Сайрамда күміс тиындар салынған құмыра мен алтын әшекейлер табылды

09.05.2013 3437
Оңтүстік Қазақстан облысында Сайрам қаласының орталығынан археологтар күміс тиындар салынған құмыра мен алтын әшекейлер тауып алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Сайрам ауданы осы атаумен тарихта қалған ескі қаланың үстінен тұрғызылған елді мекен. Оның орта тұсынан сауда орталығын салу жоспарланған екен. Дәл осы құрылыс жұмыстары барысында аталған тарихи жәдігерлер табылыпты. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құрылыс жұмыстары басталмас бұрын ҚР БҒМ Марғұлан атындағы институт ғалымдары тарихи жәдігерлерді қорғау мақсатында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде археологтар 10-12 ғасырларда салынған ортағасырлық мойыншаның бір бөлігін тауып алды, - дейді Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев. – Сақталған құрылыс нысаны жанынан орта ғасырда салынған үйдің бір бөлігі анықталып, айтып өткен көне тарихи жәдігерлер сол жерден табылып отыр. 2600 күміс тиын салынған құмыра көне тандырдың ішінен табылды. Монеталардың болжамдық шыққан уақыты 15-16 ғасырларға тұспа-тұс келеді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихында табылып отырған тұңғыш ежелгі дәуір құндылықтары. Олар Қасымханның кезінде Сайрам Қазақ хандығының құрамында болған шақтағы ақша бірліктері болуы мүмкін. Алтыннан жасалған ортағасырлық зергерлік бұйымдар да сол жерден табылды. Бұны Қазақстанның ортағасырлық қалалары аумағында табылған ірі жаңалық деп бағалауымыз керек. Бұған дейін археологтар тек бірлі-екілі әшекейлер ғана тауып келген болатын. Сөз жоқ, алтын бұйымдар – білезіктер, жүзіктер, сырғалар мен басқа да әшекей түрлері бірегей археологиялық жетістік және оның тарихи құндылығы аса жоғары. Біздің пайымымызша, алтын әшекейлер сол заманда өмір сүрген зергердікі болуы мүмкін, себебі сол жерден зергерлік бұйым жасау құралдары да табылды. Табылған қазына шамамен 13-16 ғасырларға тиесілі». Соған қарамастан Сайрам қалашығының мемлекеттің қорғауынсыз қалуы археологтарды қатты алаңдатып отыр. Бауыржан Байтанаев айтып өткендей, Сайрамның мәдени құнды аумағында орналасқан үй иелерімен ешқандай қорғаныс шарттары күні бүгінге дейін жасалмаған.   www.bnews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында Сайрам қаласының орталығынан археологтар күміс тиындар салынған құмыра мен алтын әшекейлер тауып алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Сайрам ауданы осы атаумен тарихта қалған ескі қаланың үстінен тұрғызылған елді мекен. Оның орта тұсынан сауда орталығын салу жоспарланған екен. Дәл осы құрылыс жұмыстары барысында аталған тарихи жәдігерлер табылыпты.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құрылыс жұмыстары басталмас бұрын ҚР БҒМ Марғұлан атындағы институт ғалымдары тарихи жәдігерлерді қорғау мақсатында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде археологтар 10-12 ғасырларда салынған ортағасырлық мойыншаның бір бөлігін тауып алды, - дейді Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев. – Сақталған құрылыс нысаны жанынан орта ғасырда салынған үйдің бір бөлігі анықталып, айтып өткен көне тарихи жәдігерлер сол жерден табылып отыр. 2600 күміс тиын салынған құмыра көне тандырдың ішінен табылды. Монеталардың болжамдық шыққан уақыты 15-16 ғасырларға тұспа-тұс келеді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихында табылып отырған тұңғыш ежелгі дәуір құндылықтары. Олар Қасымханның кезінде Сайрам Қазақ хандығының құрамында болған шақтағы ақша бірліктері болуы мүмкін. Алтыннан жасалған ортағасырлық зергерлік бұйымдар да сол жерден табылды. Бұны Қазақстанның ортағасырлық қалалары аумағында табылған ірі жаңалық деп бағалауымыз керек. Бұған дейін археологтар тек бірлі-екілі әшекейлер ғана тауып келген болатын. Сөз жоқ, алтын бұйымдар – білезіктер, жүзіктер, сырғалар мен басқа да әшекей түрлері бірегей археологиялық жетістік және оның тарихи құндылығы аса жоғары. Біздің пайымымызша, алтын әшекейлер сол заманда өмір сүрген зергердікі болуы мүмкін, себебі сол жерден зергерлік бұйым жасау құралдары да табылды. Табылған қазына шамамен 13-16 ғасырларға тиесілі».

Соған қарамастан Сайрам қалашығының мемлекеттің қорғауынсыз қалуы археологтарды қатты алаңдатып отыр. Бауыржан Байтанаев айтып өткендей, Сайрамның мәдени құнды аумағында орналасқан үй иелерімен ешқандай қорғаныс шарттары күні бүгінге дейін жасалмаған.


 

www.bnews.kz

Ұқсас материалдар