Курск шайқасы

09.11.2012 14433
Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012    КУРСК ШАЙҚАСЫ – екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шешуші рөл атқарған шайқастардың бірі. Ұрыс 1943 ж. 5 шілдеден 23 тамызға дейін созылып, екі жақтан 4 млн-нан аса адам, 69 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 13200-ден аса танк пен өздігінен жүретін қондырғы, 12 мыңға жуық ұшақ қатынасты. Гитлер әскери басшылығы “Цитадель” жоспары бойынша Орел – Курск және Белгород – Курск бағыттарында бірден күшті шабуылға шықты. Курск доғасындағы кеңес әскерлерін қоршауға алып, жойып жібермек болды. Кеңес әскерлері соғыс техникасы жағынан жаудан басым болғанымен, әдейі күні бұрын қорғанысқа көшу туралы тоқтамға келді. Мақсаты – шабуылға шыққан жауды қорғаныс ұрыстары арқылы әлсірету, одан кейін резервтегі күштердің көмегімен қарсы шабуылға шығып, дұшпанды біржолата жою еді. Шабуыл басталар алдында қорғаныс шептері, әсіресе, танкіге қарсы қорғаныс шептері бірнеше қатар етіп жетілдірілді. 5 шілдеде шабуылға шыққан жау әскерлері күшті бекіністерге тап болды. Кеңес жауынгерлерін үнемі авиация қолдады. 12 шілде күні Прохоровкада аса ірі танк шайқасы болып, оған екі жақтан 1100 танк пен өздігінен жүретін қондырғы және аса ірі авиация күштері қатыстырылды. Жау шабуылы тоқтатылды. 12 шілдеде қарсы шабуылға шыққан кеңес әскерлері неміс-фашист басқыншыларының қорғаныс шептерін бұзып өтіп, Орел-Курск бағытында жауға аса күшті соққы берді. 29 шілдеде Волхов, 4 тамызда Орел мен Белгород азат етілді. 5 тамызда кешке Мәскеуде тұңғыш рет Орел мен Белгородты азат ету құрметіне зеңбіректен салют берілді. Воронеж – Харьков т.ж. кесіп тасталды. Қоршауда қалу қаупінен сескенген жау әскерлері 23 тамызда Харьковты тастап шегініп кетті. Харьков азат етілген соң К. ш. аяқталды. К. ш. барысында гитлершілер 30 дивизиясынан немесе 500 мыңнан аса адамынан айрылды. Осының нәтижесінде Кеңес Армиясы барлық майдандарда толық басымдылыққа ие болды. К. ш-нда Воронеж майданы құрамындағы Қазақстанда жасақталған 72 және 73-гвардиялық дивизиялар асқан ерлік көрсетті. Орт. майдан құрамында шайқасқан 8-атқыштар дивизиясының 400-дей жауынгері орден-медальдармен марапатталды. К. ш-нда көрсеткен ерліктері үшін С.Д. Луганский, З.Хұсанов, А.Дәулетбеков ең жоғ. әскери марапат – Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. К. Аманжолов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том   �� � ��H���ивінің “Мемлекеттік бағалы қағаздар” бабында көрсетіледі. Облигацияларға айырбас ретінде ұлттық банк осы облигацияларды сатқан коммерциялық банктің шотына 1 млрд. теңге аударады. Басқаша айтқанда, баланс пассивінің ұлттық банктегі банк депозиттері бабы 1 млрд. теңгеге артады. Коммерциялық банк өз резервін алғашқы мезетте ұлттық банктегі салымдар ретінде ұсталатын 1 млрд. теңгеге көбейтті. Алайда бұл орайда ұлттық банктің сатушыға өзінің меншікті бухгалтерлік кітаптарында депозиттер жасау жолымен облигация үшін төлей алатынын ескеру қажет. Бұл депозит басқа банктерге төлемдер төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе