Қазақстан 1946-1991 жылдардағы саяси-экономикалық дамуы

09.11.2012 7995
Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946 – 1991 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ – халық шаруашылығындағы тарихи кезең. 1941 – 45 ж. соғыстан кейін халық ш. бейбіт бағытқа көшті. Ауыр өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. Республикада 4-бесжылдықта (1946 – 50) егіс көлемі бір миллион га-дан астам ұлғайды. А. ш. дақылдарының түсімі артты. Керісінше, мал басының өсу қарқыны төмен болды. 50-жылдары Қазақстанның экон. күш-қуатының өсуі үшін шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің тех. дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары артта қалып, шикізат және отын өндіретін салалар озық дамыды. А. ш-ның даму қарқыны өнеркәсіптен едәуір төмен болды. Қазақстан тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде астық өндіруде одақ бойынша алдыңғы қатарға шықты. Бұл жылдары Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытып, одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени саласындағы құқықтарын кеңейтті. 1954 – 56 ж. түрлі одақтық министрліктер, одақтық-респ. болып қайта құрылып, олардың қарамағына 144 ірі кәсіпорын берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-респ. өнеркәсіптегі өндіріс көлемі екі еседен артық ұлғайды. Алайда өндірістің басқарылуын аумақтық принцип бойынша ұйымдастыру ісі жетілмеген болып шықты. 1965 ж. қыркүйек айында өткен КОКП ОК-ның пленумы экономикаға, өнеркәсіпке салалық принцип бойынша басшылық жасауды жойып, өнеркәсіп салалары бойынша құрылған одақтық-респ. министрліктерді таратты. Кәсіпорындарға көптеген еркіндіктер беріп, оларға шаруашылық есепті енгізу, қызметкерлерді экон. ынталандыруды жолға қою қажеттігі міндеттелді. Кәсіпорындардың белсенділігін көтеру үшін олардағы еңбекақы қоры кеңейтілді, түскен пайданың бір бөлігі олардың өздеріне қалдырылды. Сонымен қатар Қазақстанда түсті металлургия, геол., мелиорация және су ш. салаларында салалық одақтық-респ. бірқатар министрліктер ұйымдастырылды. Бұрынғы дамыған және аумақтық өлкелердің орнына ықшамдалған облыстар мен аудандар құрылды. Бұрын одақтық мекемелер қарауында болған коммуналдық қызметтің, жергілікті өнеркәсіптің, шикізаттың кейбір түрлерін өңдеудің, т.б. қызметтердің бір бөлігі республика қарауына берілді. Бұрынғы бесжылдықтарға қарағанда 1966 – 70 жылдарға арналған 8-бесжылдық жоспарлы экономиканың едәуір өрлеу жылдары болды. Қазақстан бұл жылдары бүкіл одақ бойынша өндірілетін сары фосфордың 90%-ын, азықтық фосфаттың 40%-ын, мыстың, мырыштың, қорғасынның 70%-ға дейінгі бөлігін берді. Республика Одақ бойынша хром өндіруден үшінші орынды иемденді. Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі, жоғарыдан жоспарлау 60-жылдарда жүргізілген реформаның адымын аштырмады. Орталықтанған біртұтас партиялық-мемл. басқару құрылымдары дербес ұлттық даму мүмкіндіктерін қабылдамады. Нәтижесінде Қазақстанның халық ш. кешені аздаған дербестіктердің өзіне де қол жеткізе алмай, барлық негізгі мәселелерде орталыққа тәуелді болып қала берді. Жергілікті кәсіпорындарды материалдық тұрғыда ынталандыру үшін а. ш. өнімдеріне баға жоғарылатылды, оларды жоспардан тыс сатуға қосымша ақылар төленетін болды, салық саясаты өзгертілді, ұжымшарлар мен кеңшарлардың материалдық базаларын нығайтуға, шаруашылық есепті енгізуге қадамдар жасалды. Осындай ұмтылыстардың нәтижесінде 60 жылдардың екінші жартысында а. ш-ның жалпы өнімі 28% өсті. Әсіресе астық өндіруде диқандар үлкен табыстарға қол жеткізді. 