбай-ау, мына жұмысыңызға тұру кiшiгiрiм министр болғаннан да қиын екен, қойдым ендеше" дедiм әлгi мекеме басшысына. Басшы қыңқ демедi. "Онда сау болыңыз" дедi маған салқын үнмен. "Сынағыңнан сүрiнбей өтер кiсi таба қоюың  екiталай екен, өмiр бойы қарауылсыз қалмасаң жарар едiң деген қыңырлау жауабыма тiптi көңiл аудармады да. Қызық өзi. Күзетшiлiк жұмысқа сондайлық талап қойып...

Шопыр өзiнен-өзi күлiп алды.

Қыз бәрiбiр үнсiз. Жүзi сынық. "...Тiптi сол өзi... керек десеңiз, оның ағылшын, түрiк, немiс, қазақ... екенiне де байланысты емес қой. Кiм болсаң о бол. Бiрақ неге бөлiнемiз? Арғы түбiмiз - адам емес пе! Ендеше-е..."

- Қарындасым-ау, өзiң тiптi... көңiлсiзсiң ғой... Не болды?

- Жәй...

- Қайда барамыз? Бағытыңыз...

- Тура...

Үлкен көшемен әлi жүрiп келе жатыр. Тек тура, алға дейдi. Қайда баратынын әлi айтқан жоқ. Қыздың жүдеу жүзi шопырға өз қызын еске түсiрттi. Әнебiр жылдары қызының көңiлiне тиiп...

Шопыр ендi оған өз отбасы туралы айта бастады.

- Менiң де бiр ұл, бiр қызым бар, - дедi шопыр. - өлым әлi мектепте, ал қызым... Сол қызы құрғыр кiшкене көңiлге қаяу түсiрiп тұрғаны. Осыдан бiрер жыл бұрын үлкен қалаға оқу iздеп кетiп едi, арада бiр жыл өтпей жатып-ақ үйге бiр бөпе көтерiп келгенi. Мен бiр жақтан, шешесi екiншi жағынан айқайға бастық. "Ойбай-ау, бұл не сұмдық! Ендi ел бетiне қалай қараймыз!.." Оны елең қылып жатқан қызым жоқ. "ұнатпасаңдар" - дейдi бiзге, - "Мен бұл қызылшақаны ауылға, әжеме апарып тастаймын". Соны айтты да, үйден кетiп қалды. Әжесiнiң ауылына... Мiне, қазiр екiншi жыл, баланы, әлгi әкесiз їәм некесiз баланы ауылдағы әжесi бағып жатыр. Мiне, бүгiнгi жастардың тiрлiгi осы. Ар-ұят дегенiңiз... Жо-жоқ, қарағым, бұл сөзiмнiң саған қатысы жоқ. Өз қызыма күйiнгеннен... Көңiлiңе ала көрме. Әй, әйтеуiр бiр тәубе дейтiнiм - осы ауылдағы әжелер аман болсыншы. Солар аман тұрғанда әлi де береке бар, ар-ұят бар. Қазақылық қасиет бар.  Ал, ендi сол арды ойлаған, бәрiнен де адамдық арды жоғары қоя бiлген әжелер мен апалар бұ дүниеден өткен күнi не болар екенбiз? Некесiз туған балаларды жөргекке орай салып, дереу сағырханаға ытқытып... Ой, сұмдық-ай! Сұмдық қой-й...

Айнадан қызға тағы қарады. Сол баяғы қалпы. Жүзi сынық. "... Адамгершiлiк қасиет ол тек бiр ұлтқа ғана тән емес. Ол жалпы адами қасиет. Адам жаратылғалы берi солай болған. Солай бола да бередi. Тек... оны өз ұлтыма ғана тән деп бұра тартатындар тағы да... азшылық топ. Адамдар неге бөлiнедi?.. өлт деп, ұлыс деп..."

