Батыс Сібірде Х ғасырға тиесілі араб шақасы табылды

01.08.2013 1587
Түменнің мемлекеттік мәдени, өнер және әлеуметтік технология академиясының ұстаздары мен шәкірттері Батыс Сібірде Х ғасырға тиесілі араб шақасы бар баға жетпес өзгеше қазынаны тауып алған. Археологиялық қазба жұмыстары Түменге жақын орналасқан Андреев көлінің жағалауындағы Х-ХІ ғасырда жасаған қала орнында жүргізілді.  Бұл туралы muslim.kz сайты жазады. Зерттеу барысында табылған 2 келідей мыстан жасалған бақыраштың ішінен әрбіреуі 200 грамм тартатын 4 күміс тиын мен өзге де әшекейлер шыққан. Археологтардың айтуынша, бұл қазынаны кезінде Еділ бойындағы Бұлғарлар әкелген болуы керек. Бақыраштың ішінен, сондай-ақ, Х-ХІ ғасырға тиесілі араб шақалары табылған. Араб шақаларының осы өлкеден алғаш рет табылып отырғанын айта кету керек. «Андреев көлінің маңында қазба жұмыстары сонау ХІХ ғасырдан бері жүргізіліп келе жатыр. Содан бері түрлі дәуірге тән бірнеше елді мекеннің орны табылған болатын. Мәселен, экспедиция мүшелері орта ғасырдың бас кезіне тиесілі мансилердің сиынатын көне киелі орнын анықтаған. Сонымен қатар, Орта Азиядан әкелінген қару-жарақ түрлері, қоладан соғылған әшекейлер мен күмістен жасалған ыдыс-аяқ түрлері табылған» деп жазады muslim.kz. 

Түменнің мемлекеттік мәдени, өнер және әлеуметтік технология академиясының ұстаздары мен шәкірттері Батыс Сібірде Х ғасырға тиесілі араб шақасы бар баға жетпес өзгеше қазынаны тауып алған. Археологиялық қазба жұмыстары Түменге жақын орналасқан Андреев көлінің жағалауындағы Х-ХІ ғасырда жасаған қала орнында жүргізілді.  Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.

Зерттеу барысында табылған 2 келідей мыстан жасалған бақыраштың ішінен әрбіреуі 200 грамм тартатын 4 күміс тиын мен өзге де әшекейлер шыққан. Археологтардың айтуынша, бұл қазынаны кезінде Еділ бойындағы Бұлғарлар әкелген болуы керек. Бақыраштың ішінен, сондай-ақ, Х-ХІ ғасырға тиесілі араб шақалары табылған. Араб шақаларының осы өлкеден алғаш рет табылып отырғанын айта кету керек.

«Андреев көлінің маңында қазба жұмыстары сонау ХІХ ғасырдан бері жүргізіліп келе жатыр. Содан бері түрлі дәуірге тән бірнеше елді мекеннің орны табылған болатын. Мәселен, экспедиция мүшелері орта ғасырдың бас кезіне тиесілі мансилердің сиынатын көне киелі орнын анықтаған. Сонымен қатар, Орта Азиядан әкелінген қару-жарақ түрлері, қоладан соғылған әшекейлер мен күмістен жасалған ыдыс-аяқ түрлері табылған» деп жазады muslim.kz. 

Ұқсас материалдар