8-бесжылдықта Қазақстан мемлекет қоймасына 61,2 млн. астық құйып, жоғарыдан берілген тапсырманы алты жылдық жоспарынан да асырып жіберді. Осы жылдары республикада ет өндіру 20% өсті. Бірақ бұл табыстар шын мәнінде экон. ынталандырудан гөрі өндірісті экстенсивтендіру және әкімшіл-әміршіл басқару әдістерін кеңінен қолдану жолдарымен жүзеге асырылды. Материалдық ынталандыруға бағытталған шаралар аяғына дейін жеткізілмеді. 1970 – 85 ж. республиканың индустриялық қуаты белгілі дәрежеде өсе түсті. Оның өсуі шикізат өндіру және отын-энергет. қорларды тарту есебінен жүзеге асырылды. 80 жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен одақтық көрсеткіштен 1,7 есе жоғары болды. Ал өңдеу, қайта өңдеу салалары баяу дамыды. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткіштерін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Әр бесжылдық сайын жаңа қаржы жұмсалатын өндірістік құрылыстың сипаты, оның шығарған өнімінің сапасымен емес, көлемімен белгіленді. Күрделі құрылыста да осы жағдай қалыптасты, мұндай жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі ысырап болды. Ел экономикасының дамуы, халықтың әлеум. жағдайы, мәдениеті жұмсалған күрделі қаржымен, шығарылған шикізаттың көлемімен белгіленді. А. ш-н дамыту жөнінде мемлекет қолданған шаралар жартыкеш болып шықты. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық дербестігін кеңейту жұмысы едәуір тежелді, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне партия, атқарушы және әкімш. органдарының тарапынан бақылау күшейе түсті. Қатаң әкімш. бақылаудағы а. ш-ның жағдайын тек шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге ұмтылу елеулі нәтиже бермеді. Айталық, жалға беру қатынастарын енгізу, оларды құру тым асығыс жүргізілді, әрі мұндай ұжымдар шаруашылықты жүргізудің басқа түрлеріне қарама-қарсы қойылды. 1990 жылға дейін фермерлік шаруашылықтар мен ерікті кооперативтер жүйесі де кең өріс алмады. Т. Омарбеков Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946 – 1991 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ – халық шаруашылығындағы тарихи кезең. 1941 – 45 ж. соғыстан кейін халық ш. бейбіт бағытқа көшті. Ауыр өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. Республикада 4-бесжылдықта (1946 – 50) егіс көлемі бір миллион га-дан астам ұлғайды. А. ш. дақылдарының түсімі артты. Керісінше, мал басының өсу қарқыны төмен болды. 50-жылдары Қазақстанның экон. күш-қуатының өсуі үшін шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің тех. дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары артта қалып, шикізат және отын өндіретін салалар озық дамыды. А. ш-ның даму қарқыны өнеркәсіптен едәуір төмен болды. Қазақстан тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде астық өндіруде одақ бойынша алдыңғы қатарға шықты. Бұл жылдары Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытып, одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени саласындағы құқықтарын кеңейтті. 1954 – 56 ж. түрлі одақтық министрліктер, одақтық-респ. болып қайта құрылып, олардың қарамағына 144 ірі кәсіпорын берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-респ. өнеркәсіптегі өндіріс көлемі екі еседен артық ұлғайды. Алайда өндірістің басқарылуын аумақтық принцип бойынша ұйымдастыру ісі жетілмеген болып шықты. 1965 ж. қыркүйек айында өткен КОКП ОК-ның пленумы экономикаға, өнеркәсіпке салалық принцип бойынша басшылық жасауды жойып, өнеркәсіп салалары бойынша құрылған одақтық-респ. министрліктерді таратты. Кәсіпорындарға көптеген еркіндіктер беріп, оларға шаруашылық есепті енгізу, қызметкерлерді экон. ынталандыруды жолға қою қажеттігі міндеттелді. Кәсіпорындардың белсенділігін көтеру үшін олардағы еңбекақы қоры кеңейтілді, түскен пайданың бір бөлігі олардың өздеріне қалдырылды. Сонымен қатар Қазақстанда түсті металлургия, геол., мелиорация және су ш. салаларында салалық одақтық-респ. бірқатар министрліктер ұйымдастырылды. Бұрынғы дамыған және аумақтық өлкелердің орнына ықшамдалған облыстар мен аудандар құрылды. Бұрын одақтық мекемелер қарауында болған коммуналдық қызметтің, жергілікті өнеркәсіптің, шикізаттың кейбір түрлерін өңдеудің, т.