Мұхтар Әуезов

17.05.2013 3972
Әуезов Мұхтар (1897-1961) - ұлы жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, қазақ әдебиетінің классигі. «Абай жолы» романы әлемдік әдебиет антологиясына енген. Семейдегі Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Әкесінің есімі - Омархан. «Айман-Шолпан», «Қаракөз», т.б. спектакльдердің сценарийін жазған. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі.   Ой да көп, уайым да көп - ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ - ойнай берсең. Ақыл-ой туралы Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өнерпаз болсаң - өр бол. Ғылым-білім, өнер туралы Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді. Ақыл-ой туралы  Білім - бақтын жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы. Ғылым-білім, өнер туралы Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар. Қадір-қасиет туралы Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет. Қадір-қасиет туралы Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады. Төзімділік, шыдамдылық туралы Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінің ісі.  Жақсы мен жаман туралы Жақсыда жаттық жоқ. Жақсы мен жаман туралы Адам көркі - ақыл. Ақыл-ой туралы Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады. Асыл сөз туралы Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек. Сақтық туралы Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Адам ірілігі - бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерден құралады. Қадір-қасиет туралы   Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса - ел болғаның қайсы?! Жақсы мен жаман туралы Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тумай жатып - толдым деме, толмай жатып - болдым деме. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты. Күншілдік, қызғаныш туралы Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім. Ғылым-білім, өнер туралы Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.  Ғылым-білім, өнер туралы Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза. Ар-намыс, ұят туралы Жауға - жалынба, досқа - тарылма. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Амал: кіжіну бар, килігу жоқ. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Сипат: тілі - бұлбұл, аяғы - дүлділ. Тіл туралы Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы. Мінез-құлық туралы Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Тамыр болдың - айтыс жоқ, Қолдан бердің - қайтыс жоқ. Пайдасыздық, керексіздік туралы Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар. Пайдасыздық, керексіздік туралы Көбікті толқын санама. Пайдасыздық, керексіздік туралы Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт. Әділет туралы Еккенің тікен болса - орғаның балауса болмас. Пайдасыздық, керексіздік туралы Жаза баспас қадам жоқ - жаңылмайтын адам жоқ. Қателесу туралы Жауызға айтқан жақсы сөз - суға жазған сертпен тең. Асыл сөз туралы Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар. Халық, ел туралы Күй атасы - Қорқыт. Күй, жыр туралы Күйгенімнен - сүйгенім көп. Өкініш, реніш туралы Сын - шын болсын, шын сын болсын. Сын туралы   Талай жан бар - аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас. Асыл сөз туралы Шын көңілден айтылған тілекке - шындықпен жауап беру парыз. Адамгершілік туралы Іздессең - табарсың, алыссаң - аларсың. Төзімділік туралы     Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.

Әуезов Мұхтар (1897-1961) - ұлы жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, қазақ әдебиетінің классигі. «Абай жолы» романы әлемдік әдебиет антологиясына енген. Семейдегі Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Әкесінің есімі - Омархан. «Айман-Шолпан», «Қаракөз», т.б. спектакльдердің сценарийін жазған. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

 

Ой да көп, уайым да көп - ойлай берсең,

Ой да жоқ, уайым да жоқ - ойнай берсең.

Ақыл-ой туралы

Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өнерпаз болсаң - өр бол.

Ғылым-білім, өнер туралы

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

Ақыл-ой туралы

 Білім - бақтын жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы.

Ғылым-білім, өнер туралы

Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар.

Қадір-қасиет туралы

Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет.

Қадір-қасиет туралы

Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады.

Төзімділік, шыдамдылық туралы

Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінің ісі. 

Жақсы мен жаман туралы

Жақсыда жаттық жоқ.

Жақсы мен жаман туралы

Адам көркі - ақыл.

Ақыл-ой туралы

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Асыл сөз туралы

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.

Сақтық туралы

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Адам ірілігі - бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерден құралады.

Қадір-қасиет туралы

 

Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса - ел болғаның қайсы?!

Жақсы мен жаман туралы

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тумай жатып - толдым деме, толмай жатып - болдым деме.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

Күншілдік, қызғаныш туралы

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.

Ғылым-білім, өнер туралы

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. 

Ғылым-білім, өнер туралы

Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза.

Ар-намыс, ұят туралы

Жауға - жалынба, досқа - тарылма.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Сипат: тілі - бұлбұл, аяғы - дүлділ.

Тіл туралы

Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.

Мінез-құлық туралы

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Тамыр болдың - айтыс жоқ,

Қолдан бердің - қайтыс жоқ.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Көбікті толқын санама.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.

Әділет туралы

Еккенің тікен болса - орғаның балауса болмас.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Жаза баспас қадам жоқ - жаңылмайтын адам жоқ.

Қателесу туралы

Жауызға айтқан жақсы сөз - суға жазған сертпен тең.

Асыл сөз туралы

Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.

Халық, ел туралы

Күй атасы - Қорқыт.

Күй, жыр туралы

Күйгенімнен - сүйгенім көп.

Өкініш, реніш туралы

Сын - шын болсын, шын сын болсын.

Сын туралы

 

Талай жан бар - аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Асыл сөз туралы

Шын көңілден айтылған тілекке - шындықпен жауап беру парыз.

Адамгершілік туралы

Іздессең - табарсың, алыссаң - аларсың.

Төзімділік туралы 

 

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.

Ұқсас материалдар