Дін (Усулид-дин) және Фиқһ әдістемесіне қатысты еңбектері

08.10.2013 2718
Әбу Юсуф (182/798), Әбу Мұхаммед (189/805), Имам Шафиғи (204/819) секілді әдістемеге қатысты еңбектер жазған ғұламалардың бірі имам Матуриди. Оның әдістеме ғылымына қатысты бірқатар еңбектерін төмендегіше атап көрсетуге болады: «Китабу Мәһази-ш Шарай фи Усули-д-дин», «Китабу Мәһази-ш Шарай фи Усули-л фиқһ». «Китабу-л Жәдал фи усули-л фиқһ», «Китабу-л Усул» немесе «Усулу-л фиқһ». «әт-Тәһзиб фи Шәрхи-л Жамии-с Сағир». Кәләм ғылымына қатысты еңбектері: «Китабу бәяни уәһми-л – муътазилә» (Муғтазилердің қиялын баяндау кітабы), «Китабу-л рәдди әуаилил-Әдилла ли-л Каъби» (Кағбидің «Дәлелдердің әуелгісі» атты еңбегіне қарсы жауап кітабы), «Китабу рәдди тахзиби-л жәдал ли-л Каъби» (Кағбидің «Таласты түзету» атты еңбегіне қарсы жауап кітабы), «Рәдду китаб уаиди-л фуссақ ли-л Каъби» (Кағбидің «Пасықтардың барар орны» атты кітабына қарсы жауап), «Рәдду-л усули-л хамса ли Әби Мухаммад әл-Баһили» (Әбу Мухаммад әл-Баһилидің «Бес негіз (принцип)» атты кітабына қарсы жауап), «Китабу-р әр-Рәдду әла-л Қарамита» (Қарамиттерге қарсы жауап), «Китабу-р Рәдд әла-л Усули-л Карамита» (Қарамиттердің әдістемесіне қарсы жауап) «Рәдду Китаби-л Имәма ли Бадир Рауафид» (Бадир Рауафидтің имамдық кітабына қарсы жауап), «Китабу-л – мақалат» (мақалалар кітабы), «Китабу-т Таухид» (таухид – Аллаһты бір деп тану кітабы). Матуридидің ақидаға байланысты сақталып қалған кітабы – «Китабу-т Таухид». Бұл еңбектің жалғыз нұсқасы Кэмбридж университетінің кітапханасында сақтаулы. Мысыр Александрия университеті, философия ғылымдарының докторы, профессор Фатхулла Хуләйф 1970 жылы Бейрутта еңбекті өңдеп басып шықты. Еңбек ерте кездегі ақида іліміне байланысты маңызды мәліметтерді жеткізумен бағалы. Матуриди онда сол кездегі пікірталастар мен талқыланған күрделі мәселелерді жүйелі түрде жазып қалдырған. Неміс зерттеушісі Ульрих Рудольф бұл кітаптың құндылығымен қатар өзіндік қиындықтарын да, яғни тілдік күрделілігін, еңбектің толықтай сақталмағандығын, бұдан да кең көлемде болуы мүмкін екенін алға тартқан. Десе де, имам Матуридидің күнімізге дейін жеткен осы еңбегінен-ақ оның кәлам, тәпсір, мәзһабтар тарихы, құқық және методикасы ғылымдары бойынша терең білім игергендігін байқауға болады. Дереккөздерде ғалымның басқа да еңбектері бар екендігі аталады. Бірақ көпшілігінің анық Имам Матуридидікі екендігі турасында түрлі болжам айтылады. Қалмахан Ержан, Теология ғылымдарының докторы, дінтанушы

Әбу Юсуф (182/798), Әбу Мұхаммед (189/805), Имам Шафиғи (204/819) секілді әдістемеге қатысты еңбектер жазған ғұламалардың бірі имам Матуриди. Оның әдістеме ғылымына қатысты бірқатар еңбектерін төмендегіше атап көрсетуге болады:

  • «Китабу Мәһази-ш Шарай фи Усули-д-дин»,
  • «Китабу Мәһази-ш Шарай фи Усули-л фиқһ».
  • «Китабу-л Жәдал фи усули-л фиқһ»,
  • «Китабу-л Усул» немесе «Усулу-л фиқһ».
  • «әт-Тәһзиб фи Шәрхи-л Жамии-с Сағир».

Кәләм ғылымына қатысты еңбектері:

  • «Китабу бәяни уәһми-л – муътазилә» (Муғтазилердің қиялын баяндау кітабы),
  • «Китабу-л рәдди әуаилил-Әдилла ли-л Каъби» (Кағбидің «Дәлелдердің әуелгісі» атты еңбегіне қарсы жауап кітабы),
  • «Китабу рәдди тахзиби-л жәдал ли-л Каъби» (Кағбидің «Таласты түзету» атты еңбегіне қарсы жауап кітабы),
  • «Рәдду китаб уаиди-л фуссақ ли-л Каъби» (Кағбидің «Пасықтардың барар орны» атты кітабына қарсы жауап),
  • «Рәдду-л усули-л хамса ли Әби Мухаммад әл-Баһили» (Әбу Мухаммад әл-Баһилидің «Бес негіз (принцип)» атты кітабына қарсы жауап),
  • «Китабу-р әр-Рәдду әла-л Қарамита» (Қарамиттерге қарсы жауап),
  • «Китабу-р Рәдд әла-л Усули-л Карамита» (Қарамиттердің әдістемесіне қарсы жауап)
  • «Рәдду Китаби-л Имәма ли Бадир Рауафид» (Бадир Рауафидтің имамдық кітабына қарсы жауап),
  • «Китабу-л – мақалат» (мақалалар кітабы),
  • «Китабу-т Таухид» (таухид – Аллаһты бір деп тану кітабы).

Матуридидің ақидаға байланысты сақталып қалған кітабы – «Китабу-т Таухид». Бұл еңбектің жалғыз нұсқасы Кэмбридж университетінің кітапханасында сақтаулы. Мысыр Александрия университеті, философия ғылымдарының докторы, профессор Фатхулла Хуләйф 1970 жылы Бейрутта еңбекті өңдеп басып шықты. Еңбек ерте кездегі ақида іліміне байланысты маңызды мәліметтерді жеткізумен бағалы. Матуриди онда сол кездегі пікірталастар мен талқыланған күрделі мәселелерді жүйелі түрде жазып қалдырған. Неміс зерттеушісі Ульрих Рудольф бұл кітаптың құндылығымен қатар өзіндік қиындықтарын да, яғни тілдік күрделілігін, еңбектің толықтай сақталмағандығын, бұдан да кең көлемде болуы мүмкін екенін алға тартқан.

Десе де, имам Матуридидің күнімізге дейін жеткен осы еңбегінен-ақ оның кәлам, тәпсір, мәзһабтар тарихы, құқық және методикасы ғылымдары бойынша терең білім игергендігін байқауға болады.

Дереккөздерде ғалымның басқа да еңбектері бар екендігі аталады. Бірақ көпшілігінің анық Имам Матуридидікі екендігі турасында түрлі болжам айтылады.

Қалмахан Ержан,
Теология ғылымдарының докторы, дінтанушы

Ұқсас материалдар