ЕХРО-2017 – Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына серпін береді

30.11.2012 1962
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі – Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына серпін береді. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында қоғам қайраткері Әмзебек Жолшыбеков осындай пікір білдірді. «ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге мүмкіндік алғанымыз дүниежүзілік қауымдастықтың Қазақстанды толық мойындап, үлкен сенім білдіргені. Яғни, мемлекетіміздегі тұрақтылық, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясатқа деген сенімділік екені талас тудырмайды. Жүзден астам мемлекет бірауыздан бізге дауыс берді. Льеж – Еуропаның белгілі тарихи қаласы. Соған қарамастан, әлем елдері Астанаға дауыс берді. Бұл Елбасы саясатына, Қазақстанға, ел халқына берген үлкен баға деп есептеймін», - дейді Ә. Жолшыбеков. Оның айтуынша, ЕХРО - 2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына серпін береді. «Сарапшылардың есебіне қарағанда, көрме өтетін үш айдың ішінде бес миллиондай шетелдіктер келеді екен. Олар өздерінің жаңа жетістіктерін әкеп көрсетеді, Қазақстанды көреді, тұрақтылығын, жайлылығын өз көзімен көріп, инвестициясын әкеледі. Ал бұл біз үшін өте тиімді. Инвесторлар табыс боларына көздері жетпей, экономикаға қаражат құймайды. ЕХРО-2017 өткізе отырып, Қазақстанның, шын мәнінде, жақсы қарқынмен дамып келетінін көрсетуіміз керек. Осылайша, бұл көрмені қазақ елінде өткізу арқылы инвестиция, инновация және дүниежүзілік қауымдастықтың сеніміне ие боламыз», - деп ой білдірді қоғам қайраткері.

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі – Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына серпін береді. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында қоғам қайраткері Әмзебек Жолшыбеков осындай пікір білдірді.

«ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге мүмкіндік алғанымыз дүниежүзілік қауымдастықтың Қазақстанды толық мойындап, үлкен сенім білдіргені. Яғни, мемлекетіміздегі тұрақтылық, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясатқа деген сенімділік екені талас тудырмайды. Жүзден астам мемлекет бірауыздан бізге дауыс берді. Льеж – Еуропаның белгілі тарихи қаласы. Соған қарамастан, әлем елдері Астанаға дауыс берді. Бұл Елбасы саясатына, Қазақстанға, ел халқына берген үлкен баға деп есептеймін», - дейді Ә. Жолшыбеков.

Оның айтуынша, ЕХРО - 2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына серпін береді.

«Сарапшылардың есебіне қарағанда, көрме өтетін үш айдың ішінде бес миллиондай шетелдіктер келеді екен. Олар өздерінің жаңа жетістіктерін әкеп көрсетеді, Қазақстанды көреді, тұрақтылығын, жайлылығын өз көзімен көріп, инвестициясын әкеледі. Ал бұл біз үшін өте тиімді. Инвесторлар табыс боларына көздері жетпей, экономикаға қаражат құймайды. ЕХРО-2017 өткізе отырып, Қазақстанның, шын мәнінде, жақсы қарқынмен дамып келетінін көрсетуіміз керек. Осылайша, бұл көрмені қазақ елінде өткізу арқылы инвестиция, инновация және дүниежүзілік қауымдастықтың сеніміне ие боламыз», - деп ой білдірді қоғам қайраткері.

Ұқсас материалдар