нақты ақшаға айырбасталуы мүмкін. Банктегі депозиттің кәдуілгі иесі де өз шотынан нақты ақшаны ала алады, сондай-ақ, ұлттық банкке депозит салған банк те өз салымын қысқартқаны үшін айырбас ретінде нақты ақша ала алады. Ұлттық банк облигация үшін өз банкіндегі депозитпен төлегенде ол ақша базасын бірден көбейтеді. Ұлттық банк мемл. облигациялар сияқты активтерді жай ғана сатып алып және олар үшін өз міндеттемелерімен төлеп, ақша базасын қалауынша ұлғайта алады. Ұлттық банк ақша базасын бұлайша ұлғайтуға коммерциялық банктер өтемпаз қаражатқа ділгер болатын дағдарыстар кезеңінде барады. Бұл оның өзінің өтем резервтерін көбейтуіне, демек, нақты секторды несиелендіру әлуетін күшейтуіне мүмкіндік береді, мұның өзі экон. өсу қарқынын күшейте алады. Бағалы қағаздарды сата отырып, орт. (ұлттық) банк ақша базасын қысқартатынын оңай аңғаруға болады. Ақша базасының қысқаруы коммерциялық банктердің қорларын азайтады, мұның өзі халыққа, кәсіпорындарға кредит беру көлемін азайтып, несиелендіру шарттарын қатайтады, экон. өсу қарқынын тежейді.   Іс-дағды көрсетіп отырғанындай, ақша мультипликаторының тұрақсыз екені былай тұрсын, сонымен бірге ол тіпті оңай болжап білуге болмайтын шама. Мұның мәнісі орт. (ұлттық) банк тек ақша базасын реттеумен ғана әрбір нақты уақыт кезеңінде ақша массасын дәл анықтай алмайды деген сөз. Тіпті күтпеген титтей ауытқу ақша базасының осы шамасында ақша ұсынысын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Сондықтан орт. (ұлттық) банк ақша мультипликаторының шамасына әсер етудің арнаулы әдістерін пайдаланады. Алайда тіпті барлық осы әдістерді қолдану да орт. (ұлттық) банктің ақша мультипликаторының ауытқуын толық бақылауына бәрібір мүмкіндік бермейді. Ақша мультипликаторының формуласы мынадай: k=(1+c)/(r+c), мұнда c – нақты ақша-депозиттер, ал r – резерв-депозиттер (бұл орайда резерв дегеніміз, көбінесе, коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары. Формуладан көрініп отырғанындай, ақша мультипликаторы неғұрлым көп болса, резервтердің депозиттерге қатынасы соғұрлым аз болады. Ақша мультипликаторының нақты ақша-депозиттер қатынасына қалай тәуелді екенін анықтау қиынырақ. Бірақ мұнда да кері тәуелділік бар. Мұның мәнісі мынада: с аз болса, нақты ақша ретінде пайдаланылатын ақша базасының үлесі де аз болады, ал резерв ретінде пайдаланылатын үлес жоғары болады. Нақты ақша-депозиттер қатынасы, негізінен, халықтың мінез-құлқымен айқындалады, ол ақшаның қанша бөлігін нақты ақша (теңге-монета мен банкнот) түрінде ұстауға болатынын, ал қанша бөлігін салым (депозит) түрінде ұстауға болатынын шешеді. Халықтың қалауы: а) төлем түрлерін әдетке айналдыруына; ә) ақшаны нақты ақша түрінде сақтаудың трансакциялық шығыны мен шотқа қол жеткізу шығынының қатынасына; б) ағымдағы тұтыну көлемі мен мәміле санына; в) түрлі депозиттер бойынша пайыздардың ағымдағы ставкаларына байланысты. Бұл параметрлердің көбісі орт. (ұлттық) банктің бақылауына көне бермейді. Ал орт. (ұлттық) банктің резерв-депозиттер саласындағы мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Ол міндетті резервтік талаптардың мөлшерін, яғни коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдарының ең аз нормасын тағайындай алады. Міндетті резерв жасау нормативі – мемлекеттің К.