Шерхан Мұртаза

28.05.2013 4587
Мұртаза Шерхан (1932 ж.т.) - жазушы, қоғам қайраткері, журналист-публицист. Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Елдік мүдделерін, ұлттық құндылықтарды қорғауда зор күрескерлік танытып, көзге түскен тұлғалардың бірі.   Дарынды - дарын таниды. Ғылым-білім, өнер туралы Ақиқат - адал айтыстан туады. Шындық, ақиқат туралы Әр адам - бір-бір жұмбақ. Адам өмірі туралы Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны. Шындық, ақиқат туралы Айтса - дуалы ауыз айтсын. Асыл сөз туралы Мәдениеттің мәйегі - кітап. Кітап туралы Заң дегеніміз - ноқта. Заң туралы Ауыл кетсе - ұлттың ұйтқысы кетеді. Халық, ел туралы Көркем әдебиет - ауыр артиллерия болса, публицистика - жеңіл кавалерия.  Көркем әдебиет туралы Пейілі жаманды - құдай табады. Жақсы мен жаман туралы Демократия - жүгенсіздік емес, Бостандық - жүйесіздік емес. Қоғам, мемлекет, заман туралы Шын жазушының көзі көкірегінде болады. Ақын-жазушы туралы Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы. Адам өмірі туралы Орындалған арман - бақыт, Орындалмаған арман - күйік. Адам өмірі туралы Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады. Ғылым-білім, өнер туралы Шындық - ащы һәм ажарсыз. Шындық, ақиқат туралы Рухани азып-тозу - өліммен тең.  Адам өмірі туралы Көлдің - тақырға айналуы оңай, Байдың - пақырға айналуы оңай. Байлық-кедейлік туралы Қалтай айтады: «Өркениетті елдерде - адамның басы мен ісіне қарайды, ал біздің елдерде - адамның шашы мен тісіне қарайды»,-деп.  Халық, ел туралы Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек. Отан, туған жер туралы Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.  Қоғам, мемлекет, заман туралы Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі таңдағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде ондай қулық өтпейді.  Қоғам, мемлекет, заман туралы Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды.   Қоғам, мемлекет, заман туралы Ана тіліміздің мәртебесін көтеру - басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. Тіл туралы  «Өзің өлме - өзгені де өлтірме» деген сөз. Зорлықпен тұншықтырылған қазақ тілін тірілту әрекеті. Осы да ұлтшылдық па? Жоқ, әлде әлдекімдердің көңіліне қарап өле беру керек пе? Тіл туралы Оңай - олжа бермейді. Тәлім-тәрбие, өсиет туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Мұртаза Шерхан (1932 ж.т.) - жазушы, қоғам қайраткері, журналист-публицист. Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Елдік мүдделерін, ұлттық құндылықтарды қорғауда зор күрескерлік танытып, көзге түскен тұлғалардың бірі.

 

Дарынды - дарын таниды.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ақиқат - адал айтыстан туады.

Шындық, ақиқат туралы

Әр адам - бір-бір жұмбақ.

Адам өмірі туралы

Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.

Шындық, ақиқат туралы

Айтса - дуалы ауыз айтсын.

Асыл сөз туралы

Мәдениеттің мәйегі - кітап.

Кітап туралы

Заң дегеніміз - ноқта.

Заң туралы

Ауыл кетсе - ұлттың ұйтқысы кетеді.

Халық, ел туралы

Көркем әдебиет - ауыр артиллерия болса, публицистика - жеңіл кавалерия. 

Көркем әдебиет туралы

Пейілі жаманды - құдай табады.

Жақсы мен жаман туралы

Демократия - жүгенсіздік емес,

Бостандық - жүйесіздік емес.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Шын жазушының көзі көкірегінде болады.

Ақын-жазушы туралы

Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.

Адам өмірі туралы

Орындалған арман - бақыт,

Орындалмаған арман - күйік.

Адам өмірі туралы

Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.

Ғылым-білім, өнер туралы

Шындық - ащы һәм ажарсыз.

Шындық, ақиқат туралы

Рухани азып-тозу - өліммен тең. 

Адам өмірі туралы

Көлдің - тақырға айналуы оңай,

Байдың - пақырға айналуы оңай.

Байлық-кедейлік туралы

Қалтай айтады: «Өркениетті елдерде - адамның басы мен ісіне қарайды, ал біздің елдерде - адамның шашы мен тісіне қарайды»,-деп. 

Халық, ел туралы

Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.

Отан, туған жер туралы

Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады. 

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі таңдағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде ондай қулық өтпейді. 

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды.  

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ана тіліміздің мәртебесін көтеру - басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес.

Тіл туралы

 «Өзің өлме - өзгені де өлтірме» деген сөз. Зорлықпен тұншықтырылған қазақ тілін тірілту әрекеті. Осы да ұлтшылдық па? Жоқ, әлде әлдекімдердің көңіліне қарап өле беру керек пе?

Тіл туралы

Оңай - олжа бермейді.

Тәлім-тәрбие, өсиет туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы