Ел арасында балуан атанған адамдар

06.06.2013 8457
1.      Әбділдабек-Жұмық-Тәуке – болыс, балуан. Руы – Найман. Қаракерей. Әйгілі Сағынайдың (Сүлейменнің) асында «Құжқара» атанған дәудің жілігін сындыра жығып бас бәйгені алған. Осы астан соң «болыс балуан» атанған. Иесі «Дауыл» болған деседі, жеті күн соққан дауылда қайтыс болыпты.   2.      Әйіп балуан. Өтемістің баласы (Махамбет екеуі бір әкеден). Руы – Беріш-жайық. 3.      Әсіреп, Шарын, Исабек,Шыңғысбай, Бекенай, Күреңкей, Жанжігітұлы балуандар, бәрі Қордай, Шу өңірінен шыққан. 4.      Әшке балуан. Зор күштің иесі. Абыралыдан. 1945 жылы Абайдың 100 жылдық тойында күресіп екінші орын алған. 5.      Әжнияз Көбенұлы XVIII ғасырдың басында өмір сүрген. Кіші жүз балуаны, Хиуа медресесінің шәкірті болған. 6.      Әділбек, Сәндібек – ағайынды балуандар, ерен күш иелері. 1901-1905 жылдары Орынбор – Ташкент темір жолын салуға қатысқан. 7.      Байғабыл Жылқыбайұлы (1896-1977). Балуан, әнші, домбрырашы, шабандоз. Павлодар облысы Ақсуат ауданы Құркөл ауылынан, руы – Найман. Ақирек – Аршалы. 8.      Байдалының Мұстафасы, балуан. Баянауылдан. Руы – Арғынның сүйіндігі. 9.      Байқұда балуан – Тышқанбай баласы. Туған және қайтыс болған жылы белгісіз. Керекй елі балуаны. Абай ауылына алдырып, Семейдегі үлкен күреске өзі дайындаған. Оңаша үйде Абай Байқұдамен күресіп көрген деген сөз бар. 10.   Бәйсейіт Төлесұлы – батыр, балуан, мерген, қамшыгер. Қаратауға жақын Шу өзені жағасында 1720 жылдары дүниеге келіп, 105 жас жасаған делінеді. Руы – Албан. 11.   Битабар балуан. Балуан Шолақтан бата алған. Түйе көтерген зор күш иесі. Қарағанды облысы Жаңарқадан.  12.   Ботақан балуан. Ескендір Зұлқарнайын дәуіріндегі грек балуанын жеңген Сақ балуаны. 13.   Боранқұл садырұлы (1865-1921). Руы – Сыбан, Семей облысы Қарасай қытағынан. Батыр, балуан.  14.   Бұқар Елібайұлы – балуан, зор күш иесі. XVIII ғасыр ортасында өмір сүрген. Найман болатшы руының ұраны болған адам. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Елтай ауылынан. 15.   Дәулен Әбдікенов – балуан. Абайдың 100 жылдық тойында бас жүлдені алған. Шығыс қазақстан облысы Ақсуаттан. 16.   Домбрул (Домбауыл) – балуан, қара күштің иесі. Жезқазғанда жерленген. 17.   Жақып балуан. Арғын, Баянауылдан. 18.   Жаманғара Кенжеғараұлы – балуан. Қорысбай байдың асында күресіп, бас бәйгені алған. Асқа Едігенің баласы Шоң би апарған. 19.   Жанбай – Көтен балуан жанмырзаұлы шамамен XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың орта кезінде өмір сүрген. Өскенбай  асында «Түйе балуан» атанған. 20.   Иманжүсіп Құтпанұлы – балуан, әнші, батыр, қаишыгер, Күйгенжар, Қарасу, Бабатай мекенінен 21.   Иісұлы базарбай – сері, балуан, атбегі. Бәйгетөбеде күресіп бәйге алған деген сөз бар. ШҚО Үржар ауданы, Көктал ауылы. Руы – Найман, байғана. 22.   Ішпекбай балуан. Қарақыдыр, Ащысу, Сректас мекені (Жетісу). 23.   Кәтей балуан, шын атй – Кәкім (т.ж.б - 1934) жақия қажының немересі. Руы – Тобықты. Жауырыны жерге тимеген балуан. Елі ризалықпен еркелетіп Кәтей атап кеткен. Өмірінің соңғы жылдарын Қырғызстанда өткізген. 24.   Қажыақпар Оңғарұлы – балуан, алып күш иесі. ШҚО Самар ауданы талапкер ауылынан. Руы – Найман, жайнақ батырдың ұрпағы. 25.   Қажымұқан Мұңайтпасов – балуан. Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Арғы атасы  Қобыланды батыр, Қыпшақ. 26.   Қайдар Оспанов – балуан, зор күш иесі, әнші, добырашы, дойбышы. Ақмола, Қызылжардан. 27.   Қарт батыр – балуан. Зор күш иесі. ШҚО Ақсуат ауданы, Көкжырадан. Қарт балуанның көтерген тасы қызбай қыстағы жанында жатыр. 28.   Қара балуан. Шын аты – Жанұзақ, әкесі – Алдияр. Орта жүзден. 29.   Қасабай балуан, Ұлы жүз, Үйсін. Ол туралы дерек жоқтың қасы. 30.   Қисық балуан. Руы – Сыбан. Ол туралы дерек сақталмаған. 31.   Қайсабай балуан (1866-1960) ҚХР. Алтай, Шіңгіл ауданы Бәйшін ауылынан. Зор күш иесі. 32.   Мақыш Рақымбекұлы – балуан, ақын, сері. Шапырашты – Екей. 33.   Малмақ балуан. Шыңғожа батырдың ұрпағы. ШҚО үржар ауданынан. 34.   Мәлік Бәймендеұлы (1878-1953). Оңтүстік Қазақстан облысынан. Батыр, балуан, ақын, күйші, арғы бабалары Абылай хан. 35.   Молдабай Төкеұлы (1861-1926) балуан, домбыращы, әнші. Семей обл., Ақсуат ауылы. Руы – Найманның мұрыны. 1912 жылы Көктұмада Қытайдың бас балуанын жыққан.  36.   Ошақбайұлы Жантулақов (1902-1986). Қараменде бидің ұрпағы. Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.


