Нұршайықов Әзілхан

09.11.2012 4873
Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл Нұршайықов Әзілхан [15.12.1922 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау а.)] – ҚР халық жазушысы (1980). Алматы қ-ндағы Тау-кен ин-тында, Семейдегі қазақ пед. уч-щесінде, пед. ин-тында оқыған. 1941 – 45 ж. Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, респ., обл. газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949). 1953 – 79 ж. “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Павлодар обл. “Қызыл ту” газетінің редакторы (1953 – 56), респ. “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы (1961 – 63), Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер ин-тында ғыл. қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 ж. жарық көрді. Жиырмадан астам кітаптары жарық көрген қаламгер “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогі үшін ҚР Мемл. сыйл. (1980), “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атынд. халықар. сыйлықты (1987) алды. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, Т.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Н. “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектик. үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А.Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Н. 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Шығ.: Тоғыз толғау, А., 1977; Автопортрет, А., 1977; Шығ. жин. 2 т., А., 1992; Жамбылға хат: Әскери естеліктер, А., 1996; Қаламгер және оның достары, А., 2000; Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер, А., 2000; Махаббат қызық мол жылдар (орыс тілінде, 1980 – 82), А., 2002; Ақиқат пен аңыз, А., 2004; Махаббат жырлары (орыс тілінде, 1965 – 82), А., 2005; Мәңгілік махаббат жыры, А., 2005; Таңд. шығ. жин., 10 т., 2005. Ә. Сұлтанхан Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

Нұршайықов Әзілхан [15.12.1922 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау а.)] – ҚР халық жазушысы (1980). Алматы қ-ндағы Тау-кен ин-тында, Семейдегі қазақ пед. уч-щесінде, пед. ин-тында оқыған. 1941 – 45 ж. Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, респ., обл. газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949). 1953 – 79 ж. “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Павлодар обл. “Қызыл ту” газетінің редакторы (1953 – 56), респ. “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы (1961 – 63), Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер ин-тында ғыл. қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 ж. жарық көрді. Жиырмадан астам кітаптары жарық көрген қаламгер “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогі үшін ҚР Мемл. сыйл. (1980), “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атынд. халықар. сыйлықты (1987) алды. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, Т.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Н. “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектик. үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А.Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Н. 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығ.: Тоғыз толғау, А., 1977; Автопортрет, А., 1977; Шығ. жин. 2 т., А., 1992; Жамбылға хат: Әскери естеліктер, А., 1996; Қаламгер және оның достары, А., 2000; Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер, А., 2000; Махаббат қызық мол жылдар (орыс тілінде, 1980 – 82), А., 2002; Ақиқат пен аңыз, А., 2004; Махаббат жырлары (орыс тілінде, 1965 – 82), А., 2005; Мәңгілік махаббат жыры, А., 2005; Таңд. шығ. жин., 10 т., 2005.

Ә. Сұлтанхан

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том