«ТДҰА» ұжымы Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өтті

27.11.2012 2348
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-да Тұңғыш Президент күніне орай Президенттің кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, Елбасының қызметіне арналған фотокөрме назарға ұсынылды, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Агенттік басқармасы төрағасы Айдын Құлсейітов пен басқарма бастығы орныбасары Әнуарбек Сұлтанғазин ұжым алдында сөз сөйлеп, елбасының еңбегі туралы баяндама жасады. Одан әрі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы жайлы сыр шертетін Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді. Фильм 2011 жылдың сәуірінде жарық көрген.  Естеріңізге саламыз, 2012 жылы Қазақстан алғаш рет Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өтеді. 2011 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл күн мемлекеттік мереке болғандықтан, демалыс күні болып саналады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-да Тұңғыш Президент күніне орай Президенттің кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, Елбасының қызметіне арналған фотокөрме назарға ұсынылды, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Агенттік басқармасы төрағасы Айдын Құлсейітов пен басқарма бастығы орныбасары Әнуарбек Сұлтанғазин ұжым алдында сөз сөйлеп, елбасының еңбегі туралы баяндама жасады.

Одан әрі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы жайлы сыр шертетін Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді. Фильм 2011 жылдың сәуірінде жарық көрген. 

Естеріңізге саламыз, 2012 жылы Қазақстан алғаш рет Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өтеді. 2011 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл күн мемлекеттік мереке болғандықтан, демалыс күні болып саналады.

Ұқсас материалдар