Конституция

09.11.2012 4224
Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КОНСТИТУЦИЯ (лат. constіtіo – белгілеу, орналастыру) – мемлекеттің Негізгі Заңы, материалдық мағынада – ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеум. құрылыстың негіздерін, басқару мен мемл. құрылымның нысанын, орт. және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың құзыреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемл. рәміздерді және астананы айқындайтын өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы; нысандық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы. К. – конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен нормалары, әлеум. байланыстар мен мемл. биліктің қатынастарын мемл.-құқықтық реттеу негіздері ресми түрде баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан. К. осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Аравиясында, Оманда) ғана К. жоқ. К. мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Ол қоғамның өмір сүруінің саяси нысанын, мемл. органдардың жүйесін құрып, орнықтыратын, олардың қалыптасу тәртібі мен жұмыс істеу тәсілін белгілейтін, азаматтың бостандықтары мен құқықтарын баянды ететін ұзақ мерзімдік қолданыстағы акт. Бұрынғы К-да межеленген мақсатқа қол жеткізілгенде, қоғамның алдына жаңа міндеттер қойылғанда ғана жаңа К. қабылдау қажеттігі туындайды. Көбінесе, К. қағидалары тікелей қолданыста болады, яғни іске асыру үшін тиісті құқықтық актілерде “мәнін ажыратуды”, нақтылауды талап етпейді. Заңи құжат ретіндегі К-ның рөлі зор. Ол – мемлекеттің ең жоғары заңи күшке ие Негізгі Заңы, яки елдің бүкіл заңнамасының негізі. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Қазақстанда белгілі бір іс-қимылдардың, құқықтық актілердің К-ға сәйкестігін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қарайды. Конституциялық құқық ғылымында К-ны заң жүзіндегі К. және іс жүзіндегі К. деп ажырату дәстүрге айналған. Заң жүзіндегі К. – жоғарыда аталған әлеум. қатынастар шеңберін реттейтін құқықтық нормалардың айқындалған жүйесі. Қс жүзіндегі К. – осындай қатынастардың өзі, яки нақты қолданыстағы қатынастар. Нысанына қарай К. сараланған, сараланбаған және аралас тұрпаттағы К-ларға бөлінеді. Сараланған К. – конституциялық сипаттағы барлық негізгі мәселелерді реттейтін бірыңғай құқықтық акт. Ол барлық басқа заңдарға, нормативтік-құқықтық актілерге қатысты жоғары заңи күшке ие болады және ұлттық құқық жүйесінің бастау көзін құрайды. Өзге нормативтік-құқықтық актілердің бәрі К-ға сай келуге, оған қайшы келмеуге тиіс. К-ны парламент, арнаулы конституциялық ассамблея қабылдайды немесе халықтың тікелей дауыс беруі жолымен қабылданады. Ал К. айқындауға тиіс мәселелер жекелеген бірнеше заңнамалық актілермен реттелетін болса, ол сараланбаған К. болып табылады. Мыс., Ұлыбританияда, Жаңа Зеландияда, Израильде солай. Аралас тұрпаттағы К. парламенттік заңдар мен соттың үлгі іс-тәжірибелерін ғана қамтып қоймайды, сонымен бірге конституциялық рәсімдер мен қағидалық түсіндірулерді де қамтиды (олардың бірі, әдетте, К-ның негізгі мәтінін құрайды), яки ішінара сараланған құқықтық актілер болып табылады (мыс., Австрияда, Канадада, Швецияда, Чехияда, Финляндияда). Мыс., Швецияның К-сы үш заңнан құралады (Басқару нысаны; Тақ мұрасы туралы акт; Баспасөз бостандығы туралы акт). Францияда 1958 жылғы Конституцияның негізгі мәтінімен қатар 1789 ж. Адам мен азамат құқықтарының декларациясы және 1946 ж. Конституцияның Кіріспесі елдің негізгі заңының бөліктері деп танылған. