Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

09.11.2012 2951
Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396 – 99 ж. Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м.  Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 м-ге жуық, порталдық арканың ұзындығы – 18,2 м), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар, биіктігі – 37,5 м, сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 1,8 – 2 м. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан “Алла”, “Мұхаммед”, “О, жарылқаушы”, “Билік Аллада”, “Алла менің әміршім”, “һижраның 800 жылы” деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 ж. 20-рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене мешітінің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5 – 2,5 м-лік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің жанындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары Иасауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған. Кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерленген. 19-ғасырдың алғашқы ширегінде Қоқан билеушілері кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның төңірегіне қамал-бекіністер салуды қолға алды. 1864 ж. Түркістан қаласын жаулап алған Ресей отаршылары кесененің 11 тұсына зақым келтірген. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Иасауи республикалық мұражайы ашылып, 1989 ж. 28 тамызда “Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы” ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 ж. аяқталды. 2003 ж. маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында кесене дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396 – 99 ж. Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м.  Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 м-ге жуық, порталдық арканың ұзындығы – 18,2 м), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар, биіктігі – 37,5 м, сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 1,8 – 2 м. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан “Алла”, “Мұхаммед”, “О, жарылқаушы”, “Билік Аллада”, “Алла менің әміршім”, “һижраның 800 жылы” деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 ж. 20-рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене мешітінің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5 – 2,5 м-лік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің жанындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары Иасауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған. Кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерленген. 19-ғасырдың алғашқы ширегінде Қоқан билеушілері кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның төңірегіне қамал-бекіністер салуды қолға алды. 1864 ж. Түркістан қаласын жаулап алған Ресей отаршылары кесененің 11 тұсына зақым келтірген. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Иасауи республикалық мұражайы ашылып, 1989 ж. 28 тамызда “Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы” ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 ж. аяқталды. 2003 ж. маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында кесене дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Ұқсас материалдар