Ақмола облысында Тұңғыш Президент күні 700-ден астам шара өткізілетін болады

30.11.2012 2055
Ақмола облысында Тұңғыш Президент күні 700-ден астам шара өткізілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне әзірлік шаралары туралы мәселелер жан-жақты сөз болды.  Тұңғыш Президент күні шеңберінде өткізілетін іс-шаралар мазмұны жағынан сан алуан, барлығы 700-ден астам шараны қамтиды. Бұл ретте, облыс әкімі Қайрат Қожамжаров алдымен, осы мерекенің мән-маңызын әрбір қарапайым тұрғынға жеткізудің жөні бір бөлек екендігіне баса тоқталып өтті. Жоспар өте ауқымды. Сондықтан, оны лайықты жүзеге асыра білу керек. Халыққа нақты істер керек. Демек, бұл шараларды ұрандатып емес, барлық адамдардың жүрегіне жететіндей етіп өткізуді ойластыру қажет. «Кеңесте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың жуырда облысымызға жасаған жұмыс сапарының қорытындылары бойынша Степногорск қаласы мен Щучинск-Бурабай курортты аймағын, басқа да осы сияқты көкейкесті мәселелерді қамтитын шаралар жоспары бекітілгендігі, енді сол бойынша нақты жұмыстар жүргізудің маңызы да баса атап көрсетілді»,-деп жазылған хабараламада.

Ақмола облысында Тұңғыш Президент күні 700-ден астам шара өткізілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне әзірлік шаралары туралы мәселелер жан-жақты сөз болды. 

Тұңғыш Президент күні шеңберінде өткізілетін іс-шаралар мазмұны жағынан сан алуан, барлығы 700-ден астам шараны қамтиды. Бұл ретте, облыс әкімі Қайрат Қожамжаров алдымен, осы мерекенің мән-маңызын әрбір қарапайым тұрғынға жеткізудің жөні бір бөлек екендігіне баса тоқталып өтті. Жоспар өте ауқымды. Сондықтан, оны лайықты жүзеге асыра білу керек. Халыққа нақты істер керек. Демек, бұл шараларды ұрандатып емес, барлық адамдардың жүрегіне жететіндей етіп өткізуді ойластыру қажет.

«Кеңесте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың жуырда облысымызға жасаған жұмыс сапарының қорытындылары бойынша Степногорск қаласы мен Щучинск-Бурабай курортты аймағын, басқа да осы сияқты көкейкесті мәселелерді қамтитын шаралар жоспары бекітілгендігі, енді сол бойынша нақты жұмыстар жүргізудің маңызы да баса атап көрсетілді»,-деп жазылған хабараламада.

Ұқсас материалдар