Рахманқұл Бердібай туралы

16.10.2013 2701
Рахманқұл Бердібай (02.12.1927 – 03.04.2012) 1927 жылы 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының Ихан кентіне жақын Көкіш ауылында өмірге келген. Ащысайда орта мектепті бітіріп, Түркістан педагогикалық училищесінде оқиды. 1945-1946 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, 1948-1949 жылдары Қызылорда педагогикалық университетінде, 1953-1954 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқиды. Ащысай кенішінің нормалаушысы (1944-1945), осындағы орта мектепте мұғалім (1946-1948), Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал, Ильич, Фрунзе аудандарында орта мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің инспекторы болып жұмыс істейді. 1955-1959 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1961-1968 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 1968-1970 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты хатшысы, 1973-1997 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі, 1997 жылдан өмірінің соңына дейін Түркістандағы Ахмет Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор, кафедра меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер міндеттерін атқарды. Ол 34 жыл бойы Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетінің ректоры міндетін қоғамдық негізде атқарды. 1961 жылы «Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы» тақырыбында кандидаттық, 1970 жылы «Қазақ романдарының негізгі теориялық проблемалары» бойынша докторлық диссертациялар қорғаған. «Қызығым да, рахатым да, қасіретім де – қазақ, қазақтың тарихы, бай мұрасы. Таяқ жейін, мейлі үлесімнен құр қалайын, қазақ үшін істеген әрекетімнің бәрі – қуаныш» Әдебиетке өлеңмен келген Рахманқұл елуінші жылдары әдебиет сыншысы ретінде танылды. Ғалым қазақ әдебиеттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған қырықтай кітап, 1200 мақала жазған. «Әдебиет және өмір» (1964), «Октябрь және қазақ әдебиеті» (1966), «Социалистік реализм туралы» (1966), «Роман және заман» (1967), «Қазақ прозасындағы замандас тұлғасы» (1968), «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы» (1971), «Дәстүр тағылымы» (1973), «Қазақ романы» (1975), «Аңыздан романға» (орыс тілінде, 1976), «Ғасырлар толғауы» (1977), «Қазақ тарихи романы» (1979), «Биік парыз» (1980), «Замана сазы» (1985), «Тарихи роман» (1997), «Мұхтар шыңы» (1997) секілді кітаптарында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму, теориялық, шығармашылық проблемалары жайлы қызғылықты байқаулар жасайды. Дәуірдің жазушы шығармашылығына тигізер әсері, социалистік реализм әдісінің көркем әдебиеттегі көрінісі, сюжет пен мінез, замандас бейнесі, жанр сипаттары жайлы толғамды тұжырымдар бар. Ғалымның «Сарқылмас қазына» (1983), «Кәусар бұлақ» (1989), «Қазақ эпосы», «Эпос – ел қазынасы» (1995), «Эпос мұраты» (1997), «Жыршылық дәстүр», «Қазақ түркі эпостарының мәселелері» (2010) сияқты күрделі зерттеулері қазақ халқының аса бай эпостық мұрасының мәселелерін зерттеуге арналған. Ол «Қазақ тарихи жырларының мәселелері», «Фольклор шындығы», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «Қазақ фольклористи­ка­сының тарихы», «Қазақ фольклорының поэтикасы», «Қазақ фольклорының типологиясы» секілді іргелі академиялық зерттеулердің жазылуына жетекшілік жасады, негізгі тарауларын жазысты. Дандай Ысқақұлы

Рахманқұл Бердібай (02.12.1927 – 03.04.2012) 1927 жылы 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының Ихан кентіне жақын Көкіш ауылында өмірге келген. Ащысайда орта мектепті бітіріп, Түркістан педагогикалық училищесінде оқиды. 1945-1946 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, 1948-1949 жылдары Қызылорда педагогикалық университетінде, 1953-1954 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқиды. Ащысай кенішінің нормалаушысы (1944-1945), осындағы орта мектепте мұғалім (1946-1948), Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал, Ильич, Фрунзе аудандарында орта мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің инспекторы болып жұмыс істейді. 1955-1959 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1961-1968 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 1968-1970 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты хатшысы, 1973-1997 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі, 1997 жылдан өмірінің соңына дейін Түркістандағы Ахмет Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор, кафедра меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер міндеттерін атқарды. Ол 34 жыл бойы Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетінің ректоры міндетін қоғамдық негізде атқарды.
1961 жылы «Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы» тақырыбында кандидаттық, 1970 жылы «Қазақ романдарының негізгі теориялық проблемалары» бойынша докторлық диссертациялар қорғаған.

«Қызығым да, рахатым да, қасіретім де – қазақ, қазақтың тарихы, бай мұрасы. Таяқ жейін, мейлі үлесімнен құр қалайын, қазақ үшін істеген әрекетімнің бәрі – қуаныш»

Әдебиетке өлеңмен келген Рахманқұл елуінші жылдары әдебиет сыншысы ретінде танылды. Ғалым қазақ әдебиеттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған қырықтай кітап, 1200 мақала жазған. «Әдебиет және өмір» (1964), «Октябрь және қазақ әдебиеті» (1966), «Социалистік реализм туралы» (1966), «Роман және заман» (1967), «Қазақ прозасындағы замандас тұлғасы» (1968), «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы» (1971), «Дәстүр тағылымы» (1973), «Қазақ романы» (1975), «Аңыздан романға» (орыс тілінде, 1976), «Ғасырлар толғауы» (1977), «Қазақ тарихи романы» (1979), «Биік парыз» (1980), «Замана сазы» (1985), «Тарихи роман» (1997), «Мұхтар шыңы» (1997) секілді кітаптарында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму, теориялық, шығармашылық проблемалары жайлы қызғылықты байқаулар жасайды. Дәуірдің жазушы шығармашылығына тигізер әсері, социалистік реализм әдісінің көркем әдебиеттегі көрінісі, сюжет пен мінез, замандас бейнесі, жанр сипаттары жайлы толғамды тұжырымдар бар. Ғалымның «Сарқылмас қазына» (1983), «Кәусар бұлақ» (1989), «Қазақ эпосы», «Эпос – ел қазынасы» (1995), «Эпос мұраты» (1997), «Жыршылық дәстүр», «Қазақ түркі эпостарының мәселелері» (2010) сияқты күрделі зерттеулері қазақ халқының аса бай эпостық мұрасының мәселелерін зерттеуге арналған. Ол «Қазақ тарихи жырларының мәселелері», «Фольклор шындығы», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «Қазақ фольклористи­ка­сының тарихы», «Қазақ фольклорының поэтикасы», «Қазақ фольклорының типологиясы» секілді іргелі академиялық зерттеулердің жазылуына жетекшілік жасады, негізгі тарауларын жазысты.

Дандай Ысқақұлы

Ұқсас материалдар