Астана заңғары, Оқушылардың шығармашылық сарайы

27.05.2013 3478
Астана заңғары Қала сәулетінде архитектуралық жалпы көріністің қараған көзге бейнелі болуы елеулі маңызға ие. Жобалаушылар құрылыстың техникалық-инженерлік және әлеуметтік мәселелерін дұрыс шеше отырып, шаһардың өзіне ғана тән көркем образын сомдауы керек. Ал қаланың жиынтық бейнесі орамдар мен аудандардың архитектурасы әркелкі бола отырып, ортақ идеяға бағынуы арқылы жасалады. XXI ғасыр «кондоминимум» ұғымын ала келді. Қала тұрғындары заңғар үйлер арқылы тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шеше алады екен. Мұндай шаңырақтар әмбебеп кешендерге ұқсайды. Балабақшасы, дүкендері, көлік тұрақтары, мейрамханалар мен саябақтары, спорт жүйелері бар ғимараттар шындығында да қолайлы. Керегіңнің бәрі жаныңнан табылса, уақытың үнемделеді. Ал уақыт қазіргі заманда тым қымбат. Екінші жағынан, кондоминимумдар архитектуралық тұрғыдан аса көрікті, олар заңғарлылығымен де, сәулет өнерінің жетістіктерін молынан пайдалану мүмкіндігімен де ерекшеленеді. Астана заңғары тұрғын кешені – елордадағы осындай алғашқы қадам. Сыртқы бейнесімен ол Мәскеуде 50-ші жылдары салынған зәулімдерге ұқсайды. Мұндай заңғарлар Ресей астанасында Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған еді. Осынау ұқсастық бекер емес-ті. Астана заңғары екі ел арасындағы мәңгілік достық пен ынтымақты бейнелейді. Заңғар 39 қабаттан тұрады, оның 36 қабатына ел қоныстанған. 12 орам бар, жетеуі мекенжай болса, қалғандары тұрғындарға қызмет көрсететін арнаулы орындар: жоғары талғаммен салынған түрік, фин, орыс моншалары, мұз айдыны мен бассаейн, сауда орталығы, дәрігерлік пункт, жер асты көлік тұрақтары, қоймалар. Пәтерлер саны – 433, көлемі жағынан әр алуан, қалауыңызға және қаражатыңызға орай екі-үш деңгейдегі пәтерлерге дейін алуыңызға болады. Алғашқы қабат коммуникациялық маңызға ие, осы жерден далаға шықпай-ақ кешеннің барлық орамдарына өте аласыз. Заңғарда арнай күзет қызметі бар, айналадағы қаракет тележүйе бойынша бақыланады. Жоғарғы қабат қаланы тамашалауға арналған, көтеріліңіз де күн сайын құлпырып келе жатқан Астананы қызықтаңыз. Заңғар қаланың барлық тұсынан менмұндалап тұрады.   Жас ұлан             Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі. Арнаулы оқу орнын құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Бұдан 12 жыл бұрын, 1999 жылы Қазақстан Президенті Отанымыздың болашақ қорғаушыларының мектебін ашқан еді. «Жас ұлан» мектебі мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын, әскери тәртіп пен дене шынықтыруға басымдық беретін жалпы орта білім беру мекемесі болып табылады «Жас ұлан» мектебіндегі жаңа ғимараттың кешені 24 мың шаршы метрден астам аумаққа орналасқан жеті павильоннан тұрады. Оның құрамында 51 сынып, 500 орындық жатақхана, кітапхана, оқу және мәжіліс залдары бар. Спорт кешені көрермендер отыратын орындар мен жаттығуға арналған спортзал, ұзындығы 25, ені 11 метрлік аумақты алатын 6 жолақты бассейннен тұрады.   Оқушылардың шығармашылық сарайы             Оқушылар сарайында мектеп жасындағы балалар спортпен айналысады. Жаттығулар ғылым, өнер және спорт түрлері бойынша үш бағытта жүреді. 50-дей секция мен үйірмеде бір мезгілде 3880 бала айналысады. Болашақта секциялар санын 100-ге дейін жеткізу жоспарланған. Жаңа Оқушылар сарайы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін қол жетімді болады. Ғимарат арнайы тетіктермен және пандуспен жабдықталған. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, жетім балалар Оқушылар сарайындағы үйірмелер мен секцияларға тегін қатысады. Оқушылардың шығармашылық сарайы - 4 қабаттан тұратын, көпбейінді, сырт пішімі күрделі ғимарат. Бірінші қабатында жеңіл атлетикалық манеж, екі жаттығу залы, жүзу бассейні, мұз айдыны, театрлық көрермен залы, асхана, әкімшілік және техникалық бөлмелер орналасқан. Екінші қабатта экспозияция мен тақырыптық көрмелерді ұдайы ұйымдастырып тұруға арналған көрме залы, Интернет орталық және кітапхана бар. Үшінші қабатында баскетбол, күрес, теннис залдары, оркестр, би, хор және драма ұжымдары үшін дайындық залы, медициналық орталық орналасқан. Төртінші қабатта орналасқан 170 орындық планетарийде стереоскоптық 3D технологиясын пайдалану арқылы панорамалық, сфералық және ғаламшарлық кескіндеме көрсетуге мүмкіндік жасалған, амфитеатр түрінде пайдаланылатын көпбейінді бөлмелер, хореография залы, саз сыныбы, изостудия, сазды-теориялық оқу сыныптары, театр студиясы, зертхана, бейнефотостудия бар. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)  


