Астаналық студенттер сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында пікірталас өткізді

27.11.2012 2940
Өткен демалыс күндері Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлады BNews.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.  Турнирге қала студенттері қатарынан 100-ден астам дебатер қатысты. Пікірталас британ парламенттік форматы бойынша қазақ және орыс лигасында өткізілді. Пікірсайыс кезінде көптеген маңызды ұсыныстар жасалып, мысалдар келтіріліп, тақырып толығымен ашылды. Сайыс нәтижесі бойынша, қазақ лигасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Оратор» дебат клубының «Көк бөрі командасы» жеңіске жетті. Орыс лигасында Назарбаев Университетінің «BlackSabath» командасы жеңді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды, ал ең үздік командаларға «Бірлік Кубогы» бас сыйлығы тарту етілді. Турнирді ұйымдастырған ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Еркін дала» қоғамдық қоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Оратор» дебат клубы.

Өткен демалыс күндері Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлады BNews.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап. 

Турнирге қала студенттері қатарынан 100-ден астам дебатер қатысты. Пікірталас британ парламенттік форматы бойынша қазақ және орыс лигасында өткізілді.

Пікірсайыс кезінде көптеген маңызды ұсыныстар жасалып, мысалдар келтіріліп, тақырып толығымен ашылды.

Сайыс нәтижесі бойынша, қазақ лигасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Оратор» дебат клубының «Көк бөрі командасы» жеңіске жетті. Орыс лигасында Назарбаев Университетінің «BlackSabath» командасы жеңді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды, ал ең үздік командаларға «Бірлік Кубогы» бас сыйлығы тарту етілді.

Турнирді ұйымдастырған ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Еркін дала» қоғамдық қоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Оратор» дебат клубы.

Ұқсас материалдар