"KeshYou" тобының шындығы

21.10.2013 4157
Эстрадаға жаңа леп әкелген "KeshYou" тобы 2006 жылдың 10 сәуірінде пайда болды. Топтың продюссері – атышулы Баян Есентаева. Топ Маржан, Әнел, Зумрад есімді үш қыздан құралды. Кейін топ құрамы алмасып, Маржанның орнына Мөлдір келді. Одан кейін де топ құрамы біраз өзгеріске ұшырады. 2010 жылы "KeshYou" Қырымдағы "Шығыс базары" фестиваліне қатысып, жүлделі екінші орын алады. "Әдемі қыз", "Сүгірдің термесі" ел ішіне кеңінен таралып, топтың атағы шыға бастаған кезде, Наиля Заитова топтан кетіп, оның орнын Кәмшат Жолдыбаева басады. Продюссер сол уақыттарда өте сәтті шыққан "Коктейль для звезды" фильмін түсіріп, басты рөлді топ құрамындағы Мөлдір Әуелбековаға береді. Ал фильмнің екінші бөлімінің оқиға желісі бойынша, басты рөлдегі Мөлдір Әуелбековаға түрі де, үні де келіскен Жанар Дұғалова бәсекелес болып, фильмнен соң, ел арасында Мөлдір мен Жанар өзара бәсекелес, жақында Мөлдір топтан кетіп, оның орнын Жанар басады деген алып-қашпа сыбыстар тарап кетеді. "KeshYou" тобының бұрынғы құрамы "KeshYou" тобының қазіргі құрамы Алдын ала бәрі шешіліп қойғандай, фильм оқиғасы бір сәтте шынайы шындыққа айналып шыға келіп, фильмнен кейін өте қысқа уақытта Мөлдір Әуелбекова мен Әнел Аринова топтан кетіп, олардың орнын Жанар Дұғалова мен топқа кастинг арқылы келген Айдана Меденова алады. Ал Баян Есентаева неге осы қадамға барғаны туралы тіс жармай, жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Бір айтатыны – олар (Мөлдір мен Әнел) жеке орындаушы жолына түскісі келген. Бірақ топқа сәттілік күліп тұрған кезде, қолынан іс келетін продюссерден өз еркімен еш себепсіз "безуді" сізді қайдам, біз түсіне алмадық. Халық арасында кезінде "KeshYou" тобының жарық жұлдызы болған Мөлдірдің орнын топтың қазіргі жұлдызы Жанар "тартып алған" деген сыбыс әлі бар. Алысқа ұзамай, әлеуметтік желілерді ақтарсақ, Туиттер, ВК желілерінде екі әншінің атынан ашылған парақшалар мен ол жақтағы жазбалар біздің сөзіміздің дәлелі бола алмақ. Мөлдір Әуелбекованың туиттердегі ресми парақшасына көз салып отырған адам оның топтан кейінгі жаңа өмірін көре алады. Мөлдір "KeshYou" туралы да, Баян Есентаева туралы да ләм деген емес. Тіпті, бір күндері "KeshYou" тобының тасын өрге домалатқан әнші "KeshYou"-ді өмірінен сызып тастағандай, ол топта мүлде болмағандай әсер қалдырады. Сәйкесінше, Баян Есентаева да туиттердегі, инстаграмдағы ресми парақшасына Әнелдің суретін жүктегенімен, Мөлдірдің мекенжайына бағытталған бірде-бір туит, бірде-бір сурет салған емес. Соған қарап, Мейрамбек Беспаев басты рөлін сомдаған фильмнің оқиғасы расымен де шындыққа жанаса ма деп қаласың. Өз ойымыз өзіміздікі. Не десек те, нақты жағдай Баян мен Баянның қуыршақтарына ғана мәлім... Бүгінде "KeshYou" тобының дәурені дүркіреп тұр десек, артық айтқанымыз емес. Қоржындары қомақты. "Қазақтың қыздары", "Асықпа", "Туған жер" атты хит әндері бар. Ал сізге топтың қай құрамы ұнайды?   Мейіргүл Оңғарова, "Массагет"  

Эстрадаға жаңа леп әкелген "KeshYou" тобы 2006 жылдың 10 сәуірінде пайда болды. Топтың продюссері – атышулы Баян Есентаева. Топ Маржан, Әнел, Зумрад есімді үш қыздан құралды. Кейін топ құрамы алмасып, Маржанның орнына Мөлдір келді. Одан кейін де топ құрамы біраз өзгеріске ұшырады.

