Қазақстандық кинотуындылар Норвегияда көрсетілді

27.11.2012 1637
Осло қаласында қазақстандық кино күндері аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген фильмдердің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Мәдени шара аясында Норвегия астанасында «Синематекет» кинотеатры экрандарында көрермендер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Келін», «Жаужүрек мың бала» және тағы басқа халыққа танымал фильмдерін көрді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.  Шараны Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жыл толуына байланысты Қазақстанның елшілігі норвегия-қазақ мәдени орталығы мен норвегия кино институтымен бірігіп ұйымдастырды.

Осло қаласында қазақстандық кино күндері аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген фильмдердің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәдени шара аясында Норвегия астанасында «Синематекет» кинотеатры экрандарында көрермендер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Келін», «Жаужүрек мың бала» және тағы басқа халыққа танымал фильмдерін көрді», - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Шараны Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жыл толуына байланысты Қазақстанның елшілігі норвегия-қазақ мәдени орталығы мен норвегия кино институтымен бірігіп ұйымдастырды.

Ұқсас материалдар