Жазғы Универсиадада жеңіске жеткен қазақстандық спортшыларға 3100 доллардан берілед

22.05.2013 1712
Қазақстан Қазандағы жазғы Универсиадада оннан астам спорт түріне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz  ҚР Студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Жаснұр Ақеділовке сілтеме жасап.   Қазандағы Универсиада бағдарламасына спорттың 27 түрі енгізілген, қазақстандықтар солардың жартысына қатысады. ауыр және жеңіл атлетика, оқ ату және семсерлесу секілді дәстүрлі спорт түрлерінен басқа, біздің спортшылар белбеумен күрес сынды сайысқа да қатысады.  Бұл жолы бағдарламаға гольф пен садақпен ату қосылмаған. Бірақ, бес жаңа спорт түрі енген, олар: самбо, белбеумен күрес, регби-7, суда мәнерлеп жүзу және бокс. Қатысушылардың нақты санына келер болсақ, олар әлі белгіленбеген. «Біз атлеттердің алдын ала тізімін құрдық, - деді Ж.Ақеділов, - бірақ, оны әлі бекіту қажет. Ауыс-түйістер және түзетулер болуы мүмкін. Соңғы тізім бір-екі аптадан кейін белгілі болады».  Сонымен қатар, Универсиада чемпиондарына берілетін сыйақы белгілі болды.  «Қазандағы ойындардың жеңімпазы 3100 доллар көлемінде сыйақы алады. Біз бұл соманы тағы көтеруге тырысамыз, бұл мәселе шешіледі ме, жоқ па, әзірге белгісіз», - деп мәлімдеді Ж.Ақеділов. Сонымен қатар, жуырда Ресейдегі Универсиада чемпиондарына сыйақы мөлшері белгіленді.  Осылайша, «алтын» үшін ойын иелері 168 мың рубль, немесе шамамен 5420 АҚШ долларын алады.  27-ші жазғы Универсиада Татарстан астанасы Қазанда 6-17 шілде аралығында өтетінін естеріңізге саламыз. Осыған дейінгі Қытайдың Шэньчженінде өткен ойындарда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық сында 45-орынды иеленген болатын. ҚазАқпарат.

Қазақстан Қазандағы жазғы Универсиадада оннан астам спорт түріне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz  ҚР Студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Жаснұр Ақеділовке сілтеме жасап.  

Қазандағы Универсиада бағдарламасына спорттың 27 түрі енгізілген, қазақстандықтар солардың жартысына қатысады. ауыр және жеңіл атлетика, оқ ату және семсерлесу секілді дәстүрлі спорт түрлерінен басқа, біздің спортшылар белбеумен күрес сынды сайысқа да қатысады. 

Бұл жолы бағдарламаға гольф пен садақпен ату қосылмаған. Бірақ, бес жаңа спорт түрі енген, олар: самбо, белбеумен күрес, регби-7, суда мәнерлеп жүзу және бокс.

Қатысушылардың нақты санына келер болсақ, олар әлі белгіленбеген.

«Біз атлеттердің алдын ала тізімін құрдық, - деді Ж.Ақеділов, - бірақ, оны әлі бекіту қажет. Ауыс-түйістер және түзетулер болуы мүмкін. Соңғы тізім бір-екі аптадан кейін белгілі болады». 

Сонымен қатар, Универсиада чемпиондарына берілетін сыйақы белгілі болды.  «Қазандағы ойындардың жеңімпазы 3100 доллар көлемінде сыйақы алады. Біз бұл соманы тағы көтеруге тырысамыз, бұл мәселе шешіледі ме, жоқ па, әзірге белгісіз», - деп мәлімдеді Ж.Ақеділов.

Сонымен қатар, жуырда Ресейдегі Универсиада чемпиондарына сыйақы мөлшері белгіленді.  Осылайша, «алтын» үшін ойын иелері 168 мың рубль, немесе шамамен 5420 АҚШ долларын алады. 

27-ші жазғы Универсиада Татарстан астанасы Қазанда 6-17 шілде аралығында өтетінін естеріңізге саламыз. Осыған дейінгі Қытайдың Шэньчженінде өткен ойындарда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық сында 45-орынды иеленген болатын.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар