Жоңғар шапқыншылығы

09.11.2012 57094
  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18-ғасырдың 50-жылдарына дейін созылған шапқыншылықтар. 15-ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы Түркістанды, Ташкентті басып алды. 16-ғасырда ойраттардың шабуылдары жиілей түсті. 16-ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед ханның інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарды билейтінін айтқан. Жоңғар хандығын құрған Батыр қонтайшы 1635, 1643 – 44 және 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне басып кірді. 1643 ж. Батыр қонтайшының туы астында елу мың жоңғар әскері Жәңгір хан (Салқам Жәңгір) бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, жау шабуылын тойтарды. 1681 – 84 ж. қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан қазақ жеріне басып кірді. Қазақ ханы Тәуке жеңіліске ұшырап, ойраттар Сайран қаласын талан-таражға салды. 1690 – 97 ж. болған ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігін оңтүстік майданға кетуге мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 ж. ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді. 1708 ж. жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. 1710 ж. Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиыны өтіп, 1711 – 12 ж. Қазақ хандығының елу мың әскері Жоңғар хандығына басып кірді. 1722 ж. Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыттады. 1723 ж. Севан Рабданның жүз мың адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 ж. аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруашылығына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 ж. Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін бастады. 1738 – 41 ж. қолбасшы Сары Манжаның отыз мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 ж. Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 – 58 ж. жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 ж. Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясымен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. 1771 ж. батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар, Абылай хан бастаған Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шақантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, т.б. батырлар біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды.    

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18-ғасырдың 50-жылдарына дейін созылған шапқыншылықтар. 15-ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы Түркістанды, Ташкентті басып алды. 16-ғасырда ойраттардың шабуылдары жиілей түсті. 16-ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед ханның інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарды билейтінін айтқан. Жоңғар хандығын құрған Батыр қонтайшы 1635, 1643 – 44 және 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне басып кірді. 1643 ж. Батыр қонтайшының туы астында елу мың жоңғар әскері Жәңгір хан (Салқам Жәңгір) бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, жау шабуылын тойтарды. 1681 – 84 ж. қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан қазақ жеріне басып кірді. Қазақ ханы Тәуке жеңіліске ұшырап, ойраттар Сайран қаласын талан-таражға салды.

1690 – 97 ж. болған ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігін оңтүстік майданға кетуге мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 ж. ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді. 1708 ж. жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. 1710 ж. Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиыны өтіп, 1711 – 12 ж. Қазақ хандығының елу мың әскері Жоңғар хандығына басып кірді. 1722 ж. Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыттады. 1723 ж. Севан Рабданның жүз мың адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 ж. аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруашылығына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 ж. Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін бастады. 1738 – 41 ж. қолбасшы Сары Манжаның отыз мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 ж. Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 – 58 ж. жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 ж. Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясымен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. 1771 ж. батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар, Абылай хан бастаған Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шақантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, т.б. батырлар біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды.