Қоқан хандығы

09.11.2012 11919
  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Қоқан хандығы – Орталық Азиядағы мемлекет. Орталығы – Қоқан қаласы болды. Негізін салушы Шахрук-би шамамен 1710 ж. Бұхара әмірлігінен тәуелсіз шағын иелік құрды. Немересі Ирдан-би көрші елдермен қиян-кескі соғыстар жүргізіп, Әндіжан, Наманган, Маргелан аймақтарын қосып алды. 1758 ж. Бұхара оны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Әлім (1800 – 10), Омар (1810 – 22), Мұхаммед-Әли (Мадали, Мәделі; 1822 – 42) хандар тұсында мемлекет аумағы барынша кеңейді. 1807 – 09 ж. Орта Азиядағы аса ірі стратегиялық орталық Ташкент бағындырылды. Ташкент маңындағы қазақтардың бір бөлігі Абылайдың 3-ұлы Әділ төренің басшылығымен Қытайға көшіп кетті. 1813 – 14 ж. Сайрам мен Түркістан бағындырылды. 19 ғасырдың алғашқы жартысында қоқандықтар қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстанның көпшілік аумағын бағындырды. Басып алған жерлерінде олар Ақмешіт, Жөлек, Жаңақорған, Шымқорған, Күмісқорған, Әулиеата, Меркі, Пішпек, т.б. бекіністер тұрғызды. 1821 ж. қазақтар Түркістаннан Әулиеатаға дейінгі аралықта көтеріліс жасап, Шымкент пен Сайрамды басып алды. Бірақ  әр  ру  өз  бетінше әрекет жасағандықтан, көтерілісшілер табысқа жете алмады. Хандықтың ресми тілі — ортаазиялық парсы тілі. Халқының негізгі бөлігін өзбектер құрады. Сондай-ақ, оның аумағында тәжіктер, қазақтар мен қырғыздар да мекен етті. Жердің едәуір бөлігі мемлекет меншігінде болды, оны хан өз қалауынша пайдаланды. Бұл жерлерде еңбек еткен шаруалар, жерді жалға алушылар ретінде салық төледі. Жердің бір бөлігін хан өзіне ерекше қызмет көрсеткен адамдарға сыйға тартты. Мәделі хан билігінің соңына қарай күшейе түскен бүліктер мен халық көтерілістері Бұхара әмірі Насрулланың Ташкент пен Ходжентті басып алуына жағдай жасады. Қоқанға Бұхарадан әкім тағайындалды. Алайда қоқандықтар шақырып алған Әлім ханның немере-інісі – Шир-Әли хан (Шерәлі; 1842 – 45) Ташкент пен Ходжентті қайтарып алды. Шир-Әлидің мұрагерлері тұсында хандық қатты әлсіреді. Салықтардың өсуі халықтың жаппай көтерілістерге шығуына алып келді; хандықтың әлсіреуіне, сондай-ақ өзара бақталастық және көрші халықтармен саяси күрес те әсер етті. 1837 – 47 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс кезінде Ресей мен Қоқан хандығы қазақтарға қарсы одақ құрды. Бірақ 1853 – 56 ж. болған Қырым соғысынан кейін Орталық Азияға ағылшындардың еніп кетуінен қорыққан Ресей Жетісуға орнығып алды. 19-ғасырдың 60-жылдары Ресей әскерлерінің Орта Азияға шабуылы басталды. 1865 ж. 17 мамырда орыс әскерлері Ташкентті, 24 мамырда Ходжентті алды. Осындай аса ауқымды жерлерінен айырылу Қоқан хандарын салықты тағы да өсіруге мәжбүр етті. Мұның өзі халықтың наразылығын күшейтті. Бұл наразылық 1874 – 76 ж. көтеріліске ұласты. Қоқан ханы көтерілісті басу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. 1876 ж. 19 ақпанда Ресей өкіметінің жарлығымен хандық жойылып, халқы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енді.