-а. с-ның екінші аса маңызды құралы. Міндетті резерв жасау нормасын көбейте отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктердің өз клиенттеріне кредит беру және тиісінше ақша массасын мультипликациялау жөніндегі мүмкіндіктерін шектейді. Ал, керісінше, міндетті резерв жасау нормативін қысқарту ақша мультипликаторын көбейтеді, яғни нақ сондай немесе қысқара түсетін ақша базасында ақша массасын өсіреді. Іс жүзінде К.-а. с-ның осы құралдары пайдаланылатын барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, резервтік талаптар салымдардың тұрпатына қарай түрленіп отырады: мерзімді салымдар бойынша олар талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары. К.-а. с-ның үшінші басты құралы – қайта қаржыландыру ставкасы. Мұның өзі орт. (ұлттық) банктің коммерциялық банктерге беретін кредиттері бойынша пайыз ставкасы. Қайта қаржыландыру ставкасын құбылта отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктің артық резервтерінің шамасына, сондай-ақ, жанама түрде нақты ақша-депозиттер қатынасына да ықпал етеді. Шынында да, егер қайта қаржыландыру ставкасы жоғары болса, онда коммерциялық банктер өзінің артық резервтерінің мөлшерін көбейтуді жөн көреді. Өйткені өтемпаз қаражат жетіспеген жағдайда орт. (ұлттық) банктің кредиттері коммерциялық банкке тым қымбатқа түседі. орт. (ұлттық) банк қайта қаржыландыру ставкасын төмендеткен кезде коммерциялық банктердің айтарлықтай артық резерв жасауға деген құлшынысы кемиді. Олар ақшаны пайыз әкелетін активтерге салуға, ал кассалық алшақтық пайда болған жағдайда орт. (ұлттық) банктен қайта қарыз алуға көбірек мүдделі болады. Дамыған елдерде қайта қаржыландыру ставкасы, әдетте, коммерциялық банктердің кредиттік ставкаларының төм. шегінде ұсынылады; дамушы елдерде бұл принциптен ауытқудың уақытша орын алуы мүмкін. С. Аханов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012 

 

КУРСК ШАЙҚАСЫ – екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шешуші рөл атқарған шайқастардың бірі. Ұрыс 1943 ж. 5 шілдеден 23 тамызға дейін созылып, екі жақтан 4 млн-нан аса адам, 69 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 13200-ден аса танк пен өздігінен жүретін қондырғы, 12 мыңға жуық ұшақ қатынасты. Гитлер әскери басшылығы “Цитадель” жоспары бойынша Орел – Курск және Белгород – Курск бағыттарында бірден күшті шабуылға шықты. Курск доғасындағы кеңес әскерлерін қоршауға алып, жойып жібермек болды. Кеңес әскерлері соғыс техникасы жағынан жаудан басым болғанымен, әдейі күні бұрын қорғанысқа көшу туралы тоқтамға келді. Мақсаты – шабуылға шыққан жауды қорғаныс ұрыстары арқылы әлсірету, одан кейін резервтегі күштердің көмегімен қарсы шабуылға шығып, дұшпанды біржолата жою еді. Шабуыл басталар алдында қорғаныс шептері, әсіресе, танкіге қарсы қорғаныс шептері бірнеше қатар етіп жетілдірілді. 