Шерхан Мұртаза-3

28.05.2013 2290
Қазақстанды Жаратқан Құдай ерекше тудырып еді.Қойны-қонышы толған байлық. Кешегі империя боданында жүргенінде: «Әттен, өз байлығымыз өзімізге тисе...» деп армандадық. Ендігіміз не тірлік? Қоғам, мемлекет, заман туралы Тәуелсіздік - жаңа шығып келе жатқан Күн. Елдің емес, жас мемлекеттің емес, өз қарақан қамының басының қамын ойлаған жемқорлар, парақорлар, Қазақстан байлығын талан-таражға салған сатқындар! Жаңа шығып келе жатқан күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп, тұмшаламаңдар! Тәуелсіздік туралы Қазір кім қорқынышты? Өз ішіміздегі ұлттық нигилистер қорқынышты. Еншісі бөлінбеген қазақты ру-руға таратушылар қорқынышты. Ұлттың несібесін ұрлаушылар қорқынышты. Бір шығармай ұлт санасын улап, иман ұрлаушылар қорқынышты. Қоғам, мемлекет, заман туралы Мен қазір «Егеменбіз, тәуелсізбіз» деген шырын сөздерге бұрынғыдай масаттанбайтын болып барамын. Ол - ол ма, азаттық алғанымызға да сенім азайды. Алматыда жүрсем де- шет елде жүрген сияқтымын. Қала толы жарнама. Бұрын орысшасы көпте - ептеп түсінуші едім, енді не жазу екенін мүлде түсінбеймін. Азаттық алғанымыз осы ма? Тәуелсіздік туралы Адам санасын, құлқын, пейілін түзету жөнінде біздің үкімет шөп басын сындырған жоқ. Қоғам, мемлекет, заман туралы  «Қала! Қала!» дегенмен - қала қазаққа төрін беріп жатқан жоқ.Төрі  тұрмақ, босағасынан орын таба алмай жүргендер қаншама. Рас, бұл заманда: «Кіші ұлтқа - үлкен қанжар керек» деген Шәміл өсиетінің мәні өзгерген шығар. «Үлкен қанжарларды» біз қолдан бердік... Бірақ сол Ресей, Қытай, АҚШ неге өздері «үлкен қанжарларын» тот бастырмай, қайрап, сақтап отыр? Кім үшін? Не үшін? Әділ ойын емес сияқты... Ракеталарды жойсақ - бәріміз жояйық. Әйтпесе, жас баланың ойыншығын алдап тартып алған үлкен ағайлардың озбырлығы тәрізді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Әзәзілдер нәсілі тумысынан бері қарай зорлықшыл, олардың бар мақсаты - адамды тұқырту, бағындыру, құл ету. Қоғам, мемлекет, заман туралы Адамды ақылынан, жігерінен ажыратсаң - ар жағы кеуек: түртіп қалсаң - құлай береді. Мұндай тобыр саз балшықша илеуге өте икемді. Масқара! Ежелден малмен аты шыққан Қазақстан Еуропаның борық қоға татыған етін сатып алмақ. Алып та жатыр. Қазақстан малын қырып салудың жазыры сол... Қоғам, мемлекет, заман туралы   Рух пен намыс - егіз. Рух туралы Рухтың анасы - ана тіліндегі кітап. Ана тіліндегі кітаптың уызымен ауызданбаған шенеунікте ұлттық рух қайдан болсын. Рух туралы Бір адамның рухсыз болуы - сор, ал тұтас ұлттың рухынан айырылуы қасірет! Рух тура Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы  

Қазақстанды Жаратқан Құдай ерекше тудырып еді.Қойны-қонышы толған байлық. Кешегі империя боданында жүргенінде: «Әттен, өз байлығымыз өзімізге тисе...» деп армандадық. Ендігіміз не тірлік?

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Тәуелсіздік - жаңа шығып келе жатқан Күн. Елдің емес, жас мемлекеттің емес, өз қарақан қамының басының қамын ойлаған жемқорлар, парақорлар, Қазақстан байлығын талан-таражға салған сатқындар! Жаңа шығып келе жатқан күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп, тұмшаламаңдар!

Тәуелсіздік туралы

Қазір кім қорқынышты? Өз ішіміздегі ұлттық нигилистер қорқынышты. Еншісі бөлінбеген қазақты ру-руға таратушылар қорқынышты. Ұлттың несібесін ұрлаушылар қорқынышты. Бір шығармай ұлт санасын улап, иман ұрлаушылар қорқынышты.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Мен қазір «Егеменбіз, тәуелсізбіз» деген шырын сөздерге бұрынғыдай масаттанбайтын болып барамын. Ол - ол ма, азаттық алғанымызға да сенім азайды. Алматыда жүрсем де- шет елде жүрген сияқтымын. Қала толы жарнама. Бұрын орысшасы көпте - ептеп түсінуші едім, енді не жазу екенін мүлде түсінбеймін. Азаттық алғанымыз осы ма?

Тәуелсіздік туралы

Адам санасын, құлқын, пейілін түзету жөнінде біздің үкімет шөп басын сындырған жоқ.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 «Қала! Қала!» дегенмен - қала қазаққа төрін беріп жатқан жоқ.Төрі  тұрмақ, босағасынан орын таба алмай жүргендер қаншама. Рас, бұл заманда: «Кіші ұлтқа - үлкен қанжар керек» деген Шәміл өсиетінің мәні өзгерген шығар. «Үлкен қанжарларды» біз қолдан бердік... Бірақ сол Ресей, Қытай, АҚШ неге өздері «үлкен қанжарларын» тот бастырмай, қайрап, сақтап отыр? Кім үшін? Не үшін? Әділ ойын емес сияқты... Ракеталарды жойсақ - бәріміз жояйық. Әйтпесе, жас баланың ойыншығын алдап тартып алған үлкен ағайлардың озбырлығы тәрізді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Әзәзілдер нәсілі тумысынан бері қарай зорлықшыл, олардың бар мақсаты - адамды тұқырту, бағындыру, құл ету.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Адамды ақылынан, жігерінен ажыратсаң - ар жағы кеуек: түртіп қалсаң - құлай береді. Мұндай тобыр саз балшықша илеуге өте икемді. Масқара! Ежелден малмен аты шыққан Қазақстан Еуропаның борық қоға татыған етін сатып алмақ. Алып та жатыр. Қазақстан малын қырып салудың жазыры сол...

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Рух пен намыс - егіз.

Рух туралы

Рухтың анасы - ана тіліндегі кітап. Ана тіліндегі кітаптың уызымен ауызданбаған шенеунікте ұлттық рух қайдан болсын.

Рух туралы

Бір адамның рухсыз болуы - сор, ал тұтас ұлттың рухынан айырылуы қасірет!

Рух тура

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы