Шетелдік ғалымдар Қазақстанда петроглифтер салынған монеталардың соғылатынына таңғалды

09.10.2013 2309
Шетелдік ғалымдар Қазақстанда петроглифтер салынған монеталардың соғылатынына таңғалды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесінің ашылуына орай өткен баспасөз мәслихатында Хакасиядан келген физика-математика ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы, тарихшы Сергей Нарылков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақстанда жартасқа жазу өнерін дәріптеу жоғары деңгейде жүргізіледі. Мұнда альбомдар шығарылады, көрмелер өткізіледі, ал ең таңғалдыратыны – монеталар соғылады. Менің ғаламтордан оқып-көргенім, Қазақстанда соғылған номиналы 500 теңгелік 10 коллекциялық күміс монетада Тамғалы шатқалындағы белгілі петроглифтер салынған. Бұл әлемдегі әйгілі шатқалды ЮНЕСКО бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізді», - деді Сергей Нарылков. «Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесінде Сергей Нарылков бірегей экспонаттарды жұртшылық назарына ұсынбақшы. «Ежелгі адамдар өз ойын, сезімін, дүниетанымын осы тас бетіндегі суреттер арқылы беру амалын ойлап тапты. Бұл біздің түрік ата-бабаларымыздың тастағы шежіресі, ол бізге бүгінгі күнге жетіп отыр. Бұл байлық, оны сіздерде, Қазақстанда кеңінен пайдалану қажет. Ол президенттік бағдарлама аясында қолдау тауып отырғаны қуантады. Меніңше, ешбір елде тастағы петроглифтер салынған монета соғылмайды», - деп отыр шетелдік тарихшы.

Шетелдік ғалымдар Қазақстанда петроглифтер салынған монеталардың соғылатынына таңғалды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесінің ашылуына орай өткен баспасөз мәслихатында Хакасиядан келген физика-математика ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы, тарихшы Сергей Нарылков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстанда жартасқа жазу өнерін дәріптеу жоғары деңгейде жүргізіледі. Мұнда альбомдар шығарылады, көрмелер өткізіледі, ал ең таңғалдыратыны – монеталар соғылады. Менің ғаламтордан оқып-көргенім, Қазақстанда соғылған номиналы 500 теңгелік 10 коллекциялық күміс монетада Тамғалы шатқалындағы белгілі петроглифтер салынған. Бұл әлемдегі әйгілі шатқалды ЮНЕСКО бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізді», - деді Сергей Нарылков.

«Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесінде Сергей Нарылков бірегей экспонаттарды жұртшылық назарына ұсынбақшы.

«Ежелгі адамдар өз ойын, сезімін, дүниетанымын осы тас бетіндегі суреттер арқылы беру амалын ойлап тапты. Бұл біздің түрік ата-бабаларымыздың тастағы шежіресі, ол бізге бүгінгі күнге жетіп отыр. Бұл байлық, оны сіздерде, Қазақстанда кеңінен пайдалану қажет. Ол президенттік бағдарлама аясында қолдау тауып отырғаны қуантады. Меніңше, ешбір елде тастағы петроглифтер салынған монета соғылмайды», - деп отыр шетелдік тарихшы.

Ұқсас материалдар