1.      Әбділдабек-Жұмық-Тәуке – болыс, балуан. Руы – Найман. Қаракерей.

Әйгілі Сағынайдың (Сүлейменнің) асында «Құжқара» атанған дәудің жілігін сындыра жығып бас бәйгені алған. Осы астан соң «болыс балуан» атанған. Иесі «Дауыл» болған деседі, жеті күн соққан дауылда қайтыс болыпты.  

2.      Әйіп балуан. Өтемістің баласы (Махамбет екеуі бір әкеден). Руы –

Беріш-жайық.

3.      Әсіреп, Шарын, Исабек,Шыңғысбай, Бекенай, Күреңкей, Жанжігітұлы балуандар, бәрі Қордай, Шу өңірінен шыққан.

4.      Әшке балуан. Зор күштің иесі. Абыралыдан. 1945 жылы Абайдың 100 жылдық тойында күресіп екінші орын алған.

5.      Әжнияз Көбенұлы XVIII ғасырдың басында өмір сүрген. Кіші жүз балуаны, Хиуа медресесінің шәкірті болған.

6.      Әділбек, Сәндібек – ағайынды балуандар, ерен күш иелері. 1901-1905 жылдары Орынбор – Ташкент темір жолын салуға қатысқан.

7.      Байғабыл Жылқыбайұлы (1896-1977). Балуан, әнші, домбрырашы, шабандоз. Павлодар облысы Ақсуат ауданы Құркөл ауылынан, руы – Найман. Ақирек – Аршалы.

8.      Байдалының Мұстафасы, балуан. Баянауылдан. Руы – Арғынның сүйіндігі.

9.      Байқұда балуан – Тышқанбай баласы. Туған және қайтыс болған жылы белгісіз. Керекй елі балуаны. Абай ауылына алдырып, Семейдегі үлкен күреске өзі дайындаған. Оңаша үйде Абай Байқұдамен күресіп көрген деген сөз бар.

10.   Бәйсейіт Төлесұлы – батыр, балуан, мерген, қамшыгер. Қаратауға жақын Шу өзені жағасында 1720 жылдары дүниеге келіп, 105 жас жасаған делінеді. Руы – Албан.