Шопыр оған бұл әңгiменiң де ұнамағанын сездi. "Иә, оған менiң отбасымның проблемасы неменеге керек! Әй, өзiм де қызықпын-ау. Қызымның мәселесiн осыған айтып..." Сосын дереу ол сөздi доғарды да, ендi басқа бiрнеңелер айтуға оқталды. Ендi не айтса екен?.. Ә, иә... Айтпақшы, бағана бұл қыз осы "Волгаға" отырғысы келмей... Шамасы, сырты жаман, жұпыны көрiнген соң...

- Сен, қарағым, мына менiң "Волгамды" жұпыны көрiнген соң менсiнбейтiн де шығарсың, - дедi ендi. - Көп кiсiлер солай ойлайды, сөйтiп мұрын шүйiредi. Ал, бiрақ бұл мәшина анау-мынау тулап тұрған иномаркаларыңмен тайталаса алады. Өйткенi бар ғой, бұның аты "Волга" демесең, iшкi құрылысы түп-түгел өзгертiлген. Моторы басқа, жеке-жеке бөлшектерi де өзге машинанiкi... Қысқасы, бұның аты "Ино-Волга"... Көп-п бөлшектерi шетелдiң машинасынiкi... Өзiм құрадым. Өзiм жасадым. Өзiм өзгерттiм. Соңғы жылдардағы жасағаным осы. Сонау 85 жылы су жаңа күйiнде сатып алған едiм, одан берi қанша уақыт өттi. Айтпақшы, сол 85 жылы Горький автозаводында осы "Волганың" миллионыншы саны шығарылды деп жазды кәзиттерде. Бұл "Волга" сол миллионыншы болуы да мүмкiн. Ендi мынау. Темiр тұрмақ адам да тозады. Сосын... Ескi "Волгадан" жүрдек жаңа техника ойлап таптым... Ино-Волга...

Артына тағы да бiр қарап қойды. Қыз осы жолы ғана ептеп қозғала түскендей. Реңi де сәл-пәл өзгергендей ме... "Әрине, жер бетiне жұмыр басты пенде болып келген соң ағылшын қазақты, қазақ немiстi, немiс түрiктi, түрiк қытайды... ұнатып, сонымен араласса... қайтедi екен? Тiптi бiрiгiп, бас қосып, бiрге өмiр кешпекке..."

"Шамасы, машина туралы әңгiме ұнады бiлем..." деп ойлады шопыр.

- Сөйтiп, сiз мiнiп келе жатқан автомашина - кешегi "Волга" емес, тiптi бөлек машина. Бұны қалай деп атасақ та болады. Машинаның бәрiнiң тегi бiр. Тек уақыт өте келе оны жетiлдiрген, дамытқан, жақсы болса екен деген ұмтылыс бәрi де. Менiкi де сондай ниеттiң жемiсi. Бiреулер "құрама машина" деп кемсiте сөйлейдi. Ол дұрыс емес. Не нәрсенi де жақсарту үшiн оған қосымша қосу ежелден бар үрдiс. Одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Ең бастысы - бұл өте жүрдек. Өте шыдамды. Өте төзiмдi...

Тағы да айнаға қараған. Қыз қабағы түсiңкi.

"...Адамдардың түп тегi бiр бола тұра бiр ұлт екiншi ұлтпен қан араластырса, ол неге дүбара болады? Осының өзi... тым тұрпайы түсiнiк қой, сiрә..."

- Машина да тiрi организм. Адам секiлдi. Жамай берсең, жақсара бередi. Кез-келген бөлшектi иiп әкелiп...

- Тоқтатыңыз-з...

Қыздың даусы дiрiлдеп шықты.

Шопыр дереу тежегiштi басты. Қыз қалтасынан ақша суырды да, жүргiзушiге бердi. Сосын ләм деместен есiктен шығып жүре бердi. Шопыр аң-таң. Бүкiл жол бойы өз еркiмен айтқаны бiр-ақ ауыз сөз. Онысы да "Тоқтаңыз" болды... Қызық қыз екен. Қиялилау ма өзi... Қандай әңгiме айтса да, оның көңiлiнен шыға алмағанына қынжылғандай да. Жазығы - сөйлеп отырғаны. Бар сырын, бар ойын ашық айтқаны. Көңiлiн көтерсiн деп едi...