5 шілдеде шабуылға шыққан жау әскерлері күшті бекіністерге тап болды. Кеңес жауынгерлерін үнемі авиация қолдады. 12 шілде күні Прохоровкада аса ірі танк шайқасы болып, оған екі жақтан 1100 танк пен өздігінен жүретін қондырғы және аса ірі авиация күштері қатыстырылды. Жау шабуылы тоқтатылды. 12 шілдеде қарсы шабуылға шыққан кеңес әскерлері неміс-фашист басқыншыларының қорғаныс шептерін бұзып өтіп, Орел-Курск бағытында жауға аса күшті соққы берді. 29 шілдеде Волхов, 4 тамызда Орел мен Белгород азат етілді. 5 тамызда кешке Мәскеуде тұңғыш рет Орел мен Белгородты азат ету құрметіне зеңбіректен салют берілді. Воронеж – Харьков т.ж. кесіп тасталды. Қоршауда қалу қаупінен сескенген жау әскерлері 23 тамызда Харьковты тастап шегініп кетті. Харьков азат етілген соң К. ш. аяқталды. К. ш. барысында гитлершілер 30 дивизиясынан немесе 500 мыңнан аса адамынан айрылды. Осының нәтижесінде Кеңес Армиясы барлық майдандарда толық басымдылыққа ие болды. К. ш-нда Воронеж майданы құрамындағы Қазақстанда жасақталған 72 және 73-гвардиялық дивизиялар асқан ерлік көрсетті. Орт. майдан құрамында шайқасқан 8-атқыштар дивизиясының 400-дей жауынгері орден-медальдармен марапатталды. К. ш-нда көрсеткен ерліктері үшін С.Д. Луганский, З.Хұсанов, А.Дәулетбеков ең жоғ. әскери марапат – Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

К. Аманжолов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

�� � ��H���ивінің “Мемлекеттік бағалы қағаздар” бабында көрсетіледі. Облигацияларға айырбас ретінде ұлттық банк осы облигацияларды сатқан коммерциялық банктің шотына 1 млрд. теңге аударады. Басқаша айтқанда, баланс пассивінің ұлттық банктегі банк депозиттері бабы 1 млрд. теңгеге артады. Коммерциялық банк өз резервін алғашқы мезетте ұлттық банктегі салымдар ретінде ұсталатын 1 млрд. теңгеге көбейтті. Алайда бұл орайда ұлттық банктің сатушыға өзінің меншікті бухгалтерлік кітаптарында депозиттер жасау жолымен облигация үшін төлей алатынын ескеру қажет. Бұл депозит басқа банктерге төлемдер төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе нақты ақшаға айырбасталуы мүмкін. Банктегі депозиттің кәдуілгі иесі де өз шотынан нақты ақшаны ала алады, сондай-ақ, ұлттық банкке депозит салған банк те өз салымын қысқартқаны үшін айырбас ретінде нақты ақша ала алады. Ұлттық банк облигация үшін өз банкіндегі депозитпен төлегенде ол ақша базасын бірден көбейтеді. Ұлттық банк мемл. облигациялар сияқты активтерді жай ғана сатып алып және олар үшін өз міндеттемелерімен төлеп, ақша базасын қалауынша ұлғайта алады. Ұлттық банк ақша базасын бұлайша ұлғайтуға коммерциялық банктер өтемпаз қаражатқа ділгер болатын дағдарыстар кезеңінде барады. Бұл оның өзінің өтем резервтерін көбейтуіне, демек, нақты секторды несиелендіру әлуетін күшейтуіне мүмкіндік береді, мұның өзі экон. өсу қарқынын күшейте алады. Бағалы қағаздарды сата отырып, орт. (ұлттық) банк ақша базасын қысқартатынын оңай аңғаруға болады. Ақша базасының қысқаруы коммерциялық банктердің қорларын азайтады, мұның өзі халыққа, кәсіпорындарға кредит беру көлемін азайтып, несиелендіру шарттарын қатайтады, экон. өсу қарқынын тежейді.

