ЕХРО - 2017: «Болашақ энергиясы» тақырыбы бүгінгі күні аса өзекті – Армения елшісі

30.11.2012 2710
Қазақстан өткізетін ЕХРО - 2017 халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы аса өзекті. Балама энергия көздерінің маңызды әрі қауіпсіз екені ешбір талас тудырмайды, деп өз пікірін білдірді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы Армения Республикасының елшісі Василий Казарян.   «Бұл үлкен жеңіс. ТМД елдері ішінде Қазақстан тағы да ауыр, бірақ аса құметті жүкті мойнына алып отыр. Біз Қазақстанды қолдадық, Астанаға дауыс бердік. Әлбетте, көрмені өткізу үшін үлкен дайындық керек. Мен Пекинде алты жыл елші болдым. 2010 жылы Шанхайда ЕХРО-ны өткізуге дайындыққа қатыстым. Сондықтан қандай әзірлікті қажет ететінін білемін. Бірақ Қазақстанның сенімді ақтап, биіктен көрінетініне ешбір күмән келтірмеймін», - деді Василий Казарян. Мұнымен қатар Қазақстандағы Армения Республикасының елшісі ЕХРО - 2017 көрмесінің тақырыбы аса өзекті екенін атап өтті. «Болашақ энергиясы» - аса өзекті тақырып. Бұл болашаққа көзқарас. Мен мамандығым бойынша физикпін. Сондықтан мұның маңызын жақсы білемін. Балама энергия көздері аса тиімді әрі қауіпсіз. Жасыл энергетиканы игеру керек. Өйткені, жер шары өзгеріске ұшырауда. Бұл дегеніміз үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалануды үйрену керек деген сөз. Күн, жел энергиясын игеру қажет. Бүкіл әлемнің келешегі балама энергияға байланысты. Бұл біздің өмірімізді жақсартады», - деп толықтырд В.Казарян.

Қазақстан өткізетін ЕХРО - 2017 халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы аса өзекті. Балама энергия көздерінің маңызды әрі қауіпсіз екені ешбір талас тудырмайды, деп өз пікірін білдірді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы Армения Республикасының елшісі Василий Казарян.  

«Бұл үлкен жеңіс. ТМД елдері ішінде Қазақстан тағы да ауыр, бірақ аса құметті жүкті мойнына алып отыр. Біз Қазақстанды қолдадық, Астанаға дауыс бердік. Әлбетте, көрмені өткізу үшін үлкен дайындық керек. Мен Пекинде алты жыл елші болдым. 2010 жылы Шанхайда ЕХРО-ны өткізуге дайындыққа қатыстым. Сондықтан қандай әзірлікті қажет ететінін білемін. Бірақ Қазақстанның сенімді ақтап, биіктен көрінетініне ешбір күмән келтірмеймін», - деді Василий Казарян.

Мұнымен қатар Қазақстандағы Армения Республикасының елшісі ЕХРО - 2017 көрмесінің тақырыбы аса өзекті екенін атап өтті.

«Болашақ энергиясы» - аса өзекті тақырып. Бұл болашаққа көзқарас. Мен мамандығым бойынша физикпін. Сондықтан мұның маңызын жақсы білемін. Балама энергия көздері аса тиімді әрі қауіпсіз. Жасыл энергетиканы игеру керек. Өйткені, жер шары өзгеріске ұшырауда. Бұл дегеніміз үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалануды үйрену керек деген сөз. Күн, жел энергиясын игеру қажет. Бүкіл әлемнің келешегі балама энергияға байланысты. Бұл біздің өмірімізді жақсартады», - деп толықтырд В.Казарян.

Ұқсас материалдар