11.   Битабар балуан. Балуан Шолақтан бата алған. Түйе көтерген зор күш иесі. Қарағанды облысы Жаңарқадан. 

12.   Ботақан балуан. Ескендір Зұлқарнайын дәуіріндегі грек балуанын жеңген Сақ балуаны.

13.   Боранқұл садырұлы (1865-1921). Руы – Сыбан, Семей облысы Қарасай қытағынан. Батыр, балуан. 

14.   Бұқар Елібайұлы – балуан, зор күш иесі. XVIII ғасыр ортасында өмір сүрген. Найман болатшы руының ұраны болған адам. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Елтай ауылынан.

15.   Дәулен Әбдікенов – балуан. Абайдың 100 жылдық тойында бас жүлдені алған. Шығыс қазақстан облысы Ақсуаттан.

16.   Домбрул (Домбауыл) – балуан, қара күштің иесі. Жезқазғанда жерленген.

17.   Жақып балуан. Арғын, Баянауылдан.

18.   Жаманғара Кенжеғараұлы – балуан. Қорысбай байдың асында күресіп, бас бәйгені алған. Асқа Едігенің баласы Шоң би апарған.

19.   Жанбай – Көтен балуан жанмырзаұлы шамамен XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың орта кезінде өмір сүрген. Өскенбай  асында «Түйе балуан» атанған.

20.   Иманжүсіп Құтпанұлы – балуан, әнші, батыр, қаишыгер, Күйгенжар, Қарасу, Бабатай мекенінен

21.   Иісұлы базарбай – сері, балуан, атбегі. Бәйгетөбеде күресіп бәйге алған деген сөз бар. ШҚО Үржар ауданы, Көктал ауылы. Руы – Найман, байғана.

22.   Ішпекбай балуан. Қарақыдыр, Ащысу, Сректас мекені (Жетісу).

23.   Кәтей балуан, шын атй – Кәкім (т.ж.б - 1934) жақия қажының немересі. Руы – Тобықты. Жауырыны жерге тимеген балуан. Елі ризалықпен еркелетіп Кәтей атап кеткен. Өмірінің соңғы жылдарын Қырғызстанда өткізген.

24.   Қажыақпар Оңғарұлы – балуан, алып күш иесі. ШҚО Самар ауданы талапкер ауылынан. Руы – Найман, жайнақ батырдың ұрпағы.

25.   Қажымұқан Мұңайтпасов – балуан. Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Арғы атасы  Қобыланды батыр, Қыпшақ.

26.   Қайдар Оспанов – балуан, зор күш иесі, әнші, добырашы, дойбышы. Ақмола, Қызылжардан.

27.   Қарт батыр – балуан. Зор күш иесі. ШҚО Ақсуат ауданы, Көкжырадан. Қарт балуанның көтерген тасы қызбай қыстағы жанында жатыр.

28.   Қара балуан. Шын аты – Жанұзақ, әкесі – Алдияр. Орта жүзден.

29.   Қасабай балуан, Ұлы жүз, Үйсін. Ол туралы дерек жоқтың қасы.

30.   Қисық балуан. Руы – Сыбан. Ол туралы дерек сақталмаған.

31.   Қайсабай балуан (1866-1960) ҚХР. Алтай, Шіңгіл ауданы Бәйшін ауылынан. Зор күш иесі.

32.   Мақыш Рақымбекұлы – балуан, ақын, сері. Шапырашты – Екей.

33.   Малмақ балуан. Шыңғожа батырдың ұрпағы. ШҚО үржар ауданынан.

34.   Мәлік Бәймендеұлы (1878-1953). Оңтүстік Қазақстан облысынан. Батыр, балуан, ақын, күйші, арғы бабалары Абылай хан.

35.   Молдабай Төкеұлы (1861-1926) балуан, домбыращы, әнші. Семей обл., Ақсуат ауылы. Руы – Найманның мұрыны. 1912 жылы Көктұмада Қытайдың бас балуанын жыққан. 

36.   Ошақбайұлы Жантулақов (1902-1986). Қараменде бидің ұрпағы.

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Ұқсас материалдар