Алматыда Тұңғыш Президент Күніне орай ҚазҰАУ студенттері «Елбасы - Мақтанышым, Бәйтерегім&raqu

27.11.2012 2419
Алматыда Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (ҚазҰАУ) Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай «Болашақ кілті-білімде» салтанатты шарасын өткізеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.  «Шараның басында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы, оның ҚазҰАУ- ға келген кезі туралы фильм көрсетіледі. Барлық мерекелік шаралар «Елбасы - Мақтанышым, Бәйтерегім» ұранымен өтеді», - деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар. Салтанатты шара 2012 жылғы 28 қарашада сағат 17:00- де өтеді. Жүздеген өнерпаз Президентке арнап өнерлерін ортаға салады. Концертке студенттермен қатар оқытушылар, қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. ҚР Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге Парламент Мәжілісінің депутататтары, Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекеттік қайраткерлер, білім, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысады.

Алматыда Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (ҚазҰАУ) Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай «Болашақ кілті-білімде» салтанатты шарасын өткізеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі. 

«Шараның басында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы, оның ҚазҰАУ- ға келген кезі туралы фильм көрсетіледі. Барлық мерекелік шаралар «Елбасы - Мақтанышым, Бәйтерегім» ұранымен өтеді», - деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.

Салтанатты шара 2012 жылғы 28 қарашада сағат 17:00- де өтеді. Жүздеген өнерпаз Президентке арнап өнерлерін ортаға салады. Концертке студенттермен қатар оқытушылар, қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. ҚР Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге Парламент Мәжілісінің депутататтары, Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекеттік қайраткерлер, білім, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысады.

Ұқсас материалдар