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай К. тұрақты және уақытша К-ларға бөлінеді. Уақытша К-лар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады (мыс. Оңтүстік Африка Республикасында 1994 ж. уақытша К. қабылданып, кейін 1996 ж. тұрақты К-мен ауыстырылды). Уақытша К-да билікті ұйымдастыру туралы негізгі қағидалар ғана мазмұндалады (мыс., Польшаның 1992 жылғы “Шағын К-сы”, Албанияның 1991 жылғы Негізгі конституциялық қағидалары). Кейде уақытша К. көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты К-ның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Мыс., бір жарым ғасырдың ішінде 25 К. қабылдаған Венесуэлада олардың кейбіреулері екі жылға да төтеп бере алмады. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа К. қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда К-ны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы К-лары парламенттік жолмен әзірленіп, қабылданды. Болгарияның Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның К-лары Құрылтай жиналысында әзірленіп, қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің К-лары, сондай-ақ, Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы парламенттен тыс жолмен, мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзербайжанның, Литваның, Тәжікстанның К-ларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді. Эстонияның 1992 жылғы К-сын Құрылтай жиналысы мақұлдағаннан кейін референдумда бекітілді. Әлемдік тәжірибеде К-ны мемлекет басшысының өкімі бекіткен бірен-саран жағдайлар да кездеседі. Өзгерістер енгізу тәсіліне қарай К. икемді К., қатаң К. түрлеріне бөлінеді. Икемді К. жай заңдар қабылдау жолымен өзгертілуі мүмкін, ал қатаң К., әдетте, тек парламент мүшелерінің басым көпшілік дауысын талап ететін, кейде тіпті К-ға енгізілетін түзетулерді бекіту үшін референдум өткізуді қажет ететін күрделі сипаттағы арнаулы рәсімдемелер жолымен ғана өзгертіледі. Қазіргі К-лардың алуан түрлі конституциялық реттеу сипатын, өзіндік сатысын бейнелейтін белгілі бір құрылымы (бөлімдері, тараулары, т.б.) болады. Конституциялық реттеу тақырыбының ұқсастығына қарамастан қазіргі мемлекеттердің көбісінде негізгі заңдардың құрылымында қандайда болсын бірыңғай түзілім жоқ, түрлі елдерде К. конституциялық үлгісі, тарихи салт-дәстүрлеріне қарай түрліше құрылымда болып келеді. Мыс., ТМД-ға мүше елдердің көбісінде К. құрылымы мынадай: а) кіріспе; ә) жалпы ережелер (конституциялық құрылыстың негіздері); б) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары; в) заң шығарушы билік), г) атқарушы билік; д) сот билігі; е) жергілікті мемл. басқару және өзін-өзі басқару; ж) конституциялық түзетулер; з) қорытынды және өтпелі ережелер. Кейбір елдердің К-ларында конституциялық құрылыстың негіздерін тұжырымдайтын тараулармен және бөлімдермен қатар, “Қоғам және мемлекет” (Литваның 1992 жылғы К-сы, 3-тарау), “Қоғам және жеке адам” (Өзбекстанның 1992 жылғы К-сы, ҚҚҚ бөлім) сияқты азаматтық қоғам ин-ттарын баянды еткен дербес тараулар (бөлімдер) болады. Аталмыш бөлімдер, әдетте, “меншік және кәсіпкерлік”, “отбасы”, “қоғамдық бірлестіктер”, “ғы-лым”, “білім”, “бұқаралық ақпарат құралдары” сияқты мәселелерге арналған. Ең жаңа К-лардың көбісінде экономика мен қаржыға арналған жекелеген бөлімдер мазмұндалған. Кейбір К-ларда заңнама туралы ережелер жеке тарауға бөлінген, екінші біреулерінде сайлау және референдум туралы ерекше бөлімдер бар. “Америкалық” үлгідегі ең жаңа К-ларда (Бразилия, Колумбия, Филиппин, т.б.) “Мемлекеттік қызмет” (немесе “Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі” сияқты бөлімдер, агр. реформа туралы, қарулы күштер туралы, мемлекет пен демократиялық ин-ттарды қорғау туралы бөлімдер берілген. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яки мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады. Тәуелсіз, егеменді мемлекеттің жаңа Конституциясының Кіріспесінде Қазақстан халқының бостандық, теңдік мұраттарына адал екендігі паш етілді; Жалпы ережелер деп аталатын Қ бөлімде (1 – 9 баптар) Қазақстан Республикасының стратегиялық бағыты – оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құру жолында дамитыны конституциялық тұрғыда негізделді, сондай-ақ, республика жүзеге асыратын қызметтің негізгі принциптерін бекітті. Олар: қоғамдық келісім, елдегі саяси тұрақтылық, республика қызметінің экон. дамуға бағытталуы; қазақстандық патриотизм – отансүйгіштік, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демокр. жолмен шешу принциптері, мемл. биліктің біртұтастығы мен тармақтарға бөлінуі, оның тежемелік және тепе-теңдік жүйесі, халықар. құқық принциптері мен нормаларын құрметтеушілік, күш қолданбау және күшпен қауіп төндірмеу принципі, мемл. шекараның мызғымастығы принципі, ішкі іске араласпау принципі, қазақ тілінің мемл. тіл ретіндегі мәртебесі, мемл. рәміздер, республиканың астанасы айқындалған; Адам және азамат деп аталатын ҚҚ бөлімде (10 – 39-баптар) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары баянды етілген, азаматтық қатынастарды реттейтін нормалар мазмұндалған; Президент (40 – 48-баптар) деп аталатын ҚҚҚ бөлімде президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып табылатын Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшысының, яки Елбасының мәртебесі мен құзырлы өкілеттігі жан-жақты сипатталған; Парламент деп аталатын ҚV бөлім (49 – 63-баптар) Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді органы – қос палаталы (Сенат және Мәжіліс) Парламенттің өкілеттігі, оның депутаттарын сайлау принциптері және депутаттардың өкілеттігі, құқықтық жағдайы мен мәртебесі, Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызмет етуі, таратылуы негізделген; Үкімет деп аталатын V бөлімде (64 – 70-баптар) Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын Үкіметтің өкілеттігі, оның құзыретіне жататын мәселелер мазмұндалған; Коституциялық Кеңес деп аталатын VҚ бөлім (71 – 74-баптар) К-ның құқықтық қорғалуына арналған, мұнда Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын Конституциялық Кеңестің мәртебесі, құзыреті, ұйымдастырылуы және қызмет ету тәртібі белгіленген; Соттар және сот төрелігі деп аталатын VҚҚ бөлімде (75 – 84-баптар) мемл. билік тармағының бірі болып табылатын тәуелсіз сот билігін жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру, сотта іс жүргізу нысандары, сот жүйесі негізделді; Жергілікті мемл. басқару және өзін өзі басқару деп аталатын VҚҚҚ бөлімде (85 – 89-баптар) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың – тиісті әкімш.-аумақтық бөліністегі мемл. өкімет органдарының (мәслихаттар мен әкімдердің) жергілікті маңызы бар экон. және әлеум. мәселелерді шешу жөніндегі қызметі мен міндеттері баяндалды; Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталатын ҚХ бөлімде (90 – 98-баптар) Конституцияны күшіне енгізу және 1993 жылғы Конституцияның қолданылуын тоқтату, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі айтылды және қолданыстағы конституциялық ин-ттар мен органдарды жаңаларымен ауыстыру тәртібі мен мерзімі анықталды, яки Конституция мәтініне түзетулер Республика Президентінің жеке бастамасы бойынша қабылданған шешіммен респ. референдум өткізу жолымен, не Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысы бойынша енгізілетін болып белгіленді; қ. Қазақстан Республикасының Конституциясы. С. Сартаев, Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КОНСТИТУЦИЯ (лат. constіtіo – белгілеу, орналастыру) – мемлекеттің Негізгі Заңы, материалдық мағынада – ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеум. құрылыстың негіздерін, басқару мен мемл. құрылымның нысанын, орт. және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың құзыреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемл. рәміздерді және астананы айқындайтын өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы; нысандық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы. К. – конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен нормалары, әлеум. байланыстар мен мемл. биліктің қатынастарын мемл.