«Астана-Бәйтерек» сәулет кешені.

27.05.2013 11781
Астанада Қазақстанның көне дәстүрден тамырланатын нышанын тұрғызу жөніндегі идеяны Республика Президенті 1999 жылы көтерген еді. Елбасы оның қандай болуы керек екенін де эскиз түрінде көрсетіп берді. Алыс-жақын елдер сәулетшілерінің көп жобасының ішінен нақ осы нұсқа – «Бәйтерек» идеясы таңдалып алынды. 2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын жеті қабат жер астына жіберген мәуелі бәйтеректей тарихы тереңде жатқан ел екендігінің дәлелі сіпеттес. Тамырым менің тереңде, жапырағым биікте, әлі де өсеміз, өркендейміз деген ұғымды береді.   Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97 метр, XX ғасырда дәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмолада шаңырақ көтерді. Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады: -          Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Осы бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7 метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей. -          Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары. Соны бойлап «MITSUBISHI» фирмасының алтын реңді шыныларынан жасалған, күн көзінде мың құбылады, тәуліктің әр сәтінде түрлі шапаққа боялады.             Осы жарты шар арқылы жоғарыға, Бәйтеректің ұшар басына көтеріліссіз. Әуелі 93 метр биіктігі қаланы тамашалу алаңына аялдайсыз. Бұл жерден жаңа әкімшілік орталығы алақанға салғандай анық көрінеді. Ақорда, Үкімет үйі, бұрқақтар аллеясы, Сенат, Мәжіліс, Жоғарғы сот, Сыртқы істер және Қорғаныс, Көлік және коммуникация министрліктерінің ғимараттары, «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» компанияларының әкімшілік үйлері – бәрі жанарыңның алдында құлпырады.             Заңғардан сайын дала да сиқырланып шалынады, қала шетінен жазылған байтақ көкжиекке сіңіп жоғалғанша қарайсың.             Бәйтеректің ең биік тұсы – 97 метрдегі «аялы алақан» еомпозициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің юәрі оны көргенше құмартады.   -          Үшінші бөлік – диаметрі 22 метр алып шар – Самұрықтың алтын жұмыртқасы. Ол үш деңгейден тұрады. Алғашқысы ұя іспетті, жарты шар десе де болғандай, «SUN GLAS» фирмасының алтын реңді шыныларынан жасалған, күн көзінде мың құбылады, тәуліктің әр сәтінде түрлі шапаққа боялады. Осы жарты шар арқылы жоғарыға, Бәйтеректің ұшар басына көтерілесіз. Әуелі 93 метр биіктігі қаланы тамашалау алаңына аялдайсыз. Бұл жерден жаңа әкімшілік орталығы алақанға салғандай анық көрінеді. Ақорда, Үкімет үйі, бұрқақтар алеясы, Сенат, Мәжіліс, Жоғарғы сот, Сыртқы істер және Қорғаныс, Көлік және коммуникация министрліктерінің ғимараттары, «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» компанияларының әкімшілік үйлері – бәрі жанарыңның алдында құлпырады. Заңғардан сайын дала да сиқырланып шалынады, қала шетінен жазылған байтақ көкжиекке сіңіп жоғалғанша қарайсың.             Бәйтеректің ең биік тұсы – 97 метрдегі «Аялы алақан» композициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің бәрі оны көргенше құмартады. Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің алақаны таңбаланған. Соған саусағың тисе «Менің елім» әуені шалқи жөнеледі, бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай. Заңғарды түнде тамашалағанда арнайы жасалып орнатылған түнгі жарық Бәйтеректі күн астында бар шұғыланың бәріне бояйды, компьютер арқылы 500 реңге нұрландырады.             «Астана-Бәйтерек» бүгінде қала мен Республика халқының ғана емес, алыс-жақын елдердің көз қуанышына айналып үлгерді. 2002 жылы өткен ТМД елдері мен Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары сәулетшілерінің Х халықаралық байқау конкурсында Гран-Приге және Алтын медальге ие болды. 2003 жылы Болгарияның София қаласында сәулетшілердің бүкіл әлемдік триенналында Астана – жаңа қала сәулетімен бірге күміс медальді олжалады. Осы жылы Бішкекте сәулетшілер фестивалінде Гран-При мен Алтын медаль бірауыздан берілді.             Бәйтерек осылай әлемде Самұрықша қалқып барады... Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Астанада Қазақстанның көне дәстүрден тамырланатын нышанын тұрғызу жөніндегі идеяны Республика Президенті 1999 жылы көтерген еді. Елбасы оның қандай болуы керек екенін де эскиз түрінде көрсетіп берді. Алыс-жақын елдер сәулетшілерінің көп жобасының ішінен нақ осы нұсқа – «Бәйтерек» идеясы таңдалып алынды. 2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын жеті қабат жер астына жіберген мәуелі бәйтеректей тарихы тереңде жатқан ел екендігінің дәлелі сіпеттес. Тамырым менің тереңде, жапырағым биікте, әлі де өсеміз, өркендейміз деген ұғымды береді.  

Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97 метр, XX ғасырда дәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмолада шаңырақ көтерді. Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:

-          Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Осы

бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7 метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей.

-          Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары. Соны

бойлап «MITSUBISHI» фирмасының алтын реңді шыныларынан жасалған, күн көзінде мың құбылады, тәуліктің әр сәтінде түрлі шапаққа боялады.

            Осы жарты шар арқылы жоғарыға, Бәйтеректің ұшар басына көтеріліссіз. Әуелі 93 метр биіктігі қаланы тамашалу алаңына аялдайсыз. Бұл жерден жаңа әкімшілік орталығы алақанға салғандай анық көрінеді. Ақорда, Үкімет үйі, бұрқақтар аллеясы, Сенат, Мәжіліс, Жоғарғы сот, Сыртқы істер және Қорғаныс, Көлік және коммуникация министрліктерінің ғимараттары, «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» компанияларының әкімшілік үйлері – бәрі жанарыңның алдында құлпырады.

            Заңғардан сайын дала да сиқырланып шалынады, қала шетінен жазылған байтақ көкжиекке сіңіп жоғалғанша қарайсың.

            Бәйтеректің ең биік тұсы – 97 метрдегі «аялы алақан» еомпозициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің юәрі оны көргенше құмартады.  

-          Үшінші бөлік – диаметрі 22 метр алып шар – Самұрықтың алтын

жұмыртқасы. Ол үш деңгейден тұрады. Алғашқысы ұя іспетті, жарты шар десе де болғандай, «SUN GLAS» фирмасының алтын реңді шыныларынан жасалған, күн көзінде мың құбылады, тәуліктің әр сәтінде түрлі шапаққа боялады. Осы жарты шар арқылы жоғарыға, Бәйтеректің ұшар басына көтерілесіз. Әуелі 93 метр биіктігі қаланы тамашалау алаңына аялдайсыз. Бұл жерден жаңа әкімшілік орталығы алақанға салғандай анық көрінеді. Ақорда, Үкімет үйі, бұрқақтар алеясы, Сенат, Мәжіліс, Жоғарғы сот, Сыртқы істер және Қорғаныс, Көлік және коммуникация министрліктерінің ғимараттары, «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» компанияларының әкімшілік үйлері – бәрі жанарыңның алдында құлпырады. Заңғардан сайын дала да сиқырланып шалынады, қала шетінен жазылған байтақ көкжиекке сіңіп жоғалғанша қарайсың.

            Бәйтеректің ең биік тұсы – 97 метрдегі «Аялы алақан» композициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің бәрі оны көргенше құмартады. Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің алақаны таңбаланған. Соған саусағың тисе «Менің елім» әуені шалқи жөнеледі, бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай.

Заңғарды түнде тамашалағанда арнайы жасалып орнатылған түнгі жарық Бәйтеректі күн астында бар шұғыланың бәріне бояйды, компьютер арқылы 500 реңге нұрландырады.

            «Астана-Бәйтерек» бүгінде қала мен Республика халқының ғана емес, алыс-жақын елдердің көз қуанышына айналып үлгерді. 2002 жылы өткен ТМД елдері мен Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары сәулетшілерінің Х халықаралық байқау конкурсында Гран-Приге және Алтын медальге ие болды. 2003 жылы Болгарияның София қаласында сәулетшілердің бүкіл әлемдік триенналында Астана – жаңа қала сәулетімен бірге күміс медальді олжалады. Осы жылы Бішкекте сәулетшілер фестивалінде Гран-При мен Алтын медаль бірауыздан берілді.

            Бәйтерек осылай әлемде Самұрықша қалқып барады...

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Ұқсас материалдар