Астана заңғары

Қала сәулетінде архитектуралық жалпы көріністің қараған көзге бейнелі болуы елеулі маңызға ие. Жобалаушылар құрылыстың техникалық-инженерлік және әлеуметтік мәселелерін дұрыс шеше отырып, шаһардың өзіне ғана тән көркем образын сомдауы керек. Ал қаланың жиынтық бейнесі орамдар мен аудандардың архитектурасы әркелкі бола отырып, ортақ идеяға бағынуы арқылы жасалады. XXI ғасыр «кондоминимум» ұғымын ала келді. Қала тұрғындары заңғар үйлер арқылы тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шеше алады екен. Мұндай шаңырақтар әмбебеп кешендерге ұқсайды. Балабақшасы, дүкендері, көлік тұрақтары, мейрамханалар мен саябақтары, спорт жүйелері бар ғимараттар шындығында да қолайлы. Керегіңнің бәрі жаныңнан табылса, уақытың үнемделеді. Ал уақыт қазіргі заманда тым қымбат.

Екінші жағынан, кондоминимумдар архитектуралық тұрғыдан аса көрікті, олар заңғарлылығымен де, сәулет өнерінің жетістіктерін молынан пайдалану мүмкіндігімен де ерекшеленеді.

Астана заңғары тұрғын кешені – елордадағы осындай алғашқы қадам.

Сыртқы бейнесімен ол Мәскеуде 50-ші жылдары салынған зәулімдерге ұқсайды. Мұндай заңғарлар Ресей астанасында Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған еді.

Осынау ұқсастық бекер емес-ті. Астана заңғары екі ел арасындағы мәңгілік достық пен ынтымақты бейнелейді.

Заңғар 39 қабаттан тұрады, оның 36 қабатына ел қоныстанған. 12 орам бар, жетеуі мекенжай болса, қалғандары тұрғындарға қызмет көрсететін арнаулы орындар: жоғары талғаммен салынған түрік, фин, орыс моншалары, мұз айдыны мен бассаейн, сауда орталығы, дәрігерлік пункт, жер асты көлік тұрақтары, қоймалар.

Пәтерлер саны – 433, көлемі жағынан әр алуан, қалауыңызға және қаражатыңызға орай екі-үш деңгейдегі пәтерлерге дейін алуыңызға болады.

Алғашқы қабат коммуникациялық маңызға ие, осы жерден далаға шықпай-ақ кешеннің барлық орамдарына өте аласыз.

Заңғарда арнай күзет қызметі бар, айналадағы қаракет тележүйе бойынша бақыланады.

Жоғарғы қабат қаланы тамашалауға арналған, көтеріліңіз де күн сайын құлпырып келе жатқан Астананы қызықтаңыз.

Заңғар қаланың барлық тұсынан менмұндалап тұрады.  

Жас ұлан

            Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі. Арнаулы оқу орнын құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Бұдан 12 жыл бұрын, 1999 жылы Қазақстан Президенті Отанымыздың болашақ қорғаушыларының мектебін ашқан еді. «Жас ұлан» мектебі мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын, әскери тәртіп пен дене шынықтыруға басымдық беретін жалпы орта білім беру мекемесі болып табылады «Жас ұлан» мектебіндегі жаңа ғимараттың кешені 24 мың шаршы метрден астам аумаққа орналасқан жеті павильоннан тұрады. Оның құрамында 51 сынып, 500 орындық жатақхана, кітапхана, оқу және мәжіліс залдары бар. Спорт кешені көрермендер отыратын орындар мен жаттығуға арналған спортзал, ұзындығы 25, ені 11 метрлік аумақты алатын 6 жолақты бассейннен тұрады.

 

Оқушылардың шығармашылық сарайы

            Оқушылар сарайында мектеп жасындағы балалар спортпен айналысады. Жаттығулар ғылым, өнер және спорт түрлері бойынша үш бағытта жүреді. 50-дей секция мен үйірмеде бір мезгілде 3880 бала айналысады. Болашақта секциялар санын 100-ге дейін жеткізу жоспарланған. Жаңа Оқушылар сарайы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін қол жетімді болады. Ғимарат арнайы тетіктермен және пандуспен жабдықталған. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, жетім балалар Оқушылар сарайындағы үйірмелер мен секцияларға тегін қатысады. Оқушылардың шығармашылық сарайы - 4 қабаттан тұратын, көпбейінді, сырт пішімі күрделі ғимарат. Бірінші қабатында жеңіл атлетикалық манеж, екі жаттығу залы, жүзу бассейні, мұз айдыны, театрлық көрермен залы, асхана, әкімшілік және техникалық бөлмелер орналасқан. Екінші қабатта экспозияция мен тақырыптық көрмелерді ұдайы ұйымдастырып тұруға арналған көрме залы, Интернет орталық және кітапхана бар. Үшінші қабатында баскетбол, күрес, теннис залдары, оркестр, би, хор және драма ұжымдары үшін дайындық залы, медициналық орталық орналасқан. Төртінші қабатта орналасқан 170 орындық планетарийде стереоскоптық 3D технологиясын пайдалану арқылы панорамалық, сфералық және ғаламшарлық кескіндеме көрсетуге мүмкіндік жасалған, амфитеатр түрінде пайдаланылатын көпбейінді бөлмелер, хореография залы, саз сыныбы, изостудия, сазды-теориялық оқу сыныптары, театр студиясы, зертхана, бейнефотостудия бар.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

 

Ұқсас материалдар