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Қоқан хандығы – Орталық Азиядағы мемлекет. Орталығы – Қоқан қаласы болды. Негізін салушы Шахрук-би шамамен 1710 ж. Бұхара әмірлігінен тәуелсіз шағын иелік құрды. Немересі Ирдан-би көрші елдермен қиян-кескі соғыстар жүргізіп, Әндіжан, Наманган, Маргелан аймақтарын қосып алды. 1758 ж. Бұхара оны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Әлім (1800 – 10), Омар (1810 – 22), Мұхаммед-Әли (Мадали, Мәделі; 1822 – 42) хандар тұсында мемлекет аумағы барынша кеңейді. 1807 – 09 ж. Орта Азиядағы аса ірі стратегиялық орталық Ташкент бағындырылды. Ташкент маңындағы қазақтардың бір бөлігі Абылайдың 3-ұлы Әділ төренің басшылығымен Қытайға көшіп кетті. 1813 – 14 ж. Сайрам мен Түркістан бағындырылды. 19 ғасырдың алғашқы жартысында қоқандықтар қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстанның көпшілік аумағын бағындырды. Басып алған жерлерінде олар Ақмешіт, Жөлек, Жаңақорған, Шымқорған, Күмісқорған, Әулиеата, Меркі, Пішпек, т.б. бекіністер тұрғызды. 1821 ж. қазақтар Түркістаннан Әулиеатаға дейінгі аралықта көтеріліс жасап, Шымкент пен Сайрамды басып алды. Бірақ  әр  ру  өз  бетінше әрекет жасағандықтан, көтерілісшілер табысқа жете алмады. Хандықтың ресми тілі — ортаазиялық парсы тілі. Халқының негізгі бөлігін өзбектер құрады. Сондай-ақ, оның аумағында тәжіктер, қазақтар мен қырғыздар да мекен етті. Жердің едәуір бөлігі мемлекет меншігінде болды, оны хан өз қалауынша пайдаланды. Бұл жерлерде еңбек еткен шаруалар, жерді жалға алушылар ретінде салық төледі. Жердің бір бөлігін хан өзіне ерекше қызмет көрсеткен адамдарға сыйға тартты. Мәделі хан билігінің соңына қарай күшейе түскен бүліктер мен халық көтерілістері Бұхара әмірі Насрулланың Ташкент пен Ходжентті басып алуына жағдай жасады. Қоқанға Бұхарадан әкім тағайындалды. Алайда қоқандықтар шақырып алған Әлім ханның немере-інісі – Шир-Әли хан (Шерәлі; 1842 – 45) Ташкент пен Ходжентті қайтарып алды. Шир-Әлидің мұрагерлері тұсында хандық қатты әлсіреді. Салықтардың өсуі халықтың жаппай көтерілістерге шығуына алып келді; хандықтың әлсіреуіне, сондай-ақ өзара бақталастық және көрші халықтармен саяси күрес те әсер етті.

1837 – 47 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс кезінде Ресей мен Қоқан хандығы қазақтарға қарсы одақ құрды. Бірақ 1853 – 56 ж. болған Қырым соғысынан кейін Орталық Азияға ағылшындардың еніп кетуінен қорыққан Ресей Жетісуға орнығып алды. 19-ғасырдың 60-жылдары Ресей әскерлерінің Орта Азияға шабуылы басталды. 1865 ж. 17 мамырда орыс әскерлері Ташкентті, 24 мамырда Ходжентті алды. Осындай аса ауқымды жерлерінен айырылу Қоқан хандарын салықты тағы да өсіруге мәжбүр етті. Мұның өзі халықтың наразылығын күшейтті. Бұл наразылық 1874 – 76 ж. көтеріліске ұласты. Қоқан ханы көтерілісті басу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. 1876 ж. 19 ақпанда Ресей өкіметінің жарлығымен хандық жойылып, халқы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енді.

Ұқсас материалдар