Тұңғышбай Жаманқұлов. Мейрамбек Бесбаев

11.08.2013 7239
Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы, Әл-Тарази (2.10.1948 ж. т., Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай а.) — актер, режиссер, Қазақстанның халық арт. (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңб. сің. арт.), проф. (1979). Алматы өнер ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік ф-тін бітірген (1973). Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады (1970). 1993 — 2001 ж. осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Ж. Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың “Дала дастанында”), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындасында”), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында), Мырзахмет (Т.Ахтановтың “Жоғалған досында”), Демесін (Д.Исабековтің “Кішкентай ауылында”), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтің “Айман — Шолпан” мен “Қарагөзінде”), Жалмұхан (ұ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың “Абылай ханында”, М.Байсеркеновтің “Абылайдың ақырғы күндерінде”), Әбутәліп (Ш.Айтматовтың “ұасырдан да ұзақ күнінде”), т.б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Ж. ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Ж. еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист (“Отқа оранған Орал”), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр (“Жаушы”), Оразмерген (“Ақырғы аманат”), Болат (“Тарғыл қауын”), Әзімхан (“Қаралы сұлу”), Қайырхан (“Отырардың күйреуі”), Құнанбай (“Жас Абай”) бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. “Отырардың күйреуі” фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл. лауреаты атанды (1992). Ж. режиссер ретінде К.Гоццидің “Турандот ханшайым”, М.ұапаровтың “Тұзды шөл”, Қ.Шахимарданның “Томирис” пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты. Ж. — концерттік ұжым “Тамашаны” алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан пед. қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемл. ун-тінде дәріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді. Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қарашада 1976 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Өмірбаяны Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, [[Меркі]ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі Жібек Жолдасова. Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады. 1994-98 жж. Т .Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолы «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды. 1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Н.Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал "МузАрт" тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен. 2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген. 2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты киноға өз-өзін сомдайды. Фильмография 1991 — «Қоштасқым келмейді» (Нұрсейіт) 2010 — «Ғашық жүрек» (Мейрамбек Беспаев) 2011 — «Ғашық жүрек 2» (Мейрамбек Беспаев) Уикипедия

Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы, Әл-Тарази (2.10.1948 ж. т., Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай а.) — актер, режиссер, Қазақстанның халық арт. (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңб. сің. арт.), проф. (1979). Алматы өнер ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік ф-тін бітірген (1973). Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады (1970). 1993 — 2001 ж. осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Ж. Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың “Дала дастанында”), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындасында”), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында), Мырзахмет (Т.Ахтановтың “Жоғалған досында”), Демесін (Д.Исабековтің “Кішкентай ауылында”), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтің “Айман — Шолпан” мен “Қарагөзінде”), Жалмұхан (ұ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың “Абылай ханында”, М.Байсеркеновтің “Абылайдың ақырғы күндерінде”), Әбутәліп (Ш.Айтматовтың “ұасырдан да ұзақ күнінде”), т.б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Ж. ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Ж. еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист (“Отқа оранған Орал”), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр (“Жаушы”), Оразмерген (“Ақырғы аманат”), Болат (“Тарғыл қауын”), Әзімхан (“Қаралы сұлу”), Қайырхан (“Отырардың күйреуі”), Құнанбай (“Жас Абай”) бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. “Отырардың күйреуі” фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл. лауреаты атанды (1992). Ж. режиссер ретінде К.Гоццидің “Турандот ханшайым”, М.ұапаровтың “Тұзды шөл”, Қ.Шахимарданның “Томирис” пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты. Ж. — концерттік ұжым “Тамашаны” алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан пед. қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемл. ун-тінде дәріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қарашада 1976 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі.

Өмірбаяны

Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, [[Меркі]ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі Жібек Жолдасова.

Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.

1994-98 жж. Т .Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолы «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.

1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Н.Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал "МузАрт" тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.

2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.

2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты киноға өз-өзін сомдайды.

Фильмография

Уикипедия