Ол машинасына қайта от бердi де, әрi қарай жүрiп кеттi...

Қыз жол жиегiмен жаяулап, баяу жүрiп келедi. Ойынан жаңағы әңгiмешiл шопырдың сөздерi кетер емес.

"Қазiр жұмыс табу қиын, тiптi дипломың болса да..."

Рас. Бұның да басында бар. Әйтеуiр жөнi дұрыс жұмыс болмай-ақ қойды. Қиналып жүргенi де содан.

"Ауылдағы арды ойлаған, мейiрiмi мол әжелер мен апалар аман болсын, әйтпесе бiз де ендi сәбилердi сағырханаға..."

Қыз көзiне ерiксiз екi тамшы жас үйiрiлдi.

Кiшкентай құлыншағы есiне түстi. Осыдан екi жыл бұрын, туа сала жетiмдер үйiне өткiзiп жiберген кiшкентайы... Ауылда әжесi болса өстер ме едi... Әже қайдан болсын. Әже тұрмақ...

"Бұл "Волга" емес, басқа машина, тiптi атын қалай атасаң да болады... Құрама..."

Сары қыздың басы айналғандай болды. "Волга" ңВолга" емес, басқа-а..."

Көзiнiң алды қарауытып тұр. «Волгаң» Волга" емес... Ал, Ольга..."

Достары ылғи-ақ "осы сенiң атың неге Ольга, неге қазақша емес" дейдi. Кәйтiп қазақша болады! Ольганың әкесi қазақ, ал шешесi марқұм... орыс қызы. Сонда Ольга кiм?.. Әрине, әкесiнiң атында. Қазақпын дейдi өзi... Бiрақ... Шешесiнiң шешесi немка екен. Ал, оның шешесi - полька...

Құлағында ызыңдап әлгiндегi шопыр үнi кетер емес. "Волга" ңВолга" емес... Сонда... Ольга Ольга емес болғаны ма?.. Солай ма?.."

Араласатын құрбы-құрдастарыны" ңсен жартылай қазақсың, дүбарасың" дегенiне құлағы үйренгелi қаш-шан. Оны көңiлiне алмас та едi. Көңiлге алар не бар? Жер бетiндегi барша адам о баста Адам-Ата мен Хауа-Анадан жаратылған. Тек ана жолғы әкесiнiң бiр қылығы... "Мен екiншi рет үйленемiн, бiрақ бұл жолы тек қазақ қызын алуым керек, ұрпағым таза болсын ең болмаса..." дегенi. Ольга үндемеген. Әйтсе де әкесiнi" ңтаза ұрпақ" дегенiн түсiне алмады. Осыдан екi жыл бұрын бiр қазақ жiгiтiмен көңiл жарастырып... қыз тауып едi, әкеден жылы қабақ байқай алмады. Немерем екен-ау деп емiренбедi. Содан... әкенiң салқын қабағын байқаған күйеу бала да бiр күнде жым-жылас жоғалды. Ольга... қала бердi сәбиiмен. Сосын... Сағырханаға...

Жаңағы таксистiң әңгiмесi мен құрама "Волгасы" бұның есiне сол әке сөзiн ерiксiз түсiргенi...

Үндемесе де iшiнде жалын пайда болды. Өз жанын өзi күйдiрердей қуатты жалын. "Мен кiммiн сонда-а?.."

Қыз қыстыға жылап жiбердi. Жанарынан жас парлап ағып жүре бердi...

"Мен кiммiн?.. Кiммiн деймiн өзiмдi? Неге дүбарамын? Менiң жазығым не?.."

Бұл - iшкi дауыс. Iштегi айқай...

  * * *

Сол тұрағы да, сұрауы да жоқ көше кезген сабалақ жүн, қаңғыбас қара мысық пен момын үй қоянынан туған беймәлiм мақұлық өсе келе өзгеше мiнез көрсеттi. Қорғансыз, әлжуаз үй қояндарын қып-қызыл қанға бөктiрдi.

Көрмеген құқайын үй қояндары содан көрдi...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Ұқсас материалдар