Төлегенова Бибігүл Ахметқызы

09.11.2012 3030
Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Төлегенова Бибігүл Ахметқызы (16.12.1929 ж. т., қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – әнші (лирик.-колоратур. сопрано), Қазақ КСР-інің (1958) және КСРО-ның (1967) халық арт., Соц. Еңбек Ері (1991). 1954 ж. Алматы мемл. консерваториясын (Н.Н. Самышинаның ән класы бойынша) бітірген. Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. Алғаш Т-ның әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі тұңғыш дәріс берген орыс жазушысы Г.И. Серебрякова (сол кезде Семей қ-нда тұрған) болды. Т. еңбек жолын 1946 ж. Семейдің ет комб-нда жұмысшы болып бастады. 1951 – 53 ж. Қазақ радиосының, 1954 – 56 ж. Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрының, 1956 – 71 ж. Қазақ мемл. филармониясының әнші-солисі. Ал 1971 жылдан Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрында еңбек етті. 1979 жылдан Алматы мемл. консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) пед. қызметпен (проф.) шұғылданды. Т-ның шебер орындаушылық өнерінің, әсем де сазды даусының қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері (“Гауїар тас”, “Жиырма бес”), Қазақстан композиторларының шығармалары (Л.Хамиди, “Бұлбұл”; Е.Брусиловский, “Қос қарлығаш”; М.Төлебаев, “Еске алу”; С.Мұхамеджанов, “Көктем вальсі”; Н.Тілендиев, “Кел, еркем, Алатауыма”) сондай-ақ П.И. Чайковский мен С.В. Рахманиновтың романстары, Н.А. Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыс Еуропа композиторларының (Г.Доницетти, Э.Григ, Ф.Шуберт) вокалдық шығармалары бар. Т. өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классик. дәрежеге жеткізді; опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Таңдаулы партиялары: Жібек (Брусиловский, “Қыз Жібек”), Гүлбаршын (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), Еңлік (Ғ.Жұбанова, “Еңлік – Кебек”), Джильда, Виолетта (Дж. Верди, “Риголетто” мен “Травиата”), Церлина (В.Моцарт, “Дон-Жуан”), Розина (Дж. Россини, “Севиль шаштаразысы”), т.б. Ол “Дала қызы”, “Біздің сүйікті дәрігер”, “Бұл Шұғылада болған еді”, “Тақиялы періште” фильмдерінде өз замандастарының тұлғасын жасады. Т. өнері респ., ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Польша, бұрынғы Чехословакия, Yндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ-та болды. 1957 және 1958 ж. Мәскеуде өткен әншілер байқауының лауреаты. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл-н (1966) және КСРО Мемл. сыйл-н (1970) алды. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. В. Орлени Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том  

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Төлегенова Бибігүл Ахметқызы (16.12.1929 ж. т., қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – әнші (лирик.-колоратур. сопрано), Қазақ КСР-інің (1958) және КСРО-ның (1967) халық арт., Соц. Еңбек Ері (1991). 1954 ж. Алматы мемл. консерваториясын (Н.Н. Самышинаның ән класы бойынша) бітірген. Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. Алғаш Т-ның әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі тұңғыш дәріс берген орыс жазушысы Г.И. Серебрякова (сол кезде Семей қ-нда тұрған) болды. Т. еңбек жолын 1946 ж. Семейдің ет комб-нда жұмысшы болып бастады. 1951 – 53 ж. Қазақ радиосының, 1954 – 56 ж. Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрының, 1956 – 71 ж. Қазақ мемл. филармониясының әнші-солисі. Ал 1971 жылдан Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрында еңбек етті. 1979 жылдан Алматы мемл. консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) пед. қызметпен (проф.) шұғылданды. Т-ның шебер орындаушылық өнерінің, әсем де сазды даусының қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері (“Гауїар тас”, “Жиырма бес”), Қазақстан композиторларының шығармалары (Л.Хамиди, “Бұлбұл”; Е.Брусиловский, “Қос қарлығаш”; М.Төлебаев, “Еске алу”; С.Мұхамеджанов, “Көктем вальсі”; Н.Тілендиев, “Кел, еркем, Алатауыма”) сондай-ақ П.И. Чайковский мен С.В. Рахманиновтың романстары, Н.А. Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыс Еуропа композиторларының (Г.Доницетти, Э.Григ, Ф.Шуберт) вокалдық шығармалары бар. Т. өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классик. дәрежеге жеткізді; опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Таңдаулы партиялары: Жібек (Брусиловский, “Қыз Жібек”), Гүлбаршын (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), Еңлік (Ғ.Жұбанова, “Еңлік – Кебек”), Джильда, Виолетта (Дж. Верди, “Риголетто” мен “Травиата”), Церлина (В.Моцарт, “Дон-Жуан”), Розина (Дж. Россини, “Севиль шаштаразысы”), т.б. Ол “Дала қызы”, “Біздің сүйікті дәрігер”, “Бұл Шұғылада болған еді”, “Тақиялы періште” фильмдерінде өз замандастарының тұлғасын жасады. Т. өнері респ., ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Польша, бұрынғы Чехословакия, Yндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ-та болды. 1957 және 1958 ж. Мәскеуде өткен әншілер байқауының лауреаты. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл-н (1966) және КСРО Мемл. сыйл-н (1970) алды. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

В. Орлени

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том