2010 жылы "KeshYou" Қырымдағы "Шығыс базары" фестиваліне қатысып, жүлделі екінші орын алады. "Әдемі қыз", "Сүгірдің термесі" ел ішіне кеңінен таралып, топтың атағы шыға бастаған кезде, Наиля Заитова топтан кетіп, оның орнын Кәмшат Жолдыбаева басады.

Продюссер сол уақыттарда өте сәтті шыққан "Коктейль для звезды" фильмін түсіріп, басты рөлді топ құрамындағы Мөлдір Әуелбековаға береді. Ал фильмнің екінші бөлімінің оқиға желісі бойынша, басты рөлдегі Мөлдір Әуелбековаға түрі де, үні де келіскен Жанар Дұғалова бәсекелес болып, фильмнен соң, ел арасында Мөлдір мен Жанар өзара бәсекелес, жақында Мөлдір топтан кетіп, оның орнын Жанар басады деген алып-қашпа сыбыстар тарап кетеді.


"KeshYou" тобының бұрынғы құрамы "KeshYou" тобының қазіргі құрамы
Алдын ала бәрі шешіліп қойғандай, фильм оқиғасы бір сәтте шынайы шындыққа айналып шыға келіп, фильмнен кейін өте қысқа уақытта Мөлдір Әуелбекова мен Әнел Аринова топтан кетіп, олардың орнын Жанар Дұғалова мен топқа кастинг арқылы келген Айдана Меденова алады. Ал Баян Есентаева неге осы қадамға барғаны туралы тіс жармай, жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Бір айтатыны – олар (Мөлдір мен Әнел) жеке орындаушы жолына түскісі келген. Бірақ топқа сәттілік күліп тұрған кезде, қолынан іс келетін продюссерден өз еркімен еш себепсіз "безуді" сізді қайдам, біз түсіне алмадық.

Халық арасында кезінде "KeshYou" тобының жарық жұлдызы болған Мөлдірдің орнын топтың қазіргі жұлдызы Жанар "тартып алған" деген сыбыс әлі бар. Алысқа ұзамай, әлеуметтік желілерді ақтарсақ, Туиттер, ВК желілерінде екі әншінің атынан ашылған парақшалар мен ол жақтағы жазбалар біздің сөзіміздің дәлелі бола алмақ.

Мөлдір Әуелбекованың туиттердегі ресми парақшасына көз салып отырған адам оның топтан кейінгі жаңа өмірін көре алады. Мөлдір "KeshYou" туралы да, Баян Есентаева туралы да ләм деген емес. Тіпті, бір күндері "KeshYou" тобының тасын өрге домалатқан әнші "KeshYou"-ді өмірінен сызып тастағандай, ол топта мүлде болмағандай әсер қалдырады. Сәйкесінше, Баян Есентаева да туиттердегі, инстаграмдағы ресми парақшасына Әнелдің суретін жүктегенімен, Мөлдірдің мекенжайына бағытталған бірде-бір туит, бірде-бір сурет салған емес.

Соған қарап, Мейрамбек Беспаев басты рөлін сомдаған фильмнің оқиғасы расымен де шындыққа жанаса ма деп қаласың.

Өз ойымыз өзіміздікі. Не десек те, нақты жағдай Баян мен Баянның қуыршақтарына ғана мәлім...

Бүгінде "KeshYou" тобының дәурені дүркіреп тұр десек, артық айтқанымыз емес. Қоржындары қомақты. "Қазақтың қыздары", "Асықпа", "Туған жер" атты хит әндері бар.

Ал сізге топтың қай құрамы ұнайды?

 

Мейіргүл Оңғарова, "Массагет"

 

Ұқсас материалдар