-құқықтық реттеу негіздері ресми түрде баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан. К. осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Аравиясында, Оманда) ғана К. жоқ. К. мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Ол қоғамның өмір сүруінің саяси нысанын, мемл. органдардың жүйесін құрып, орнықтыратын, олардың қалыптасу тәртібі мен жұмыс істеу тәсілін белгілейтін, азаматтың бостандықтары мен құқықтарын баянды ететін ұзақ мерзімдік қолданыстағы акт. Бұрынғы К-да межеленген мақсатқа қол жеткізілгенде, қоғамның алдына жаңа міндеттер қойылғанда ғана жаңа К. қабылдау қажеттігі туындайды. Көбінесе, К. қағидалары тікелей қолданыста болады, яғни іске асыру үшін тиісті құқықтық актілерде “мәнін ажыратуды”, нақтылауды талап етпейді. Заңи құжат ретіндегі К-ның рөлі зор. Ол – мемлекеттің ең жоғары заңи күшке ие Негізгі Заңы, яки елдің бүкіл заңнамасының негізі. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Қазақстанда белгілі бір іс-қимылдардың, құқықтық актілердің К-ға сәйкестігін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қарайды. Конституциялық құқық ғылымында К-ны заң жүзіндегі К. және іс жүзіндегі К. деп ажырату дәстүрге айналған. Заң жүзіндегі К. – жоғарыда аталған әлеум. қатынастар шеңберін реттейтін құқықтық нормалардың айқындалған жүйесі. Қс жүзіндегі К. – осындай қатынастардың өзі, яки нақты қолданыстағы қатынастар.

Нысанына қарай К. сараланған, сараланбаған және аралас тұрпаттағы К-ларға бөлінеді. Сараланған К. – конституциялық сипаттағы барлық негізгі мәселелерді реттейтін бірыңғай құқықтық акт. Ол барлық басқа заңдарға, нормативтік-құқықтық актілерге қатысты жоғары заңи күшке ие болады және ұлттық құқық жүйесінің бастау көзін құрайды. Өзге нормативтік-құқықтық актілердің бәрі К-ға сай келуге, оған қайшы келмеуге тиіс. К-ны парламент, арнаулы конституциялық ассамблея қабылдайды немесе халықтың тікелей дауыс беруі жолымен қабылданады. Ал К. айқындауға тиіс мәселелер жекелеген бірнеше заңнамалық актілермен реттелетін болса, ол сараланбаған К. болып табылады. Мыс., Ұлыбританияда, Жаңа Зеландияда, Израильде солай. Аралас тұрпаттағы К. парламенттік заңдар мен соттың үлгі іс-тәжірибелерін ғана қамтып қоймайды, сонымен бірге конституциялық рәсімдер мен қағидалық түсіндірулерді де қамтиды (олардың бірі, әдетте, К-ның негізгі мәтінін құрайды), яки ішінара сараланған құқықтық актілер болып табылады (мыс., Австрияда, Канадада, Швецияда, Чехияда, Финляндияда). Мыс., Швецияның К-сы үш заңнан құралады (Басқару нысаны; Тақ мұрасы туралы акт; Баспасөз бостандығы туралы акт). Францияда 1958 жылғы Конституцияның негізгі мәтінімен қатар 1789 ж. Адам мен азамат құқықтарының декларациясы және 1946 ж. Конституцияның Кіріспесі елдің негізгі заңының бөліктері деп танылған.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай К. тұрақты және уақытша К-ларға бөлінеді. Уақытша К-лар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады (мыс. Оңтүстік Африка Республикасында 1994 ж. уақытша К. қабылданып, кейін 1996 ж. тұрақты К-мен ауыстырылды). Уақытша К-да билікті ұйымдастыру туралы негізгі қағидалар ғана мазмұндалады (мыс., Польшаның 1992 жылғы “Шағын К-сы”, Албанияның 1991 жылғы Негізгі конституциялық қағидалары). Кейде уақытша К. көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты К-ның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Мыс., бір жарым ғасырдың ішінде 25 К. қабылдаған Венесуэлада олардың кейбіреулері екі жылға да төтеп бере алмады.

Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа К. қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда К-ны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы К-лары парламенттік жолмен әзірленіп, қабылданды. Болгарияның Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның К-лары Құрылтай жиналысында әзірленіп, қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің К-лары, сондай-ақ, Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы парламенттен тыс жолмен, мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзербайжанның, Литваның, Тәжікстанның К-ларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді. Эстонияның 1992 жылғы К-сын Құрылтай жиналысы мақұлдағаннан кейін референдумда бекітілді. Әлемдік тәжірибеде К-ны мемлекет басшысының өкімі бекіткен бірен-саран жағдайлар да кездеседі.

Өзгерістер енгізу тәсіліне қарай К. икемді К., қатаң К. түрлеріне бөлінеді. Икемді К. жай заңдар қабылдау жолымен өзгертілуі мүмкін, ал қатаң К., әдетте, тек парламент мүшелерінің басым көпшілік дауысын талап ететін, кейде тіпті К-ға енгізілетін түзетулерді бекіту үшін референдум өткізуді қажет ететін күрделі сипаттағы арнаулы рәсімдемелер жолымен ғана өзгертіледі. Қазіргі К-лардың алуан түрлі конституциялық реттеу сипатын, өзіндік сатысын бейнелейтін белгілі бір құрылымы (бөлімдері, тараулары, т.б.) болады. Конституциялық реттеу тақырыбының ұқсастығына қарамастан қазіргі мемлекеттердің көбісінде негізгі заңдардың құрылымында қандайда болсын бірыңғай түзілім жоқ, түрлі елдерде К. конституциялық үлгісі, тарихи салт-дәстүрлеріне қарай түрліше құрылымда болып келеді. Мыс., ТМД-ға мүше елдердің көбісінде К. құрылымы мынадай: а) кіріспе; ә) жалпы ережелер (конституциялық құрылыстың негіздері); б) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары; в) заң шығарушы билік), г) атқарушы билік; д) сот билігі; е) жергілікті мемл. басқару және өзін-өзі басқару; ж) конституциялық түзетулер; з) қорытынды және өтпелі ережелер. Кейбір елдердің К-ларында конституциялық құрылыстың негіздерін тұжырымдайтын тараулармен және бөлімдермен қатар, “Қоғам және мемлекет” (Литваның 1992 жылғы К-сы, 3-тарау), “Қоғам және жеке адам” (Өзбекстанның 1992 жылғы К-сы, ҚҚҚ бөлім) сияқты азаматтық қоғам ин-ттарын баянды еткен дербес тараулар (бөлімдер) болады. Аталмыш бөлімдер, әдетте, “меншік және кәсіпкерлік”, “отбасы”, “қоғамдық бірлестіктер”, “ғы-лым”, “білім”, “бұқаралық ақпарат құралдары” сияқты мәселелерге арналған.

Ең жаңа К-лардың көбісінде экономика мен қаржыға арналған жекелеген бөлімдер мазмұндалған. Кейбір К-ларда заңнама туралы ережелер жеке тарауға бөлінген, екінші біреулерінде сайлау және референдум туралы ерекше бөлімдер бар. “Америкалық” үлгідегі ең жаңа К-ларда (Бразилия, Колумбия, Филиппин, т.б.) “Мемлекеттік қызмет” (немесе “Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі” сияқты бөлімдер, агр. реформа туралы, қарулы күштер туралы, мемлекет пен демократиялық ин-ттарды қорғау туралы бөлімдер берілген.

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яки мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады. Тәуелсіз, егеменді мемлекеттің жаңа Конституциясының Кіріспесінде Қазақстан халқының бостандық, теңдік мұраттарына адал екендігі паш етілді; Жалпы ережелер деп аталатын Қ бөлімде (1 – 9 баптар) Қазақстан Республикасының стратегиялық бағыты – оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құру жолында дамитыны конституциялық тұрғыда негізделді, сондай-ақ, республика жүзеге асыратын қызметтің негізгі принциптерін бекітті. Олар: қоғамдық келісім, елдегі саяси тұрақтылық, республика қызметінің экон. дамуға бағытталуы; қазақстандық патриотизм – отансүйгіштік, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демокр. жолмен шешу принциптері, мемл. биліктің біртұтастығы мен тармақтарға бөлінуі, оның тежемелік және тепе-теңдік жүйесі, халықар. құқық принциптері мен нормаларын құрметтеушілік, күш қолданбау және күшпен қауіп төндірмеу принципі, мемл. шекараның мызғымастығы принципі, ішкі іске араласпау принципі, қазақ тілінің мемл. тіл ретіндегі мәртебесі, мемл. рәміздер, республиканың астанасы айқындалған; Адам және азамат деп аталатын ҚҚ бөлімде (10 – 39-баптар) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары баянды етілген, азаматтық қатынастарды реттейтін нормалар мазмұндалған; Президент (40 – 48-баптар) деп аталатын ҚҚҚ бөлімде президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып табылатын Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшысының, яки Елбасының мәртебесі мен құзырлы өкілеттігі жан-жақты сипатталған; Парламент деп аталатын ҚV бөлім (49 – 63-баптар) Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді органы – қос палаталы (Сенат және Мәжіліс) Парламенттің өкілеттігі, оның депутаттарын сайлау принциптері және депутаттардың өкілеттігі, құқықтық жағдайы мен мәртебесі, Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызмет етуі, таратылуы негізделген; Үкімет деп аталатын V бөлімде (64 – 70-баптар) Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын Үкіметтің өкілеттігі, оның құзыретіне жататын мәселелер мазмұндалған; Коституциялық Кеңес деп аталатын VҚ бөлім (71 – 74-баптар) К-ның құқықтық қорғалуына арналған, мұнда Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын Конституциялық Кеңестің мәртебесі, құзыреті, ұйымдастырылуы және қызмет ету тәртібі белгіленген; Соттар және сот төрелігі деп аталатын VҚҚ бөлімде (75 – 84-баптар) мемл. билік тармағының бірі болып табылатын тәуелсіз сот билігін жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру, сотта іс жүргізу нысандары, сот жүйесі негізделді; Жергілікті мемл. басқару және өзін өзі басқару деп аталатын VҚҚҚ бөлімде (85 – 89-баптар) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың – тиісті әкімш.-аумақтық бөліністегі мемл. өкімет органдарының (мәслихаттар мен әкімдердің) жергілікті маңызы бар экон. және әлеум. мәселелерді шешу жөніндегі қызметі мен міндеттері баяндалды; Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталатын ҚХ бөлімде (90 – 98-баптар) Конституцияны күшіне енгізу және 1993 жылғы Конституцияның қолданылуын тоқтату, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі айтылды және қолданыстағы конституциялық ин-ттар мен органдарды жаңаларымен ауыстыру тәртібі мен мерзімі анықталды, яки Конституция мәтініне түзетулер Республика Президентінің жеке бастамасы бойынша қабылданған шешіммен респ. референдум өткізу жолымен, не Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысы бойынша енгізілетін болып белгіленді; қ. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

С. Сартаев, Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Ұқсас материалдар