Ұлттық ойындар

09.11.2012 20589
Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Ұлттық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары — ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Ұ. о-ды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр түрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қо-йып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде Ұ. о-ды орайластырып, дамытып отырған. Мұны бір ойынның бірнеше нұсқаларының болуы да айғақтайды (Мыс., белбеу тастау, орамал тастау, хан қалай, жаяу көкпар, т.б.). Қазақ қоғамындағы Ұ. о-дың негізі, оның шығу тегі көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерден басталады. Олардың көбі мал ш-на, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Ойындардың басты тәрбиелік мәні — болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады (қ. Айгөлек, Алтыбақан, Ақ сүйек, Соқыр теке, Таяқ жүгірту, Көрші, т.б.). Ұ. о-дың кейбір түрлері төмендегідей: Бөрікпен ұру. Қырағылыққа, мергендікке баулиды. Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі бөрік домалақтала буылады. Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны қорғаушыдан алып кетуі тиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен ұрып дәл тигізсе, ол “ұрушыдан“ қашушыға айналады. Тобық жасыру. Сақтыққа, ұқыптылыққа баулитын ойын. Бұған екі адам қатысады. Ертеректе мұны қайнысы мен жеңгесі, балдызы мен жездесі, құрбы қыздар мен жігіттер ойнаған. Шарты: екі ойыншының өзара келісімі бойынша тобықты біреуі жасырады да, екіншісі қай уақытта және қандай (немесе кез келген) жағдайда сұрайтынына уәделеседі. Белгілі мерзімде тобықты сұрағанда, жасырушы өз бойынан (қалтасынан, саусақтарының арасынан) алып берсе ұтқаны, ал тауып бермесе ұтылғаны. Келісім бойынша ұтқан адам бәске тігілген затын алады. Тұтқын алу. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді. 1-топтың ойыншылары тізбекке тұрып, бір-бірлеп: ал-алай, бұл-алай, сол-алай деп әндетіп, 2-топ жасаған “қолкөпірдің” астынан өте бастайды. Ал “көпір” жасаушы жақ олардың әрқайсысына бір-бірден тас немесе бас киім ұстатады да, атын айтқызады. Бұлардың есіміне өздері шырқаған әндегі “ай” қосылады. Мыс., Нұрқан-ай, Алтын-ай, Күміс-ай. Егер есімін қосылып айта алса, көпірден өтеді, айта алмаса оның көзін таңып “тұтқынға” алып, өз тобына қосады. Осылай қолға түскен “тұтқындар” топ ортасында өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша әр ойыншы ең аз дегенде бір реттен ортаға шақырылады. Түйілген орамал. Ойын жүргізуші “бір, екі, үш” деп дауыстағанда, ойыншылар жан-жаққа бытырап кетеді. Оның біреуінің қолында түйілген орамал болады. Ойын жүргізуші соны қуалайды. Ал ойыншылар орамалды бір-біріне лақтырып, қуғыншының қолына тигізбеуге тырысады. Орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Түйе-түйе. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. 1-топтың адамдары — адамдары — бірі інген де, қалғандары боталар. 2-топтың ойыншылары ойын жүргізушісінің әмірімен жан-жаққа бытырайды да, інгеннің боталарын бір-бірлеп ұрлайды. Барлық ботадан айрылған інген боздап, қайғылы, зарлы да мұңды ән шырқайды, сөйтіп, “қарақшы” топқа тап болады. Осы кезде ойыншылардың барлығы бір жерге жиналады. Ботасын ұрлаған “қарақшылар” қалай қарсы алғандығына қарай інген оларға жаза қолданады. Бұдан кейін інген мен боталардың орнына өзге адамдар шығады да, ойын жалғаса береді. Д. Сүлейменұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Ұлттық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары — ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Ұ. о-ды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр түрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қо-йып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде Ұ. о-ды орайластырып, дамытып отырған. Мұны бір ойынның бірнеше нұсқаларының болуы да айғақтайды (Мыс., белбеу тастау, орамал тастау, хан қалай, жаяу көкпар, т.б.). Қазақ қоғамындағы Ұ. о-дың негізі, оның шығу тегі көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерден басталады. Олардың көбі мал ш-на, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Ойындардың басты тәрбиелік мәні — болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады (қ. Айгөлек, Алтыбақан, Ақ сүйек, Соқыр теке, Таяқ жүгірту, Көрші, т.б.).

Ұ. о-дың кейбір түрлері төмендегідей:

Бөрікпен ұру. Қырағылыққа, мергендікке баулиды. Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі бөрік домалақтала буылады. Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны қорғаушыдан алып кетуі тиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен ұрып дәл тигізсе, ол “ұрушыдан“ қашушыға айналады.

Тобық жасыру. Сақтыққа, ұқыптылыққа баулитын ойын. Бұған екі адам қатысады. Ертеректе мұны қайнысы мен жеңгесі, балдызы мен жездесі, құрбы қыздар мен жігіттер ойнаған. Шарты: екі ойыншының өзара келісімі бойынша тобықты біреуі жасырады да, екіншісі қай уақытта және қандай (немесе кез келген) жағдайда сұрайтынына уәделеседі. Белгілі мерзімде тобықты сұрағанда, жасырушы өз бойынан (қалтасынан, саусақтарының арасынан) алып берсе ұтқаны, ал тауып бермесе ұтылғаны. Келісім бойынша ұтқан адам бәске тігілген затын алады.

Тұтқын алу. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді. 1-топтың ойыншылары тізбекке тұрып, бір-бірлеп: ал-алай, бұл-алай, сол-алай деп әндетіп, 2-топ жасаған “қолкөпірдің” астынан өте бастайды. Ал “көпір” жасаушы жақ олардың әрқайсысына бір-бірден тас немесе бас киім ұстатады да, атын айтқызады. Бұлардың есіміне өздері шырқаған әндегі “ай” қосылады. Мыс., Нұрқан-ай, Алтын-ай, Күміс-ай. Егер есімін қосылып айта алса, көпірден өтеді, айта алмаса оның көзін таңып “тұтқынға” алып, өз тобына қосады. Осылай қолға түскен “тұтқындар” топ ортасында өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша әр ойыншы ең аз дегенде бір реттен ортаға шақырылады.

Түйілген орамал. Ойын жүргізуші “бір, екі, үш” деп дауыстағанда, ойыншылар жан-жаққа бытырап кетеді. Оның біреуінің қолында түйілген орамал болады. Ойын жүргізуші соны қуалайды. Ал ойыншылар орамалды бір-біріне лақтырып, қуғыншының қолына тигізбеуге тырысады. Орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.

Түйе-түйе. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. 1-топтың адамдары — адамдары — бірі інген де, қалғандары боталар. 2-топтың ойыншылары ойын жүргізушісінің әмірімен жан-жаққа бытырайды да, інгеннің боталарын бір-бірлеп ұрлайды. Барлық ботадан айрылған інген боздап, қайғылы, зарлы да мұңды ән шырқайды, сөйтіп, “қарақшы” топқа тап болады. Осы кезде ойыншылардың барлығы бір жерге жиналады. Ботасын ұрлаған “қарақшылар” қалай қарсы алғандығына қарай інген оларға жаза қолданады. Бұдан кейін інген мен боталардың орнына өзге адамдар шығады да, ойын жалғаса береді.

Д. Сүлейменұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Ұқсас материалдар