Арыстан баб

09.11.2012 9335
  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Арыстан баб — әулие. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Ғылыми әдебиетте Арыстан баб жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. Дегенмен Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан  Арыстан бабтың ұстаздық қызметі  айқын байқалады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласы маңында. "Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле" деген сөз де Арыстанбаб тұлғасының халық арасында үлкен орын алғандығын корсетеді. Арыстанбабтың Қожа Ахметтің ұстазы, пірі болғандығы жөнінде аңыз-әңгімелер де бар. Оның бірінде Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге "өуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстанбабқа кесене тұрғызуың керек" деген аян берілген дейді. Екінші бір аңыз былай өрбиді: "Мұхаммед 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап, "кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен" деген өтінішіне 300 жастағы Арыстанбаб (Салман Фарс) үн қатады. Ол сол кезге дейін 30 түрлі дінді білген, бірақ тек исламға мойынсұнған адам екен. Арыстанбабтың келісімін алған Мұхаммед Алланың қалауымен аманатын Арыстанбабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстанбабқа 11 жасар бала: "Ата, аманатымды беріңіз" дейді. Сол бала Қожа Ахмет екен". Бұл аңызды Бақырғани былай жырлаған: "Субхан ием өсірді, Мұстафа (пайғамбарым) бұйырды, Арыстанбабам жеткізді, Шайхым Ахмет Ясауи". Жоғарыда келтірілген діни аңыздың негізгі ойы — Қожа Ахмет Мұхаммедтің ісін жалғастырушы болса, Арыстанбаб — оларды байланыстырушы дегенге саяды. Осы арада тағы бір атап өтетін нәрсе — Арыстанбабты аңыздың кейбір үлгілерінде Салман Фарс деп түсіндіру. "Хикметтер" мен Бақырғанидің еңбегінде құрманы әкелуші ретінде Салман Фарстың есімі мүлде аталмайды. Ал тарихта шындығында Салман Фарс есімді тұлға болған. Ол һижра жыл санауы бойынша 35/36 жыл шамасы. (казіргі жыл санау бойынша 655/657 жыл шамасы.) дүние салған, қабірі Ирактағы Мадаина қаласында. Оның кесенесі де мұсылман сунниттердің зиярат ететін орны болып саналады. Әмір Темірдің "Аманат" деген тарихи шығармасында да Салман Фарстың кесенесі туралы айтылып, оны өз дәрежесінде ұстау үшін Маданын (Мадаина) қазынасынан қаражат (уакыф) бөлінгені жөнінде дерек кездеседі. Бұдан байқайтынымыз — Салман Фарс мұсылман әлемінде өз орны бар тарихи тұлға. Бірақ оның тегі — иран болған. Ал Арыстанбабтың тегі — араб ("Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз", 90-хикмет). Яғни Арыстанбаб пен Салман Фарс екі заманада өмір сүрген екі белек тарихи тұлға.

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Арыстан баб — әулие. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.

Ғылыми әдебиетте Арыстан баб жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. Дегенмен Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан  Арыстан бабтың ұстаздық қызметі  айқын байқалады.

«Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласы маңында.

"Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле" деген сөз де Арыстанбаб тұлғасының халық арасында үлкен орын алғандығын корсетеді. Арыстанбабтың Қожа Ахметтің ұстазы, пірі болғандығы жөнінде аңыз-әңгімелер де бар. Оның бірінде Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге "өуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстанбабқа кесене тұрғызуың керек" деген аян берілген дейді. Екінші бір аңыз былай өрбиді: "Мұхаммед 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап, "кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен" деген өтінішіне 300 жастағы Арыстанбаб (Салман Фарс) үн қатады. Ол сол кезге дейін 30 түрлі дінді білген, бірақ тек исламға мойынсұнған адам екен. Арыстанбабтың келісімін алған Мұхаммед Алланың қалауымен аманатын Арыстанбабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстанбабқа 11 жасар бала: "Ата, аманатымды беріңіз" дейді. Сол бала Қожа Ахмет екен". Бұл аңызды Бақырғани былай жырлаған: "Субхан ием өсірді, Мұстафа (пайғамбарым) бұйырды, Арыстанбабам жеткізді, Шайхым Ахмет Ясауи". Жоғарыда келтірілген діни аңыздың негізгі ойы — Қожа Ахмет Мұхаммедтің ісін жалғастырушы болса, Арыстанбаб — оларды байланыстырушы дегенге саяды. Осы арада тағы бір атап өтетін нәрсе — Арыстанбабты аңыздың кейбір үлгілерінде Салман Фарс деп түсіндіру. "Хикметтер" мен Бақырғанидің еңбегінде құрманы әкелуші ретінде Салман Фарстың есімі мүлде аталмайды. Ал тарихта шындығында Салман Фарс есімді тұлға болған. Ол һижра жыл санауы бойынша 35/36 жыл шамасы. (казіргі жыл санау бойынша 655/657 жыл шамасы.) дүние салған, қабірі Ирактағы Мадаина қаласында. Оның кесенесі де мұсылман сунниттердің зиярат ететін орны болып саналады. Әмір Темірдің "Аманат" деген тарихи шығармасында да Салман Фарстың кесенесі туралы айтылып, оны өз дәрежесінде ұстау үшін Маданын (Мадаина) қазынасынан қаражат (уакыф) бөлінгені жөнінде дерек кездеседі. Бұдан байқайтынымыз — Салман Фарс мұсылман әлемінде өз орны бар тарихи тұлға. Бірақ оның тегі — иран болған. Ал Арыстанбабтың тегі — араб ("Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз", 90-хикмет). Яғни Арыстанбаб пен Салман Фарс екі заманада өмір сүрген екі белек тарихи тұлға.

Ұқсас материалдар