Елбасы жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты – Жұмағұлов

29.11.2012 1555
Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Планетарлық деңгейдегі саясаткер ретінде Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті зор құрметке бөленді. Халықаралық деңгейдегі ұсыныстары қолдау тапты. Мемлекет басшысы үшін қоғамның қозғаушы күші халық болып табылады. Сондықтан да билікке келген күннен бастап Елбасы қызметінің өзегі – халықтың кемел болашағы. Оларды әлеуметтік жағынан қорғау мақсаттарына бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаев халық жүрегінің тынысын басшылыққа алды», - деді Б.Жұмағұлов. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз еткен Мемлекет басшысының Қазақстан халықы Ассамблеясын құру, Семей сынақ полигонын жабу, жаһандық ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсынысы сынды атқарған жұмыстарын ерекше атап өтті. «Әлем халқы Қазақстан басшысының ұлы бастамасына қолдау көрсетті.Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дара саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты. Қазақстан кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды, Еуропаның төріне шықты, діни толеранттылыққа қол жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев халықтан шыққан, шынайы халық көсемі, ірі саяси тұлға!», - деп толықтырды ол.

Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Планетарлық деңгейдегі саясаткер ретінде Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті зор құрметке бөленді. Халықаралық деңгейдегі ұсыныстары қолдау тапты. Мемлекет басшысы үшін қоғамның қозғаушы күші халық болып табылады. Сондықтан да билікке келген күннен бастап Елбасы қызметінің өзегі – халықтың кемел болашағы. Оларды әлеуметтік жағынан қорғау мақсаттарына бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаев халық жүрегінің тынысын басшылыққа алды», - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз еткен Мемлекет басшысының Қазақстан халықы Ассамблеясын құру, Семей сынақ полигонын жабу, жаһандық ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсынысы сынды атқарған жұмыстарын ерекше атап өтті.

«Әлем халқы Қазақстан басшысының ұлы бастамасына қолдау көрсетті.Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дара саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты. Қазақстан кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды, Еуропаның төріне шықты, діни толеранттылыққа қол жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев халықтан шыққан, шынайы халық көсемі, ірі саяси тұлға!», - деп толықтырды ол.

Ұқсас материалдар