Рахманқұл Бердібайдың тіл туралы айтқан ой-толғамдары

16.10.2013 1723
«Халқымыздың күрделі бөлегі ана тілін шала, не мүлде білмейтіні қасіреттің ең үлкені демеске болмайды». *** «Дүниедегі баға жетпес асылымыз, мәңгілік қазынамыз – ана тіліміз ресми түрде мемлекеттік тіл мәртебесін алғанмен, қадір білмес қаскүнем дұшпандар мен өз ішімізден шыққан аты қазақ, заты дүбәралардың, намыссыз мансапқорлардың кесірінен жылдар бойы қақпақылға түсіп келеді». *** «Дүниежүзіндегі ең бай, ең сұлу, жетілген тілдердің бірі екенін әлемнің озық ойлы жұртшылығы әлдеқашан мойындаған, екі жарым мың жылдық тарихы бар қазақ елінің тілі өз жерінде өгей боларлық қандай қисыны бар еді?» *** «Тіліміздің ауыр дертке шалдығып, елдік намыстың аяқ асты болған шағында қайта құрудың шипалы самалы ескеніне қуаныштымыз». *** «Әр халық ең алдымен, өз тілін өзі қадірлеуі керек. Онсыз іс алға баспайды». *** «Көзқамандар ең алдымен, өз халқының тілін білмейтін, оны жат санайтын, іңгәлап дүниеге келгеннен ер жеткенге дейін басқа түсінік, пиғылда тәрбиеленген жандардан шығады». *** «Мемлекет тілін білмейтін, қадірлемейтіндер жауапты қызметке қойылмасын деген талапты қазірден бастап қатаң жүргізу, басқа тілде сөйлеп, қазақты жарылқайды деген алдамшы түсініктен арылу абзал». *** «Өзінің ата-бабасының жерінде өгей болып келген қазақ халқының, шынтуайттап келгенде, азғантай ғана талабы, өз тілінде балабақша, мектепті көбейту, жоғары оқу орындарында ұлттық бөлімдер ашу, оқулықтар мен ғылыми терминология жасау, ісқағазын жүргізу секілді қажеттерді іске асыруға деген табиғи ұмтылысы неге соншалық ел естімеген «күпірлік» болып көрінуге тиіс?» *** «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғаны – оның табиғи құқы. Өйткені ол – республиканың негізгі ұлтының, тәуелсіз мемлекеттің тілі». *** «Дүниедегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның кең тыныспен табиғи дамуы ұлт ретінде өмір кешуіміздің аса қажетті шарты екенін басшымыздан қосшымызға дейін мойындап, оны сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындағанда ғана ілгері басамыз… Сол үшін бүгінгі таңда «ана тілі үшін күрес – ұлт келешегі үшін күрес» деген сөздер сарқылмас қуат беретін ортақ ұранымыз болсын». *** «Қазіргі таңда ана тіліміз өзінің сан ғасырлық даму, толысу сапарында кездеспеген жолайрық, сын кезеңінде тұр. Тіл тағдырының қыл мойынға жеткені соншалық, ендігі жерде оны әлеуметтік, тарихи жағдайлардың салдарынан туған ауыр дерттен айықтыру, қайта жандандыру мәселесі бірінші дәрежедегі қажеттілікке айналды». Дандай Ысқақұлы

«Халқымыздың күрделі бөлегі ана тілін шала, не мүлде білмейтіні қасіреттің ең үлкені демеске болмайды».
***
«Дүниедегі баға жетпес асылымыз, мәңгілік қазынамыз – ана тіліміз ресми түрде мемлекеттік тіл мәртебесін алғанмен, қадір білмес қаскүнем дұшпандар мен өз ішімізден шыққан аты қазақ, заты дүбәралардың, намыссыз мансапқорлардың кесірінен жылдар бойы қақпақылға түсіп келеді».
***
«Дүниежүзіндегі ең бай, ең сұлу, жетілген тілдердің бірі екенін әлемнің озық ойлы жұртшылығы әлдеқашан мойындаған, екі жарым мың жылдық тарихы бар қазақ елінің тілі өз жерінде өгей боларлық қандай қисыны бар еді?»
***
«Тіліміздің ауыр дертке шалдығып, елдік намыстың аяқ асты болған шағында қайта құрудың шипалы самалы ескеніне қуаныштымыз».
***
«Әр халық ең алдымен, өз тілін өзі қадірлеуі керек. Онсыз іс алға баспайды».
***
«Көзқамандар ең алдымен, өз халқының тілін білмейтін, оны жат санайтын, іңгәлап дүниеге келгеннен ер жеткенге дейін басқа түсінік, пиғылда тәрбиеленген жандардан шығады».
***
«Мемлекет тілін білмейтін, қадірлемейтіндер жауапты қызметке қойылмасын деген талапты қазірден бастап қатаң жүргізу, басқа тілде сөйлеп, қазақты жарылқайды деген алдамшы түсініктен арылу абзал».
***
«Өзінің ата-бабасының жерінде өгей болып келген қазақ халқының, шынтуайттап келгенде, азғантай ғана талабы, өз тілінде балабақша, мектепті көбейту, жоғары оқу орындарында ұлттық бөлімдер ашу, оқулықтар мен ғылыми терминология жасау, ісқағазын жүргізу секілді қажеттерді іске асыруға деген табиғи ұмтылысы неге соншалық ел естімеген «күпірлік» болып көрінуге тиіс?»
***
«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғаны – оның табиғи құқы. Өйткені ол – республиканың негізгі ұлтының, тәуелсіз мемлекеттің тілі».
***
«Дүниедегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның кең тыныспен табиғи дамуы ұлт ретінде өмір кешуіміздің аса қажетті шарты екенін басшымыздан қосшымызға дейін мойындап, оны сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындағанда ғана ілгері басамыз… Сол үшін бүгінгі таңда «ана тілі үшін күрес – ұлт келешегі үшін күрес» деген сөздер сарқылмас қуат беретін ортақ ұранымыз болсын».
***
«Қазіргі таңда ана тіліміз өзінің сан ғасырлық даму, толысу сапарында кездеспеген жолайрық, сын кезеңінде тұр. Тіл тағдырының қыл мойынға жеткені соншалық, ендігі жерде оны әлеуметтік, тарихи жағдайлардың салдарынан туған ауыр дерттен айықтыру, қайта жандандыру мәселесі бірінші дәрежедегі қажеттілікке айналды».

Дандай Ысқақұлы

Ұқсас материалдар