 

Іс-дағды көрсетіп отырғанындай, ақша мультипликаторының тұрақсыз екені былай тұрсын, сонымен бірге ол тіпті оңай болжап білуге болмайтын шама. Мұның мәнісі орт. (ұлттық) банк тек ақша базасын реттеумен ғана әрбір нақты уақыт кезеңінде ақша массасын дәл анықтай алмайды деген сөз. Тіпті күтпеген титтей ауытқу ақша базасының осы шамасында ақша ұсынысын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Сондықтан орт. (ұлттық) банк ақша мультипликаторының шамасына әсер етудің арнаулы әдістерін пайдаланады. Алайда тіпті барлық осы әдістерді қолдану да орт. (ұлттық) банктің ақша мультипликаторының ауытқуын толық бақылауына бәрібір мүмкіндік бермейді. Ақша мультипликаторының формуласы мынадай: k=(1+c)/(r+c), мұнда c – нақты ақша-депозиттер, ал r – резерв-депозиттер (бұл орайда резерв дегеніміз, көбінесе, коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары. Формуладан көрініп отырғанындай, ақша мультипликаторы неғұрлым көп болса, резервтердің депозиттерге қатынасы соғұрлым аз болады. Ақша мультипликаторының нақты ақша-депозиттер қатынасына қалай тәуелді екенін анықтау қиынырақ. Бірақ мұнда да кері тәуелділік бар. Мұның мәнісі мынада: с аз болса, нақты ақша ретінде пайдаланылатын ақша базасының үлесі де аз болады, ал резерв ретінде пайдаланылатын үлес жоғары болады. Нақты ақша-депозиттер қатынасы, негізінен, халықтың мінез-құлқымен айқындалады, ол ақшаның қанша бөлігін нақты ақша (теңге-монета мен банкнот) түрінде ұстауға болатынын, ал қанша бөлігін салым (депозит) түрінде ұстауға болатынын шешеді. Халықтың қалауы: а) төлем түрлерін әдетке айналдыруына; ә) ақшаны нақты ақша түрінде сақтаудың трансакциялық шығыны мен шотқа қол жеткізу шығынының қатынасына; б) ағымдағы тұтыну көлемі мен мәміле санына; в) түрлі депозиттер бойынша пайыздардың ағымдағы ставкаларына байланысты. Бұл параметрлердің көбісі орт. (ұлттық) банктің бақылауына көне бермейді. Ал орт. (ұлттық) банктің резерв-депозиттер саласындағы мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Ол міндетті резервтік талаптардың мөлшерін, яғни коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдарының ең аз нормасын тағайындай алады. Міндетті резерв жасау нормативі – мемлекеттің К.-а. с-ның екінші аса маңызды құралы. Міндетті резерв жасау нормасын көбейте отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктердің өз клиенттеріне кредит беру және тиісінше ақша массасын мультипликациялау жөніндегі мүмкіндіктерін шектейді. Ал, керісінше, міндетті резерв жасау нормативін қысқарту ақша мультипликаторын көбейтеді, яғни нақ сондай немесе қысқара түсетін ақша базасында ақша массасын өсіреді. Іс жүзінде К.-а. с-ның осы құралдары пайдаланылатын барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, резервтік талаптар салымдардың тұрпатына қарай түрленіп отырады: мерзімді салымдар бойынша олар талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары. К.-а. с-ның үшінші басты құралы – қайта қаржыландыру ставкасы. Мұның өзі орт. (ұлттық) банктің коммерциялық банктерге беретін кредиттері бойынша пайыз ставкасы. Қайта қаржыландыру ставкасын құбылта отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктің артық резервтерінің шамасына, сондай-ақ, жанама түрде нақты ақша-депозиттер қатынасына да ықпал етеді. Шынында да, егер қайта қаржыландыру ставкасы жоғары болса, онда коммерциялық банктер өзінің артық резервтерінің мөлшерін көбейтуді жөн көреді. Өйткені өтемпаз қаражат жетіспеген жағдайда орт. (ұлттық) банктің кредиттері коммерциялық банкке тым қымбатқа түседі. орт. (ұлттық) банк қайта қаржыландыру ставкасын төмендеткен кезде коммерциялық банктердің айтарлықтай артық резерв жасауға деген құлшынысы кемиді. Олар ақшаны пайыз әкелетін активтерге салуға, ал кассалық алшақтық пайда болған жағдайда орт. (ұлттық) банктен қайта қарыз алуға көбірек мүдделі болады. Дамыған елдерде қайта қаржыландыру ставкасы, әдетте, коммерциялық банктердің кредиттік ставкаларының төм. шегінде ұсынылады; дамушы елдерде бұл принциптен ауытқудың уақытша орын алуы мүмкін.

С. Аханов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том