б. қызметтердің бір бөлігі республика қарауына берілді. Бұрынғы бесжылдықтарға қарағанда 1966 – 70 жылдарға арналған 8-бесжылдық жоспарлы экономиканың едәуір өрлеу жылдары болды. Қазақстан бұл жылдары бүкіл одақ бойынша өндірілетін сары фосфордың 90%-ын, азықтық фосфаттың 40%-ын, мыстың, мырыштың, қорғасынның 70%-ға дейінгі бөлігін берді. Республика Одақ бойынша хром өндіруден үшінші орынды иемденді. Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі, жоғарыдан жоспарлау 60-жылдарда жүргізілген реформаның адымын аштырмады. Орталықтанған біртұтас партиялық-мемл. басқару құрылымдары дербес ұлттық даму мүмкіндіктерін қабылдамады. Нәтижесінде Қазақстанның халық ш. кешені аздаған дербестіктердің өзіне де қол жеткізе алмай, барлық негізгі мәселелерде орталыққа тәуелді болып қала берді. Жергілікті кәсіпорындарды материалдық тұрғыда ынталандыру үшін а. ш. өнімдеріне баға жоғарылатылды, оларды жоспардан тыс сатуға қосымша ақылар төленетін болды, салық саясаты өзгертілді, ұжымшарлар мен кеңшарлардың материалдық базаларын нығайтуға, шаруашылық есепті енгізуге қадамдар жасалды. Осындай ұмтылыстардың нәтижесінде 60 жылдардың екінші жартысында а. ш-ның жалпы өнімі 28% өсті. Әсіресе астық өндіруде диқандар үлкен табыстарға қол жеткізді. 8-бесжылдықта Қазақстан мемлекет қоймасына 61,2 млн. астық құйып, жоғарыдан берілген тапсырманы алты жылдық жоспарынан да асырып жіберді. Осы жылдары республикада ет өндіру 20% өсті. Бірақ бұл табыстар шын мәнінде экон. ынталандырудан гөрі өндірісті экстенсивтендіру және әкімшіл-әміршіл басқару әдістерін кеңінен қолдану жолдарымен жүзеге асырылды. Материалдық ынталандыруға бағытталған шаралар аяғына дейін жеткізілмеді. 1970 – 85 ж. республиканың индустриялық қуаты белгілі дәрежеде өсе түсті. Оның өсуі шикізат өндіру және отын-энергет. қорларды тарту есебінен жүзеге асырылды. 80 жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен одақтық көрсеткіштен 1,7 есе жоғары болды. Ал өңдеу, қайта өңдеу салалары баяу дамыды. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткіштерін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Әр бесжылдық сайын жаңа қаржы жұмсалатын өндірістік құрылыстың сипаты, оның шығарған өнімінің сапасымен емес, көлемімен белгіленді. Күрделі құрылыста да осы жағдай қалыптасты, мұндай жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі ысырап болды. Ел экономикасының дамуы, халықтың әлеум. жағдайы, мәдениеті жұмсалған күрделі қаржымен, шығарылған шикізаттың көлемімен белгіленді. А. ш-н дамыту жөнінде мемлекет қолданған шаралар жартыкеш болып шықты. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық дербестігін кеңейту жұмысы едәуір тежелді, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне партия, атқарушы және әкімш. органдарының тарапынан бақылау күшейе түсті. Қатаң әкімш. бақылаудағы а. ш-ның жағдайын тек шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге ұмтылу елеулі нәтиже бермеді. Айталық, жалға беру қатынастарын енгізу, оларды құру тым асығыс жүргізілді, әрі мұндай ұжымдар шаруашылықты жүргізудің басқа түрлеріне қарама-қарсы қойылды. 1990 жылға дейін фермерлік шаруашылықтар мен ерікті кооперативтер жүйесі де кең өріс алмады.

Т. Омарбеков

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Ұқсас материалдар