Тұңғыш Президент күніне орай қала тұрғындарына әлеуметтік көмек ретінде Астана бюджетінен 125 млн. т

26.11.2012 1744
Астана бюджетінен ақшалай төлемақы ретіндегі әлеуметтік көмекке 125 млн. теңге қарастырылған, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы халықаралық «Бәйтерек» медиа-орталығында өткен Тұңғыш Президент күнін тойлау аясындағы әлеуметтік акцияларды өткізуге арналған баспасөз мәслихатында Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуева айтты. «Ақшалай төлемақы түріндегі әлеуметтік көмек келесі санаттағы тұрғындарға: 20 мың теңгеден 322 Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 10 мың теңгеден Ұлы отан соғысының мүгедектеріне, Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль қатысушыларына, барлығы - 1906 адамға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі үшін және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдерімен марапатталған тұлғаларға – 4629 адамға, тылда еңбек еткендерге, Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың қайта некелеспеген жесірлері мен әйелдеріне, барлығы – 399 адамға, бейбіт уақытта қаза болған әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне – 269 адамға, бір немесе екі бірдей ата-анасынан айрылған жетім балаларға – 645 балаға, 18 жасқа толмаған төрт немесе одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларына – 3527 отбасына беріледі. Осы мақсаттарға Астана бюджетінен 125 млн. теңге бөлінді», - деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуева. Жұмыспен қамту басқармасының қызметкері нақтылағанындай, бұл көмек Тұңғыш Президент күніне орайластырылған.

Астана бюджетінен ақшалай төлемақы ретіндегі әлеуметтік көмекке 125 млн. теңге қарастырылған, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы халықаралық «Бәйтерек» медиа-орталығында өткен Тұңғыш Президент күнін тойлау аясындағы әлеуметтік акцияларды өткізуге арналған баспасөз мәслихатында Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуева айтты.

«Ақшалай төлемақы түріндегі әлеуметтік көмек келесі санаттағы тұрғындарға: 20 мың теңгеден 322 Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 10 мың теңгеден Ұлы отан соғысының мүгедектеріне, Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль қатысушыларына, барлығы - 1906 адамға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі үшін және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдерімен марапатталған тұлғаларға – 4629 адамға, тылда еңбек еткендерге, Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың қайта некелеспеген жесірлері мен әйелдеріне, барлығы – 399 адамға, бейбіт уақытта қаза болған әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне – 269 адамға, бір немесе екі бірдей ата-анасынан айрылған жетім балаларға – 645 балаға, 18 жасқа толмаған төрт немесе одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларына – 3527 отбасына беріледі. Осы мақсаттарға Астана бюджетінен 125 млн. теңге бөлінді», - деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуева.

Жұмыспен қамту басқармасының қызметкері нақтылағанындай, бұл көмек Тұңғыш Президент күніне орайластырылған.

Ұқсас материалдар