Қазақстандық былғары қолғап шебері Берік Әбдірахманов Азия чемпионатын жеңіспен бастады

03.07.2013 2565
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін былғары қолғап шебері Берік Әбдірахманов Азия чемпионатының бастапқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz жазады. Жерлесіміздің қарсыласы Астанада өткен Азия олимпиадалық біліктілік турнирінің жеңімпазы, 2011 жылғы Азия чемпионатының финалисі қытайлық Лиу Цян болды. Кездесу нәтижесінде Әбдірахманов 2:1 жеңіске жетті. 4 шілде күні болатын келесі кездесуді қазақстандық спортшы ирандық Ганим Амирмен өткізеді. ҚазАқпарат.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін былғары қолғап шебері Берік Әбдірахманов Азия чемпионатының бастапқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Жерлесіміздің қарсыласы Астанада өткен Азия олимпиадалық біліктілік турнирінің жеңімпазы, 2011 жылғы Азия чемпионатының финалисі қытайлық Лиу Цян болды. Кездесу нәтижесінде Әбдірахманов 2:1 жеңіске жетті. 4 шілде күні болатын келесі кездесуді қазақстандық спортшы ирандық Ганим Амирмен өткізеді.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар