Ұлтаралық банк

09.11.2012 1667
Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Ұлтаралық банк — түрлі елдерде, түрлі аяларда, түрлі валюталармен операциялар жасайтын әмбебап тұрпаттағы халықаралық қаржы-несие кешені. Ұ. б. өнеркәсіптік монополиялармен біте қайнасуы арқасында несие капиталдары мен көрсетілетін несие-қаржы қызметінің әлемдік нарығын экон. бөлісуге нақты қатысады. Ұ. б-інің несие капиталдарының әлемдік нарығын монополияландыруы оның орталықтандырылған басшылықтың, бас мекеменің бірыңғай стратегиясы мен тактикасы арқасында өзінен ірілігі төмендеу банкілерге өктемдігін жүргізуіне мүмкіндік береді. Қарызгерлердің несие капиталдарының әлемдік нарығына қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі әрі сараланған. Бұл нарықтағы негізгі қарызгерлер — ұлтаралық корпорациялар, үкіметтер, халықар. валюта-несие және қаржы ұйымдары. Ұ. б. халықар. операциялардың негізгі көлемін шоғырландырып отырған әлемдік қаржы орталықтарына ден қоюда. Ұ. б-інің заңи қатынастар тұрғысынан дербестігі жоқ шетелдік бөлімшелері өздерінің міндеттемелері бойынша толық жауапкершілік жүктелетін құ-рылтайшы-банкілердің құрамдас бөліктері болып табылады. Шетелдік желіні қалыптастырудың қаржылық әдісі Ұ. б-інің шетелдік несие-қаржы компанияларының капиталын бақылауына мүмкіндік береді. Толық бақыланатын компанияның меншікті жарғысы, капиталы және өзінің фирмалық жеке атауы болады, теңгерімді құрылтайшыдан бөлек жүргізеді. Алайда бүкіл пайданы өзінің құрылтайшысына аударуға міндетті. Сыртқы саудаға емес, басым түрде капитал айырбасына қызмет көрсету Ұ. б. теңгерімінің актив жақтарына да, пассив жақтарына да әсерін тигізеді. Депозиттердің елеулі үлесі несие капиталының жалпы қорын Ұ. б-інің өзінің шегінде қайта бөлу есебінен депозиттердің едәуір үлесі құралады, бұл шектің ауқымы кейіннен банкінің өз ішінде тарыла түседі. Ұ. б. стратегиясы сыртқы сауда айырбасы арқылы қосымша құнды іске асыруға қызмет көрсетумен тұйықталмайды, қайта несиелендіруді Ұ. б. капиталының айналымының барлық сатыларымен байланыстырады. Ұ. б-інің ұлғая түскен белсенділігінің негізгі бағыттарының бірі — эмиссиялық-құрылтайшылық және делдалдық іс. Ұ. б. халықар. биржа саудасының аса ірі орт-тарында — Нью-Йоркте, Лондонда, Токиода операциялар жүргізеді; ұлтаралық корпорациялар, үкіметтер, мемлекетаралық ұйымдар, халықар. банкілердің өздері үшін ірі мөлшердегі қарызхаттарды (заемдарды) шығарып, орналастыру мақсатымен Ұ. б-інің халықар. эмисс. консорциумдарға, бірқатар банктердің бірлестіктеріне енуі кеңінен таралған. Ұ. б-інің инвестиц. стратегиясына алуан түрлі эмисс.-делдалдық операциялар жатады: олар халықар. қарызхаттар шығару, өз есебінен немесе клиенттердің тапсыруымен бағалы қағаздармен сауда жасау, инвесторларға ақыл-кеңес беру, бағалы қағаздар бағамының қозғалысындағы ұзақ үрдістерді зерттеу. Зейнетақы қорлары мен басқа да қорларды сенімгерлікпен басқару операциялары Ұ. б. үшін халық топтарының табысына жол ашады, бөлшек сауда қызметтерін көрсету нарығындағы қызметін жандандырады. С. Рахымжанұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Ұлтаралық банк  түрлі елдерде, түрлі аяларда, түрлі валюталармен операциялар жасайтын әмбебап тұрпаттағы халықаралық қаржы-несие кешені. Ұ. б. өнеркәсіптік монополиялармен біте қайнасуы арқасында несие капиталдары мен көрсетілетін несие-қаржы қызметінің әлемдік нарығын экон. бөлісуге нақты қатысады. Ұ. б-інің несие капиталдарының әлемдік нарығын монополияландыруы оның орталықтандырылған басшылықтың, бас мекеменің бірыңғай стратегиясы мен тактикасы арқасында өзінен ірілігі төмендеу банкілерге өктемдігін жүргізуіне мүмкіндік береді. Қарызгерлердің несие капиталдарының әлемдік нарығына қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі әрі сараланған. Бұл нарықтағы негізгі қарызгерлер — ұлтаралық корпорациялар, үкіметтер, халықар. валюта-несие және қаржы ұйымдары. Ұ. б. халықар. операциялардың негізгі көлемін шоғырландырып отырған әлемдік қаржы орталықтарына ден қоюда. Ұ. б-інің заңи қатынастар тұрғысынан дербестігі жоқ шетелдік бөлімшелері өздерінің міндеттемелері бойынша толық жауапкершілік жүктелетін құ-рылтайшы-банкілердің құрамдас бөліктері болып табылады. Шетелдік желіні қалыптастырудың қаржылық әдісі Ұ. б-інің шетелдік несие-қаржы компанияларының капиталын бақылауына мүмкіндік береді. Толық бақыланатын компанияның меншікті жарғысы, капиталы және өзінің фирмалық жеке атауы болады, теңгерімді құрылтайшыдан бөлек жүргізеді. Алайда бүкіл пайданы өзінің құрылтайшысына аударуға міндетті. Сыртқы саудаға емес, басым түрде капитал айырбасына қызмет көрсету Ұ. б. теңгерімінің актив жақтарына да, пассив жақтарына да әсерін тигізеді. Депозиттердің елеулі үлесі несие капиталының жалпы қорын Ұ. б-інің өзінің шегінде қайта бөлу есебінен депозиттердің едәуір үлесі құралады, бұл шектің ауқымы кейіннен банкінің өз ішінде тарыла түседі. Ұ. б. стратегиясы сыртқы сауда айырбасы арқылы қосымша құнды іске асыруға қызмет көрсетумен тұйықталмайды, қайта несиелендіруді Ұ. б. капиталының айналымының барлық сатыларымен байланыстырады. Ұ. б-інің ұлғая түскен белсенділігінің негізгі бағыттарының бірі — эмиссиялық-құрылтайшылық және делдалдық іс. Ұ. б. халықар. биржа саудасының аса ірі орт-тарында — Нью-Йоркте, Лондонда, Токиода операциялар жүргізеді; ұлтаралық корпорациялар, үкіметтер, мемлекетаралық ұйымдар, халықар. банкілердің өздері үшін ірі мөлшердегі қарызхаттарды (заемдарды) шығарып, орналастыру мақсатымен Ұ. б-інің халықар. эмисс. консорциумдарға, бірқатар банктердің бірлестіктеріне енуі кеңінен таралған. Ұ. б-інің инвестиц. стратегиясына алуан түрлі эмисс.-делдалдық операциялар жатады: олар халықар. қарызхаттар шығару, өз есебінен немесе клиенттердің тапсыруымен бағалы қағаздармен сауда жасау, инвесторларға ақыл-кеңес беру, бағалы қағаздар бағамының қозғалысындағы ұзақ үрдістерді зерттеу. Зейнетақы қорлары мен басқа да қорларды сенімгерлікпен басқару операциялары Ұ. б. үшін халық топтарының табысына жол ашады, бөлшек сауда қызметтерін көрсету нарығындағы қызметін жандандырады.

С. Рахымжанұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Ұқсас материалдар