Н.Назарбаев саясатқа бірқатар түбегейлі жаңалықтар алып келді – Жұмағұлов

29.11.2012 1330
Н.Ә. Назарбаев саясатқа бірқатар түбегейлі жаңалықтар алып келді, оның бірі – Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Президент тұлғасының рөлін біз стратегиялық жоспарлау және стратегиялық жоспарларды іске асыруды қамтамасыз ету секілді мемлекеттің базалық функциялармен байланыстырамыз. Олар Нұрсұлтан Әбішұлының кең ауқымды жумыстарының бірқатарында шоғырланған. Ең алдымен, бұл – жаңа Конституция. Ол реформалардың іргесін қалап, Н. Ә. Назарбаевтың шынайы туындысына айналды. Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткен шеберлікпен байыпталған бағыт – біздің мемлекеттің негізін қалаған тұлғаның ұлы жетістіктерінің бірі. Әлемде бүгін аласапыран болып жатқанына қарамастан, елде тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қамтамасыз етілді», - деді Жұмағұлов. Өз сөзінде ол «Қазақстан -2030» стратегиясыының маңыздылығына тоқталып, қазіргі таңда қазақстандықтардың дүниетанымы мүлдем өзгерген елде өмір сүріп жатқандығын алға тартты. «Н.Ә. Назарбаев саясатқа бірқатар түбегейлі жаңалықтар алып келді, оның бірі – Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары. Жолдаулар басқа елдерде де қолданылады, бірақ олар әдетте міндеттердің белгілі бір шеңберінен аспайды да, жоғарғы заңдылық органға ғана арналады. Ал Қазақстанда мемлекет басшысының жолдаулары бүкіл халыққа арналады, онда бүкіл елдің алдына міндеттер қойылады.Ең бастысы – Елбасы бүкіл қазақстандықтарды өзінің сенімді мүдделестері мен реформаларын қоса жасаушы авторларының деңгейіне дейін көтереді. Мұндай механизм біздің ұмтылыстарымыздың бірлігі мен басқа да билік әрекеттерінің нақты келісімін қамтамасыз етеді. Осының арқасында экономиканы түбегейлі өзгертудің сәтті мүмкіндігі туды. Президент Назарбаев экономикалық парадигманың принципті өзгеруіне ықпал етті, әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған нарықты экономиканың тұжырымдамасы жасаланды. Бұл әлеуметтік бағдар жаңа Қазақстанның басты принциптерінің бірі болып қалып отыр», - деп қосты ол.

Н.Ә. Назарбаев саясатқа бірқатар түбегейлі жаңалықтар алып келді, оның бірі – Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Президент тұлғасының рөлін біз стратегиялық жоспарлау және стратегиялық жоспарларды іске асыруды қамтамасыз ету секілді мемлекеттің базалық функциялармен байланыстырамыз. Олар Нұрсұлтан Әбішұлының кең ауқымды жумыстарының бірқатарында шоғырланған. Ең алдымен, бұл – жаңа Конституция. Ол реформалардың іргесін қалап, Н. Ә. Назарбаевтың шынайы туындысына айналды. Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткен шеберлікпен байыпталған бағыт – біздің мемлекеттің негізін қалаған тұлғаның ұлы жетістіктерінің бірі. Әлемде бүгін аласапыран болып жатқанына қарамастан, елде тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қамтамасыз етілді», - деді Жұмағұлов.

Өз сөзінде ол «Қазақстан -2030» стратегиясыының маңыздылығына тоқталып, қазіргі таңда қазақстандықтардың дүниетанымы мүлдем өзгерген елде өмір сүріп жатқандығын алға тартты.

«Н.Ә. Назарбаев саясатқа бірқатар түбегейлі жаңалықтар алып келді, оның бірі – Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары. Жолдаулар басқа елдерде де қолданылады, бірақ олар әдетте міндеттердің белгілі бір шеңберінен аспайды да, жоғарғы заңдылық органға ғана арналады. Ал Қазақстанда мемлекет басшысының жолдаулары бүкіл халыққа арналады, онда бүкіл елдің алдына міндеттер қойылады.Ең бастысы – Елбасы бүкіл қазақстандықтарды өзінің сенімді мүдделестері мен реформаларын қоса жасаушы авторларының деңгейіне дейін көтереді. Мұндай механизм біздің ұмтылыстарымыздың бірлігі мен басқа да билік әрекеттерінің нақты келісімін қамтамасыз етеді. Осының арқасында экономиканы түбегейлі өзгертудің сәтті мүмкіндігі туды. Президент Назарбаев экономикалық парадигманың принципті өзгеруіне ықпал етті, әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған нарықты экономиканың тұжырымдамасы жасаланды. Бұл әлеуметтік бағдар жаңа Қазақстанның басты принциптерінің бірі болып қалып отыр», - деп қосты ол.

Ұқсас материалдар